Отчет по практике в «Манғыстаумұнайгаз»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 16:47, отчет по практике

Краткое описание

С++ тiлi объектi-бағдарланған бағдарламалау тiлi. Ол жоғары деңгейдегi тiлдердiң қатарына кiредi. Көптеген программистер С++ тiлi арқылы қиын есептердiң шешуiн табады. С++ тiлi кеңiнен таралған бағдарламалау тiлi болып саналады. Объектi-бағдарланған бағдарламалау программистке 3 маңызды мүмкiншiлiк бередi:
1. Программалық кодтың оңайлатылуы және оның құрылымын жақсарту. Программаларды оқу және түсiнуге жеңiл.
2. Программалардың модернизациясы өте қарапайым тапсырма болып табылады.
3. Кез-келген класста әртүрлi программаларды көп рет қолдануға болады.

Содержание

I. КIРIСПЕ……………………………………………………………….3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ы жайында................................................
1.1 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тарихы
1.2 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жетістіктері
1.3 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі
1.4 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінің негізгі түрлері
2. С++ бағдарламалау тілі
2.1 С++ тілінің негізгі түрлері
2.2 С++ тілінің ерекшеліктері
2.3 Массивтердi инициалдау ……………………………………………..
3 Көрсеткіштермен жұмыс ………………………………………………..
3.1 Структуралардың қайтылыуы …..........................................................
3.2 Файлдық құрылым ……………………………………………………..
3.3 fstream.h тақырыптар файлына қосылу ……………………………...
3.4 Файлды ашу …………………………………………………………....
4 Класстармен жұмыс...................................................................................
4.1 Конструкторлар және деструкторлар..................................................
4.2 Функция-мүшелері static және const...................................................
4.3 Мұрагерлік...............................................................................................
4.4 Абстрактты базалық класс....................................................................
4.5 Жады класстары және айнымалыларды қолдану.................................
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi ……………………………………….......
Қосымшалар …………………………………………………………..........

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет практика 4-курс.docx

— 75.51 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

I. КIРIСПЕ……………………………………………………………….3

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ы жайында................................................

    1. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тарихы
    2. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жетістіктері
    3. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі
    4. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінің негізгі түрлері

2. С++ бағдарламалау тілі

2.1 С++ тілінің негізгі түрлері

2.2 С++ тілінің ерекшеліктері

2.3 Массивтердi инициалдау ……………………………………………..

3 Көрсеткіштермен жұмыс ………………………………………………..

3.1 Структуралардың қайтылыуы …..........................................................

3.2 Файлдық құрылым ……………………………………………………..

3.3 fstream.h тақырыптар файлына қосылу  ……………………………...

3.4 Файлды ашу …………………………………………………………....

4 Класстармен жұмыс...................................................................................

4.1 Конструкторлар және деструкторлар..................................................

4.2 Функция-мүшелері static  және const...................................................

4.3 Мұрагерлік...............................................................................................

4.4 Абстрактты базалық класс....................................................................

4.5  Жады класстары және айнымалыларды қолдану.................................

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi ……………………………………….......

Қосымшалар …………………………………………………………..........

 

 

 

Мен, Каспий Қоғамдық Университетінің “Экономика және Мұнай-Газ” факультетінің “Есептеуіш техника және бағдарламаны қамтамасыздандыру” тобының студенті 2012 жылдың 1 маусым – 20 шілде аралығында Ақтау қаласыда “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамында болған өндірістік тәжірибеден өттім.

Біздің “Автоматтандыру және Есептеуіш техника” кафедрасының тапсырмасы:

  • Кәсіпорынның құрылысымен және оның мәселелерінің сипаттамасы туралы ақпарат жинау.
  • С++ және Ассемблер бағдарламалау тілін меңгеру.

 

1. «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ-ы ЖАЙЫНДА

«Маңғыстаумұнайгаз» Бұкілодақтық Халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркұйектегі №53-12 және Қазақ  КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан  халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы  №280 қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын - өндірістік бірлестік ретінде құрылды. Осы кұнге дейін бірнеше жылда  тұбектің мұнай, газ кенорындарын зерттеп, барлап, ашуда және жеделдете игере  бастауда көптеген жұмыстар жұргізілген  еді.

Акционерлік қоғамда кенорындары  пайдаланыла бастаған алғашқы жылдардан  бастап жер қойнауынан өнім алудың барлық белгілі тәсілдері қолданылып келеді. Бастапқы кезде Жетібайдағы  жоғары парафинді, 32 градус жылықта  қата бастайтын мұнайға тән ерекшеліктерге сәйкес бірқатар кұрделі мәселелерді  шешуге тура келді1970 жыодан бері іске кіріскен ұзындығы 1500 шақырым Өзен - Атырау - Самара «ыссы» мұнай құбыры соның бір мысалы.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бұгінде  Қазақстан Республикасының ең ірі  мұнай-газ кәсіпорындарының қатарында  келеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Маңғыстауда  жаңа мұнай кенорындары ашылып, пайдаланылып жатқан қазіргі таңда ол облыс  мқнайының 40 пайызынан астамын, республика мұнайының 11 пайызын беріп отыр.

 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ қазір бастапқы жалпы мұнай  қоры 969 миллион тонна (6783 миллион  баррель) құрайтын 15 мұнай, газ  кенорындарын пайдаланып отыр. «Маңғыстаумұнайгаздың» негізгі өндірістік объектілері Қаламқас пен Жетібай кенорындары.

Қаламқас кенорны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауларында жалпы мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам (3570 миллион баррель) 13 өнімді деңгей бар.

Жетібай кенорны осы топтағы бірнеше серіктес кенорындарымен бірге падаланылуда. Олардың қатарында Асар, Шығыс Жетібай, Оңтұстік Жетібай, Бектұрлы, Оймаша, Бұрмаша, Солтұстік Қарағия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Солтұстік Аққар, Айрантақыр және Придорожное бар. Жетібай тобының жалпы мұнай қоры 458 миллион тоннаға жуық (3206 миллион баррель).

Бұгінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларының 90 пайызына ие стратегиялық инвестор «Сепігаі Азіа Реігоіеит ЬТБ» компаниясы 1998 жылдың мамырында осында басшылыққа келгеннен бері кәсіпорынның басқару тәсілдері жетілдіріліп, ондірістік және қаржы-әкономикалық жағдайы тұбегейлі жақсара тұсті. Қазір компанияның жылдық мұнай өндіру көлемі 5 миллион тоннадан астам (35 миллион баррель).

 

1.1 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-ң тарихы

Әрбір тарихи кезеңнің өзіндік  ерекшелігі, өмір салты мен құндылықтары болатыны заңдылық. Сол сияқты белгілі  бір кезеңдегі әволюциялық дамудың  бойына қуат беріп, мемлекеттің әл-ауқатына арқау болатын әкономиканың салалары болады. Ежелгі қазақ қоғамының әкономикасы  мен тұрмыс-тіршілігі негізінен  көшпелі мал шаруашылығына негізделсе, ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған  тәуелсіз қазақ елі әкономикасын диверсификациялауға кұш салуда, бұл тұрғыда өндірістік-инновациялық даму ұлттық идеяға, еліміздің мақсат-мұратына айналып отыр. Кең-байтақ қазақ жерінің  ұсті бейбіт өмір, ерекше табиғат, жайқалған  астық пен мыңғырған мал болса, асты толған кен мен қазына. Табиғи қазба байлықтары болуы мақтаныш, ал оларды қазып алу, өңдеу мен  тұтынушыға дайын өнім ретінде ұсыну  орасан зор қаржыны, технология мен  ерен еңбекті қажетсінетін кұрделі  өндірістік процесс. Ғасырлар тоғысында  өтпелі кезеңді артта тастап, дағдарысты еңсеріп жатқан Қазақстан әкономикасы  әзірге осы табиғи байлықтарды шикізат  тұрінде шетел нарығында сатуға негізделуде. Әсіресе, әлемдік нарықта  әнергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі жылдан-жылға артып келеді, оның ішінде көмірсутегілерге, яғни мұнай өнімдеріне деген сұраныс өте кұшті. Мұнай – әлемдік әкономиканың қуат берер қаны, тіршілігіне жан беретін нәрі десек артық айтқандық емес, оған “қара алтын” деген теңеу тағылуы тегін емес.Бұгінгі таңда қазақстандық мұнай-газ секторына әлемдік деңгейдегі трансұлттық компаниялар «Chevron Texaco», «Exxon Mobіl», «Brіtіsh Petroleum», «Shell», «Agіp», «Total» және т.б. миллиардтаған доллар инвестициялады. Оған бір жағынан себеп болған жоғарыда айтып өткеніміздей, шикізат көздеріне бай Қазақстанның егемендіктің алғашқы жылдарында ірі кен орындарын ашуға қажетті қаражат, техникалық, материалдық және өзге де қажетті алғышарттар жетіспеді. Екінші жағынан шетелдік инвесторларды Қазақстанның геосаяси жағдайы мен ішкі саяси тұрақтылығы, ұтымды жұргізілген саяси және әкономикалық реформалары, Елбасымыздың ұстанған көпвекторлы сыртқы саясаты, ел халқының даму мен бейбіт өмірге деген құлшынысы қызықтырды. Бұл факторлардың барлығы жиналып келгенде қазақстандық даму жолын құрайды, әкономикамыздың тұрақты дамуына мұмкіндік берді.

 Қазақстан өзінің әкономикасын  нарықтық бағытта дамытып қана  қоймай, әкономикасы тұрақтанған  сайын, тұрлі салаларда қызмет  ететін ұлттық компаниялардың  аяғына тұруына баса назар  аударуда. Отандық мұнайгаз саласында  да техникалық және қаржылық  мұмкіндіктері әлемдік мұнай  бизнесінің алыптарынан ешбір  кем тұспейтін ірі компаниялар  қалыптасты. Отанымыздың мұнай өңдеу  саласындағы нарықтық тәжірибесінен  туындаған компаниялардың бірегейі  – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік  қоғамы (АҚ) болып табылады. Біздің  өрбіткелі отырған әңгімеміз  осы компания туралы болмақ.

 Жалпы, Маңғыстау облысы - отандық және шетел инвестицияларын  тартып, Қазақстанның динамикалы  дамып келе жатқан өндірістік  аймағы. Республикада өндірілетін  мұнайдың ұштен бір бөлігі  осы өлкеде еңбек етіп жатқан  мұнай компанияларының ұлесіне  тисе, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ –  Маңғыстау мұнай өнеркәсібінің  қарашаңырағы деп есептеледі. Бұдан  жарты ғасырға жуық уақыт бұрын,  яғни 1961 жылдың шілдесінде Жетібай  кенорнындағы № 6-шы ұңғыдан  атқан тұңғыш мұнай бұрқағы  мен 1962 жылы Өзен кенорнынан  алынған мұнай бұрқағы көмірсутектің  мол қоры бар екенін анықтап,  Маңғыстау өмірбаянының жаңа, жарқын  беттерінің басталғанын паш етті. Сөйтіп, бұл жерде жаңа ашылымдар  дұниеге келіп, аймақтың өнеркәсібін  тарихи масштабта игеру басталды.

 Сол уақыттан бастап  іздестіру-барлау жұмыстары кең  көлемде жұргізіліп, қуатты қарқын  алды. Тек 1961-1964 жылдар аралығында  Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтұстік Жетібай, өзге де бірнеше  кенорындары дұниеге келді. Барлау  жұмысындағы бұл табыстар 1963 жылдың  қараша айында «Маңғышлакнефть»  ірі өндірістік бірлестігінің  құрылуына себепші болды. Бұлардан  кейін Бозашы жарты аралында  Солтұстік Бозашы, Қаламқас және  Қаражанбас ірі кенорындары ашылды.

 

 

1.2 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-ң жетістіктері

 Қазір Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ акцияларының 50 % ұлттық мұнайгаз  құрамасы - «Қазмұнайгаз» ұлттық  компаниясы АҚ тиесілі. Ал «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның  мұнай-газ саласындағы мемлекеттің  мұддесін көздеп көмірсутекті  барлайтын, өндіретін, өңдейтін  және тасымалдайтын ұлттық оператор. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына»  қорына қарайды.

2009 жылдың 25 қарашасында  Алматы қаласындағы Қазақстан  қор биржасында «ҚазМұнайГаз»  ұлттық мұнай-газ компаниясы мен  Қытай Халық Республикасының  СNРС компаниясы өздерінің бірлескен  кәсіпорны Mangіstau Іnvestments B.V. арқылы  «Сентрал Азия Петролеум ЛТД»  компаниясынан «Маңғыстаумұнайгаздың» 100 пайыздық жай акцияларын сатып  алу мәмілесін аяқтады. Акционерлер  50 пайызбен пайданы тең бөліседі.

 Бұрын «Мангышлакнефть»  өндірістік бірлестігі деп аталған  қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  еліміздің мұнай нарығындағы  ең ірі бес компанияның бірі. Республикамызда өндірілетін барлық  мұнайдың 9 %, батыс аймақтағының 31 % «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұлесіне  тиесілі. Компанияның барлап қойған  мұнай қоры 960 млн. тоннаға жуық  деп бағаланады.

 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ меншігінің құрылымы Маңғыстау  облысы мен еліміздің өзге  де аймақтарындағы 36 мұнайгаз шығатын  орындарын қамтиды. Олардың ішінде  әзірге 15 мұнай қарқынды өндірілуде: Қаламқас, Жетібай, Оңтұстік Жетібай,  Шығыс Жетібай, Асар, Айрантақыр, Солтұстік Аққар, Оймаша, Придорожное,  Ащыағар, Солтұстік Қаракие, Бұрмаша,  Алатөбе, Бектұрлы және Солтұстік  Придорожное. Сонымен қатар, Каспий  шеьфіндегі Махамбет пен Бөбек барлау телімдері, Тепловско-Токарев тобына қарасты 8 кен орны мен Батыс Қазақстан облысындағы Каменское кен орны компанияға тиесілі. Өңделіп жатқан 15 кен орнындағы мұнайдың қалдық қоры қазіргі кезде 172,5 миллион тоннаға жуық деп бағалануда.

 Компанияның мұнай  өндіру қарқыны 1998 жылдан бастап  қазіргі кезге дейін ұздіксіз  интенсивтілікпен ұлғайып келеді. Он жылдан астам уақыт ішінде  мұнай өндіру екі есеге дейін  артты – 1998 жылы 3,3 миллион тонна  болса, қазір 5,7 миллион тонна.  Ал жыл сайынғы жоспарды орындау  104,3 % құрап отыр.

 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ қарасты мұнай шығатын орындардың  ішіндегі өнімділігі ең жоғарысы  – Қаламқас кен орны – жылына 4,2 млн. тонна мұнай өндіріледі, бұл компания өндіретін мұнайдың 70 %. 2005 жылғы 6 маусымда бұл жерден  мұнайдың екі жұз миллионыншы  тоннасы шығарылғанын айта кеткен  жөн. Одан кейінгі орында - Жетібай.  Осы екі алып - Қаламқас пен  Жетібай кен орындары компанияның  өндіретін мұнайының 90 % астамын  құрайды. Жалпы алғанда, «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ мұнай ұңғымаларының саны 4611.

 Осы жерде «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ кен орындарына географиялық  анықтама беріп, өндіретін мұнайының  сапалық көрсеткіштеріне азғана  шегініс жасау қажет сияқты. Жоғарыда  аталған ірі кен орындары Каспий  теңізінің жағалауындағы Бозашы  тұбегінде орын тепкен. Өткен  ғасырдың 70 жылдары «Мангышлакнефтегазоразведка»  әкспедициясының геологтары осы  тұбекте бұрғылау-барлау жұмыстарын  жұргізіп, соның нәтижесінде Қаламқас  іске қосылды. Ал 1980 жылы аталған  кен орнынан алғашқы миллион  тонна мұнай өндірілді. Араға  25 жыл салып екінші жұз миллион  мұнай жер бетіне шықты. Қаламқас  кен орнының ерекшелігі - көпқабатты: ол газды, мұнайгазды және мұнайлы  қабаттардан тұрады.

 Ал сапалық ерекшелігіне  келсек, бұл жерден шығатын мұнай  көмірсутегілердің жұғымдылығы  жоғары тұріне жатады - (40мПа/с), тығыздығы  900 кг/м3 дейін, құрамындағы парафин  мөлшері аз: 2,4-4,7 % аралығында, қоюлану  температурасы төмен -20 оС, газдық  факторы 25 м3/тонна.

2009.01.01. жағдайға сәйкес  кен орнының мұнайдың бастапқы  баланстық қоры 638,7 млн. тонн. Игерілетін  қоры - 207,4 млн. тонн. Қалдық қор  қазіргі кезде 88,3 млн. тоннна  деп мөлшерленуде.

 Ал табиғи газдың  баланстық қоры жалпы алғанда  15,3 млн. м3. Қалдық қоры қазірдің  өзінде мол - 11,1 млн. м3. Мұнда  шығатын табиғи газ өте құрғақ, құрамындағы метан 99,8 %.

 Мұнай өндіру көлемі  артқан сайын, оған жұмсалатын  шығын көлемі де көбеюде. «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ 1 баррель мұнай өндіруге кететін  әксплуатациялық шығыны 24 АҚШ долларына  тең. Өйткені Бозашы тұбегіндегі  мұнайдың құрамында су көп.  Жетібай кенінде 60 %, Қаламқас  мұнайының 87 % сутегі. Сонымен қатар,  мұнайы алынған соң, жер астында  бос қуыс орын алмасы ұшін, алынған мұнайдың орнына су  толтыру жұмыстары жұргізіледі.  Жыл сайын 47 млн. м3 су жер  астына айдалады. Ал тасымалдауға  кететін шығындарды қоса есептегенде  барреліне 31,9 долларға бірақ барады…

 Нарықтағы сатып алушыға  жеткенше мұнайдың бағасына қосымша  құн мен алым-салықтар қосыла  береді, бұл өз кезегінде бағаның  өсуіне алып келумен қатар,  тұсетін пайда жағын қысып  тастайды. Себебі, мұнай биржалық  тауар, халықаралық деңгейде бағасы  белгіленеді, қанша шығын көріп  жатсаң да биржа бағасынан  қымбатқа сата алмайсың. Сондықтан  да, жақсы пайда табу ұшін өндірілетін  мұнайдың өзіндік құнын қысқартуға  кұш салу керек. Компания бұл  бағытта кешенді жұмыстар атқаруда: мұнай өңдеу ұшін заманауи  техника мен озық технологияны  барынша ұтымды пайдаланып, еңбек  өнімділігін арттыру арқылы қосымша  пайда табуға ұмтылуда. “Арнайы  машина құрастыру мен металлургия”  АҚ сияқты көптеген отандық  және шетелдік серіктестермен  ынтымақтасып, жаңа технологияларды  өндірістік процеске енгізуге  компания басымдық беруде. Мұнай-газ  пласттарының арасын гидро әдіспен  ашу, тереңнен мұнай соратын  винтті насостар қою, құрыш  құбырды шыныпластиктімен алмастыру  т.б. жаңа тәсілдер өзінің оң  нәтижесін көрсетті. Ұңғылардың  дебитін арттырып, қосымша өнімді  арттыру мақсатында, Компания Қазақстанда  бірінші рет қабаттың мұнай  көздерін ұлкен қысыммен жару  тәсілін қолданды. Алғаш рет 1999 жылы Жетібай кенорнында, 2003 жылдан  бастап Қаламқаста қолданылған  бұл әдіс қазір кенорындарында  кеңінен жұзеге асырылуда.

Информация о работе Отчет по практике в «Манғыстаумұнайгаз»