Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 08:37, курсовая работа
Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ
1.1.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін бағалау.........................5
II – ТАРАУ. ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.
2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.......................8
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар..................................11
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16
Щ әріпті қай әріпке ұқсайтынын анықтайды. ( ш,ц )
Мұғалім тақтаға щ әріпті жаза отырып, оның ерекшелігін айтады. Осыдан кейін тағы екі әріпті жазады. Бұл әріптердің арақашықтығы бірдей. Балалар өз бетінше 3 – 5 әріп жазады. Мұғалім осы уақытта оқушылардың жазуын бақылайды. Оқушылардың жазуларынан кеткен қателерді көреді. Мұғалім тағы да тақтаға щ әріпін жазады, бірақ қателікпен жазады. Егер оқушылар тақтада қате жазылған әріпті көрсе, олар күледі немесе қатесін айтып, түсіндіреді. Мысалға, әріпте екі қате бар: элемент арасындағы қашықтық дұрыс емес немесе шиек дұрыс салынбаған. Мұғалім жетекшелігімен кеткен қатені түзету жолдарын айтылады. Осыдан кейін, дұрыс емес әріп өшіріліп, дұрыс жазылған әрі салынады. Оқушылардың тек тақтадан емес, өзінің жазуынан да кеткен қатені көргені дұрыс. Мәселен, мұғалім әріпті жазуға бергенде, оқушының кеткен қателерді не себептен кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын сұрайды. Осыдан кейін тағы да әріпті жазады да, біршама дұрыс жазғанын көреміз. Кейбір оқушылар өзінен кеткен қатені көрмейді. Бұд жағдайда, оқушылар бір – бірінің қатесін тексереді.
Кейбір оқушылар әріптің жазылу жолын жеке көрсектсе ғана дұрыс жазады. Мұғалім оқушы дәптеріне жазып көрсетеді, ал оқушы сол бойынша жазады.Ал, біреулері оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.
Оқушылар дұрыс бағытта қозғала отырып жазу үшін мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушылар бірінші оның көзбен қаламсапты көзін жұмып ауада жазады.Осыдан кейін ғана олар жаза бастайды.
Мұғалім оқушының қатесін көркенде ерекше назар аудару керек және ортаға салғанда оқушылар атын айтпау керек. Ал,жақсы орындаған сыныптың алуында айтуға болады. Сауат ашу кезеңі ааяқталғаннан кейін, оқуңшылар кейбір әріптің таңбалануын ұмытып қалады. Сондықтан, көркем жазу сабағында таңбалануы қиын әріпті жазып, еске түсіріп көркем жазудың дағдысын қалыптастыру керек.
Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы, байланысуына назар аудару керек.Бұл жұмыстың көркем жазу сабағында жүргізіледі.
Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау.
Графикалық
дағдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің
заңдылықтарын
Ерте кезде, әріп элемнттін талдау жазу шрифтінің ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазылатын әріптерді де элементке бөліп қарастырады. Мысалға, б әрібі.
Кіші әріп элемнеттері:
- түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғыры және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әрібінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелек; - и әрібінің жоғарғы элементі;
Үлкен әріптердің элементтері:
- түзу сызық;
- оң жағына қарай имегі бар
сызық; - сол жағына қарай
имегі бар сызық; - жоғары
және төменгі жағы
Әріпті бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементіне талдау жасауда қолдануына болады.
Әліппе кезеңінде элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде де әріпті жеке элементкебөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптастыру үшін жазу барысындағы қозғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктеріне неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен, әріптің негізгі элементін бөліп ашу керек. Кез келген әріпті жазғанда бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.
Осы қозғалыспен негізгі элемент – түзу сызық салынады.Келесі элементі жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл қосатын элемент оның қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл элементтерді и, ш ,п, т, р әріптерін көруге болады.
Негізгі элемент - өзіне қарай қозғалу - өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент - өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.
Әріпті негізгі немесе көмекшіэлементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады.( э, з ) Бұл әріпті бөлу тек әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралель штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.
Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.
Өзімізге қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден жоғары қарай сызуды – оңға қарай көлбеу етіп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама – қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді.
Жазуға оқытудың алғашқы кезінен бастап – ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне қарай көлбеу тік сызықты ажырата білуге үйрету керек. Бұл элементті оқушы тек негізгі элементі ретінде беріп әріптерде ғана емес ( п, и, т ), басқа кез – келген әріптен көре білуі тиіс. ( ш, я, в, р ). Әріпті бұлай элементтеп ажырату жазуды түсіне отырып игеруіне алып келеді.[14./42-45б./]
Әліппе кезеңінен кейін, әріпті қайталау үшін мынадай жаттығулар береді:
и|| и || и || н|| н || н ш||| ш ||| ш |||
в || в || в || г | г | г | г | г | р || р || р ||
Бұл арқылы әріптің негізгі
элементін ажыратуға
Осылайша әріпке талдау жасау маңызды орын алады. Бұл әдіс жазуға үйренудің барлық кезеңдерінде қолдануға тиіс. Бірақ бұл әдіс барлық әріптерге қолайлы емес. Әріп элементтеріне талдау жасау дәлірек немесе айқынырақ болуы мүмкін. Мәселен, имекшесі бар сызық ,шиек, дөңгелек, жартылай дөңгелект.б. элементтерден қосымша да негізгі элементті табуға болады.
Бұл элементтерді әріпті жазғанда ғана көре аламыз.
Жазу барысында қозғалыс элементі суретін салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ дөңгелек түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.
Ф әріпін екі дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті басқаша жазылады ( біріншісі сағат тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы ). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады.
Бұл мысалдарды, яғни қозғалыс элементтеріне талдау және шрифт элементтеріне талдауды бір – біріне ұқсастығын байқау үшін береміз. Алайда, жазуға үйрету барысында екі жақты талдау да маңызды орын алады.
Жазу үрдісіне талдау жүргізу әріптер арасындағы ұқсастықты, айырмашылықта, қозғалыс бағыты түсінуге мүмкіндік береді.
Әріп элементтеріне талдау жасай отырып, элементтің оңайына күрделісіне қарап әріпті топқа бөлуге болады.
Бұл генетикалық принципке сәйкес, оңайдан қиынға қарай жазуға негізделеді.
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар
Мұғалім
грамматика мен емледен
Оқушылар
жазу жұмыстарында қате
Біраз уақыт
өткеннен кейін (тоқсан
1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?
2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.
3) ережелерді араластырып шатастырады.
4) жазып отырғанның мағынасына (не жазып отырғанның өзіне өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді.
5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды.
6) асығыс, ұқыпсыз
орындау салдарынан қатені
Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама шығармадағы қателер соңынан түзетуледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды.
Жұмыс осы
сыныптағы оқушылардың
Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателерін табады. Оны жұмыстың соңғы жағына теріп көшіреді. Қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.
Балалардың
жұмыстарындағы қателерді
1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады;
2) қате жазылған
әріп немесе сөздің асты сызыла
3) қате жазылған
әріп немесе сөздің асты
4) қате әріптің асты сызылады, ешқандай ескерту берілмейді.
Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану:
1) сыныптың ерекшелігіне байланысты ( І- ІІ сыныптарда айқынырақ түзету қолданылады, ІІІ-ІV сыныптарда күрделірек әдістер қолданылған мақұл (3-4 әдістер),
2) оқушылардың дайындық ережесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты ғана сызылып қойылады, ал нашар оқитын оқушының қателерін әр түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.
Оқушылар
бір түрлі қатені қайталай
беретін болса, онда
Оқушылардың
жазғандары, айтқандары орфаграфиялық
жағынан сауатты,
Информация о работе Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары