Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 16:46, реферат

Краткое описание

Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо).docx

— 143.00 Кб (Скачать документ)

Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси  идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль  Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)

Томас Гоббс

                                      

Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады. 

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік  билік, оның түрлері".

"Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен ΜЗІНДІК Қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) µздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және МӘҢГІ) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Гоббс ерікті келісім  арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

 

Томас Гоббс Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады.

Гоббстың пікірінше, объективтік  шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық  құбылыстар болмайды.

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер  арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар  қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің  геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық  амалдардың жиынтығы.

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық  адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде  адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген  қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан  әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.

Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір көзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзін-өзі қорғау қасиеттері де берілген.

Ең маңызды  жаратылыс заңы:

  1. бейбітшілікке ұмтылу;
  2. бейбітшілік мүддесі мен өзін-өзі қорғау, қажет әйтпесе, әркім өзінің құқығынан қажетті тұрғыдан бас тартуы қажет;
  3. адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

Жалпы Гоббс Томас 16 заң  ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

Құқық пен заң мәселелерін  бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

Мемлекет адамдардың "барлығына  қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі  тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік,суверен билігін жақтады.

 

Джон Локк

 

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

"Мемлекеттік басқару  туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк µзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке иеболу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдарешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке µтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан  туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

Мемлекеттің пайда  болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

Джон Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1.  адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2.  адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3.  ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе — түйсік.

Психиканың қалай қалыптасқанын  түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз.Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі — күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.

Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін  істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің  тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің  негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.

1688 ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локк ("Мемлекеттік басқару туралы екі трактат"). Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды. Мемлекет - өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік.

Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне  байланысты биліктің бір қолда шоғырлану  қаупінің алдын алудың бірден-бір  жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.

 

Шарль Луи Монтескье


 

Шарль Луи Монтескье (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

Информация о работе Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)