Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 20:19, реферат
Бұйымдарды даярлаудың жоғары өнімділігін, сенімділігін, сапалығы мен тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс технологиялық процестер (ТП) өндірісті автоматтандырудың негізі болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда автоматтандырылған ТП жобалауда пайдаланылатын прогрессивті әрі өнімділігі жоғары өңдеу және құрастыру әдістері зор мәнге ие болады.
Автоматтандырылған өндірістің (АӨ) ТП әзірлегенде кешенді түрде оның барлық элементтерін қарастырады: бұйымдарды тиеу-түсіруді, оларды базалау және бекітуді, өңдеуді, бақылауды, операцияаралық тасымалдау мен қоймалауды және т.б. Сондықтан автоматтандырудың мүмкіндіктері мен тиімділігін бағамдау үшін ТП дұрыс жіктеу маңызды.
Осылайша, машина жасау дамуының
қазіргі кезеңі өндірілетін өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
қажеттілігімен сипатталады, бұл шығару
мерзімдерін айтарлықтай
Сериялы өндіріс шарттарында
өндірістік жүйелер бұйымдардың
жеткілікті түрде алғанда кең
номенклатурасын шығару мүмкіндігіне
бағдарланған. Қазіргі бар өндірістік
жүйелердің әрқайсысы бастапқы кезден
белгілі бір бұйымдардың
Соңғы кезде жобалық ұйымдардағы ұйымдастырушылық қайта құрулардың жылдамдығы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қайта құру жылдамдығынан басым түсуде, бәсеке күшеюде. Осының барлығы құрылатын жобаларға арналған өндірістік жүйелерді жылдам қайта баптау мен бейімдеуді қамтамасыз ету әдістерін әзірлеудегі көкейкесті мәселелерді алға қоюда, әрі осындай жобаларды орындау сан жағынан әртүрлі кең номенклатуралы тетіктерді даярлауды қарастыруы тиіс.
Шығару көлемі үлкен бұйымдарды
дайындауды да шағын бағдарлама-лардан
бастай отырып икемді өндірісте даярлаған
дұрыс. Бұл бұйымның конструкциясын
«аяғына дейін жетілдіруге», айрықша
тетіктердің технологиялығын
Конструкторлық бюролармен жобалау қызметтерін көрсету нарығының пайда болуы берілген параметрлер қамтамасыз етілген кезде қысқа мерзім ішінде әзірленетін жобаларды іске асыруға қабілетті өндірістік жүйелерді құру талаптарын алдыға қояды. Жобаның өмірлік циклінің уақыты айтарлықтай аз болуы мүмкін, сондықтан қолданыстағы өндірістік жүйелерді оларды іске асыру мақсатында физикалық жағынан қайта құруды орындау мүмкін болмай қалады. Бұдан бөлек, бірнеше жобаны, ал көптеген жағдайларда тіпті бір жобаны іске асырған кезде номенклатуралары әртүрлі шағын санды тетіктерді бір уақытта даярлау талап етіледі. Бұл жерде көпобъектті жобалау мен даярлау туралы сөз қозғауға тура келеді, әрі бұл кезде құрылатын ӨЖ объектілі-бағдарланған болуы тиіс.
Өндірістік жүйелерді қолданыстағы өндірістік жүйелерді материалдық қайта құрулармен байланысты болатын дәстүрлі әдістермен құру осы мақсаттар үшін қолайсыз болып табылады. Қажетті қасиеттерімен қоса, еңбек сыйымдылығы жоғары материалдық қайта құруларды жүзеге асырмай-ақ өндірістік жүйелерді құру процестеріне жаңаша тұрғыдан қарастыру жолдарын іздеу қажеттілігі пайда болады.
Аталған мәселенің шешімі қолданыстағы ӨЖ негізінде, еңбек сыйымдылығы жоғары материалдық қайта құруларсыз, уақытша (жобаның өмірлік циклінің уақытына дейінгі) ұйымдастырушылық байланыстарды пайдаланатын іс-шараларды орындау арқылы ӨЖ құру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай өндірістік жүйелердің материалдық негізі болып бос уақытының қоры шеңберіндегі үлестіруші өндірістік жүйелердің (ҮӨЖ) технологиялық жабдықтарының жинағы жатады. Мұндай ӨЖ тұрғызған кезде ҮӨЖ-де материалдық өзгерістіер болмайтындықтан, ал оның құрылымы туралы ақпарат тек ЭЕМ жадында қалыптасатындықтан және сақталатындықтан мұндай ӨЖ виртуалды өндірістік жүйе (ВӨЖ) болып табылады, бұл кезде оны құрудың мерзімдерін едәуір қысқарту қамтамасыз етіледі.
ҮӨЖ-дің бос бөліктерінің параметрлері туралы ақпарат электронды түрде көрсетілуі және әртүрлі ақпараттық желілер, атап айтқанда жаһандық желі Internet көмегімен таратылуы мүмкін. Бұл жағдайда ҮӨЖ қызмет көрсетуі нарығының құруы туралы сөз қозғауға болады.