«Деканат» деректер қорының жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
1-бөлім.Деректер қорын жобалау,жалпы түсінік
1.1Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері,әдістері,режимдері...............5
1.2 Деректер қорының моделі және түрлері.............................................10
1.3 Мәліметтер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ).
Ақпараттарды кестелік өңдеу..................................................................11
2-бөлім. «Деканат» деректер қорының жобасы
2.1 Кесте құру...............................................................................................15
2.2 Пішім(Форма)құру.. ..............................................................................18
2.3 Сұраныс(Запрос)құру............................................................................20
2.4 Есептер (Отчеты) жасау........................................................................24
Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмысым.doc

— 1.56 Мб (Скачать документ)

Пішінге Студенттер деген  ат беріп сақтап, пішінді жабамыз.

 

2.3  Сұраныс (Запросы) құру

Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту  құралы. Сұрату көмегімен бірнеше  кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты)  арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

1.Сұраныс кестесі төмендегінше болады. Қарапайым сұрату Сұрату шебері  арқылы.

 

2.12-сурет.Қарапайым сұраныс құрылу көрінісі

 

Сұратуды сақтаймыз. Ол үшін саймандар панеліндегі   - Сохранить батырмасын шертіп немесе  Файл – Сохранить командасын орындаймыз.  Содан кейін сұрату терезесін жабамыз.

2.Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Параметр ретінде оқытушының  фамилиясын береміз және осы сұратуды  Айтов  деген оқытушыға орындаймыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:

Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаймыз: «Фамилия»,   «Аты»,   «Әкесінің аты»,   «Оқитын пәндер».

Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басамыз.

<На экране> батырмасын басамыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.

Конструктор режиміне өтеміз. Ол үшін мына   батырманы басып немесе Вид– Конструктор командасын орындай аламыз;

Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына  тіркесті енгіземіз: [оқытушы фамилиясын енгіз] деген.

Содан кейін сұратуды орындаймыз:яғни,саймандар панеліндегі  арнайы батырманы   басып немесе  Запрос– Запуск командасын орындау арқылы.

Бұл әрекеттерді төмендеі кестеден көруімізге болады.

 

2.13-сурет.Параметрлі сұраныс құрылу көрінісі

 Запросы бөлімін  ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басамыз.  Сол кезде «Оқытушы фамилясын  енгіз» деген сұраныс терезесі  шығады.

Ашылған терезеге  Айтов  деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басамыз.

 

 

2.14-сурет.Сұраныс терезесі

Нәтижесінде экранда Айтов деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

2.15-сурет.Сұранысқа анықтамалық кестесі

Нәтижені көрген соң терезені жауып,сақтаймыз.

3.Конструктор көмегімен сұрату жасау.

 Фамилиясы, аты,  әкесінің аты, топ номері, пән  және пәндер бойынша бағалары  көрсетілетін сұратуды Конструктор  арқылы жасаймыз. Ол үшін: 

    • Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаймыз.
    • Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить  батырмасын басу арқылы таңдаймыз.
    • Таңдап болған соң  Закрыть  батырмасын басамыз.

Студенттер, Бағалар кестесінен  Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаймыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсек болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барамыз.

Бағалар өрісінің астындағы  Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазамыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басамыз.

 

2.16-сурет.Бағаларға сұраныс көрінісі

 

Сол кезде төмендегі  кестеде бағалары 4 пен 5-тен тұратын  сұраныс кестесі пайда болады.

2.17-сурет.Бағалар сұранысына анықтамалық көрінісі

 

Нәтижені көрген соң  кестені жауып,сұраныс кестесін Успеваемость1  атымен  сақтаймыз.

2.4  Есептер  (Отчеты) жасау

Есеп беру – бұл  деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді  әрі икемді құралы. 

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаймыз. Есеп беруді есеп беру шебері (мастер отчетов)  көмегімен жасаймыз.

2.18-сурет.Шебер көмегімен Оқытушылар есебінің құрылу көрінісі

 

Пайда болған есеп беру терезесіне Оқытушылар деп ат беріледі.Содан кейін

<готово> батырмасы басылады.

Сол кезде экранда  Оқытушылар дайын есебі тұрады.

2.19-сурет.Оқытушылар есебінің көрінісі

Нәтижені көрген  соң,  терезе  жабылады.

2. Келесі есеп беру  Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттер  кестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка) түрінде жасалынады. 

 

 

2.20-сурет.Конструктор режимінде Студенттер есебінің құрылу көрінісі

 

Сол кезде төмендегі  анықтамалық пайда болады.

2.21-сурет.Студент анықтамлығының көрісі

 

Есептерді құру – барлық деректер қорын, сонымен қатар деректер қоры объектілерін жеке-жеке өзімізге ыңғайлы етіп баспаға беру үшін қолданылатын объект болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың  әр түрлі объектілермен әр түрлі  жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасының  әкімшілігінің құрамында жүйелік  аналитиктер, мәліметтер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды  жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек.

Деректер қорын құру барысында Microsoft Access мүмкіндіктерінің шектеусіз көп екеніне көз жеткіздік. Оны құру да көптеген ДҚБЖ бойынша білімді керек еткені сөзсіз. Бірақ нәтижесі айтарлықтай жоғары және қандай да болмасын кез-келген саланы қамтитыны, сапалы өнім алуға болатыны айқын. Ол мәліметтерді енгізіп, тиімді әрі жеңіл пайдалануға арналған.

Курстық жұмыстың барысында  ақпараттар жүйесін жасаудың негізгі принциптері, жобалау сатылары рет-ретімен мысалдармен көрсетілді. Осы көрсетілген мысалдар мен түсіндірулер жаңа жүйе жасауға негіз бола алады.

 «Деканат» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең және оның мәнінің жоғары болуын дәлелденді.

Қорыта келгенде  деректер қоры – бұл көптеген деректер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ  бұл ыңғайлы және тиімді программа болып табылады. Тек деректер қорларын құру жүйелерімен жұмыс істеуді толық меңгергенде ғана біз аз уақытта тиімді жүйе жасап шығара аламыз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Абдуллин В.З. «Базы даных», Алматы: КазНТУ - 2003ж
  2. Андерсен В.Г. «Базы даных  Microsoft Access», Москва - 2001ж
  3. Байғожанова Д.С. «Ақпараттану», Талдықорған - 2006ж
  4. Бекаревич Ю.Б, Пушкина Н.В «СУБД Access для Windows 95 в примерах», ВНV- Санкт-Петербург - 2000ж
  5. Гончарова А. Питер «ACCESS-97 в примерах», Москва - 2001ж
  6. Дейт К.Д. «Введение в системы баз данных», Москва - 2002ж
  7. Диго С. М. “Проектирование и использование баз данных”, Москва, “Финансы и статистика” – 2005ж
  8. Коуров Л. В. “Ақпараттық технология”,  Минск “Амалфея” – 2000ж
  9. Куперова Т.А. «Самоучитель Access 97/2000»,  Алматы:Ғылыми техника -  2001ж
  10. Купрова Т.А. «Создание программирования баз данных средствами СУБД», Москва - 2001ж
  11. Максимова Н.В., Попова И.И. «Базы данных», Москва - 2003ж
  12. Наумов А.Н., Вендров А.М., Иванов В.К. «Системы управления базами данных и знаний», Санк-Петербург - 2001ж
  13. Острейковский В.А. «Информатика», Москва: Выс.Шк. - 2001ж
  14. Петров А.П. “Информационная система”, Москва – 2000ж
  15. Савельев А. и другие «Создание и использование баз данных», Москва - 2003ж
  16. Симонович С.В., Евсеев Г.А. «Общая информатика», Москва – 2000ж
  17. Стивен Копустейк «ACCESS шаг за шагом», Минск -2002ж
  18. Хомоненко А.Д. «Базы данных», Санкт-Петербург - 2000ж

 


Информация о работе «Деканат» деректер қорының жобасы