Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 09:24, курсовая работа
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
Кіріспе………………………………………………………..………….........3 бет
I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні……………………………………………………...........5 бет
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы……………………………....…....9 бет
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері…………………..............10 бет
II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымактастық педагогика жайлы ұғым……………………….....….15 бет
2.2 Ынтымактастық педагогиканың негізгі идеялары……………..…......19 бет
2.3 Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы……………...........22 бет
Қорытынды………………………………………………………….…...…28 бет
Пайдаланылған әдебиеттер………………
Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес
оқыту мақсаты мен білім
Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін ғылыми негізделген жүйе құру.
Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар құрастыру.
Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру.
Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру, білім тәрбие беру жұмысына даярлау.
Болашақ
мұғалімдерді негізгі педагогикалық
мәселелердің, проблемалардың шеңберіне
енгізу, педагогикалық дүниетанымын,
өскелең ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің
қиын да қызық, күрделі де қарама қайшы
құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық
сенімі мен қызығушылығын
Педагогикалық заңдылық:
Педагогикалық
заң – педагогикалық
Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие, білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы, педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстар мен шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу – тәрбиелік сипатын айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы .
Белгілі бір ғылыми ақпаратты пайдалана отырып, педагогикалық процесті жетілдіру жолдарын саналы, мақсатты іздестіру.
Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және түрлі ғылыми – педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың жиынтығы.
Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін тигізетін тәсілдер.
Зерттеу әдістері – (методтары) – болжамды гипотезаны дәлелдеу мен тексеруне арналған зерттеушілік іс -әрекеттің, қызметтің, істің жобасы моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсызығы.
Зерртеу әдістемесі (методика исследования) – мәселені толық және дұрыс шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі.
Метод әдіс – (путь исследования) теории, учение.
Зерттеу жолы.
1. Әдебиеттерді,
ғылыми еңбектерді, монографиялар
мен құжаттарды, педагогика, психология
классиктерінің еңбектерін
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды жазып алу.
2. Педагогикалық
процестің қарама
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді, мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.
3. Әңгімелесу
әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала
белгіленген жоспар бойынша,
4. Интервью
алу әдісі. Интервью
5. Сауал
– сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі
– вербальдық қарым қатынас
негізінде көпшілікте жазбаша
түрде алғашқы әлеуметтік –
психологиялық, педагогикалық
II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1.
Ынтымақтастық педагогика
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ).
"Ынтымақтастық
педагогика" – екінші кездесуінде
(17 қазан 1987 ж). "Тұлғаны демократияландыру",
үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988
ж.) "Жаңарту әдістемесі", төртінші
кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), "Жаңа
мектепке кіреміз", тақырыптары
бойынша эксперимент
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек ғана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, «біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды,» - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттіктердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балдарды ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш компоненттеріне (білім, іскерлік, дағды ) сүйену тағы басқа. Осының салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл – ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулер
ынтымақтастық педагогиканың
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық
педагогика – бұл тәрбие мен өзін
өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен
балалардың шығармашылық еңбегінің
диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке,
жоғары оқу орнына жаңа кадрларды
дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын
орындау үшін ынтымақтастық педагогика
керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің
ғылыми педагогикалық теория мен
озат педагогикалық тәжірибенің
нәтижесімен қарулануына
2.2.
Ынтымақтастық педагогиканың
Тәрбие мақсатын жүзеге
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар:
- тәрбие мақсатының реализм идеясы;
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
- өзін өзі талдау (анализдеу идеясы);
- бала күнінің жартысы;
- қиын мақсаттық идеясы;
- сүйеніш идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- ата – аналармен ынтымақтастық;
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- өзін - өзі сыйлау идеясы;
- өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа.
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы "Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада" және "Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған". Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты – адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет – бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.