Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 08:37, курсовая работа

Краткое описание

Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

1.1.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін бағалау.........................5

II – ТАРАУ. ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.

2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.......................8
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар..................................11

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шопи.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

 

І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН  АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

1.1.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін бағалау.........................5

 

II – ТАРАУ.  ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ  ҮЙРЕТУДІҢ    ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.

 

2.1. Жазудың сапасы  және оны қалыптастыру жұмыстары.......................8

2.2 Қатені болдырмау  үшін жүргізілетін жұмыстар..................................11

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай  тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты  жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыны птан бастап дұрыс сөйлету  үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.

Бастауыш  сынып  оқушыларына орфографияны  игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне  қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі  кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:

    • дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және   жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
    • бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу. 

Ал, екінші кезеңде  дыбыс және жұп дауыстылар, буын, әліпби туралы түсінік беру, жазу тәсілдерін (мәтінді көшіріп жазу, естуі бойынша  жазу) жетілдіру; орфографиялық және пунктуациялық дұрыс жазу сауаттылығын қалыптастыру ескеріледі. Сондай-ақ кейбір дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар түрлерінің емлесіне мән беріледі.

Мектептегі  оқыту үрдісі сауат ашудан басталатын белгілі. Сауат ашу жұмысының  негізгі мақсаты - балаға хат таныту, ягни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика-графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анык жазуға машықтандыру міндеті де түр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.

 Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу  да жеңіл, ондай жазумен берілген  ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын  әдемі, көркем . етіп салуға жаттықтыру  мақсатында жүргізілетін жұмыстардың  оқушы бойында жақсы қаситеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, үқыптылыққа үйретеді

 Оқушыларды  көркем жазуға үйретуде үш  нәрсені басшылыққа алу керек:  біріншісі - әріптерді мәнерлі  жазуға және жеке әріптерді  өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп элементін. дұрыс жазуға дағдыландыру, үшінші - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті - ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін," геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын активтендіреді. Штрихтер арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріңе жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндеп үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әртүрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім. альбомға салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, кұрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», дөңгелек» т.б. ұғымдарды меңгереді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ

1.1.Оқушылардың  білімін, дағдысын, шеберлігін бағалау

 

 Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады:

    • Бір сабақтың негізінде бағалау.
    • Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.
    • Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

 Оқушылардың  білімін бір сабақтың негізінде бағалағанда мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін қай оқушының қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды және оған неге бұлай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді). Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез-келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырыла тұрса, мұғалім білім дағдысын шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, ІІ сыныпта оқушыларға деформаланған мәтін ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып соңында нүкте қою керектігі тапсырылды дейік. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: үш-төрт оқушыдан сұрағанына жауап алады 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзара байланысты сөздерден құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте қойылады, 4) әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орындарынан тұрғызылып, нүкте қойған бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған үш-төрт оқушыны тақтаға шығарылып, олардың дәптерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім осылайша материал жинайды. Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың әр жауабы, әр еңбегі ескерілгеніне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.

 Оқушылардың  білімін, дағдысын, шеберлігін үйге  берілген тапсырманы орындауларына,  жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс толық анық жауап беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге, тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлап білуін күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор.

 Мектеп тәжірибесінде  балалардың білімдерін және емле  дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі.  Мысалы, балалар диктант жазса,  ол оқушылардың грамматикадан  белгілі бір тақырып бойынша  алған білімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге де арналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шартты белгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіреді т. с. с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп болмауға тиіс (2-3–тен аспасын). Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткіш беру үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар орындалуы қажет.

 Орфографиялық  бақылау жұмысы белгілі бір  тақырып аяқталып, оқушыларда жазу  дағдылары қалыптасқаннан кейін  жүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса бақылау жұмысын кейінге қалдыра тұрған жөн.

 Балалардың  жазғандарын қарағанда тек соңғы  өтілген тақырыптар бойынша берілген  білімдер ғана емес, сонымен қатар  бұрын берілген білімдер де  қамтыла тексеріледі.

 Бақылау  жұмысында әдетте текст немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеліп беріледі.

 Бір түрлі  орфограмманың бірнеше қайталанып  келуін (бір бақылау жұмысының  ішінде) қажеті жоқ.

 Бақылау  жұмысында ең соңғы оқылған  тақырыпқа 2-6 нысан, ал бұрын  оқылғандарға екі нысаннан келтірілген жеткілікті.

 Бірдей орфограммада  кездесетін сөздерді нұсқалармен  берген тиімді.

 Мұғалім  бақылау диктантінің мәтінін  тұтас оқып шығады, ондағы түсініксіз  сөздер мен сөз тіркестерін  түсіндіреді, сонан соң жеке  сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушылар жазғандарын қайта тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір рет оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім жазғандарын жинап алады.

 Оқушылардың  алған білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін  тексеру мақсатында өтілген материалдардың  негізгі мәселелері жайлы қосымша  тапсырмалар беріледі. Мысалы, грамматикалық  тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктерді қою т.с.

 

 Сабақта  оқушылардың қойған сұрақтарға  жауап қайтарып қоюы жеткіліксіз,  олар сұрақты өздері де дұрыс  қоя білуге дағдылануы тиіс. Сұрақ  қоюға үйретуді қайталау сабақтарында  жүргізген дұрыс.

 Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі бір жүйе мен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II –  ТАРАУ. ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ  ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ    ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.

2.1. Жазудың  сапасы және оны қалыптастыру  жұмыстары.

 

Оқушылардың жазу жұмысына қарап кейбіреуінің жазуы  таза, көркем, анық жазғаның байқаймыз. Ал, кейбірінің жазуы қисық, біркелкі емес, қалай болса солай жазылғанын көреміз.

Мұндай қателіктер кетпес үшін мұғалім көркем жазу немесе қазақ тілі сабағында жазу сапасымен үнемі жұмыс жасау керек.

Жазу сапасына оның айқындылығын, біркелкілігі, дұрыс  байланысуы, жұмыс жолында дұрыс  жазылуы жатады.

Жазудың сапасын  дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім  мынадай бағытта жұмыс жасайды:

1. Ең алдымен  бірінші сабақтан бастап әріптің  формасымен жұмыс жасау керек;

2. Әріптердің  дұрыс байланысуы ж.ж.к.

3. Біркелкі көлбеу  болуын ж.ж.к.

4. Әріптің биіктігі  біркелкі болуын ж.ж.к.

5. Әріп арасына,  әріп элементтері, сөз, сөйлем  арасындағы қашықтықтың бірдей болуы керек.

6. Сыныпта оқушылардың  жазу жылдамдығы бірдей болуы  керек.

7. Жазу біркелкі  ритмикалық болуы керек.

Әріптің формасымен жұмыс – көркем жазу негізгі міндетінің бірі, себебі жазудың айқындылығы  әріптің дұрыс жазылуына байланысты.

I сыныптың  оқушысы  барлық әріптің таңбалануының  үйренеді, бірақ кейбірін  ұмыта бастайды.

Оқушылардың әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1, 2 сыныпта оқушының жазуы автомат – н кезде  маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға қалыптасады.

Әріпті түсіне отырып шеру үшін мынаны білу керек:

1. Әріптің негізгі  немесе байланыстыра ажырата  білу.

2. Әрі әріптің  элемент ерекшеліктеріне назар  аудару ( шиек, дөңгелек, жарты доға )

3. Әріптің жазылу ерекшеліктеріне назар аудару.

4. Дұрыс жазылған  немесе дұрыс емес жазылған  әріәпті ажырата білу, оның себебін  айта білу керек: Әріптің формасымен  дұрыс жұмыс істеуге мысал  келтірейік.Балалар дәптердің керекті  жерін ашады. Оларға щ әріпін  қайта қарауды тапсырады. Соның негізінде, щ әріпінде негізгі 4 элементті табуға болады: үш, төртінші шиекше болып табылады.

 Бұл элемент  бағыты бірдей, түзу штрихпен  жазылу керек.Әріпте қанша қосатын  элемент бар екені анықталады.Бұл  әріптің қосатын штрихы негізгі  элементке қарағанда қатты көлбеулікпен жазылады. Ал, шиек санылатың элементтің шиекшесі төменге жолдан сәл жоғары болады.

Информация о работе Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары