Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 16:46, реферат

Краткое описание

Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо).docx

— 143.00 Кб (Скачать документ)
  1. заң шығарушы,
  2. атқарушы
  3. сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескьефилософия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. 

Монтескьенің  саяси-кұқықтық теориясының басты  тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оны шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын заңдар қарастырылады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндгі заң шығару принциптері мен бұл зандардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың тендігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуіне тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мсмлекеттер үшін деспоттык, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялык түрі тиімді деп есептейді.

Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетсді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандьіқты камтамасыз ететін заңдар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын камтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асумүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азаматбостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекттік құрылыстың бостандығы бар кұрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

Монтескье сонымен бірге саяси бостаңдық ойына келгеннің бөрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заңмен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьеніңзаңдар туралы іліміннің құрамды бөлігі оның заңдарының әртүрлі разрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдашйшылық құқықтармен (діни құқық) шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

 

Жан Жак Руссо

Жан Жак Руссо (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады. Өзінің "қоғамдық келісімінде" ол саяси шешімдерді қабылдау процесіне эр жеке адамның қатысуына ерекше назар аударады. Оның тұжырымдамасы жеке адамдарға қатысудың психологиялық әсер етуіне (яғни, әлеуметтік мінез- құлықтың психологиялық құрылымы мен сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымы арасындағы өзара байланы- сына) деген қызығушылықты білдіреді. Руссо байқаған идеалды партиципаторлық жүйе белгілі бір шарттарды орындаған кезде ғана мүмкін болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық тепе- теңдіктің белгілі деңгейін орнату басты шарт болып табылады. Мұндағы сөз болып отырған абсолюттік тепе-теңдік емес, экономикалық тәуелсіздік пен әр жеке адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген қоғамның мүліктік біртектілігі. Екіншіден, осы реттегі тәуелсіздік барысында азаматтардың бір-біріне деген жалпы әлеуметтік тәуелділік жағдайы болу қажет. Әр адамның жеке басы белгілі бір маңызды қоғамдық мәселені шешуге бейімсіз болып, ол үшін оның басқа жеке адамдармен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болуы керек. Жеке тұлға тұтастай ағза ретіндегі қауымдастықтың іс-әрекеттеріне тәуелді екендігін сезінуі қажет. Осы екі шарт қатысу жағдаятын толыққанды әділ әрі тең құқықты етеді. Тәуелсіз сайлаушылар пайда мен міндеттемелер ауыртпалығы тең бәлінген саясатты қалыптастырады. Ӏстің мүндай мәнісі саяси тепе-теңдіктің негіздемесі болады, өйткені ол бұл қауымдастық мүшелерінің барлық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мүнда қоғамдық мүдденің алға басуына ықпал етеді. Руссоның айтуы бойынша, қатысу жағдаяты үшін өздерінің жеке еріктерін бірегей қоғамдық мүддеге қайшы орнататын азаматтардың түрлі ұйымдасқан топтарының болмағаны қолайлы. Сайлаушылардың ұйымдасқан топтарының пайда болуынан құтыла алмаған жағдайда олардың санының айтарлықтай көлемді, ал саяси ықпалдың барынша бірыңғай болғаны дұрыс. Ондай кезде жеке қатысуға тән партиципаторлы жағдаяттың қайталануы мүмкін. Руссоның пайымдауынша, қатысудың тұтастай құрылымының анықтамасы оның демократия теориясының негізгі мотивін жасап шығарудың, нақтырақ айтқанда, жеке тұлғалардың әлеуметтік-саяси мінез-құлықтарының сипаты мен мазмұнына деген демократиялық қатысудың ықпалы жайындағы мәселенің алғышарты ғана болып табылады. Руссо теориясының шеңберінде қатысудың өзіне тән әлеуметтік-саяси педагогикалық сипаты бар. Ол азаматтардың шын мәнісінде жауапты әлеуметтік-саяси әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған. Қатысу әр жеке тұлғаның бірегей қоғамдық мүддеге қатыстылық сезімін, өзінің жеке өмірінің тар шеңберінен шығып, басқа да жеке тұлғалардың қоғамдық ағзаға қатыстылық сезімдерімен ортақтану икемділігін, оған тәуелділік сезімдерін тәрбиелеу қажет. Қатысу жағдаятында жеке тұлға жеке және қоғамдық мүдделердің біріккендігін түсінуді үйренеді. Педагогиканың мұндай әлеуметтік-саяси процесі әлеуметтік даулардың әлеуетін төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені азаматтар өздерінің жеке ниеттері мен қауымдастықтың талаптарын қатаң түрде ажырата білуді үйренеді. Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған.

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлык адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни денсаулық кабілеттеріненғана.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойлы, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды".

Қоғам мен мемлекет дамуында адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құруконцепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігінеайналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Жалпы ерік бойынша  бағытталған бұл билікті Руссо егемендік деп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді.

Атқарушы билікті  кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін карастырады. Оның. барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық баскару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық, басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқылы. 

 

 


Информация о работе Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)