Жастар саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 20:12, реферат

Краткое описание

Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр. Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

1.1 Ағымдағы жағдайға талдау
1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты

2.2 Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері
2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»
2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.
2.4. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту

3.3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі
Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

саясаттану.docx

— 38.63 Кб (Скачать документ)

Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың  бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік  рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.

Жастар саясатын жүзеге асыру  нәтижесінде жас қазақстандықтың  бойында келесідей құндылықтар  қалыптасады:

1. Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

2. Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

3. Еңбекке құрмет;

4. Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

5. Достық, өзара көмек  көрсету мен бірлік;

6. Қиындықтан қорықпай  табысқа жету;

7. Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

Осылайша жас қазақстандықтардың санасында құндылықтарды толықтыру  келесідей идеологемалармен анықталады:

1. Адалдық адамдықтың  белгісі;

2. Қарапайымдылық адамның  көркі, еңбек ерлікке жеткізер;

3. Батыр айқаста танылар;

4. Отан отбасынан басталады,  шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі;

5. Достық — басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;

6. Бейнет түбі зейнет;

7. Өзге елде сұлтан  болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Осы құндылықтарды насихаттау үшін «Отандастар» жобасы әзірленетін  болады.

Бұдан басқа, шетелде білім  алып жатқан жастарды қазақ диаспорасы өкілдерінің іс-шарасына тарту арқылы патриоттылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударылатын болады.

Жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылатын болады. Ол: еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік болады.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы  жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік  қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады. Сонымен қоса, еліміздің білім ұйымдарында студенттер кеңесі, клубтар желісі және т.б. ұйымдар дамитын болады.

Жастармен жұмыстың жеке блогы  «Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылатын болады.

«Орта білім беру жүйесіндегі  патриоттық тәрбиені ұйымдастыру» пәнінің оқу әдістемелік кешенін әзірлеу жоспарланады және бұдан әрі гуманитарлық және педагогикалық оқу пәндері тізіміне енгізілетін болады.

Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық  тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары дамиды. Танымдық фактор ретінде жастар экотуризмі дамитын болады.

Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қомқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ" жобасы іске асырылатын болады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» жалпыхалықтық жобасы әзірленіп, жүзеге асыру жоспарланады.

Мықты, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу ұйымдастырылатын болады, оның ішінде, жастар саясаты саласындағы оқиғаларды жариялап отыратын республикалық жастар газеті, аналитикалық журнал, телебағдарлама, толықметражды көркем және документалды фильмдер, телесериалдар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер шығарылады, «e-zhastar» интернет-порталы құрылады.

2017 жылы 28-Бүкіләлемдік Қысқы  универсиада сынды оқиғаларға көптеген жастардың қатыстыра отырып іс-шаралар өткізу жоспарланады.

 

2.3. «Жас азаматтардың  экономикалық, әлеуметтік, инновациялық  және шығармашылық даму» бағыты.

2015 жылы жастардың әлеуметтік-қорғалатын тобын қолдау, тұрмыстық жағдайын жақсарту, өз жұмысын құру мүмкіндігі мен еңбекпен қамтамасыз ету жүйесі дамитын болады.

Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары аясында жүзеге асырылатын болады.

Қоғамдық жұмыстар жүйесін  дамыту, жастар үшін әлеуметтік жұмыс  орындарын құру, «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және «Жастардың еңбек  биржасын», жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етудің жастар орталықтарын және жастардың еңбек нарығында бейімделу орталықтарын құру жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру жалғасатын болады.

Осы жобаларды жүзеге асыру  барысында ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялар мен бизнес-қауымдастық өкілдері белсенді түрде тартылатын болады.

Жастарды қоғамдық жұмысқа тарту жастар еңбек жасақтарын құру жолымен жүзеге асатын болады. Бұл жастар әлеуметтік жасағы, жастар құқық тәртібі жасағы, ауылды дамыту жасағы мен көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеп, қайта жаңғырту жасағы.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің түлектері үшін деректер базасы құрылатын болады, оның ішінде, сертификатталған, «enbek.gov.kz» сайтынан жұмыспен қамтуда нақты болжам жасалып, жоспарлауға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде, жастарға консультациялық және тренингтік қызмет көрсететін еңбек нарығына арналған жастарды бейімдеу орталығын құру жоспарланады.

«Жасыл ел» бағдарламасын  жүзеге асыруда жастар көптеп қатысатын  болады, экономиканың аграрлық, өнеркәсіптік, құрылыс секторын дамыту, сондай-ақ, жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылатын болады.

«Жас маман» түсінігі нормативті бекітіліп, олар үшін минималды әлеуметтік пакет болады.

Жастарға техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырудың нақты шаралары жүзеге асып, индустрализация бағдарламасына қатысу жүзеге асырылады. Осы үшін «Еңбекке жолдама» жобасын жіберу жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмысшы жастарды өзін-өзі дамыту, еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін жастар ұйымын құру және экономиканың түрлі кәсіпкерлік секторларында жастар саясатының «Еңбекқор» корпоративтік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Одан басқа, түрлі мамандықтар бойынша Жалпыхалықтық «Семсер» сыйлығын шығару ұсынылады.

Жас мамандарды медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және аграрлық мамандықтарға тарту үшін ауылдық жерлерде «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

Одан басқа, ауыл жастарына  қала жастарындай тең мүмкіндік жасау мақсатында «Ауылдың тірегі» жобасын жүзеге асыру ұсынылады.

Ауылдық жерде жастар өз кәсібін ашу үшін пайызсыз және кепілсіз қаржыландыруды бөлу тетіктері қарастырылады. Осы мақсатта «Бастауыш фермер» жобасы енгізілетін болады.

Жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу шаралары қарастырылатын болады. Жатақханалардың санын көбейту, бар жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ, жекешелендіріліп кеткен студенттік жатақханаларды қайтару.

Жас отбасылар үшін «Қолжетімді  баспана — 2020» (2012 жылдың 1 шілдесі) бағдарламасы, сондай-ақ, жас мамандар үшін (2013 жылдан бастап) «Қазақстандық  ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша  жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру тетіктері құрылды.

Жеке қаржыландыруды басқару  бойынша курстар мен семинарлар өткізу, оларды кейс-технологияны оқытуды  қолдану арқылы жоспарлау, оның ішінде, нарық қорының негізі тақырыбы бойынша, сақтандыру, ықтималды басқару жоспарланады. Осыған сәйкес, «Іске сәт» жас кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жобасын жүзеге асыру көзделеді.

Ғылымның мәртебесін көтеру үшін жастарды инновациялық жобаларды  дайындауға тарту үшін «Қарқын KZ!» жобаларын жүзеге асыру жоспарланады. Осы жоба аясында Инновациялық идеялар банкісі құрылатын болады.

Шығырмашыл жастарды қолдау мақсатында ұлттық конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер, оның ішінде жыл сайынғы халықаралық  байқаулар мен турнирлерде, ойындарда  қазақстандық құраманың қатысуын қамтамасыз ететін Дельфийлік ойындар өткізу жоспарланады.

Халықарлық тәжірибе негізінде ISIC халықаралық картасы үлгісінде идентификациялық картаны әзірлеп, енгізу болжамдалуда.

Жастарды толыққанды табиғи дамыту үшін жастарға арналған спорттық және демалыс инфрақұрылымдарының  желісін ауылды жерлерде кеңейтіліп, оған қол жетімділікті артады, сонымен қатар, 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары, жас аналар, отбасын жоспарлау мектептері дамиды.

Одан басқа, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

2.4. Мемлекеттік жастар  саясатын институционалды дамыту

Тұжырымдаманың сәтті жүзеге асуының шешуші факторларының бірі республикалық, сондай-ақ өңірлік-деңгейдегі жастар саясаты саласындағы өкілетті орган құрылымының тиімділігінің жоғарылығы.

Жергілікті атқарушы орган  жанындағы консультативтік-кеңесші  қызметі туралы үлгілік ереже  келісімі бойынша оның құзіретіне үлес беру жолымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңесінің мәртебесі айтарлықтай өсетін болады.

Жастардың мемлекеттік басқару органдарына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жастар саясаты саласының консультативті кеңесші органдарының қызмет ету үлгісін анықтайтын сәйкес нормативтік құқықтық базалары әзірленеді.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру  шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты  мәселелері бойынша заңнама жаңартылатын болады.

Жастар саясатын ведомствааралық  үйлестіруді, жастар саясатын талдау мен  мониторингтеуді күшейтетін бірқатар заңға қарасты нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.

Бірінші, жастар саясаты саласында жоспарлау жүйесін құру бойынша шаралар берілетін болады. Осы үшін жастар саясаты саласында талдау әдісінің бірлігі, мониторингі, және болжау енгізіліп, әзірленетін болады. Осы қызметті сүйемелдеу үшін «Жастар» сарапшылық-талдамалық құрылымы құрылатын болады.

Мемлекеттік жоспарлауға бірегей қатынас енгізу, жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру үшін осы салада мемлекеттік органдар қызметін тиімді бағалау әдісі дайындалады.

Сонымен қатар, өңірлерде  жастар саясатындағы қаржыландыру дифференциациясы-деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін  қаржыландыру әдісін әзірлеу жоспарлануда. Әрбір өңірлік-деңгейде жастар ұйымдарын қаржыландыру қарастырылады. Ол үшін жастар ұйымын қаржыландырудың жаңа үлгісі қарастырылатын болады.

Жұмыстың жеке блогы ретінде  жергілікті атқарушы органдармен облыстық және аудандық (қалалық) деңгейде жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық  орталықтар құрылады. Олардың жұмыстарын жүйелендіру үшін олардың қызмет көрсету тізімдері, стандарттары және ресурстары бекітіледі.

Жастар үшін әлеуметтік қызметті жүйелендіру шаралары бойынша заңнамалық шаралар енгізілетін болады. Олардың қызмет ету тетіктері, қаржыландыру, оларға қызмет көрсетудің тізімі мен стандарты қарастырылады.

Жастар саясаты басқармаларының  барлық кезеңдері мен жастар ұйымдарының  кәсібилігін дамытуда жастар ұйымдарының  қатысуы қамтамасыз етіледі.

Осыған сәйкес, орталық  және жергілікті атқарушы органдар мен  жастар саясатының көкейтесті мәселелерімен  айналысатын жастар ұйымдарының  қызметкерлері үшін біліктілігін арттыру  курстары әзірленіп, жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.

Одан басқа, өзара тиімділік  қағидатын негізделген мемлекеттік  жастар саясатын жүзеге асыруға бизнес-қауымдастықтарды тарту қарастырылады.

 

3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

 

3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

1) 2004 жылғы 7 шілдедегі  № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар  саясаты туралы» Заңы;

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;

3) Білім беруді дамытудың  2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4) Денсаулық сақтауды  дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасында  дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;

7) Бизнестің жол картасы  — 2020;

8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

9) «Қол жетімді баспана  — 2020» бағдарламасы;

10) Орталық және жергілікті  атқарушы органдардың стартегиялық  жоспарлары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ҚР Білім және ғылым министрлігі жастармен ашық жұмыс жасауға, соның ішінде заң жобасын бірлесіп әзірлеуге дайын. «Біз кез келген озық ойды кез келген алаңда талқылауға әзірміз. Ондай пікір алмасу алаңдары жуырда еліміздің барлық өңірлерінде ашылады деп ойлаймын», - деді министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚР Жастар саясаты туралы Заңы» биылғы жылдың басында ҚР Парламенті Мәжілісіне талқылауға жіберілген болатын. Алайда ол көп сынға ұшырады. Сол заң жобасын сынағандардың ішінде Сол кездегі мәжіліс депутаты Мұрат Әбенев те болды.

«Иә, «жастар саясаты туралы»  заң жобасының шешілмеген мәселелері көп болды. Неге десеңіз, жастар туралы заң сол жастарға өдерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыруға көмектесуі қажет. Ал өтпей қалған заң жобасында өкінішке орай, ойластырылмаған мәселелер өте көп болды, соның ішінде қаржылық мәселелер де оңтайлы шешілмеген еді», - деді М. Әбенов.

Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылды.Оның құрамына студенттік ұйымдардың белсенділері мен республиканың жетекші жастар ұйымдарының өкілдері кірді. Жалпы шараға мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының мыңнан астам студенттері қатысты.Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбеновтің айтуынша, кеңестің ең бірінші міндеті Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу мәселесін жан-жақты зерделеп, студент жастардың белсенділгін арттыру болмақ.   «Ең бірінші, бізге осы жобаларды іске асыра алатын адамдар қажет. Сондықтан біз негізінен білімді жастарға көбірек арқа сүйеп отырмыз. Жастар ұйымдарының көшбасшыларын жақсы білеміз. Тіпті мен министрдің орынбасары қызметіне келмей тұрып-ақ солардың көбімен қоян-қолтық араласып, бірге көп жұмыстар атқарғанбыз», - деді журналистерге берген сұхбатында М. Әбенов.  «Менің ойымша, мемлекет пен осы ұйымның алға қойған мақсаттары тоқайласады. Біз бір межеге әр тараптан жақындайтын боламыз. Сонда ғана көптеген мәселелер үкіметтің де, қоғамдық ұйымдардың да назарынан тыс қалмайтын болады», - деп түсіндірді вице-министр.

Информация о работе Жастар саясаты