«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.

Содержание

КІРІСПЕ

«Алаш» партиясының құрылуы

Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі

«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-партиясының-құрылуы.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

"Алаш" партиясы  мен оның қайраткерлері қазан  революциясынан кейін кеңес өкіметіне әлеуметтік-ізгілік принциптерді танымайтын халықтарды, ұлттарды таптық белгілері бойынша ғана бөлетін таптық саяси ұйым ретінде қарсы шықты. "Алаш" партиясының өз идеологиясы болды, оның мәні мүліктік айырмашылықтарына қарамастан, бүкіл халықтың мүдделері бірдей екендігін мойындауға саятын.

"Алаш" "буржуазиялық - ұлтшылдық партия" болды деген  большевиктік тезис, біздің пікірімізше,  екі бөліктен тұрады. Бірінші  бөлігі- "Алаш" партиясының "буржуазиялық" сипаты. 1917      жылдың       ақпан      революциясына дейін   "Алаш" қайраткерлері Ресейдің революциялық саяси партияларының тамырын басып,    аңысын аңсады.

"Алаш" партиясының     "ұлтшылдығы     да" ойдан шығарылған және халықтың оны қолдамауы үшін таяз ойлы жандарға ғана арналған еді.   Ұлтшылдық-   идеология, психология, әлеуметтік саясат, дүниеге көзқарас және бір ұлтты екіншісінің бағындыру саясаты, ұлттық ерекшеліктер мен астамшылықты уағыздау, ұлт араздығын тұтандыру, сенімсіздік және жанжал туғызу.

"Алаш" партиясы  бай- феодалдардың мүдделерін білдірді деген пайымдау да—жала жабушылық. Марксизм жалпы әлеуметтік идеяларды мойындамады, ол тек таптық идеологияны ғана таныды. "Алаш" партиясы өзі пайда болған кезден бастап-ақ халықты байлар мен кедейлерге бөлмей, бүкіл қазақ халқының мүдделерін жақтады.

"Алаш" партиясына  тағылған келесі коммунистік  айыптау- 
оның панисламшылдығы мен пантуркистігі. Ұлт-азаттық қозғалысқы   қосылғандар арасында исламшылдар мен түрікшілдер болғанын теріске шығаруға бола қоймас. Бірақ "Алаш" саяси партиясы діни негізде құрылған жоқ. "Алаш" қайраткерлері исламшылдық идеясын ешқашан- мойындаған емес.

"Алаш" қозғалысының  тарихына қазірдің өзінде бірсыпыра  еңбектер арналғанымен, осы кезге  дейін "Алаш" партиясы Бағдарламасының  жобасы жөнінде арнайы зерттеу  жүргізілген жоқ. Ал онда қазақ халқының ұлт-азаттығы, саяси, экономикалық жағынан қайта түлеу идеясы қалыптасуының қиындыққа, қасіретке толы бүкіл жолы тайға таңба басқандай айқын   көрсетілген еді.

"Алаш" партиясы  бағдарламасының жобасы осы уақытқа  дейін өзіне дүниежүзілік ғылыми жұртшылық назарын аударып келеді десек, артық айтқандық бола қоймас. Бұл ретте Алашорда материалдарының Америка Құрама Штаттарында басылып шыққаны дәлел бола алады. Бұл құжатты алғаш орыс тіліне аударғандар большевиктер еді.

"Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы орыс тіліне кеңестік кезенде аударылып, жария етілді. Өкінішке орай, аударманың осы нұсқасы Алаш тарихын зерттеуде орын алған көптеген қиянатшыл пікірлерге негіз болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

 

Бірінші жалпықазақ съезінің қарарларында осы кезден- 
ақ мемлекеттік құрылыстың ұлттық түрін құру жолдары 
қарастырыла бастағаны белгілі. Мысалы: съезд қаулыларында 
"осы күнгі тұрақты өскер орнына халық милициясы 
құрылсын" деп ұлттық әскер жасақтауды, "көшпелі елдерде де 
отырықшылардыкі     секілді    тоқтаусыз  солостной     земство ашылсын" деп Земскілік басқару жүйесінің қазақ шындығына бейімделген түрік ұйымдастыруды, "қазақтың народный сотын" жойып, оның орнына "қазақ тұрмысына лайық айрықша сот" құруды жақтап шықты.

Съездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселесі бойынша қабылдаған шешімдері қазақ  демократиялық интеллигенциясының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың  алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Мәселен, съезд оқу-ағарту ісіне байланысты "бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым "Қазақ" газеті емлесімен жазылсын" деп көрсетіп, ол әйел теңдігіне байланысты "әйеддер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі өзінде болсын, қалыңмал жоғалсын деп көрсетіп қаулы қабылдады.

Сондай-ақ съезд  халықты бірнеше тізім жасап  өзді-өзімен таласып кетуден сақтандырып, ондай болған жағдайда қазақ жұрты  өзіне сыбағалы депутаттық орнын өзге жұртқа беріп қоятындығын ескертіп "бір облыста бір списоктен артық болмасын, ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын" деді.

Жалпықазақ  съезі "Шоран Исламда" қазақ  өкілдері болсын, бірақ оның ағзалары әр халықтың санына қарай анықталсын, соған байланысты қазақ өкілдерінің санын кобейту жағы тез арада шешілсін деп көрсетіп, "Шоран исламға"  мүшелікке  8  адамды сайлайды.

Сонымен бірге  съезд Жетісудағы қайғылы оқиғаларға байланысты, оларға шек қоюды сұрап  әскери және Ішкі істер министрлеріне жеделхат жолдады. Осы облыстағы "ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға Алаш баласы жәрдем беруін" өтінді.

Бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын  құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім  қабылдады: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд "Шоран исламға" сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная   парламентная республикаға құрылмақ.

Партия жобасын  жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.

Қазақ съезі  партияның жобасы жасалғанша осы  съездің қаулылары Учредительное  собраниеге баратын қазақ депутаттарына  наказ-аманат болады".

Қаулы тұжырымдамасы: Біріншіден, құрылатын партия 
парламенттік     негізде, демократиялық принциптерді басшылыққа алған, қазақ елінің ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуға тиіс. Екіншіден, партияның бағдарламасының жобасын "Шоран исламға" сайланған қазақ өкілдері жасап, оны облыстық қазақ комитеттерінің талқысына ұсынады.

Талқыдан өткен жоба Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған қазақ депутаттарының қарауына түсіп, бекітіледі. Үшіншіден, қазақ саяси партиясының бағдарламасы дайын болғанша Құрылтай жиналысына депутатыққа сайлауға түсетін кандидаттар бірінші жалпықазақ съезінің қаулыларын өздеріне міндет деп түсінулері қажет.

Енді партияның  бағдарламасы жөнінде, "Шоран исламдағы"        сайланған  қазақ  өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі "Қазақ" басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. "Қазақ" басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: "Алаштың дұшмандары "Алаш" партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, "Қазаққа" да "Алаш" партиясының жобасы басылып шықса екен. Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар "өз алдына "Үш жүз" атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу.

Бағдарлама  жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси  құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде  солғын тұстары болуы мүмкін екендігін  мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр  болатын.

Ал "Алаш" бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған "қойыртпақ" ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы "алаш интеллигенциясы" аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған   пиғыл еді.

"Алаш" партиясының  бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық  аристократияны шектеуге бағытталған  шаралар қарастырылған жоқ болатын.  Ұлттық бостандық пен бірлік  үшін күрес кезеңінде ондай  шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық   адамдардың атын халық   қанауына салады.

Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. "Салық  мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен  салынады.

Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды".

Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның "негізгі құқық", "ғылым-білім үйрету" сияқты тарауларынан анық байқаған еді. "Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең" болады. "Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға- еркіншілік", заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.

Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге  де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.

Бағдарламада    жер     мәселесі     арнайы    тарауда қаралып, негізінен     бірінші     жалпықазақ     съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.

Бағдарламаға  байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.

Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз "Алаш" партиясын "буржуазиялық ұлтшылдар" немесе "буржуазиялық либералдар" партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.

Бағдарламаның "Мемлекет қалпы" атты бірінші  тарауы 
қазіргі заң ғылыми тілімен айтқанда "Мемлекеттік құрылым" мағынасын       білдіреді.    Онда: Россия демократическая федеративная республика болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, "Алаш" партиясының бағдарламасында,    дәл,    қазіргі   ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде "ынтымағы бір", ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі жариялаған федерециядан мередем айрықша дербестікті жария еткен мемлекеттік құрылым.

1917 жылғы Ақпан  революциясынан кейін Қырғызияда  зиялылардың кең топтары арасында бұрын болып көрмеген өрлеу байқалады.  Съезден кейін съезд және т.б. өткізілуде.

Қырғыз халқының буржуазиялық-демократиялық топтарының өкілдері социалист -революционерлер  партиясына жазылуда.

Ол кезде  социал-демократтар партиясына кіретін  адамдар сирек кездесетін  еді.

Түрлі партиялардың Құрылтай жиналысы алдындағы үгіт науқаны  қырғыз халқы басшыларының алдына қай  саяси партияға қосылу керек, кімнің тұғырнамасы мен тактикасын ұстану керек деген мәселе қойды.

Зиялылардың жоғары топтары белгілі бір партиялардың бағдарламаларын саяси талаптарының еңбекші бұқараға емес,  жалпы қырғыз халқына қолайлы болуы тұрғысынан сынға алып,    неліктен    екені белгісіз,    "бірде бір партияның" бағдарламасы қырғыздардың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс жағдайларына сай емес деген қорытындыға   келеді.

Бұл мәселе қырғыздардың мерзімді баспасөзінде 1917 жылғы маусым айында Бүкілқырғыздық І-съезді шақыру туралы мәселенің қойылуымен бір  мезгілде көтерілген еді, ал онда, неліктен екені белгісіз, партиялық емес съезде партия бағдарламасының жобасын талқылау көзделген болатын. 
Шынында да, 1917 жылы шілденің 21-інен 26-сына дейін Орынбор      қаласында өткен  Бүкілқырғыздық   І-съезде "қырғыздар      үшін"      саяси     партия құру     туралы     мәселе талқыланды.

Съезд "қырғыздар үшін" ерекше саяси партия құру, мұның үстіне оның бағдараламасының жобасын әзірлеуді мұсылмандардың Бүкілқырғыздық Кеңесіне (Петроградта) сайланған   өкілдерге тапсыру   қажет   деп   тапты.   Партия   құру туралы съезде былай делінді:

"Бағдарламаның негізіне демократиялық (парламентарлық) федерациялық республика принциптері алынуға тиіс: бағдарлама әзірлеу жөнінен Бүкілресейлік Мұсылман кеңесіне мүше қырғыздар оны қырғыз облыстық азаматтық комитеттеріне сарапқа салуға жіберуге міндетті Бағдарламаны Құрылтай жиналысындағы қырғыздардан тұратын жалпы жиналыс түпкілікті бекітуге тиіс".

Информация о работе «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы