Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:53, реферат
Құрметті sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.
Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
Тәжірибенің өзгеруі-бұл білімнің өзгеруі. Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады. Тәжірибедегі өзгерістер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдістері. Кәсіби оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсуде маңызды бола алады.
Қызығушылықтың жоғары екенін,ал тәлім алушымның күн өткен сайын сабақтарын жаңаша құрып, әріптестеріне таратуы мені қуантты. Тәлімгерлік үдерісі барысында тәлім алушы өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін не істейтінін білді, яғни тәлімгерден тәлім алуды мақсат етті. Содан кейін тәлімгермен сенімді қадам жасап, шешім қабылдады. Нәтижесінде өзгерісті өз іс-әрекетіне енгізді. Тәлімгер ретінде бағыт бере отырып, тәлім алушымның жаңа бағытта әдістерді қолдана бастағанын байқадым. Жалпы тәлімгерлік барысында «Құзырлы тәлімгер тәлім алушыға ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне ,нақты мәнмәтінге ,жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.»-деген мақсатта қарым- қатынас жасадық деп ойлаймын.(МАН,39-б.)
Тәжірибе кезіндегі тәлімгерлікте тәлім алушым сабақтың жоспарына SMART мақсат пен күрделі сұрақтар қоюды, оқушылардың өздігінен қол жеткізе алмайтын оқуды «Жақын арадағы даму аймағында» қарастыруын меңгерді. Ең бастысы өзіне-өзі көмектесуіне бағыт алды. Біз бірге жоспарлаған тәлімгерліктің табыс критерийі-өзара сенімділік аясында тәлім алушының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу еді, оған қол жеткіздік деп ойлаймын.
Менің «Мектептегі тәжірибе» кезіндегі мектептің даму жоспарын жасауда басымдық берген топтық жұмыс түрін тәжірибеге енгізу мақсатым коучинг пен тәлімгерлікте де жалғасын тапты. Неге оқытудың осы әдісін таңдадым? Оны сабақтың барлық бөлігінде қолдануға болады, пікірлер талқыланады, анықталады, бағаланады, тыңдалады, жоққа шығарылады, келісіледі. Біздің тәжірибе кезіндегі барлық әрекетіміз топтық жұмыс барысында жүргізілді. Нәтижедегі сәтті, сәтсіз тұстарымыз болғанын да топ арқылы анықтадық. Ол арқылы әріптестерді қызықтыра білдік, басқаша жұмыс жасауға бағыттадық. Сондықтан да топтық жұмысты оқытудың жеті модулімен кіріктіре отырып, мектептің даму жоспарына енгізсек, оқыту мен оқуды жақсартуда мектептің жоғары нәтижеге жетуіне қол жетізуге болады. Болашақта да мектептің дамуы үшін тиімді тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырып, оған мектептің барлық мүдделі топтарын тартамын.
№1 коучинг жоспары
2-ші апта |
Күні: 08.10.2013. |
1-ші сабақ. |
||
Коучинг тақырыбы: |
Оқушылардың қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстың рөлі. |
|||
Мақсаты: |
-топтық жұмыстың маңыздылығы туралы түсінік беру; -топтық жұмыстың ережесін жасау; -топтық жұмыстағы рөлдерді меңгерту; -ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға үйрету. |
|||
Күтілетін нәтиже: |
-мұғалімдер топтық жұмыстың
оқушылар арасында өзара -мұғалімдер оқу дегеніміз орындау үшін есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсене араласып ақпаратты өңдеуі мен қорытуын тиімді екендігін білетін болады. |
|||
Түйінді идеялар: |
Бірлескен оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы. |
|||
Қолданыл ған әдебиеттер |
1.МАН. Үлестірме материалдар.www.cpm. 2.А.Әлімов.”Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері”. Оқу құралы. Алматы. 2013ж. |
|||
Уақыты: |
Коуч әрекеті |
Мұғалімдер әрекеті. |
Бағалау. |
Ресурстар. |
12.15. 12.20. |
Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар таратылып береді. |
Берілген фигуралар бойынша 6 топқа бөлінеді. |
Геометриялық фигуралар, стикерлер | |
12.20. 12.35. |
Мәтінмен жұмыс: МАН-нан және үлестірме материалдардан топтық жұмыс жайлы тапсырма береді. |
Коучтың берген материалдарын оқып шығып, топта талқылайды. |
Мадақтау. |
МАН. Үлестірме материалдар. |
12.35. 12.45. |
Топтың бірлескен ережесін шығару үшін, постер, маркер тарқатады. |
6 топ өзара топ- та талқылап, топтың “Алтын ережесін” шығарады.Әр топ бір-біріне баға береді. |
Мадақтау сэндвичі |
Постер, маркер. |
12.45. 12.55. |
“Оқыту үшін бағалау және оқұуды бағалау” туралы мағлұмат береді. |
Коучты тыңдайды. |
Интерактивті тақта. | |
12.55. 13.00. |
Сергіту сәті: Бейнежазбадан би көрсетеді. |
Тәлім алушылар билейді |
Қол шапалақтау. |
Интерактивті тақта. |
13.00. 13.10. |
Алты топқа интерактивті тақтадан формативті және суммативті бағалау туралы бейне материал көрсетеді. |
Тәлім алушылар топта талқылайды. |
Интерактивті тақта | |
13.10. 13.25. |
Бекіту сәті: Постер, маркер тарқатады. |
Алған білімдерін постерде қорғайды. |
Бағдаршам арқылы бағалайды |
Постер, маркер |
16.25. 16.35. |
Рефлексия алу. |
Бүгінгі сабақ туралы ойларын стикерге түсіреді. |
Стикер. |
№2 коучинг жоспары:
3-ші апта |
Күні: 16.10.2013. |
2-сабақ |
||
Коучинг тақырыбы: |
Lesson study әдісі арқылы іс-әркетті зерттеу. |
|||
Мақсаты: |
Сабақты зерттеу немесе сабақты зерделеу үдерісін ұғындыру. |
|||
Күтілетін нәтиже: |
Lesson Study тобы өзара келісе
отырып, оның жұмысының нәтижелілігін
қамтамасыз ететін ережелер |
|||
Түйінді идеялар: |
Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, нені, кімді оытуды анықтайды. |
|||
Қолданылған әдебиеттер: |
МАН(46-56-б.б.) Үлестірмелі материалдар |
|||
Уақыты: |
Коуч әрекеті. |
Мұғалімдер әрекеті. |
Бағалау. |
Ресурстар. |
15.00. 15.05. |
Топқа бөлу: Стикерлер тарқатып береді |
Тарқатылған стикерлер бойынша 5 топқа бөлінеді. |
Стикерлер | |
15.05. 15.35. |
Lesson Study жайлы нұсқаулықтан және үлестірмелі материалдан мәнмәтін береді. |
Мәнмәтінмен танысып топта талқылайды. |
Бармақпен бағалау |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі материал. |
15.35. 15.50. |
Интерактивті тақта арқылы Lesson Study жайлы бейнематериал көрсетеді |
Тәлім алушылар бейнематериалмен танысады. |
“Екі жұлдыз, бір тілек. |
АКТ |
15.50. 15.55. |
Сергіту сәті «Тілек айту» |
Бірбіріне жақсы тілектер айтады |
Мадақтау |
|
15.55. 16.25. |
Постер, маркер, тарқатып топқа тапсырма береді. |
Бес топ талқылан ған мәселелерді постерге түсіреді, постерлерін қорғайды. |
Өзара бағалау. |
Постер, маркер. |
16.25. 16.30. |
кері байланыс жайлы тапсырма беру. |
Стикерге кері байланыстарын түсіреді |
Смайликпен бағалау |
Стикер |
-тәлім алушыға оқытудағы Кембридждік бағдарламаның “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер” модулын меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
-жаңа көзқарастар мен идеялардың туындауын қамтамасыз етеді;
-тәлім алушы өзінің оқыту үдерісін дамытуға жақсартуға бағыттайды;
-тәлім алушы өзінің бұрын білмеген моделі туралы ақпарат алады.
№ |
Жүргізілетін жұмыстың түрі |
Мерзімі |
|
Апта |
күні | ||
1 |
Тәлім алушымен сұхбаттасу |
1 |
2 |
2 |
Бір айлық жұмыс жоспарын бірлесе құру |
1 |
2 |
3 |
Курстың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында қолданылатын 7 модульмен, жаңа әдіс-тәсілмен таныстырып өту |
1 |
3 |
4 |
Коучинг сабақтарға қатыстыру |
2-3 |
2,3 |
5 |
Сынып оқушыларын бірлесе отырып зерттеу жұмыс жоспарын құру |
3 |
2 |
6 |
Жаңа сабақтың жоспарын құруға көмек көрсету |
3 |
4 |
7 |
Сабақ кестесі бойынша тәлім алушының (әріптестің) 1-сабағына қатысу. (Бейне жазбаға, фотоға) Сабақты талдау |
4 |
1 |
8 |
2 сабақтың жоспарын Блум таксомониясына салу, 7 модульді қамтуға көмектесу |
5 |
1 |
9 |
Сабақ кестесі бойынша тәлім алушының (әріптестің) 2-сабағына қатысу. (Бейне жазбаға, фотоға) Сабақты талдау |
6 |
2 |
10 |
Тәлім алушымен пікірлесу, сыныптағы оқушылардағы өзгерістер, сабақтың жаңа әдіс-тәсілдермен өткізудегі тиімді жақтары, қиыншылықтар жайлы әңгіме |