«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.

Содержание

КІРІСПЕ

«Алаш» партиясының құрылуы

Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі

«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-партиясының-құрылуы.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

"Алаш" партиясының  облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан  айынан қалыптаса бастайды. Мәселен,  Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жүлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал 
қарашаның   10-на     қарай Орынборда ашылады.

"Алаш" партиясының  Семей облыстық комитетінің ашылуы Ә.Бөкейхановтың Тамда 8-10 қазан аралығында болып өткен Сібір автономистері съезінен қайтар сапарында іске асырылады. Ол қайтар жолында Семей қаласына тоқтап 12-13 қазан күндері қала жұртшылығымен кездесулер өткізіп, баяндамалар жасайды. Ал оның соңы "Алаш" партиясының 15-кісіден тұрған уақытша комитетін ашумен аяқталады. 
Комитеттің төрағасы болып Халел Ғаббасов, жолдасына Ахмеджан   Қозбағаров, хатшысына  Сыдық  Дүйсенбин, қазынашы Әнуар Молдабаев сайланады. Комитет мүшелері оған құрматті төраға етіп Әлихан Бөкейхановты   сайлайды.

"Қазақ"  газеті өзінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы  санында "Алаш" партиясының  Орынборда Торғай облыстық комитетінің  ашылғандығын мәлімдейді. Комитетке  мүшелікке Орынбор қаласында  "тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы    14    ағза" сайланады.    Комитеттің   төрағасы     болып Ә.Бөкейханов төраға серігіне А.Байтұрсынов, хатшысына М.Дулатов, қазнашысы Ж.Жәнібеков  сайланады.

Партияның орталық  комитеті болған емес. Өйткені партияның  арнайы съезін шақырып басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге уақыт та,  жағдай да болған жоқ. Бірақ оның басқарушысы ұйытқысына бірінші      жалпықазақ       съезі бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат етіп бекіткен топты жазған.

"Алаш" партиясының жарияланбағанымен, белгілі дәрежеде дайындалып қойған шартнамасы (жарғы) да болған. Ол жөнінде партияның Семейдегі облыстық комитетінің құрылуына байланысты "Қазақта" жарияланған материалдан мынадай деректі оқимыз: "Алаш" партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды, дайын болғанда жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты- кіндік комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын "Алаш" партиясының программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. "Алаш" программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тіліп берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, "Алаш" жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі "Алаш" партиясына кірмейді. "Алаш" партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн".

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі

 

Тарих сахнасына  алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында  ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция  тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.

Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине "Алаш" партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.

Бірақ қазақ  ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша  генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап, 
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары "буржуазиялық ұлтшылдар",  "ұлтшыл-уклонистер" деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды.

Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.

Кеңес дәуірі кезінде  жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси  -идеялық       ахуалдың қалыптасуына әсер   еткен,  факторлардың ролі,  ықпалдары маркстік — лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы,  яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: "XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов,     Ә.Бөкейханов,     М.Дулатов,  М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды".

Міне, сондықтан  да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, "революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты" деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси —идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.

Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея "Айқап" журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: "...пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері "Айқаптың" айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде болды"

Негізінен қазақ  зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары  үлкен   үш   негізден  бастау   алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік 
тарихта із қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да, солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден, 
түрікшілдік идея, қазақ зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі 
басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік тілдес халықтардың 
бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді      тежейтін   негізгі факторлардың      бірі деп саналды.

Міне, осындай  ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық - зомбылықты "бөліп ал да, билей бер" саясатына қарсы тұруға жан   айғайымен   шақырды.

Түрікшілдік, түрік  етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы) болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында "біздің сүйікті ұстазымыз", "халықтың қызметшісі", "түрік-татар ұлтарының ағартушысы", "прогреске жол ашқан" сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті,  фәлсафасын   уағыздады.

Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің  көкейлерінен шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке жігерлендіргені хақ.

Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен,  қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне  асуына дәйекті жағдайлар   туғызған еді.

Жалпы Алаштық  интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан  емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.

Қазақ зиялылары  большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың  түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.

Өз ретінде  Алаш басшылары болыпевиктердің  таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: "Біз қарап отырсақ  қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ  жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат   іні,    отбасы    араздықты,    дауды    қой,    бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл".

Заман рухына сай  елді ұлттық бірлікке басқа да "Алаш" басшылары шақырды. Мәселен, М.Тынышбаев "Учредительное собрание" атты мақаласында "Мен ұлы жүз, сен кіші жүз, анау орта жүз демей, мен аталының баласы, бұл кіші ауылдың баласы демей, бәсекеге түспей, жұрт жолына құрбан болатын келісті адамдарымызды сайлауымыз тиіс" деп көрсетті.

Құрылтай жиналысындағы  депутаттық орын үшін талас қазақ  облыстарында негізінен социал-революционер (эсер),  социал-демократтар (большевиктер) және "Алаш" партиясы арасында жүрді. Бұл партиялардың халыққа ықпалы қалаларда, көсіпорынды жерлерде  және ауыл-селолық мекендерде әрқалай болды. Бұл арада мұндай күрделі мәселегше кең тоқталу мүмкін болмағандықтан аталған партиялардың қазақ жұрты арасындағы қызметіне қатысты өз тұжырымдамамызды   келтірумен шектеледі.

Осы кезеңде  жергілікті жағдай анағұрлым күрделі  болатын. Біріншіден, 1917 жылдың екінші жартысында бүкіл қазақ облыстары  көлемінде қолайсыз ауа-райына байланысты ауыл-шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды. Сырдырия, Жетісу сияқты облыстарда тіптен аштық етек алды. Бұған сол уақытқа дейінгі соғыс шығындары, саяси тұрақсыздық қосылып, қалың бұқараны әбден қаңсыратқан еді. Қайсібір аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай халі жоқ еді. Сол көңіл күйді айғақтайтын "Бірлік туы" газетінен алынған мынадай бір фактіге назар аударалық: "Жақында астық іздеп елден келген бір кісі басқарушымызға кіріп мына сөзді айтты: "Шырақтарым оқығандар, осы күні ел-жұрттың халі нашар. Елдің барлық үміті комитеттерде, һәм оларда қызмет етіп жүрген өздеріндей оқығандарда.

"Алаш" партиясына  мынадай сипаттама берілді:

  1. ол контрреволюциялық партия болды;
  2. буржуазиялық-ұлтшылдық бағыт ұстанды;
  3. бай феодалдар мен мұсылман дінбасыларының мүдделерін білдірді;

4) исламшылдық пен түрікшілдік идеологиясын уағыздады.

Коммунистік партия   "Алаш" партиясын контрреволюциялық партия деп санады. "Алаш" партиясына берілген мұндай сипаттама шындыққа мүлде сөйкес келмейді. "Алаш" партиясы I Бүкілодақтық съезде 1917 жылғы шілдеде, яғни қазан революциясына бірнеше ай қалғанда рәсімделді. Сондықтан партияның сол кезеңдегі құжаттарында өлі жеңіске жетпеген большевиктерге қарсылық туралы сөз мүлде болған жоқ. Егер 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі кезеңді алар болсақ, Қазақстандағы саяси қозғалыстың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев және басқалар патшалық самодержавиеге мейлінше қас, оның еш уақытта бітіспейтін дұшпандары болды.

Информация о работе «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы