Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды Пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 05:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, әлемдік заманауи
өркениет үлгісінде дамуда. Еліміздің келешегі білімді, білікті жас мамандарға
байланысты. Бұл ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып, қалыптасқан
ұлттық құндылықты сақтай отырып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге
жаңаша көзқараспен, шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған
мәселені дәстүрлі емес, жаңаша түрде және сапалы шеше білетін тұлғаларды
талап етуі қоғамның даму жылдамдығына, ақпараттын көптігіне және тез
өзгеріс жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Білім беру жүйесі қалыптасуының педагогикалық алғышарттары
1.2 Жаһандану жағдайында жаңа білім берудің парадигмалары мен
тұжырымдамалары
1.3 Оқушыларға сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен
әдістерді қолданудың ерекшеліктері
2 ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Білім беруде жаңа педагогикалық технологиялардың маңызы мен
ерекшеліктері.
2.2 Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың принциптері
мен түрлері
2.3 Оқу іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану
мүмкіндіктері
3 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
3.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану барысындағы іс-тәжірибе
жұмыстарының алғашқы кезеңі
3.2 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытуда зерттеу
әдістерінің сапалық көрсеткіштері
3.3 Оқу үрдісінде жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалануда тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ғылыми аппарат Гүлдарай.docx

— 45.15 Кб (Скачать документ)

 

 

Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі уақытта елімізде білім беру жүйелерінде заманауи тұрғыда құзыретті, креативті тұлғаны қалыптастыру бағытында алуан түрлі жұмыстар жүргізілуде.Оның ең маңыздыларының бірі де бірегейі- білім мазмұның ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Осыған орай білім сапасына жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етілуде. Сонымен қатар бүгінде мамандықты дұрыс таңдауға оқушыларға мектепте білім жетілдірудің жетекші бағытарының бірі мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқыту болып табылады. Ендеше қазіргі жаһанды бәсекерестік нарық кезеңінде жаңа білімге негізделген жаңа технологияларсыз жоғары инновациялық экономикаға қол жеткізу мүмкін еместігі белгілі. Елбасы Н.Ә,Назарбаев  өзінің сөзінде инновациялар мен оқу, білімді жетілдіру арқылы «Білім экономикасына» көшудің қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  заңында да «Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгәзу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп еліміздегі білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері нақты аталып көрсетілген.  Бұл міндеттрді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі туындайды. Осыған орай оқу үдерісінде жаңа оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу- бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының тағыда бір маңызды міндеттері болып отыр.

Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан-2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы- заманауи әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой-өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Соңғы уақытта оқу-тәрбие үдерісіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде. Соның бірі, 12 жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі- қоғамдағы сүбелі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Педагогикалық үдеріске қатысушылардың кәсіби, тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларын пайдалануымен байланысты. Білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі. Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған В.М.Монаховтың, В.В.Давыдовтың, Л.В.Занковтың, Н.П.Гузиктің, С.Н.Лысенкованың, В.Ф.Шаталовтың, Д.Б.Элькониннің, П.М.Эрдниевтің,Т.Т.Галиевтың, Л.Бектұрғановалардың және тағы басқа ғалымдардың ғылыми негізде тәжірибелік мәні зор еңбектері  зерттеу жұмысымда басшылыққа алынды.

 

 

 


Информация о работе Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды Пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері