Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 15:15, практическая работа
Жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмі 3-сыныптың төртінші тоқсанында қарастырылады. Жаңа және күрделі, сондай-ақ, жан-жақты қарастырылатын мәселе үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің алгоритмдері, яғни сәйкес амалдарды жазбаша орындаудың тағайындалған рет-тәртібі.
1 * 3=3, 1 * 9=9, 1 * 99=99, 1 * 999=999, 1 * 3=1+1+1=3; 1 * 9=1+1+1+1+1+1+1+1+1=9
және т.б. қорытынды: 1-ді кез келген санға көбейткенде, сол санның өзі шығады.
3:3=1 өйткені, 3 * 1=3 9:9=1 өйткені, 9 * 1=9
3:1=3 өйткені, 1 * 3=3 9:1=9 өйткені, 1 * 9=9
0:3=0 өйткені, 3 * 0=0 0:9=0 өйткені, 9 * 0=0
0-ге бөлуге болмайды.
Көбейту мен бөлудің байланысы негізіне 10 санына көбейту тәсілдері түсіндіріледі:
10 * 3 нені білдіреді? 10+10+10=30 (немесе 1 онд. * 3=3 онд. ⇒ 10 * 3=30), яғни 10-ды 3 рет алғанда, 30 шығады.
3 * 10 қалай табылады? ⇒ 3 * 10=10 * 3=30, яғни көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қолданылады.
30 : 3 нені білдіреді? 3 онд. : 3=1 онд. ⇒ 30 : 3=10 немесе 30 : 10=3, өйткені 3 * 10=30, яғни көбейту мен бөлудің өзара байланысы қолданылады.
Сандар қатарының кеңеюіне орай кестелік көбейту мен бөлу туралы білімді тасымалдау негізінде көбейту мен бөлудің кестесін оқыту негізінде енгізіледі және білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру идеясы жүзеге асырылады:
4 * 2 2 * 3 10 : 3 8 : 3
400 * 2 2 * 300 1000 : 3 800 : 3
Қорытынды: көбейту мен бөлудің кестесін қолдана отырып, кез келген толық (разрядтық) санды көбейтуге және бөлуге болады.
Санның дәрежесі.
Өрнектерді салыстыру: 3+3 және 3 * 3
3+3+3 және 3 * 3 * 3
Қорытынды: сол жақта – бірдей қосылғыштарды қосу, оң жақта – бірдей көбейткіштерді көбейту.
Бірнеше бірдей қосылғыштарды қосуды көбейтумен алмастыру:
3+3=6 ⇒ 3 * 2=6 3+3+3=9 ⇒ 3 * 3=9
Көбейтіндіде 3 саны неше рет көбейткіш ретінде алынған:
3 * 3 ⇒ 3-тен екі рет, 3 * 3 * 3 ⇒ 3-тен үш рет;
Екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштердің квадратымен, 3 * 3=32 = 27 алмастыруға болады.