Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:06, реферат

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
• нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, шағын кәсіпкерліктің басқару бағыттарын анықтау және оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
• шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
• шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
• экономиканың негізгі өзегі болып табылатын шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
• шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тони.docx

— 279.35 Кб (Скачать документ)

 
 
Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде  әрекет ететін субъектілердің жалпы  санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса, жекелеген  аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың бірлік), Қызылорда – (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың бірлік) облыстарының еншісінде (7-сурет). 
 
Сонымен, Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіштердің негізінде жасалған шолуға байланысты төмендегідей қорытындылар шығаруға болады: 

  •  
    жалпы алғанда, секторда қайта қалпына келтіру процестерінің басталғаны байқалады, ШКС-ның аса ауқымды көрсеткіштерініңі өcyi орын алады (тіркелгендердің әрекет үстіндегі ШКС-ның нақты саны, өнім көлемдері);
  •  
    алайда, біршама көрсеткіштердің керісінше үрдісі барлығы байқалады (жалпы ішкі өнім көрсеткіштері деп ШКС өнімдерінің үлeci, салалық дамудың құрылымы); 
  •  
    кәсіпкерлікке көмек көрсететін мемлекеттік бағдарламаларға кереғар, өзінің ресурстары мен табыс көздерінен кәсіпкерлікке банктердің беретін несиесінің көлемі айтарлықтай қысқарды.

 
Жоғарыда жасалынған шолуға сәйкес шағын кәсіпкерлікті ретке келтіріп және сол шағын кәсіпкерліктегі кереғар үрдістерді қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес кұралдар арқылы жақсартып отыру үшін мемлекеттің тікелей араласуының онан әpi қажет екендігі көрінеді. 
 
Қазіргі уақытта жинақталған тәжірибені ескере отырып, салиқалы диалог пен нақты әріптестікке негізделген өзара ықпалдасудың жаңа алгоритмі әзірленуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын бірде-бір нормативтік акт аккредитацияланған үкіметтік емес ұйымдардың тиісті сараптауынсыз қабылдануы мүмкін емес.  
 

 

 

 

 
 
7-сурет. Аймақтар бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Ағымдағы жылдың басында Министрлікте жеке меншік кәсіпкерліктің мүддесін қорғайтын 62 нормативтік құқықтық акті сараптаудан өтті, басқа да мемлекеттік органдарда да іс осылай жалғасын табуда.  
 
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын ерекше атап өту қажет. Аталмыш бағдарламада өңірлерде кәсіпкерліктің жаңа тобын, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру мақсаты қойылған. Осы бағдарламаның қаражаты: кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау; шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттерді ішінара кепілдендіру; бизнес жүргізуді қызмет көрсетумен қолдау; кадрларды даярлау мен қайта даярлау, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты бағыттар бойынша пайдаланылады. 
 
«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлер үшін де, сонымен бірге банктер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет әкімдермен бірлесіп үш-жылдық бюджет ауқымында әрбір өңірдің экономикалық әлеуетін есептеуге негізделген, жылдарға бөлінген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуге тиіс. Осы қаражат өңірлерге беріледі, ал әкімдер бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын шағын кәсіпкерлік жобалары үшін толық жауап береді.  
 
Отандық тауарлар – 2020 жоспарының ойдағыдай іске асырылуының айғағы болып табылады, ал біздің шикізат емес басқа өнім мен тауарларды экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың негізгі бағытына айналып, Қазақстанның өнеркәсібі экспорттық рыноктарда отандық бірегей өнім мен тауарларды бүкіл әлемге кеңінен танымал етуге тиіс. Осыған орай Үкімет негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру, экспортқа қызмет көрсетуді қолдау, экспорттаушыларға грант беру мен экспорттық сауданы қаржыландыру қарастырылған экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай жүйесін құру міндетін қойып отыр. Салық жүйесі ұзақ мерзім бойы қолданылатын құрал, сондықтан аталмыш жүйе экономиканың дамуының келешектегі үрдістерін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Жалпы салық жүйесі сияқты, оның жекелеген агрегаттары да өндірістік және іскерлік белсенділікті көтермелеуге, нарықтық реттеуіштерді барынша босатып, өнім өндірушілерге сол немесе басқа шаруашылық шешімін қабылдау мүмкіндігін беруге бетбұрыс жасауға тиіс.  
 
Бәсекелестердің болуы нарықтық экономиканың ойдағыдай дамуының қажетті факторы болып табылады. Шағын кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оңтайландыру үшін нақты өнімді зерттеу процесінде оны алмастыратын экономикалық-математикалық модель қарастырамыз.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудегі мақсат – рынокты бәсекелес кәсіпорындардың өнімдері арасында бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келтіру.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу келесі бірнеше сатыда жүзеге асырылады:  
 
1. Жеке бәсекелік артықшылықтар (баға, сапа, тұтынушылардың қалауы) модельденеді. Мысалы, 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі олардың бағасына кері тәуелді:   (1) 
 
мұндағы  – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі;  –2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің бағасы;   – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің бағасы.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес кәсіпорын өнімінің сапасына тікелей тәуелді:   (2) 
 
мұндағы  – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне таңдалған сапаның сан өлшемі бойынша бәсекеге қабілеттілігі; Кi1 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің сапа көрсеткішінің нақты деңгейі; Кj2 – 2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің сол деңгейі.  
 
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің χ12…ξ12 деп белгіленетін басқа да жеке көрсеткіштерін (тұтынушылардың қалауын, ең маңызды сапа параметрлерін, пайдалану шығындары мен т.б.) осылай модельдеуге болады. Модельде пайдаланылатын көрсеткіштердің саны тұтынушылар үшін маңызды өнімнің бәсекеге қабілеттілік параметрлерінің санына байланысты.  
 
2. Кәсіпорын өнімінің жеке бәсекелік артықшылықтары бәсекелестік моделіне біріктіріледі:  
 
 (3) 
 
мұндағы Ji1/j2 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.  
 
Егер рынокта өнімнің түрі екіден көп болса, онда кез келген өнімнің сандық деңгейін салыстыру базасы ретінде қабылданып, қалған үлгілердің бәсекеге қабілеттілігі осы өнім түріне қатысты есептелетін болады.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекелік артықшылықтары мен сату коэффициенттерінің өзара байланысының нақты мағыналарын қолданбалы маркетингтік және статистикалық зерттеулер арқылы алуға болады.  
 
Мұның іс жүзіндегі маңызы кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне жақындастырылған модель алу мүмкіндігімен байланысты. Қолданбалы зерттеулерде нақты өнімнің аса маңызды параметрлері мен сату коэффициенттерінің негізінде кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу мен болжаудың негізделген мүмкіндігі пайда болады.  
 
«Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық-қаржылық жағдайын зерттеу барысында тауарлық-материалдық қорларын құрайтын, көбінесе егін шаруашылығы бойынша өнімдерінің көптеп өткізілмей қалғандығын көреміз. Мұндай жағдайдың қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктің өнімді дұрыс өткізбеуіне байланысты. Яғни, өнімді өткізуді дұрыс ұйымдастырылмағандығынан, «Sunreis» серіктестігінде 2008 жылы тауарлық-материалдық қорлары активтердің 48%-ын, ал 2009 жылы 25,9%-ды құраған. 
 
Осыған орай «Sunreis» серіктестігінің басқару құрылымына өнімді өткізу бойынша жаңа менеджер енгізілімі болса, онда ол келесі түрде трансформацияланады (8-сурет). 
 
Басқару құрылымына осы жаңа енгізілімді кіргізу «Sunreis» серіктестігіндегі мәселелерді шешу үшін төмендегі шаралар мен функцияларды жүзеге асыру керек: қорларды басқару; өнімді өткізу каналдарын әртараптандыру; несиеге өткізілген тауарлар мен өнімдер бойынша қарызды өтеу бойынша жұмыс істеу және кешіктірілген өтеулер бойынша шараларды әзірлеу мен оларды іске асыру; өнімді өткізу бойынша кәсіпкерлік үрдістерді оңтайландыру. 

 
 
Құрылтайшылар кеңесі 
 
 
 
Директор 
 
 
 
 
 
 
 
Бухгалтер 
 
Өнімді өткізу бойынша менеджер- логист 
 
Бас агроном 
 
 
Бас механик


 
8-сурет. «Sunreis» серіктестігінің  модификацияланған басқару құрылымы 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған

Қазақстандағы шағын  кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі  бағытты жетілдіру. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансфор-мациялау мәселесін шешу қажет. 
 
Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.  
 
Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға төмендеуін бәсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-дан 45-46%-ға дейін өседі деп қарастырылған. 
 
Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР Статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2010 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (9-сурет).  
 
 9-сурет. 2003-2009 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада – 40%-ға дейін (Румыния – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%). 
 
Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік Алматы қаласы – 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%. 
 
Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар ара-сында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 2009 ж. мерзімінде өңдеу өнер-кәсібі алда болды – 68,95% (2-кесте). 
 
 
2-кесте. ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге 

 
 
ҚР экономика салалары

 
Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

 
Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, %

 
Негізгі капиталдағы инвестициялар  көлемі

 
Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

 
Барлығы

 
1006169,6

 
100

 
170320,2

 
1493127,3

 
Ауыл шаруашылығы

 
2664,6

 
0,26

 
399,3

 
3262,5

 
Тау-кен өнеркәсібі 

 
292194,5

 
29,04

 
60885,7

 
576784,5

 
Өңдеу өнеркәсібі

 
693754,8

 
68,95

 
105306,9

 
897705,7

 
Құрылыс

 
17555,7

 
1,75

 
3728,3

 
15374,5

 
Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автордың есептеуі. http://www.stat.kz


 
 
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет  етеді. Қосымша пайда табу, шағын  кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол солғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек.  
 
Инновациялық қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі негізінде ғана дамытуға болады. Нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, шағын инновациялық кәсіпкерлік, инвестициялық және инновациялық қорлар, жергілікті басқару органдары, жеке тұлғалар және т.с.с. қаржыландыру субъектілері болып табылады. 
 
Ұсынылған инновациялық-бағдарлы стратегияның негізі – оның өндірістік-техникалық, ақпараттық-технологиялық сияқты шағын иннова-циялық құрылымдарды дамыту мен құруды алдын ала қарастыратын болып табылады. Аталмыш стратегияның аясында инновациялық құрылымды құру үлгісі 10-суретте бейнеленген. 
 
 
 
 
10-сурет. ШКС-дағы инновациялық құрылымның принципті үлгісі 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Қазақстанның ШКС-да көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін бірнеше шағын кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен анықталады. 
 
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалары территориялық шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.  
 
Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын табысты кеңейту мен тереңдетуде әлемдік экономиканың даму бөлігінің ажырамас құрамы болып табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта отырып, ынтымақтастық мәселесіне көп көңіл бөледі. Егер соңғы уақытқа дейін осы ынтымақтастық салалық мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер деңгейінде кеңейту байқалады. 
 
Кластерлердің артықшылықтары төмендегідей бағыттар бойынша алынуы мүмкін: ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара толықтырушылық; қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі; ынталандыру; жаңа енгізулерде артықшылықтары. 
 
Кластерлік ұйымдастыру бір жағынан стратегияның дамуы, екінші жағынан аудандар мен территорияның дамуы, мекеменің дұрыс дамуы жобасының жасалуы мен билікке байланысты құжаттардың жасалуы. 
 
Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың икемделуі келесі механизмдер ретінде болады (11-сурет): 

  1.  
    Еліміздің экономиканың әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, тұрмыстық жағдайын жақсарту, олардың мәдени, ағарту және денсаулық деңгейін жақсарту болып табылады.

 
 
Шағын кәсіпкерліктің дамуы 
 
Кәсіпкерлік субъектілері менталитетінің өзгеруі 
 
 
Ғылым мен білімнің дамуы 
 
 
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 
 
Басымдылық салалар бойынша аймақтық экономиканың дамуы 
 
Ақпараттық жүйенің дамуы 
 
 
Өндірістік кластерлер 
 
Ақпараттық-интеграциялық кластерлер 
 
Шағын кәсіпкерлікті басқаруды мемлекеттік тұрғыда жетілдіру 
 
 
 
11-сурет. Шағын кәсіпкерлікке кластерлік тұжырымдамасын икемдеу механизмдері 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 

  1.  
    Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің менталитетін «алдымен әрбір адамның мүддесін – сосын мемлекеттің мүддесін» қағидасында өзгерту, сондай-ақ халықтың жеке және қоғамдық меншікке деген түсініктерін, жеке меншік пен мемлекеттік секторларының байланысын экономикалық өзара пайдаға бағыттау болып келеді.
  2.  
    Аймақтық және жергілікті деңгейде салалық пен территориялық – салалық кластерді құру мен қалыптастыру тиімділігі арқылы, билік органдарының ақпараттар мен байланыстың алмасу басымдылығы бойынша, бизнес құрылымдарының, институционалдық құрылымдар мен нарықтық инфрақұрылымдарды еңбек, қаржы және материалдық ресурстары бойынша ұлттық және аймақтық экономиканы дамыту.
  3.  
    Билік органдарының, қоғамдық ұжымдар мен нақты секторлар кәсіпорындары қызметкерлерінің ағарту және мәдени деңгейін арттыру арқылы ұлттық және аймақтық деңгейде білім мен ғылымды дамыту көзделеді.
  4.  
    Өнімнің сапасы, дизайны және қызметін арттыруда, өнім өндіру мен басқаруда жаңа технологияларды енгізу бойынша, өнімді өндіру, сақтау және тұтыну аясында маркетингті дамыту мен «ноу-хау» енгізу арқылы кәсіпкерлік құрылымының тиімділігін арттыру қажет.
  5.  
    Кәсіпкерлік құрылымдарда, сондай-ақ кластерлерді ұйымдастыруда тауар өндірушілер мен кластерлік бірлестіктердің мүшелерін, салық салу жүйесін, кедендік құқықтар, несиелеу жүйесі мен отандық тауар өндірушілерге, жеңілдіктер мен артықшылықтар беру тұрғысында инвестициялау арқылы кәсіпкерлік ұйымдастыруларды мемлекеттік тұрғыда қолдауды қажет етеді.

 
Кластерлік модельдер мен технологияларды  енгізуде күтілетін нәтижелер: экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі; кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке құштарлықтарының артуы; аймақтарға инвестициялық климаттары мен тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік стратегиялық басымдық ретінде жариялаған болатын. Әpбip 2-3 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған қолдау көрсетудің арнайы мемлекеттік бағдарламалары қабылданып отырды. Оларды өткенге шолу ретінде шағын кәсіпкерліктің рөлінің экономика мен қоғамда артып келе жатқандығын жиынтық ретінде кұрастырып, дамыған елдерде сандық, құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер ретінде алға тартылып отырды.  
 
Мұндай түпкілікті мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бaғыттарда қамтылып отырған міндеттер жоспарланды: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық pecypcтapғa қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар көрсету мақсатында арнайы мемелекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты арттыру. 
 
Бұл бағытта мейлінше маңызды көп салалы жұмыстар жүзеге асырылды, оның басты нәтижесі ретінде кәсіпкерліктің бүкіл Қазақстан бойынша кең етек жайып отырғандығын айтуға болады. 
 
Әлемдік экономикалық дағдарыстың кең өpic алып отырған жағдайында Қазақстан Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуді дағдарысқа қарсы бағдарламаның нeгiзгi бағытына айналдыруда. Мұның өзі біздің елімізге дағдарыстың апаттарынан айналып өтудің факторларының біріне айналды. 
 
Дегенмен, шағын кәсіпкерліктің құрылымдық және сапалық бағыттарда дамытудың мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттері бүгінгі күнге дейін толығымен орындала қойды деп айту қиын. 
 
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторлар: шағын кәсіпкерліктің қаржылық pecypcтapғa қол жеткізуінің жеткіліксіздігі; бәсекелестік ортаның әлсіздігі; кәсіпкерлікті жүргізудің мәдениетінің төмендігі, ол, ең алдымен ШОК-тің басым бөлігінің бүгінгі таңдағы ақпараттық-зерттеушілікпен қамтамасыз етушілікті көтере алмай отырғандығымен байланысты. 
 
Қaзipгi кезде жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда және салық туралы заңды, өмір сүрудің басқа да нормативтік негіздерін, кәсіпкерлікті реттеп және қолдау керсетудің объективті куәсі ретінде ТМД-ның барлық елдерімен салыстырғанда «Doing Business» халықаралық рейтингісі бойынша Қазақстан жетекшілік рөлге ие болып отырғандығы. Бұл жетістіктер жайында тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айрықша атап өтті. 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
Шағын кәсіпкерлік қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру мәселелерін зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады: 

Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны