Қазақстан Республикасының Конституциясының нысаны және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 18:31, реферат

Краткое описание

1. Конституцияның ұғымы мен даму тарихы
2. ҚР конституциялық құрылысы және оның негіздері
3. Түйін

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР конституциялық құқығы .docx

— 40.96 Кб (Скачать документ)

«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарына тапсырмалар

 

СӨЖ №1

 

Тапсырма №1. Әссе тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясының нысаны және құрылымы.

 

Жоспар:

1. Конституцияның ұғымы  мен даму тарихы

2. ҚР конституциялық құрылысы және оның негіздері

3. Түйін

    Пайданылған әдебиеттердің тізімі

 

1. Конституцияның  ұғымы мен даму тарихы

Конституция (constitio латын тілінен - белгілеу, орналастыру)- мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеуметтіл қүрылыстың негіздерін басқару мен мемлекеттік қүрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың күзыреті мен өзара қарым-қатнастарын мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы . 1936 жылғы КСРО Конституциясының іс жүзіне енгізілгеннен кейінгі қабылданған 1937 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы сай келді. Одақтың Негізгі заңы тәрізді Қазақ АКСР- ін одақтас Республикаға айналдыру күн тәртібіне жаңа мәртебе алған Қазақ КСР- інің Конституциясын үабылдауды шығарды. Осыған орай Қазақ АКСР- і ОАК Президумы 1936 жылғы 9 шілдеде «Қазақ Республикасының жаңа Конституциясы туралы» қаулысымен Конституциялық комиссия қүрды. Атталған комиссия Қазақ КСР-і Конституциясының жобасын КСРО Конституциясын негізге ала отырып даярлап, бүкілхалықтық талқылауға жіберді. Бір жарым ай өткен соң Алматы қаласында 1937 жылы 21-26 наурызда Бүкілқазақ Кеңестерінің X төтенше съезі өтіп, ол Кеңестердің 1937 жылғы 26 наурыздағы X Бүкілқазақ съезінің қаулысымен бекітілді. Еліміздің жаңа Конституциясы (Негізгі заңы) 1937 жылы 26-наурызда заң күшіне ене отырып 11-тарауғажинақталған, 124-баптан түрды, оларға жататындар былайша аталған I тарау « Қоғам қүрылысы»; II тарау «Мемлекет қүрылысы»; III тарау «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік өкіметтінің жоғарғы органдары »; IV тарау «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік басқару органдары»; V тарау «Мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары »; VI тарау « Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының бюджеті» VII тарау « Сот және прокуратура »; VIII тарау «Азаттардың негізгі қүқықтары мен міндеттері»; IX тарау «Сайлау жүйесі»; X тарау «Герб, жалау, Астана»; XI тарау «Конституцияны өзгерту тәртібі»; 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясының көптеген демократиялық қондырғылары шынайы іске асырылмады. Сол кездегі социализм қүру процесіндегі тап күресінің шиеленісуі жөніндегі тезис елдегі жаппай қуғын сүргінді, күдікті идеологиялық жағынан ақтауды негіздеді, заңсыздықты, қызмет бабын пайдалануды, озбырлықты ақтады, зандық нысандар мен кепілдіктерден бас тартты, соттан тыс және өзге де күштеу акцияларын кеңейтілуіне ықпал жасады. Мемлекеттік қүқықтық қүрылымның демократиялық деңгейде дамымауы, демократиялық дәстүрдің әлсіздігі, қалың бүқараның саяси және қүқықтық санасының, мәдениет деңгейінің жоғары еместігі, әкімшілік командалық жүйенің әкімшілігінің басшылары саяси билікті жеке дара иемденуі, қоғам тарапынан оған бақылаудың жоқтығы салдарынан елде қуғын сүргін режимі қалыптасып, күшейді, бүл жағдайлардың өзі өз халқына теңдесі жоқ геноцид іске асырылды. Біраз уақыт өте келе мемлекеттің әкономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани өмірінде өзгерістер болып, жаңа Конституцияның пайда болуна әкеліп соқты. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдады. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының құрылымы , жалпы алғанда қисынды баяндалған . Кіріспеден, 10 бөлімнен : I бөлім «Қазақ КСР - інің қоғамдық қүрылысымен саясатының негіздері»; II бөлім « Мемлекет және жеке адам»; III бөлім « Қазақ КСР- нің үлттық - мемлекеттік және әкімшілік- аумуқтық құрылымы »; IV бөлім «Қазақ КСР- і халық депутаттарының кеңестері және оларды сайлау тәртібі»; V бөлім «Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жогаргы органдары »; VI бөлім «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкімет пен басқарудың жергілікті органдары»; VII бөлім «Қазақ КСР-інің әкономикалық және әлеуметтік даміының мемлекеттік жоспары . Қазпқ КСР- інің мемлекеттік бюджеті»; VIII бөлім «Сот әділдігі, арбитраж және прокурорлық қадагалау»; IX бөлім «Қазақ КСР- інің гербі, жалауы , гимні және Астанасы»; X бөлім «Қазақ КСР- інің Конституциясының қолданылуы және оны өзгерту тәртібі »; 19 тараудан , 173 баптан түрады ( салыстырып қарасақ , бүрынгы 1937 жылгы еліміздің Конституциясында 11 тарау , 126 бап , кіріспесіз әрі бөлімсіз болган еді). Жоғарыда қарастырылған Қазақ Кеңестік Конституцияларының заңдық әлеуеті дегенменде ол кезде толық ашылуы мүмкін емес еді. Өйткені, Конституциялардың саяси және идеологиялық мәндік жағы басымырақ болып, алдыңғы қоғамдық реттелуіне жол берілмегендігі айтпасақта түсінікті Сөз жоқ кейбір мәселелердің сырлары, айталық, жеке инстититтардың реттелу әдістері, түжырымдардың айқындығы мен толықтығы, жеке органдардың қызметін қамтамасыз етудегі кепілдіктер жүйесі, құқықты белгілеу мен орындау аясы аталған Конституциялардың мітіндерінде жетерліктей ашылмаған. Дегенменде, кеңес заманында пайда болып пәрменділікпен іске асырылған азаматтардың қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысуының әр түрлі нысандары мен тәсілдері (мысалы, жолдастық соттар, халық жасақтары т.б.) қазіргі кездегі талпыныстарымызбен үндесуі сабақтастықтың бір қыры деп қарауымызға әбден болады 1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар қүбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД қүрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік қүжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды. 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесінің 9-сессиясының 12- отырысында дүниеге жаңа Конституция келді. Оның басты желісі жалпы адамгершілік қағидаттарды дамыту негізінде Қазақстан Республикасының демократиялық, зиялы және біртүтас мемлекет ретінде дүние жүзіне мәлімдеу. Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғары заңдық күші бар және оның тұжырымдары тікелей қолданылады, делінген. Сонымен қатар мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлтаралық қарым қатынас тілі, деп бекітілген жаңа Ата заңда.

Конституцияның құрылымына тоқтар болсақ; (9 тармақтан түратын конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңның мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімнен және 21 тараудан, 126 баптан қүралған болатын. Бұл Конституция шынына келгенде жалпы құқықтарын белгілемей, тек қана азаматтардың социалистік құқықтарын қайта жариялады. Олардың заңды нысандары 1995 жылға дейін еркін нарықтық қатынастардың тежеуіші болды. Бұған мысал ретінде сол Конституцияның 19-бабында нарықтық қатынастармен келіспейтін, азаматтардың еңбекке құқығын декларативті түрде жариялануын келтіруге болады. Сондықтан екі жыл өте салысымен Конституция жөніндегі ойлардың күресі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының уақытша әрекет етуін анықтап, жаңа бір Конституция қабылдау қажеттілігін аңғартқандай болды. 1995 жылғы 30 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді.

Референдум барысын 19 қоғамдық бірлестіктердің мыңға жуық өкілдері бақылады. Шетелдік бақылаушылар ретінде Венгрияның, Египеттің, Канаданның, Польшаның, Румынияның, Тәжікстанның және Украинаның өкілдері қатысты. Референдумға сайлаушылардың 90,51%-ы қатысты. Олардың 89,14%-ы Жаңа Конституцияның қабылдануын жақтап дауыс берді. Жоғарыда сөз етілгендей Қазақстан Республикасының қазіргі Ата заңы 1995 ж . 30 тамызда Республикалық референдум өткізу, яғни бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктіктің қайнар көзі-өзінің егемендік қүқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бүл дегеніміз Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормотивтік қүқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді. Кейінгі екі Конституияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол - бұлар түңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп , одан әрі орнықтырды . Бүл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы ( 1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кіріспеден , 9 бөлімнен , 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан түрады : Кіріспе; I бөлім «Жалпы ережелер»; II бөлім «Адам және азамат»; III бөлім «Президент»; IV бөлім «Парламент»; V бөлім «Үкімет»; VI бөлім «Конституциялық Кеңес»; VII бөлім «Соттар және сот төрелігі»; VIII бөлім «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару»; IX бөлім «Қорытынды және өтпелі ережелер» Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан жақты еркіндігі, идеологиялық және саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асыратын демократиялық, әкономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары түракты. жалпы мәнде үзак жылдарға бейімделіп тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының негізі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Еліміздің жүріп өткен қиын өткелдерін сараптайтын Ата заңдарымыздың сабақтастығын сын қырағылық көзбен астарлап, оның оң, теріс жақтарына баса назар аудару; адам қүқығын, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау қоғам алдындағы түрған күрделі міндеттеріне және өзгеде мәселелер төңірегіне ерекше көңіл бөлу дер едім.

 

2. ҚР конституциялық құрылысы және оның негіздері

Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін.

Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституциялық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің және қоғамның ұйымдастырылуының белгілі бір нысаны немесе амалы.

Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.

Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған.

Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдастырылуының әлементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның әкономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

1. Қазақстан Респбликасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары әшолоны халықпен  сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

- халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.);

- идеологиялық және саяси  алуандылық;

- жергілікті өзін-өзі басқару;

- өкілді биліктің болуы.

2. Қазақстан Реаспубликасы  – құқықтық мемлекет. Құқықтық  мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлесіктер мен азаматтардың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтық үстемдік етуінде. Белгілері:

- заңның (құқықтың) жоғарылығы;

- соттың тәуелсіздігі;

- жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

- адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарының  мемлекет мүдделерінен басымдығы;

- биліктің бөлінуі;

- мемлекет пен жеке  тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік  мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

- жұмыссыздықтан қорғау;

- отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;

- әлеуметтік қызмет түрлерін  дамыту (тегін білім беру, тегін  дәрігерлік көмек т.б.);

- адамдардың денсаулығын  және еңбегін қорғау;

- еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;

- көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету және т.б.

4. Қазақстан Республикасы  – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет  – бұл діннің мемлекеттен бөлінуі. Белгілері:

- дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

- мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

- барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

- ешбір дін міндетті дін ретінде бекітілмейді;

- діни сипаттағы партияларды  және өзге де саяси құрылымдарды  құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

- міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам  десе, балаларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

- дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

- діни бiрлестiктер заң  талаптарын және хұқық тәртiбiн  сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.

5. Қазақстан Республикасы  – егемен мемлекет. Мемлекеттік  егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:

- мемлекет Конституциясын  және өзге заңдарын дербес  қабылдауға құқылы;

- мемлекеттік биліктің  жоғары органдарын дербес құрады;- бюджетті әзірлеу және бекіту  құқығы болады;

- қаржы жүйесін өзі  анықтайды – ұлттық валютасы  болады;

- қарулы күштерін құрады;

- өз азаматтығы болады;

- сыртқы сауда және  сыртқы әкономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

- өзге мемлекеттермен  сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

- мемлекеттік егемендігін  көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

- мемлекеттік тілі болады,

- табиғи ресурстарын, табиғи  құндылықтарын дербес пайдалану  құқығы болады;

- мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына  және бөлінбеуіне құқығы және т.б.

6. Қазақстан Республикасы  – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады.

Қазақстан – біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

7. Әкономикалық негіздері. ҚР-ның әкономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру  негіздері. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей  ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам  және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін әкономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.

 

3. Түйін

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айталмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдарлың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясының нысаны және құрылымы