Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 22:59, практическая работа
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек.
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Мемлекет үшін идеология — әлеуметтік-саяси бағдарламалар мен мақсаттарды іске асырудағы басқару жүйесі. Идеология мемлекеттік саясатқа негіз болады. Ал мемлекеттің саясатын, мақсаттарын қоғамға жеткізетін заңдар,жарлықтар, нұсқаулар. Бұл жүйедегі маңызды роль атқаратын бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.Сонымен, идеология мемлекеттілікті демеуші жүйе. Ол елдің саяси құрылысының қорғаушысы, одақтасы, буыны, (биологиялық тілмен айтар болсақ), идеология – мемлекеттің сырқаттан сақтануының баламасы. Идеология басқа да принциптер мен нормалар сияқты саяси-мемлекеттік құрылымды қолдау мен нығайту қызметін атқарады.Мемлекеттік идеологияның халық арасында толық қолдаушылық табуы, мемлекеттің өзінің заңды, легитимді (яғни, демократиялық) болуына байланысты. Егер мемлекетті қалыптастырушы шын мәнінде халықтың өзі болатын болса, халық мемлекеттік идеологияны өз мақсатындай қабылдайды.