Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 20:19, реферат
Бұйымдарды даярлаудың жоғары өнімділігін, сенімділігін, сапалығы мен тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс технологиялық процестер (ТП) өндірісті автоматтандырудың негізі болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда автоматтандырылған ТП жобалауда пайдаланылатын прогрессивті әрі өнімділігі жоғары өңдеу және құрастыру әдістері зор мәнге ие болады.
Автоматтандырылған өндірістің (АӨ) ТП әзірлегенде кешенді түрде оның барлық элементтерін қарастырады: бұйымдарды тиеу-түсіруді, оларды базалау және бекітуді, өңдеуді, бақылауды, операцияаралық тасымалдау мен қоймалауды және т.б. Сондықтан автоматтандырудың мүмкіндіктері мен тиімділігін бағамдау үшін ТП дұрыс жіктеу маңызды.
СББ бар білдектерде тетіктерді өңдеуге арналған ТОТ тұрғызудың негізі жекелеген қарапайым беттерді өңдеу ережелерінің жиынтығы болып табылады. Типтелген операциялық технология СББ бар білдекке бекітілген барлық алуан түрлі тетіктер үшін автоматты циклде өңдеудің өнімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететіндей тұрғызылуы тиіс.
ТОТ құру үшін дайындаманың бүкіл бетін негізгі және қосымша беттер түрінде көрсетеді. Негізгі беттер: цилиндрлік беттер, қисық сызықты жасаушылары бар конусты беттер, терең емес жырашықтар. Оларды құрған кезде өңдеуге кететін бүкіл әдіптің 85-90%-ын алады. Қосымша беттер: ішкі және сыртқы беттердегі жырашықтар, бұрандалы беттер.
Дайындаманы білдекке бекіту
түріне (жұдырықшалы өздігінен
Айналу денелері пішініндегі тетіктерді токарлы білдектерде ірі сериялармен өңдеген кезде келесі ерекшеліктер анықталған:
1) құрамалы құралды кеңінен қолдану (tосн және tвсп қысқарту) есебінен өнімділікті арттыру;
2) өстік өлшемді құралды (ұңғылағыштарды, үңгілегіштерді) пайдалану;
3) құралдардың орын ауыстыру траекторияларын оңайлату;
4) бір ғана кесуші элементпен
(кескішпен) өңделетін
Корпусты тетіктерді және
айналу денелерінің пішініне ие тетіктерді
өңдеудің қарастырылған ерекшеліктері
оларды автоматтандырылған учаскелерде
(АУ) және желілерде өңдеу технологиясын
құрған кезде іске асырылуы мүмкін.
Өндірістің сериялығына байланысты
учаскелер мен желілердің құрамына
СББ бар білдектер, роботтандырылған
модульдер, агрегатты білдектер, арнайы
және арнайыландырылған
Тетіктерді автоматты
желілерде – өзара байланысқан
жабдықтар мен басқару
Технологиялық процестерді дифференциациялау, өтулерді оңайлату және синхронизациялау сенімділік пен өнімділіктің қажетті шарттары болып табылады. Алайда технологиялық процестерді дифференциациялау мен өтулерді оңайлату өзінің рационалды шектеулеріне ие болуы тиіс. Шамадан тыс дифференциация қызмет көрсететін жабдықтың күрделенуіне, қызмет көрсету аудандары мен көлемінің артуына әкеп соғады.
Өнімділікті мүлдем дерлік төмендетпестен операциялар мен өтулердің мақсатқа сай шоғырландырылуын агрегаттау жолымен және көпқұралдық баптауларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Автоматты желілерде жұмысты синхронизациялау үшін лимиттеуші (шектеуші) құрал, лимиттеуші білдек және лимиттеуші учаске бөлінеді, олар бойынша автоматты желінің нақты (реал) шығару тактісі келесі формула арқылы анықталады, мин
мұндағы Ф – жабдық жұмысының нақты қоры, сағ; N – шығару бағдарламасы, дана.
Жоғары сенімділікті қамтамасыз ету үшін автоматты желілерді учаскелер арасындағы икемді байланыс деп аталатын байланысты жүзеге асыратын жинақтағыштар арқылы бір-бірімен байланысқан учаскелерге көршілес учаскелердің олардың біреуінде тоқтап қалу жағдайы орын алғанда тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып бөледі. Учаскенің ішінде құрылымдық жағынан қарапайымырақ қатаң байланыс сақталады. Қатаң байланысы бар жабдық үшін жоспарлы тоқтатулардың уақыты мен ұзақтығын жоспарлау маңызды, мысалы, құралды топтық ауыстыру, жөндеу, қызмет көрсету үшін. Учаске ішіндегі жабдықтың оңтайлы саны, учаскелер саны, аралық жинақтағыштардың сыйымдылықтарын есептік жолмен, максималды өнімділікті және желінің минималды құнын қамтамасыз етуге байланысты анықтайды.
1.5 Автоматтандырылған
және роботтандырылған
Құрастыру өндірісін технологиялық
дайындауға механикалық өңдеудегі
сияқты кешенді тұрғыдан қарастыру
тән болады. Ол бұйым технологиялығын
мұқият орындауды, құрастыру процестерін
типтеуді, құрастырылатын бұйымдарды
тасымалдаудың көмекші
Автоматтандырылған
Ірі сериялы және жаппай
өндіріс шарттарында бұйымдарды
автоматтандырылған құрастыруды құрастыру
автоматтарында және автоматты желілерде
орындайды. Бұйымдардың күрделігіне
байланысты бір позициялы және көп
позициялы құрастыру
Роботтандырылған өндірістің басты айырмашылығы құрастырушылар-ды құрастыру роботтарымен ауыстыру және бақылауды бақылау роботтарымен немесе автоматты бақылау құрылғыларымен орындау болып табылады.
Егер автоматтандырылған өндіріс шарттарында бұйымдарды құрастыруды селективті құрастыру әдістерін қолдана отырып және бақылау-сұрыптау автоматтарын пайдалана отырып толық немесе жартылай өзара ауыстырымдылық әдісімен, сондай-ақ қиыстыру (пригонка) мен реттеу әдістерін шектеулі түрде қолдану арқылы орындау мүмкіндігі бар болса, онда роботтандырылған құрастыру толық өзара ауыстырымдылық принципі бойынша немесе сирек жағдайда топтық өзара ауыстырымдылық принципі бойынша орындалуы тиіс. Бұл кезде қиюластыруға, реттеуге мүмкіндік болмайды. Құрастырылатын бұйымдардың сапасын және құрастыруға арналған роботтық-техникалық кешендердің (РТК) жұмыс сенімділігін анықтайтын, базаларды таңдау және олардың тұрақтылық принциптері қатаң сақталынуы тиіс.
Автоматтандырылған
• автоматтандырылған тасымалдау-қармап ұстау құрылғыларын қолдану үшін тетіктер мен бұйымдардың негізгі бөлшектерін автоматты бағдарлау, тетіктерді бақылау және тазалау;
• қосылыстарды автоматты түрде орындау;
• тетіктер мен тораптарды тасымалдау;
• операцияаралық бақылау;
• ақырғы (түпкілікті) бақылау;
• буып-түю (қаптау).
Құрастыру операцияларын орындау қарапайымнан күрделіге қарай, яғни тетіктер – кіші тораптарға, кіші тораптар – тораптарға, тораптар – агрегаттарға, тораптар мен агрегаттар – бұйымдарға жүруі тиіс, бұл құрастыру схемаларын құрастырған кезде ескеріледі. Бұйымдардың күрделігіне және габариттеріне байланысты құрастыруды ұйымдастырудың келесі формаларын таңдайды: стационарлы немесе конвейерлі. Стационарлы құрастыру бұйымдарды жылжытусыз, құрастыру тораптары мен тетіктерін базалық құрастыру бірлігіне (тетікке, торапқа және т.с.с.) алып келу арқылы орындалуы мүмкін. Конвейерлі құрастыру роботтар тетіктер мен тораптардың бағдарлануы мен позициялану қателігі әртүрлі жұмыс орындарына қызмет көрсеткен кезде мүмкін болады.
Роботтандырылған кешеннің
құрылымына тасымалдау-жүктеу жүйесімен
және әртүрлі деңгейдегі басқару
жүйелерімен біріктірілген және
технологиялық тізбекпен (реттілікпен)
орналастырылған құрастыру
РТК-да құрастыру технологиялық процесін әзірлеген кезде роботтардың модельдерін, олардың функцияларын, дәлдігін, жеделдігін, жылдам әрекет етуін анықтайтын операциялардың жоғары шоғырландырылуы ұсынылады. Әсіресе РТК элементтерінің уақытша байланыстарын нақтылау маңызды, себебі олар да құрастыру өнеркәсіптік роботтарының (ӨР) операциялық мүмкіндіктерін, модельдері мен санын анықтауы мүмкін. Осы мақсатта жекелеген роботтандырылған жұмыс орындары мен өнеркәсіптік роботтардың да, тұтас РТК-ның да циклограммасын тұрғызу мүмкін әрі мақсатқа сай. РТК операциялық технологиясы мен циклограммасының негізінде СББ бар құрастыру роботтары үшін және бүкіл РТК үшін басқару бағдарламаларын дайындау жүргізілуі мүмкін.
Құрастыруды роботтандырудың
перспективті (болашағы зор) бағытына
блоктық-модульдік принцип
1.4-сурет – Модульдер жүйесінің (а) және ПР5-2 типті роботының бес (б), төрт (в), үш (г) және екі (д) қозғалыс дәрежесі бар компоновкалары жүйесінің схемалары:
1 – МЛ-2 сызықтық модулі; 2 – МУ-13 бұрыштық модулі; 3 – өтпелі модульдердің комплектілері; 4 – МЛ-4 сызықтық модулі; 5 – МЛ-3 сызықтық модулі; 6 – МЛ-7 сызықтық модулі
Үйретілетін роботтар – бұл бағдарламаланған жұмыстармен қоса жүретін әртүрлі кездейсоқ факторларға бейімделе алатын роботтар. Бұл бейімделгіштік алынған «тәжірибе» - пайда болатын ауытқуларды талдау мен жіктеу нәтижелері және оларды жою әдістерінің негізінде өзінің бағдарламасын түзетуден көрінеді.
1.6 Машина жасау өндірісінің даму бағыттары
Машина жасау кәсіпорындарында қалыптасқан өндірістік құрылымдар түрлері бірқатар белгілермен сипатталады:
• машина жасау өндірістерінің
айқын көрінетін технологиялық
• технологиялық ресурстардың бытыраңқылығы;
• көптеген жағдайларда өндірістік жүйелердің қуаттылықтарының артық немесе жеткіліксіз болуы;
• кәсіпорын жаңа өнімді шығаруға көшкен кезде өндірістік жүйелердің икемділігінің болмауы.
Кәсіпорындар бойынша заттық мамандандырылу саланың негізін құрады. Принципті түрде алғанда жаңа өнімді шығаруға көшу аталған жағдайларда алынуы қиын болып табылатын қосымша инвестицияларды тарта отырып түбірімен толықтай қайта құруды талап етеді.
Заттық мамандандырылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұйымдық құрылымдарының орнына перманентті-өзгеретін матрицалар деп аталатын құрылымдардың негізіндегі айнымалы құрылым келуі тиіс. Өнеркәсіптік өндіріс шығарылатын өнімнің түрін анықтайтын бас кәсіпорыннан және технологиялық жағынан мамандандырылған кәсіпорындар жиынтығынан тұратын корпоративті типтегі кәсіпорындар жүйесі түрінде болады. Осындай кәсіпорындардың құрамы мен саны даярланатын бұйымдардың түрімен анықталады. Мұндай құрылым нарықтың сұраныстарына байланысты оңай өзгереді. Оның қалыптасуы замануи машина жасау өндірісінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты:
• машина жасауды дамытуда басым мәнге ие дербес салаға айналатын инжинирингтің ақпараттық технологияларының, ақпараттық қызмет көрсету нарығының шеңбері қалыптасуда;
• ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің дербес элементіне айналуда. Ғылыми сипаттағы бұйымдар өндірісінің көлемі артуда. Оларды әзірлеу жаңа бұйымдарды жасаудағы бұрындары басым болған эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға емес озық іргелі зерттеулерге негізделеді;
• реттеуші рөлін мемлекет атқарған кезде кәсіпорындарды дамытуда маңызы зор фактор рөлін бәсеке атқаруда;
• экономиканың нарықтық заңдары негізінде кәсіпорындарды қайта құрылымдау орын алуда. Кәсіпорынның құрылымы бұйымдардың толық өмірлік циклінің орындалуын қамтамасыз етеді. Корпоративті ұмтылыстар виртуалды кәсіпорындарды құру түрінде дамытылуда;
• тапсырыстарды дербестендіру,
бұйым үлгілерін жиі ауыстыру
өндірісті технологиялық
• кәсіпорындар қызметі тиімділігінің басты көрсеткіштеріне келесілер айналады: тапсырыстарды орындау мерзімінің уақыты мен сенімділігі, бұйымдардың сапасы мен өзіндік құны;
• кәсіпорын экономикасының
барлық басты көрсеткіштеріне
• кәсіпорындар арасындағы кооперацияның дамуы, бұйымдарды өткізу нарығын кеңейту өндіріс үшін бірыңғай ақпараттық базаны құру қажеттілігін туғызады.