Жаратылыстану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:53, реферат

Краткое описание

Құрметті sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.
Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
Тәжірибенің өзгеруі-бұл білімнің өзгеруі. Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады. Тәжірибедегі өзгерістер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдістері. Кәсіби оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсуде маңызды бола алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ.docx

— 84.37 Кб (Скачать документ)

  • ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»»»
  • ҚОҒАМДЫҚ»»»
  • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»»»
  • СЫНЫП ЖЕТЕКШІГЕ»»»
  • СЕРТИФИКАТ АЛУ»»»
  • КЕРІ БАЙЛАНЫС
  • САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
  • БЛОГ

Ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт Кембридж бағдарламасы Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?

МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТУ ҮШІН МЕН ҚАНДАЙ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНАМЫН?

ADMIN · АПР 22ND, 2014 · 0 COMMENT

Құрметті  sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.

Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?   

Тәжірибенің өзгеруі-бұл білімнің өзгеруі. Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады. Тәжірибедегі өзгерістер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдістері. Кәсіби оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсуде маңызды бола алады. Мектеп тәжірибесін жетілдіру жұмысына әріптестерім қызыға қарады, олар мектеп басқаша жұмыс жасауға үйренеді, бірлесе жұмыс жасаймыз деп құлшыныс білдірді. сынақтан өткізу, бағалау, талқылау алдыңғы есептерімде атап өткенімдей  «мектептегі тәжірибе» кезеңінде анықталған деректерді жинақтап, өз мектебіме қандай  өзгеріс жасау қажеттілігін білдім. Мектептің дамыту үдерісін іске асыру  үшін жүргізілген зерттеулерден соң нақты не істейтінімді әріптестеріммен жоспарлап алып, оларды іске асыру  әрекетіне  көшу керектігін түсіндім. Алғашқы мектеп жоспарына оқыту мен оқудың жеті модулінің бірін мектеп тәжірибесіне енгізуді басымдылыққа алдым. Жоспарды топ мүшелерінің ортақ пікірлерімен келісіп, топтық жұмыстың не екенін дәлелдеп, одан күтілетін нәтижелерді пайымдаған едік. Бұл  жоспарға үлгі ретінде қарап, мектепке қолданған кезде қаншалықты қажеттілігін,пайдалы болатынын сезбедім. Ал «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде деректер жинағаннан кейін алғашқы жоспарға нақтылық қажет екенін байқадым. Мектеп өмірімен тікелей араласпай, оның мәселелерін анықтап алмай тұрып жақсы, қолжетімді жоспар дайындаудың мүмкін еместігін түсіндім. Жоспарды жасауда  мүдделі барлық өкілдердің,әріптестердің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, жариялы жоспар жасауға жұмыс жасадым.  Мектептің дамыту жоспарын зерттеу арқылы неліктен, қалай және не істеу керектігін анықтадым. Осы жұмыс барысында анық, шынайы орындауға мүмкін болатын, мектепте іске асыруға сай жағдаяттарды ескеріп жоспар құру керектігін түсіндім.  Орындауға мүмкін емес шараларды мақсат етіп, жоспардың «бағасын көрсету» үшін жоспар құру өзімізді алдау екенін мойындауымыз керек. Жұмыс барысында мен осыны білдім.Мектептің дамыту бағдарламасына өзгеріс енгізілуі керек екендігін команда мүшелерімен талқылай келе, мектептегі олқылықтар мен кемшіліктерді аз да болса түзету мақсатында құрған дамыту жоспарымды жүзеге асыруға кірістім. Дамыту жоспарында коучингтер мен тәлімгерлік жұмыстарын қарастырдым.  

Коучинг-әртүрлі адамдарды бірге қосудың оңтайлы тәсілі. Мектептің дамыту жұмысына қатысушылар кәсіптік даму мен оқу туралы пікірлерін білдірді. Мектептің дамыту жоспарымен танысқаннан кейін әріптестеріме мен қолдау көрсетсем, олар маған бірлесе жұмыс жасауға көмектерін бере бастады. Осы мақсатта коучинг пен тәлімгерлік жұмыстары жүргізілді.  

Коучингтің басымдылығы:7 модуль туралы жалпы түсінік беру,оқытудың жаңа тәсілдерді қолдана отырып мектепте білім сапасын көтеру.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер сабақ жоспарларына жеті модуль элеметтерін енгізеді, сабақ берудің жаңа үлгілерін қалыптастырады.

Мұғалімдерге Кембридждік оқыту мен оқудың мақсатымен тиімді тәсілдерін,жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын,біздің қолдануымызға әкелер жетістіктері мен мүмкіндіктерінің мол екенін,өзіміздің оқу үдерісімізге қолданатын тиімді жақтарының бар екенін айттым. Мұғалімдердің бұл үдеріске деген қызығушылығы арта түсті. Соңында қатысушыларға рефлексия жаздырдым. Рефлексияда тәлімгерлік сессияға қызығушылық

танытып өз еріктерімен 24 мұғалім қатысты.  

Сессияның мақсаты: «Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?» екенін  түсіндіру.

  Күтілетін нәтиже:Топтарды қалай ұйымдастыруды,топтарға бөлу стратегияларын үйренеді,өзара ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастырады.

           Топқа геометриялық фигуралар, цифрлар, әріптер

  арқылы бөлдім,сергіту сәтін өткіздім,ресурстарға АКТ-ны,бейнежазбалар қолдандым.Мұғалімдерге әртүрлі ситуациядағы оқушылар жайлы талдауға тапсырмалар бердім. Тапсырмаларды постермен қорғаттырдым. Мұғалімдерді кері байланыс  жазуға қалыптастыру мақсатында рефлексия жаздырып алдым.Стикерлердегі рефлексияларды оқып талдау жасағанымда мұғалімдердің жаңа әдіске деген қызығушылығын,оң көзқарастарын байқадым.Бұдан өзімнің даму жоспарына енгізгелі отырған өзгерістерім және жоспарды іске асыру үдерістерім оң шешім тауып,нәтижелі болатындығына көз жеткізгендей болдым.

  Жоспарды іске асыру мақсатында өзіме екі тәлім алушы таңдап алдым, оларға жеті модульді талдап, әр модульді жеке қарастырып жете түсіну үшін МАНнан тапсырма беріп отырдым. Олармен тақырыптарды уақытылы талдауда бірқатар кедергілер болды. Мұғалімнің сабақ жүктемесі көп,сол себептен кездесуді сабақ соңында ғана өткізіп отырдым.Жұмыс күрделі болғанымен  жеті модульді талдау қиындық тудырмады. Бізге жұмыс жүргізуге, көбірек уақыт бөлу керек болды.Мұғалімдерден алынған сауалнаманың нәтижесін ескере отырып коуч-сессия жоспарын құрдық.  

Коуч сессия тақырыбына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау». Мұғалімдерден сауалнама алғанда олардың көпшілігі бағалаудың түрлеріне мән бермейтіндіктерін көрсетті. Тәлім алушылар коуч-сессия өткізу үшін өздерінің осы модульді жете меңгеруі керектігін түсіндіріп  МАНнан (23-27;46-48 б.б.) тапсырма беріп отырдым. Тапсырмаларға талдау жасалып, коучинг және  тәлімгерлік үдерісін іске асыру үшін тәлім алушылар өздерінің коучингтік жоспарын  әзірледі, олар  коучинг сессия тақырыбын «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін алды. Себебі сауалнама нәтижесіндегі анықталған олқылықтардың, кемшіліктердің бірі бағалау үдерісі болатын.

Коуч сессияның мақсаты: «Оқыту үшін бағалау және оқытуды,критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру,формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету».   

Күтілетін нәтиже:Коуч сессия қатысушылары формативті бағалауды күнделікті пайдалану арқылы оқу үдерісін жақсарту,оқушыларды қызығушылығын арттыруға,оқытуға жетелейді.   

Түйінді идеялар:Формативті бағалаудан суммативті бағалауға өту сатысын ескеру.  

Коуч сесияда мұғалімдерден кері байланыс алынды.  

Тәлім алушы Lesson study-ды қатысушылармен талдап,бұл зерттеу туралы мұғалімдердің жеке ойларын,біздің мектепте қолданудың қаншалықты нәтижелі болатыны жайлы ой бөлісіп пікір алмасты,ой қозғады. «Ойлау пирамидасы» стратегиясын пайдаланып қатысушыларға рефлексия жаздырды.  

Екі тәлім алушылардың да өткізген коуч сессиялары қатысушылар көңілінен шығып,қызығушылығын тудырды. Олар өздеріне екі коучерлер таңдап алды.Тәлім алушылар коучингке қатысқанда алған тәлім-тәрбиесін коучерлеріне өткізуі керек. Екеуі бірлесіп коучинг жоспарын құрды.Коучинг жоспарына жеті модульді,оқыту мен оқудағы бағалаудың түрлері,тізбектелген сабақ жоспары,ОМЖ,ҚМЖ  құру жолдарын үйретуді жоспарлады.Тәлім алушылар өз коучерлеріне үдеріс жолдарын жүзеге асыру үшін кездесу уақытын, сабақ өтетін сыныптарын, орнын белгіледі. Коучинг үдерісінің өткізуде тәлім алушыларда біршама кедергілерге жолықты.Коучерлердің бетпе-бет кездесуге уақыттары сәйкес келмеді,тек барлығының сабақтары аяқталған кезде ғана жүздесіп жүрді.Сол себептен тәлім алушылар екеуінің коучерлерінің бастарын қосып үдерісті бірлесіп өткізді.Жоспар бойынша атқарылатын іс-шараларды бөлісіп алып өтті.

Коучинг үдерісінің мақсаты:Оқыту мен оқу үдерісіне оқыту үшін бағалауды іс- тәжірибеге енгізу.

Күтілетін нәтиже:Формативті және суммативті бағалау түрлерін оқыту барысында қолданады,формативті бағалаудан жиынтық бағаға тиімді түрде өту дағдыларын үйренеді.

Тәлім алушылар үдерісте басымдылық ретінде топтық жұмысты меңгерту және тиімді қолдана білуді басты басымдылық етіп алды. Коучинг үдерісі кезінде коучтар мен коучерлер зерттеу жұмысына қай сыныпты алатындығы туралы ақылдасты.

Оқушыларды зерттеу мақсатында 7 «А» сыныбын алуды жоспарланып отыр, себебі  зерттеу әдіс-тәсілі ретінде «Lesson study»зерттеуін жүзеге асыру мақсатында таңдап алынған коучерлердің барлығы осы 7 «А» сыныбына сабақ береді.«Lesson study» зерттеу әдісін жүргізу үшін тәлім алушылар төрт сабақтан сабақ беруді жоспарларына енгізді.Алдымен орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарын құрып алып, жоспарға өтілетін сабақтар тақырыптары, оқып үйренудің негізгі мақсаттары, қолданылатын әдістәсілдері, жеті модульдің элементтері енгізіліп, сергіту сәттерінің түрлері, ресурстар, атқарылатын ісәрекеттер, қолданылатын бағалау түрлері, өтілетін уақыты енгізілді. Әр сабақ тақырыбына ҚМЖ жасалды, оған барлық атқарылатын ісәрекеттер толығымен түсіндіріліп жазылады. Сабақ 45 минутқа жоспарланды. «Lesson study» зерттеу әдісін қолданып оқушыларды зерттеу үшін тарих және физика пәндеріне жоспар құрылып, зерттеу жүргізілетін А,В,С деңгейдегі оқушылар таңдап алынды. А деңгей өте жақсы оқиды,бірақ стандарттан тыс тапсырманы өз бетінше орындамайды, В деңгей жақсы оқиды ашық, С орташа оқиды жасқаншақ, қызығуы төмен. Бұл 7 «А» сыныбын таңдап алған себебім сыныпта А,В,С  деңгейдегі оқушылар саны көп, ол сауалнама алынған кездеде байқалды.Қорыта келгенде менің мектептегі тәжірибедегі зерттеу жұмыстарым жалғасын табуда. Джеймс «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамытуға кірісіп кетті.  

Мақсатқа жету жолдары жүйелі жоспарланды,жоспардың біразы іске асты әріптестер арасында ынтымақтастық орнады, қызығушылық бар.  

Коучинг жоспарлауда  мектептегі мұғалімдерді ойландырған  қандай сұрақтар барын білу мақсатымен  «құпия жәшік» әдісін пайдаланып, өздерін ойлантқан сұрақтарын жәшікке салуларын өтіндім. Кейін анықталғандай мұғалімдерді мазалайтын сұрақтар өте көп. Бәріне жауап тапқысы келеді. Қызығушылық басым. Бұл біздің мұғалімдеріміздің білуге ұмтылуын, кедергілерден шығу жолын іздестіретінін, мақсаттың бар екенін көрсетеді. Сұрақтардың басым бөлігі сыныптағы оқушы мен мұғалімнің сабақ үдерісіндегі әрекетіне бағытталған. Оқушыларды топтаудың тиімді жолдары қандай,  топта оқыту пайдалы ма, ашық сұрақтарды қоюдың қолайлылығы қандай, топтағы оқушылардың сабақ үдерісіне толық қатысқанын қалай анықтаймыз, деген сұрақтарға басымдық беріліпті.  Іс–әрекеттің барысында осы сұрақтарға өздері бірге жауап табатынын, соңында табысқа бірге жететінін білетіні әзірше құпия бола тұрды.           

Оқыту мен оқудың озық тәсілдерін меңгермей оқушыға сапалы білім беру мүмкін еместігі дәлелденуде.Үйренсем, білсем, қолдансам деген мақсат тек оқушыда ғана емес, ұстаздарда да болу керек. Ұдайы оқу болмаса жан-жақты, сапалы маман болу мүмкін емес.Табыстың жоғары деңгейіне ойлау арқылы жетуге болады. Біздегі оқыту ойланудан гөрі механикалық жаттауға,  өзіндік пайымдалмаған     дайын жауаптар берумен шектеледі. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде.Оқушыдан да жауап беру барысында  ойлануды,пайымдауды күту керек.Неге үйретсек,нені талап етсек соны көре білуге дағдылану қажет деп ойлаймын. Мұғалімдермен жүргізілген коучинг, тәлімгерлік барысында олар осы үздіксіз оқу әрекетінің бір үлгісін іске асыра алады.         

Тәжірибенің екінші аптасында топ мүшелерімен бірге қысқа мерзімде коучинг жоспарын құрып, өзімнен басқа тәжірибеден өтуші екі әріптесімнің тобымен жоспарларымызды алмастырып, пікірлестік. Үш топтың талдаған, ұсыныс енгізген, мақұлдаған,бірлесе қайта жоспарлаған коучинг жоспары іске асырылатын болды. Мақсаты: топта жұмыс арқылы мәселені шешу жолдарын қарастыру. Осы арқылы  мұғалімдер жаңа тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізу және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды игереді.Мұғалімдерде бұрыннан бар қабілеттерге бағыт бере отырып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесуге және қиындықты жеңудің жолдарын қарастыруға бағытталған коучингтің мақсаты мен күтілетін нәтижесі де бір-бірімен байланысты, әрі қолжетімді болуына басымдылық көрсетілді. Ол  үшін тәжірибелі мұғалімдерді, сонымен бірге осы курстың үшінші деңгейін меңгерген мұғаліммен бірлесе отырып,  мұғалімдерден алынған сұрақтар бойынша талдау жасадық. Жоспарлау барысында мектеп мұғалімдеріне қандай әдістемелік көмек беруге болатыны туралы әріптестер пікірі сараланды. Қиындық келтіретін мәселелеріне назар аудардық. Коуч  әріптестеріне өзгеруге көмектесу үшін өзінің  шешендігін, ұйымдастыру, жаңаша ойлау қабілетін, бағыттаушы сұрақтарды қоя білу мүмкіндіктерін пайдаланады. Коучингке қатысушылар ерікті түрде таңдалды. Ең бірінші қызығушылықтары бойынша қатысты. «Сыныптағы топтық жұмыстың маңыздылығы және  бағдарлама мазмұнымен таныстыру» коучингін жоспарладық.  

Енді екінші коучингке толық тоқталып өтемін. Коуч-үшінші деңгейлі мұғалім.  

Біздің жоспарымыздың мақсаты:

1.Оқытудың жаңа тәсілдерін  сабақ үдерісінде қолдана білуді қалыптастыру.

2.Топта жұмыс жасай  отырып, ашық сұрақтар қоюға бағытталады.  

Коучингтен күтілетін нәтиже:

1.Топты құра отырып, жұмысты  жоспарлайды. Топтық жұмыстың мақсаты  туралы түсінік қалыптасады.

2.Мұғалімдер бірлескен  іс-әрекет арқылы топта жұмыс жасайды, топтық жұмысты талдау кезінде түсіндірме береді. 

Коучингтің табыс критерийі: Мұғалімдер топтық жұмыс істеу тәсілін тәжірибеге енгізеді. Қатысушылар пікірлерін дәлелдей отырып, әдістің тиімділігін дәлелдейді, қолдана біледі. Коуч ұсынысынан мұғалім өзіне қажеттісін алады, қорытынды жасайды.  

Екінші коучингке қатысушылар саны біріншідегіден көбірек болды. Оның себебін мұғалімдер былай түсіндірді: бірінші коучингке қатысуға уақытты реттей алмадық десе,кейбірі қатысу маңызды емес,босқа уақыт өткізгім келмейді деген болатын. Ал бүгін келу себептерін  кері байланыс кезінде ашық жазыпты.  Бір әріптес: «коучинг деген керемет әріптестік әрекет екен. Мен өткен жолы келмегеніме өкінемін. Қатысқан әріптестерімнің коучинг туралы пікірлерін естіп, өз көзіммен көргім, не екенін түсінгім келді»-депті. Екінші мұғалім:«коучингтің бұрынғы тренингтен айырмашылығы қатысушылардың барлығы қозғалыста болады екен. Бір еркіндікті сезіндім, қателесемін деп қауіптенуді естен шығардым,өйткені топта сені ешкім шетке қалдырмайды»-деген. Бұл пікір «Мерсер/2005/ құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан»деген пікірді растайды.         

Коучинг топтасу кезеңімен басталды. Мұғалімдер түстер бойынша топтасып, өздеріне жағымды ахуал қалыптастырды.  Өткен коучингтен топта жұмыс жасау ережесін еске түсірді.

«Кедергілерден өтіп мақсатқа жету жолдары»тақырыбында проблемалық сұрақты үш топқа бере отырып, әңгіме өрбітуде топтық пікірлесу жүргізілді. Топ мүшелері   «кедергіні» теңеулермен  сәйкестендірді. Кедергіні тау, ағын су, тікенді өсімдік ретінде таңдады. Топтың әр мүшелері сұрақ қойып, өз пікірлерін дәлелдеді, бір-бірімен келісімге келе отырып, ойларын постер арқылы қорғады.  

Коучингтегі басты ұстаным қарым-қатынас, ал  коуч-объективті тыңдаушы және бағыттаушы  болды. Коучинг  мақсатқа сай өтті, ал табыс критерийі қаншалықты болғанын қатысушылардың кері байланысымен білуге болады. Қатысушылардың 30%-ы дәл осы тәсілдермен оқуды жақсартамыз дегенге сенбейтіндерін білдірді. Ал 20%-ы тәжірибеде қолданып көру керектігін, асығыс қорытынды жасауға келіспеді. Тек курстың ІІІ деңгейінен өткені ғана қолдану, түсіну, үйрену нәтижені жақсартуға қолайлы екенін білдірді. Алдағы уақытта да мұндай коучингтердің қажеттілігін әріптестер мойындады. Осыншама пайдалы іс-әрекеттерге уақытты ыңғайластыруды мектеп әкімшілігі алдына қоюға келістік.   

Информация о работе Жаратылыстану