Демократия толқындары. Ә.Кекілбаев. Демократия көктен түспейді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 05:28, реферат

Краткое описание

Белгілі итальян ойшылы Николло Макиавеллидің пайымдауынша, ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, отансүйгіштік пен елжандылықтан айырылып, жалтақ, көнгіш, тілалғыш, жағымпаз бола бастайды екен. Маңдайына желден басқа ештеңе тиіп көрмеген асау да арда һәм мәрт мінезді текті ұлттың табиғи мінезі тереңнен ойластырылып жүргізілген жымысқы саясат нәтижесінде біртіндеп сөгіліп, ұлт болмысына жат жасқаншақтық, жағымпаздық, жарамсақтық сияқты жағымсыз қасиеттердің сыналай енуі - ұлттық рухтың сетінеуіне жол ашады.

Содержание

1. Демократия түсінігі
2. Демократизация толқындары және негізгі бағыттары
3. Ә.Кекілбаевтың демократиялық идеясы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Demokratia_tolkyndary.docx

— 40.82 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

  1. Демократия түсінігі
  2. Демократизация толқындары және негізгі бағыттары
  3. Ә.Кекілбаевтың демократиялық идеясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Демократия толқындары. Ә.Кекілбаев. Демократия көктен түспейді

 

Белгілі итальян ойшылы Николло  Макиавеллидің пайымдауынша, ұзақ уақыт  құлдықта болған халық еліне деген  құштарлықтан, отансүйгіштік пен  елжандылықтан айырылып, жалтақ, көнгіш, тілалғыш, жағымпаз бола бастайды екен. Маңдайына желден басқа ештеңе тиіп көрмеген асау да арда һәм мәрт мінезді  текті ұлттың табиғи мінезі тереңнен ойластырылып жүргізілген жымысқы  саясат нәтижесінде біртіндеп сөгіліп, ұлт болмысына жат жасқаншақтық, жағымпаздық, жарамсақтық сияқты жағымсыз қасиеттердің сыналай енуі - ұлттық рухтың сетінеуіне жол ашады. Солай  уақыт өте келе халық рухани жағынан  жойыла бастайды. Ал халық жақсы өмір сүру үшін өз билігін өзіне жүргізу керек. Соның ішінде мемлекеттің құрылымы маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер демократиялық құрылымды қолдайды. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: «Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы».

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

  • Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
  • Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
  • Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  • Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Тұңғыш демократиялық  мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар  бес жүз адамнан тұратын кеңес  жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның  өрескел жақтары да болды. Азаматтық  құқық барлық адамда болған жоқ, себебі, қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

  1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
  2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
  3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
  4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

Демократизация  - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер. 1990-шы жылдардың басында саяси ғылымда "демократизация толқындары" деген жаңа ұғым енді. Ол еларалық кеңістікті - демократиялық процесс уақытын көрсетеді. Демократиялық процесс толқындары теориясын жасауда және оны талдауда С. Хантингтонның қосқан үлесі зор. 1991 жылы жарияланған "XX ғасырдың соңындағы демократизацияның үшінші толқыны" атты монографиясында ол қазіргі әлемде жүріп жатқан өзгерістерді толықтай көрсетіп, тоталитаризм мен авторитаризмнен демократияға өту жолдары мен алғышарттарын талдады. Бүл еңбекте Хантингтон "демократизация толқындарына" келесідей анықтама береді: "демократизация толқыны дегеніміз - демократиялық емес тәртіптегі елдердің демократиялыққа өту кезеңдері".

Демократизацияның негізгі  бағыттары:

  • адамдарды қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға тарту;
  • жеке тұлғалардың, биліктің өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары мүшелерінін ұсыныстар жасауына мүмкіншілік туғызу, қоғамның өзін-өзі басқаруын дамыту;
  • әрбір ұлт пен халықтың еркін дамуы, олардың тең құқылы ынтымақтастығын нығайту;
  • заңдылық пен құқықтық тәртіпті тұрақты бекітіп отыру;
  • жариялылықтың кеңеюі;
  • мемлекеттік және қоғамдық істерді шешудегі қоғамдық пікірді ескеріп отыру: сайлау жүйесін жетілдіру.[1]

Көптеген елдерде антидемократиялық күштердің үдеп, демократияның жеңіліп, авторитарлық және тоталитарлық тәртіптердің орнағандығы тарихтан белгілі. Тарихтағы бүл кезеңдерді С. Хантингтон "кері қайтқан толқындар" (немесе "демократизация жолынан тайган толқындар - "reverse wave") деп атайды. Демократия тәртібінің орнауы және оның уақытша жеңіліс тапқан кездерін еске ала отырып, тарихи материалдарды талдай келе, С. Хантингтон демократизацияның келесідей толқындарын анықтайды:

  • демократизацияның алғашқы ұзақ толқыны 1828-1926 жж.;
  • алғашқы кері кету толқыны 1922- 1942 жж.;
  • демократизацияның екінші қысқа толқыны - 1943-1962 жж.;
  • екінші кері кету толқыны 1958- 1975 жж.;
  • демократизацияның үшінші толқыны - 1974 жылдан – бүгінгі

күнге дейін.

70-ші жылдардың аяғында  басталып, 80-ші жылдар бойы жалғасқан  Оңтүстік Еуропадан басталған демократизацияның толқыны Латын Америкасы мен Азияға ауысты. 80-ші жылдардың соңында шынай социализм мен демократиялық қоғамдық-саяси құрылыс дағдарысымен байланысты қазіргі демократизацияның толқыны жаңа кезеңге өтті.

С. Хантингтон әлемдік демократиялық процестің жаһандануы себептерін мынадай факторлармен түсіндіреді:

  1. авторитарлық және тоталитарлық жүйелер легитимділігі дағдарысы;
  2. 60-шы жылдардағы әлемдік экономиканың өсуі және сауаттылықтың артуы;
  3. қалалық орта таптың артуы;
  4. 60-шы жылдардағы католик шіркеуінің доктринасындағы елеулі өзгерістер;
  5. алдыңғы қатарлы әлемдік саяси күштердің ауысуы (АҚШ, КСРО, Еуропалық қауымдастық);
  6. халықаралық байланыстың жаңа құралдармен толығуының тиімді көрсетілуі.

Қазіргі демократиялық толқынды шартты түрде екі мерзімдік кезеңге бөлуге болады:

  • 1974 жылы - 1980-ші жылдардың соңында, Оңтүстік Еуропадан басталып, латын американдық, азиялық, Африка аймағының бір бөлігін қамтыған авторитарлық саяси жүйелерді либерализациялау және демократиялық басқаруға өту процесі.
  • 1980 жылыдың соңы - 2000-шы жылдардың басы, "қырғи-қабақ соғыстың" аяқталуы және Орталық және Шығыс Еуропада социалистік тәртіптердің құлауы нәтижесінде демократиялық өтпелі кезең постсоциалистік және үшінші элем елдерін қамтуы. Дәл осы кезде саясаттануда "демократизациялаудыц ғаламдық толқыны" (С. Хантингтон) және "демократияның ғаламдық қайта түлеуі" (Г. О'Доннел, Ф. Шмиттер және т.б.) ұғымдары пайда болды.

Қазақ жерінде де демократиялық  идеяны түсіндіріп, халыққа насихаттаған философ, ойшылдар жетерлік. Саяси қайраткер Әбіш Кекілбаев демократияны тәуелсіздік алған тұста көптеген мақалалар мен шығармалар жазды. Ол қоғамдық жүйенің ауысуы кезінде бұрынғы үйреншікті жолдан адасып, жаңаны түсінуге жете алмаған жерлестеріне тәуелсіздіктің сөзін айтты. Қоғамдық өзгерістердің заманында болатын психологияны терең талдап, бұған қатысты тарих сабағы жайында ойлы сөз қозғады. "Жас төлге қараөкпе қандай қатерлі болса, жас тәуелсіздік пен балаң демократияға диктатураның да тап сондай қатерлі екені рас. Тәуелсіздік алған көп мемлекеттің бірден өркендеп кете алмауына жол-жөнекей диктатураға ұрынуының қырсығы тиіп жатқандығы да көзге көрініп тұрған ақиқат. Ендеше, мұндай әңгімеге апшымаған дұрыс. Ондай дерттің алдын алудың жай-жапсарын жете топшылаған дұрыс... Сондықтан тәуелсіздік пен демократия тағдырына тарих алдында елдегі саяси элитаның алғашқы буыны айрықша жауапты. Егер олар шетінен баққұмарлық пен таққұмарлықтың дертіне шалдықса, демократия мен тәуелсіздікті қараң су алды дей беріңіз. Егер олардың арасында адам қамын ойлайтын гуманистер мен қоғам қамын ойлайтын патриоттар басым түссе, тәуелсіздік пен демократияның да бағы жанатыны даусыз", - деп жазды ол бір мақаласында. Кеңестік, партиялық басқару мектебінен өткен, Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті қасында ұзақ жылдар сенісіп қызмет істеген, Парламент спикері міндетін де атқарған, бүгінгі сенатор Әбіш Кекілбаевтың демократтығы мен тәуелсіздікті баянды ету жолындағы табанды күресі осылай басталып қалыптасқан. Оның уақыттың ең бір қиын тұстарында елмен бетпе-бет келуден, халық мүддесі үшін күресуден жасқанбайтын мінезін Желтоқсан, Жаңа өзен оқиғалары көрсетті. Осының бәріне оның ең алдымен, үлкен суреткер, заманының заңғар жазушысы ретінде өзі өмір сүрген күрделі дәуірдің шындығын терең түсініп, болашағын болжай алуы себеп. Жазушыны да, қайраткерді де, жалпы адамды да заманы тудырып, дәуірі тәрбиелейді, өсіреді.

Әбіш  Кекілбаев – философ, ойшыл, шешен, терең жазушы, үлкен саясаткер, көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері. Социализм дейсіз бе, қайта құру дейсіз бе, демократия дейсіз бе, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің ақ таңы дейсіз бе!.. Бәріне де қаламгер халыққа қаратып өз шындығын айтып келеді. Кешегі күні өткен таптық күрес бүгін топтық жікшілдікке, кешегі бетке айтар сөз – бүгін сыртыңнан ши жүгіртуге, кешегі баққұмарлық, таққұмарлық бүгін кеп мансапқорлыққа айналмаса деп шырылдайды. Бұл жұрт ақезу тартыс пен қызылшеке кикілжіңді қап-қабымен арқалап жүріп, өз қандасын сыртқа теуіп, жатқа жорғалап қызмет жасап, аталы сөзге тоқтамай, айқайшыға еліріп жүріп, ешкімге жаттығы жоқ, ештеңеге кенделігі жоқ ел қатарына қашан ілігеміз деп жазушы уайым жейді.

Әбіш Кекілбаев – елінің үлкен қайраткері. Қазақстан Парламентінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент кеңесшісі, сенатор. 1997 жылы – Ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, 1998 жылы – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 жылы – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының жылы. Елбасының арнайы Жарлығымен әр жылды атап өту жөнінде Мемлекеттік комиссия құрылып, комиссияны Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев басқарды. Реформаның ең қиын кезеңі осы тұс еді. Жұрт кешегі “бәрі – біреу үшін” деген масылдық пиғылдан арыла алмай, нарық жағдайына бел шешіп бейімделіп кетпей, жалтақтаулы кеп кешті. Кешегі тарихқа қараса, қуғын-сүргіннен көз ашпапты. Сондай сұрықсыз заманға тағы да тап болмаймыз ба деген тұста да: “Бұл бақ түгендейтін, тақ түгендейтін уақыт емес, беліңді бекем буып, қауымның жоталы шаруасына жан пида ететін заман”, – деп үрейді сейілтіп, жұрттың көңілін сергіткен де Әбіш Кекілбаев болатын.

Жаңа мыңжылдыққа көшіп  жатқан тәуелсіз елдің адамдары ызы-қуыт қоғамдағы өз орнын дұрыс тауып, өз аяғын жөн алып жүру үшін ең әуелі  сананы тәуелсіз етіп алуы керек еді. “Аштан өлмеспіз, көштен қалмаспыз, әйтсе  де әуелі өзіміздің кім екенімізді түсініп алайық”, деп тоқсан сегізінші  жылдың басында елге тоқтау айтқан еді.

“Демократия – бас-басына би болу емес”, – деді. “Тоқта, ағайын! “Ел боламын” деу жақсы ырым, ол көптің тілегі. Ал “Ел бола қойсын” дейтіндер әлі көбейген жоқ. Бола қалғандар боп, болмай жатқандар боп ырғаспайық. Жоғарыдағы боп, төменгі боп жұдырық түйіспейік. Ұлан-ғайыр жер бергенмен басы өспей келе жатқан жұртымызды ырзық-берекеге ұйытып, есе түгендейік, еңсе тіктейік. Әке отырып, бала сөйлемей, іні отырып, аға жүгірмей басы бүтінделіп келе жатқан халқымыздың ұлы үрдісін жоғалтып алмайық. Әр қиядан бас құраған қырық ру Қазақстан халқы жік қуаламай, ала қойды бөле қырықпай, әңгімені азайтып, белін бүгіп, терін сыпырып бейнет етсін” деп, ағынан жарылғаны жұрттың жадында болар. Бұл нағыз бидің сөзі еді. Осы сөзден кейін Әйтекелер өлді деп кім айтады.

Информация о работе Демократия толқындары. Ә.Кекілбаев. Демократия көктен түспейді