Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:06, реферат

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
• нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, шағын кәсіпкерліктің басқару бағыттарын анықтау және оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
• шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
• шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
• экономиканың негізгі өзегі болып табылатын шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
• шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тони.docx

— 279.35 Кб (Скачать документ)
  1.  
    Шағын кәсіпорын мекемелерінің қызметін басқару механизмі кәсіпкерлікті ұтымды жүргізу мәселесіне бағытталуы тиіс. Себебі, ол әлеуметтік және қаржылық-экономикалық процестерді біріктіреді. 
  2.  
    Шағын кәсіпкерлікті басқаруды экономикалық және құрылымдық өзгерту – бұл мемлекеттің белсенді рөлі мен шаруашылық субъектілердің нарықтық тәртібіне негізделетін, шағын кәсіпорын басқарудың ұдайы өндіріс жүйесіндегі және ұйымдастырушылық құрылымындағы шағын кәсіпкерлік қатынастарының субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарын жарым-жартылай немесе толық түрлендіруге бағытталған процесс. 
  3.  
    Нарықтық экономика жағдайларында шағын кәсіпорын мекемелерінің төменгі бөлімшелері – кәсіпкерлер шағын кәсіпорын мекемелерінің қызметін басқару механизмін құруда, бизнес жүргізудің нарықтық нысандарын қалыптастыру мен дамытуда, кәсіпкерліктің, шағын кәсіпорын мекемесінің, саланың экономикасын дамытуда, жұмыскерлердің бастамасын жоғарылатуда басты рөл атқарады. Кәсіпкерлік келесідей шарттардың негізінде шаруашылықты дербес жүргізу құқығын иеленуі мүмкін: шағын кәсіпорын шикізат ресурстарының болуы және оларды өткізу нәтижелілігі, сондай-ақ өндірістік бағдарламаны орындаудың жоғары сапалық көрсеткіштерінің болуы.

 
Шағын кәсіпорындардың бәсекелестікте үйлесуін оңтайландыру есебін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық модельде тек шектеулі ресурстар мен объективті байланыстар ескерілген. 

  1.  
    Ұсынылған басқару механизмдері шағын кәсіпорын мекемелеріне аумақтарда кәсіпкерлікті жоғарылатуға, шағын кәсіпорын ресурстарын толық және тиімді пайдалануға, қосымша өнім алуға және шағын кәсіпкерлік саласының жалпы табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.
  2.  
    Инновация қағидаларын біріктіру және шағын кәсіпорында оның тәжірибе ретінде қолданылуы шаруашылық жұмыстың барынша жетілген өнімнің (тұтыну және өндіру бағытындағы) өндірістік сапасын жақсарту түріндегі жаңа нәтижелерін анықтайтын инновацияны техникалық-технологиялық, ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңашылдықтың жүйелі процесі ретінде анықтауға, оларды алуға байланысты шығындарды төмендетуге, бәсекеге қабілеттілікті және нәтижелілікті арттыруға қамтамасыз етуге негіз болады.
  3.  
    Шағын кәсіпкерліктің секторын дамытуға арналған инновациялық бағыттағы стратегия шағын кәсіпкерлікті дамытуға және шағын кәсіпорын өнімдері нарығын реттеуге арналған мемлекеттік бағдарламаны орындауға және шағын кәсіпкерлік жұмыстарының нәтижелілігін көтеруге арналған мақсатты бағдарламаларды орындалуға бағытталуы тиіс. Яғни, шағын кәсіпкерлікті инновациялық процестермен басқару жүйесін дамыту ірі кәсіпкерлік құрылымындарында инновациялық қарқынды дамыту болып табылады.

 
Осы мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттер анықталды: шағын кәсіпорын өнімдерінің шығымы мен сапасын арттыру, мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау; өнім өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыру; шағын кәсіпкерлікпен айналысатындарды мемлекет тарапынан қолдау; ШОК үдемелі ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету; қуаттылықты пайдалану деңгейінің техникалық жаңаруының өсуін қамтамасыз ету мен кәсіпорындарды ДСҰ кіру жағдайына бейімдеу.  

  1.  
    Шағын кәсіпорын өндірісі салаларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын құрал – кластер. Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен технологияларды енгізу барысында келесі нәтижелер күтіледі: экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі; кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке құштарлықтарының артуы; аймақтарға инвестициялық климаттары мен тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту. Осыған орай шағын кәсіпкерлік секторына кластерлік тұжырымдамасын икемдеу механизмінің үлгісі жасалынды.
  2.  
    Зерттеу көрсетіп отырғандай шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған қолдау көрсету нәтижесінде сандық, құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер ретінде алға тартылады. Мұндай түпкілікті мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бағыттарда қамтылып отырған міндеттер жоспарланды: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық ресурстарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар көрсету мақсатында арнайы мемлекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты арттыру.

Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны