Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 22:59, практическая работа
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек.
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Еуразия Ұлттық Университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Баяндама
Тақырыбы: Саяси идеология
Астана - 2013
Жоспары:
1. Идея және идеология
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация)
теориясы
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні
«Идеология» деген ұғым гректің ideia
және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея
– көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология
сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе
«мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея
– ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси
топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға
айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі,
тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның
идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық
жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан
қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана
идея идеология ретінде қабылданып іске
асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы
алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің
идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның
мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың
қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке,
теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол
үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып,
буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті
жойып, социализм орнатуы қажет деген
ойды білдірді.Кейін, К.Маркстің осы идеясын
идеологияға айналдыру үшін коммунистік
партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын
ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына
алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен
осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға
айналып, КСРО сол идеология бойынша 70
жылдай өмір сүрді.Идеяның идеологияға
айналуы туралы тағы бір мысал — реформизммен байланысты.
Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің
идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның
мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке,
бостандыққа жеткізу үшін реформалар
жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан
қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті
жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар
парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын
әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы
керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің
идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның
көптеген елдерінде социал-демократиялық
партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар
сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып,
ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп,
нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің
мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің
идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология
саяси ғылымда “демократиялық социализм”
деп аталады. Сонымен, идеология де
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымныңұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттыңортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихындаорта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық ословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады.
Осылайша адамдарды мәжбүрлеу
тәртібі қоғамдағы
Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі,либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды.Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі – нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау.Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс.ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі– либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол – консервативтік (консерватизм) идеология.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.
ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтіктеңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты — қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология – қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды.Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біразелдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осыконсерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлікездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлермаңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи зердесіз халық — қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін.
Немесе ол адам бұлжытпай тек
діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін
болса, ол діни фундаментализмге (діни
еріксіздікке) соқтырады.Сондықтан консерватизмнің
адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп
соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік
жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы
мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын
саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің:
“Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол
бостандыққа тағы да бір қадам жасау”
– деген қағидасының маңызы өте жоғары.Яғни,
қай салада болмасын, әртүрлілік қажет
екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында
еркін нарықтық қатынастар және демократияпринциптері
одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары
мен бостандықтарын мойындауға тура келді.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене
түсті. Бұның бәрі неоконсерватизмге күш
беріп өркениетті елдердегі орта таптың
идеологиясына айналды.Неоконсервативтіктер
консервативтіктермен салыстырғанда
дәстүр ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға
шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік
нәтижелі бағыт деп есептейді.Неоконсерватизм
идеологиясының негізгі мақсаты – саяси,
экономикалық, рухани реформаларға жол
ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер
ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға
көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер
қатысты.ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың
басында неоконсервативтік идеяларды
ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк,
Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж
болатын. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның
жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар
белгілі саясатшыЗбигнев Бжезински, АҚШ
президенті Рональд Рейган, Англияның
бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер,
Германияның бұрынғы канцлері Гельмут
Коль және т.б. Консерватизм мен неоконсерватизмнің
идеология ретіндегі маңызды нәтижесі
— Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы
консервативтік партия өкілдерінің мемлекеттік
билік басына келуі болатын. Келесі саяси
идеология – марксизм идеологиясы.Марксизм дегеніміз
қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды,
жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм
құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату
мақсатындағы идеология.Бұл идеологияға
негіз болған жоғарыда айтылған неміс
ойшылы, ғалымы К.Маркстың(1818-1883)ид
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация)
теориясы
Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы айқын. Себебі мемлекеттің саясаты, оның даму жолдары идеологияға негізделеді. Идеологияның қызметі – мемлекеттілікке демеуші, саяси құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес. Бірақ кеңес өкіметі кезінде, әсіресе 1980шы жылдардан бастап, “идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып халық арасында оны салқын қабылдау күшейді.Бұның себебі қазір түсінікті де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл халыққа күштеп міндеттеген қоғам емес, тіпті мемлекет те емес, ол демократияға негізделмеген биліктегі адамдардың шағын ғана тобы – коммунистік партия болатын. Бұл марксистік-лениндік деп аталған идеология қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана бір идеологияны мойындауға мәжбүр болды. Қоғамда идеологиялық шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының «біз идеологияға тойдық ғой” деп айтулары әбден түсінікті болатын.Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам құру қажет деген түсінік қалыптасты.Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы мына анықтамадан білінеді:
Деидеологизация (