Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 20:12, реферат
Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр. Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Ағымдағы жағдайға талдау
1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты
2.2 Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері
2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»
2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.
2.4. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту
3.3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі
Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Ағымдағы жағдайға талдау
1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты
2.2 Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері
2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-
2.3. «Жас азаматтардың
экономикалық, әлеуметтік, инновациялық
және шығармашылық даму»
2.4. Мемлекеттік жастар
саясатын институционалды
3.3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі
Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі
Қорытынды
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен, ағымдағы жағдайды талдау
Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі — Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.
Тұжырымдама Қазақстанды
дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының,
Қазақстан Республикасы дамытудың
2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының,
үдемелі индустриялық инновациялық
дамудың мемлекеттік
1.1. Ағымдағы жағдайға талдау
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мемлекеттік жастар саясаты базалық қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдылықтары 1999 жылғы 28 тамызда қабылданған № 73 Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына енгізілген.2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді.Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003–2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы» салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006–2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды.Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған барлық құжаттары өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз болды.Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы — 3,78 млн. адам, 2012 жылы — 4,7 млн. адам). Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім-деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі — арнайы орта (16,2%).Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда.Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайып, ТМД елдері мен Еуропаның дәл сондай көрсеткіштерінен төмендеген. 2001 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрады. Жастардың жоғары белсенділігі соңғы сайлау кампанияларында тіркелді.Соңғы 11 жыл ішінде жастар ұйымдарының саны 7 есеге артты (2000 жылы — 150 жастар ұйымдары, 2011 жылы — 1043), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен.Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық жастардың әлеуметтік көңіл күйлерін зерттеу бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың өзекті шақырулар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерге жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті.
Жастардың білім саласындағы проблемалары едәуір шешілген, тек 4,4% мүлде шешілмегендігін көрсеткен. Медициналық қызмет көрсету бойынша проблемалар 25,3% жастарда шешілсе, 6% сұрауға қатысқандар шешілмегендігін көрсетеді.Жұмысқа орналасу және тұрғын үй проблемасын шешуге, сондай-ақ әлеуметтік қызметке қатысты респонденттердің 20%-ы аталған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Бұл аталған проблемалардың өзекті болып қалатындығын, сонымен қатар осы проблемалар респонденттердің 15%-ында мүлде шешілмеген.Сонымен қатар, респонденттердің 20,6% мемлекет жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді деп белгілеген.Жалпы алғанда, сұрауға қатысқандардың 18,5% өзінің материалдық жағдайын төмен бағаласа, 18,4% — жауап беруге қиналған, тек 8,3%-ы материалдық жағдайын жоғары бағалаған.Адамдардың мәдени-деңгейінің құлдырауы (16%) тағы бір проблема болып табылады.Өзектілігі бойынша келесі проблемалардың қатарында: жастар ортасындағы есірткінің таралуы (15%), діни экстремизм мен терроризм қаупі (12%).Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы 4,52 млн. адамды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтын болады.Жастар санының қысқаруы еңбек ресурстары проблемаларының туындауына, экономиканың әртүрлі саласында білікті кадрлардың азаюына соқтырып, Қазақстанның сыртқы технологиялық тәуелділігі қаупін күшейтеді.
1.2. Мемлекеттік жастар
саясатының 2020 жылға дейінгі
Тұжырымдама мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:
1. Бағыт «Жастардың құндылық-
2. Бағыт «Жастардың экономикалық,
әлеуметтік, инновациялық және
3. Бағыт «Мемлекеттік
жастар саясатын
Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамытуға бағытталған заңнамалық және өзге-де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:
1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;
2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.
Бірінші кезеңде:
· «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;
· орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;
· жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;
· жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;
· жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;
· «Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;
· экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;
· «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге-де жастар бастамалары өз жалғасын табады;
· техникалық және кәсіби білім
беретін оқу орындарының
· азаматтық білімнің, азаматтық
белсенділікті көтермелеудің
· жастардың азаматтылық деңгейі артады;
· «Ертеңің үшін аянба!» еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;
· мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бизнес-қауымдастықыт тарту;
· жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы іске асырылады;
· жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын KZ» жобаларын іске асыру басталды;
· жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру басталады;
· жастар үшін спорттық және демалыс инфрақұрылымдар желісі және оған қол жетімділік кеңейеді;
· табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы іске асырылады;
· әрбір аудан-деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру енгізіледі;
· 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды;
· салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру басталатын болады;
· жас азаматтардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға қысқартылады;
· жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 10%-ға артады;
· «жас отбасы» категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).
Екінші кезеңде жастардың
жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен
қанағаттану-деңгейі артатын
· жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 20%-ға артады;
· жастардың барлық деңгейдегі
маслихаттардағы өкілеттілік-
· мемлекеттік қызметкер
жастардың мемлекеттік
· жастардың профилактикалық тексеруден (скринигтік зерттеулерден) өтуі-деңгейі артады;
· дене тәрбиесі және спортпен
айналысатын балалар мен
· жастарды жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оның ішінде жеңілдік несиелер арқылы арттыру шаралары жалғасын табады;
· білім беру органдарына қарасты мектеп оқушыларын кәсіби бағдарландыру жұмыстарын үйлестіретін қызметтер құрылады;
· жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы жалғасады;
· жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру жалғасады;
· табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы жалғасады;
· салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру жалғасатын болады;
· жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «ҚарқынKZ» жобаларын іске асыру жалғасады;
· өңірлік сараптау-талдамалық құрылымы құрылады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері орталық және жергілікті атқарушы органдармен ескерілуі қажет және олардың қызметтерін бағалаудың критерилері болмақ.
1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.
Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады.
АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін-де береді.
АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген.
Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу.
Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда, ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар, ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар.
Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген.
Швецияда соңғы жылдары
мемлекеттік органдардың
Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік-деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған.
2 Бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері
2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік-деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:
- жастар саясатын әзірлеудің
жинақтылығы мен жүзеге
- ел дамуының әлеуметтік-
- жастар саясаты саласындағы
жабдықтаушы мен қызметті
- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде мақсатты топқа нақты сегментация беру;
- жауапты орындаушының кәсіптілігі мен барлық деңгейдегі тең орындаушылардың ұйымдылығы.
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-
Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.
Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және, ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады.