Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды Пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 05:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, әлемдік заманауи
өркениет үлгісінде дамуда. Еліміздің келешегі білімді, білікті жас мамандарға
байланысты. Бұл ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып, қалыптасқан
ұлттық құндылықты сақтай отырып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге
жаңаша көзқараспен, шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған
мәселені дәстүрлі емес, жаңаша түрде және сапалы шеше білетін тұлғаларды
талап етуі қоғамның даму жылдамдығына, ақпараттын көптігіне және тез
өзгеріс жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Білім беру жүйесі қалыптасуының педагогикалық алғышарттары
1.2 Жаһандану жағдайында жаңа білім берудің парадигмалары мен
тұжырымдамалары
1.3 Оқушыларға сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен
әдістерді қолданудың ерекшеліктері
2 ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Білім беруде жаңа педагогикалық технологиялардың маңызы мен
ерекшеліктері.
2.2 Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың принциптері
мен түрлері
2.3 Оқу іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану
мүмкіндіктері
3 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
3.1 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану барысындағы іс-тәжірибе
жұмыстарының алғашқы кезеңі
3.2 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытуда зерттеу
әдістерінің сапалық көрсеткіштері
3.3 Оқу үрдісінде жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалануда тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ғылыми аппарат Гүлдарай.docx

— 45.15 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

ӘОЖ 37.02(0758)                              Қолжазба құқығында

 

 

 

Кыркаева Гульдарай Ахметпековна

 

 

 

ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 

 

6М010300-«Педагогика және  психология»

 

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:

педагогика  ғылымдарының

кандидаты,  доцент С.Т.Сеңкібаев

 

 

 

                                                                                       

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көкшетау, 2014

 

 

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, ҚЫСҚАРТУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕР

 

КІРІСПЕ                                                                                                                       

 

1  ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 

    1.   Білім беру жүйесі қалыптасуының педагогикалық алғышарттары

1.2  Жаһандану жағдайында  жаңа білім берудің парадигмалары мен тұжырымдамалары

1.3  Оқушыларға сапалы  білім беруде жаңа педагогикалық  технологиялар мен әдістерді  қолданудың ерекшеліктері 

          

  1. ЖОҒАРЫ СЫНЫПТА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1 Білім беруде  жаңа педагогикалық технологиялардың маңызы мен ерекшеліктері.

2.2 Білім беру жүйесінде  жаңа педагогикалық технологиялардың  принциптері мен түрлері

2.3 Оқу іс-әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндіктері

 

  1. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 

 

    1.  Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану барысындағы іс-тәжірибе жұмыстарының  алғашқы кезеңі

3.2 Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытуда зерттеу әдістерінің сапалық көрсеткіштері   

3.3 Оқу үрдісінде жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануда тәжірибелік  жұмыстардың нәтижесі                         

 

ҚОРЫТЫНДЫ           

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША  А                                                                                                         

ҚОСЫМША  Ә                                                                                                          

ҚОСЫМША  Б                                                                                                         

ҚОСЫМША  В                                                                                                         

                                      

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕР,

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР

 

КІРІСПЕ                                                                                                                       

 

1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ    

  ТАЛАПТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 

1.1Заманауи оқыту жүйесінің қалыптасуының педагогикалық - психологиялық мүмкіндіктері

1.2 Оқушылардың қабілеттілігін  дамытуда дидактикалық ойындардың  алатын орны және оған қойылатын  талаптар 

1.3 Оқушылардың білімін  дидактикалық ойындар арқылы  дамытудың педагогикалық - психологиялық  ерекшеліктері         

2. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР  АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН  АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

 2.1 Дидактикалық ойындарды оқу жүйесінде пайдалану тиімділігі

2.2 Дидактикалық ойындар  көмегімен оқушылардың шығармашылық  қабілетін дамыту жолдары        

2.3  Дидактикалық ойындардың  түрлері және оны өткізу жолдары           

 

 

3.ОҚУШЫЛАР ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 

 

 3.1 Оқушылардың қабілеттілігін дамытатын дидактикалық ойындарды пайдалану барысында жүргізілген тәжірибе жұмыстары

3.2 Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың қабілеттілігін арттыру  

 бойынша жүргізілген  іс-тәжірибенің екінші кезеңі   

3.3 Оқушылардың дидактикалық ойындар көмегімен қабілеттілігін     дамытудағы рөлін анықтаудағы  іс-тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы                         

 

ҚОРЫТЫНДЫ           

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША  А                                                                                                         

ҚОСЫМША  Б                                                                                                          

ҚОСЫМША  В                                                               

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, әлемдік заманауи өркениет үлгісінде дамуда. Еліміздің келешегі білімді, білікті жас мамандарға байланысты. Бұл ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып, қалыптасқан ұлттық құндылықты сақтай отырып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге жаңаша көзқараспен, шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес, жаңаша түрде және сапалы шеше білетін тұлғаларды талап етуі қоғамның даму жылдамдығына, ақпараттын көптігіне және тез өзгеріс жағдайында жас ұрпақты өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.

Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздеріне және жеке тұлғаның дамуына бағытталған технологияларды енгізуді В.П.Беспалько, С.С.Кашлев, П.С.Селевко, Б.Т.Барсай, В.М.Монахов, В.М.Волков, М.В.Кларин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Ш.А.Амонашвили т.б. қарастырса, кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын дамытып, ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық, атап айтар болсақ «Модульдік оқыту технологиясы» (М.М.Жанпейісова) «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы (Қараев Ж.А.) , (Кобдикова Ж.У.); Жүйелілік негізде оқыту (Ғалиев Т.Т.); Шоғырландырып- қарқынды оқыту (Әбдіғалиев Қ.А.; Нұрахметов Н.Н. т.б.); Ковжасарова М.Р. т.б.; Аульбекова Г.Д. т.б.; Модульдік (Жанпейісова М.М.), Бейсенбаева З., Бұзаубақова К.Ж., С.К.Исламгулова , Г.М.Құсайынов, т.б. технологияларды жатқызуға болады, Г.К.Нұрғалиева, Ә.Ә.Жүнісбек, Д.М.Жүсібалиева, Ш.Т.Таубаева, А.Саипов, Б.К.Тульбасова, Қ.Қабдықайырұлы, Л.А.Шкутина,т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.

Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісінде мұғалімнің пайдалануы мәселелері В.М.Монахов, С.И.Зиновьев, С.Н.Лактионова, Т.И.Шамова, С.И.Архангельский, З.Ф.Есарева, Е.Михайлова, В.Ф.Самохин, Ж.К.Жанпейісова, А.Е.Әбілқасымова және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан .

Жоғарыда аталған еңбектерге жасалынған талдау бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларын оқыту үдерісінде пайдалану мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын көрсетеді.

Жоғары сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың объективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, жаңа білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін жетілдіру қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, жаңа жаңа педагогикалық технологиялары негізінде оқу үдерісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.Осы қайшылықтардың шешімін табу тақырыпты «Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Білім берудің заманауи талаптарының негізінде білім беру үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасап, оның білім беру сапасын арттырудағы  маңызын  тәжірибе жүйесінде зерттеп, ұсыныстар енгізу.

 Зерттеудің  міндеттері:

  1. Оқушыларға сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді анықтау
  2. Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың принциптері мәнін нақтылау:
  3. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытудың тиімділігі мен күтілетін нәтижесін нақтылау
  4. Оқу үрдісінде жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануда тәжірибелік  жұмыстардың нәтижесін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексеру.                         

 

Зерттеу нысаны:  Білім беру жүйесінде саплық көрсеткіштерді арттыру тәсілдері

Зерттеу пәні: жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.

Зерттеу әдістері:

  • философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
  • озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау;
  • мектеп құжаттары мен педагогикалық үрдiстерге талдау жасау;
  • сауалнамалар, топтық және жеке әңгiмелесулер; жеке тұлғаны зерттеу әдiстемелерi; жеке тұлғаның таным үдерістерiн, интеллектуалдық-танымдық және қажеттiлiк-себептiлiк аясы деңгейiн анықтау;
  • ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары сыныпта оқу үдерісінде жаңа педагогикалық  технологияларды пайдаланудың нақты педагогикалық шарттары айқындалып, тиімді жақтары ескерілсе, онда мұғалім іс-әрекеті нәтижелі болып, оқушылардың жаңа материалды қабылдау ерекшеліктері мен білімдері дамып, білімнің сапасы қамтамасыз етіледі, өйткені жаңа педагогикалық технологиялар  оқу үдерісін халықаралық білім беру жүйесіне сәйкестендіруді көздейді.

          Зерттеудің ғылыми жаңалығы:  

  1.  Жаңа педагогикалық технологиялар ұғымының мәні нақтыланды;
  2. Жаңа педагогикалық технологияларды жоғары сыныпта пайдаланудың қазіргі жағдайына талдау жасалынды және оқу үрдісінде алатын орны мен қызметі анықталды;
  3. жаңа педагогикалық технологияларды бейінді оқыту үрдісінде пайдаланудың мазмұны, әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;
  4. бейінді оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемесі жасалынды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні:

  1. оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша арнайы әдістемелік ұсыныстар жасалынды;
  2. Зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын оқу-тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде пайдалануға болады.

.   

  Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

1 Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытудың ерекшеліктері. 

2 Оқу-тәрбие үрдісінде  жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануда мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастағы, ынтымақтастығы.

3 Іс-тәжірибе жұмыстарының  негізгі қорытындылары

   Зерттеудің   негізгі кезеңдері:  

     Бірінші  кезеңде (2012ж.) мәселенің теориялық тұрғыда зерттелуіне арналды. Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерімен танысу, оқу-танымдық құндылықтарды зерттеу, материалдар жинақтау, тұжырымдау, арнайы әдебиеттерге, құжаттарға талдау жасау, ғылыми аппаратты айқындау.        

 Екінші кезеңде (2013ж.) оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып,  жоғары сыныпта жаңа педагогиалық технологияларды пайдалануға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды.

 Үшінші кезеңде (2012-2013жж.) оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және жаңа педагогикалық технологиялардың маңызына байланысты  эксперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері диссертация мазмұнына енгізілді және қорытындыланып,  ұсыныстар берілді. 

 Зерттеу базасы. Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде өтілді.

 Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, зерттеу нәтижелерін практикаға ендірумен, алынған деректердің дәлелділігімен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.

 

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

 

 

 

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.

Информация о работе Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды Пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері