Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 05:28, реферат
Белгілі итальян ойшылы Николло Макиавеллидің пайымдауынша, ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, отансүйгіштік пен елжандылықтан айырылып, жалтақ, көнгіш, тілалғыш, жағымпаз бола бастайды екен. Маңдайына желден басқа ештеңе тиіп көрмеген асау да арда һәм мәрт мінезді текті ұлттың табиғи мінезі тереңнен ойластырылып жүргізілген жымысқы саясат нәтижесінде біртіндеп сөгіліп, ұлт болмысына жат жасқаншақтық, жағымпаздық, жарамсақтық сияқты жағымсыз қасиеттердің сыналай енуі - ұлттық рухтың сетінеуіне жол ашады.
1. Демократия түсінігі
2. Демократизация толқындары және негізгі бағыттары
3. Ә.Кекілбаевтың демократиялық идеясы
Ойшыл жазушы тәуелсіздігіміздің
алғашқы жылдарында бір жаңалық болса,
енді болатын шығар деп елеуреп, тарихи
шешуші оқиғалардың қан майданында аянбай
шайқасты. Үлкен басқосуда күйіп-жанып
сөйледі, қайта құру кезеңінде, кешегі
Кеңестер одағының тарихи бәсекелі нарық
жағдайына икемсіз боп, өз-өзінен ыдырап
кетуінің себеп-салдарын ашты. Қым-қуыт
өзгерістерге сырттай бақылаушы болып
қалмай, пікір додасына түсіп, талқылы
мәселеге күйіп-жанып кірісіп жүрді. Тәуелсіздіктің
қаз тұрып, бойын тіктеп кетуіне ұрынып
жүріп атсалысты.
Әбіш Кекілбаев: «Демократия процедура
емес, процесс». Ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар
межесінде жаңа жолға шығып, тәуелсіздік
көшін бастаған халқының заман, қоғам
жөніндегі ұғымының әу бастан дұрыс қалыптасуын
қамдаған қаламгер бұл жолда өзінің ең
асылынан – көркем шығармашылығынан бас
тарта тұрудан да тайынбады. Әбіш Кекілбаев
– біздің бүгінгі мына әлемге үшінші мыңжылдықтың
басындағы қазақ осындай деп алға тарта
алатын аз адамымыздың бірі. Қаламгердің
қазіргі қазақ қоғамындағы алар орнын
оның жазушылығымен де, тарихшылығымен
де, ойшылдығымен де, саясаткерлігімен
де, қайраткерлігімен де толық жеткізіп
айта алмаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Демократия толқындары. Ә.Кекілбаев. Демократия көктен түспейді