Ынтымақтастық педагогиканың негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 09:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..………….........3 бет

I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні……………………………………………………...........5 бет
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы……………………………....…....9 бет
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері…………………..............10 бет

II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымактастық педагогика жайлы ұғым……………………….....….15 бет
2.2 Ынтымактастық педагогиканың негізгі идеялары……………..…......19 бет
2.3 Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы……………...........22 бет

Қорытынды………………………………………………………….…...…28 бет

Пайдаланылған әдебиеттер………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

пед курстык жумыс.docx

— 66.35 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

 

 

Кіріспе………………………………………………………..………….........3 бет

 

I. Педагогика туралы жалпы ұғым

1.1 Педагогика  пәні……………………………………………………...........5 бет

1.2 Педагогика  ұғымдағы тәрбие ұғымы……………………………....…....9 бет

1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері…………………..............10 бет

 

II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері

2.1 Ынтымактастық  педагогика жайлы ұғым……………………….....….15 бет

2.2 Ынтымактастық  педагогиканың негізгі идеялары……………..…......19 бет

2.3 Ата –  аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы……………...........22 бет

 

Қорытынды………………………………………………………….…...…28 бет

 

Пайдаланылған әдебиеттер………………..……………………..…....…31 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында  педагогика ғылымының зерттейтін негізгі  мәселелері, проблемалары:

  • қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
  • Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
  • Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
  • Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
  • Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
  • Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
  • Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта  алатындығын зерттеу проблемасы;
  • әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;
  • тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
  • ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы;
  • кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
  • политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім берудің өзара байланыстылық проблемасы;
  • оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
  • нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Педагогика туралы жалпы ұғым

1.1. Педагогика пәні

 

Педагогикалық ұғымдар арқылы  педагогикалық  құбылыстар, олардың өзара байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.

Педагогика  – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» - бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші» - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.

          Көп жылдар бойы ұйымдастырылған  тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан,  педагогиканы бала тәрбиесі туралы  ғылым деп атады. 

  • тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы.
  • Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
  • Адам тәрбиесі туралы ғылым.
  • Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес  оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.

Педагогика  ғылымының пайда болуы мен  қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті  сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты  өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау  негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.

Педагогика  пәні – ғылым танымдық сала ретінде  педагогика пәнінің зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі –  тәрбие.

  • оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие, оқыту мен білім беру.
  • адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
  • Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу  қызметінің теориялық және әдістемелік негзін құру.
  • адамның адамды тәрбиелеуі.
  • Тәрбиелік іс - әрекет.
  • Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.

Педагогиканың категориялары:

Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім  тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу  және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық  методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.

 

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Шектес (үндес, аралық) ғылымдар (смежные науки)

 

                                 Психология және оның салалары


                                 Социология

                                 Философия


    Педагогика         кибернетика


                                  медицина

                                  биология, адам анатомиясы, физиологиясы  және 

                                  гигиенасы

                                  этика және эстетика

                                  әдебиет, әдебиет тарихы және  фольклор

                                   тарих


                                   этнография

                                   археология

                                   экономика

                                   тектография

 

Педагогика  ғылымының әдіснамалық мәселелерін  қарастыруды ғылымдардың интегрцаиялық  өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің  көптеген аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың жетістіктерін пайдалану керек.

Жалпы педагогика негіздері кез-келген жасаралығындағы  немесе тәрбиенің кез келген саласындағы  тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын  зерттейді.

Мектеп  жасына дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым.

 

Арнайы педагогика (дефектология)


 

Олигофренопедагогика  Сурпопедагогика  Тифлопедагогика  Логопедия 

Дефектология  – (лат, кемістік туралы ілім) – дене және психикалық кемшілігі бар балалардың психологиялық физиологиялықдаму  ерекшелігі туралы ғылым.

Дефектологияның -, арнайы педагогиканың міндеті  – жүйелі түрде балалар дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында  жүреді.

Сурпопедагогика – саңырау немесе құлағының мүкісі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналысатын  педагогиканың саласы.

Сурпопедагогика – латынша (Surdus) глухой,  саңырау  және нашар, мүкіс еститін балалар  мен ересектердің психикалық дамуы  мен жетілуін оқыту, білім беру, үйрету,, тәрбиелеу арқылы реттеу мүмкіндігін  қарастыратын арнайы педагогиканың  саласы.

Тифлопедагогика – зағип, соқыр, көз жанары зақымданған, зақип балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.

Қазіргі кезде тифлопедагогика ғылыми негізделген  ережелер мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, түрлі жас аралығындағы көз жанарлары ауыр зақымданған  балалардың көру органының бұзылған қызметін алмастыру, толықтыру, реттеу,(компенсациялау) механизмі мен даму ақауын жою  жолын болдырмау, алдын алу шараларын қарастырады. Жеке дара оқытудың мазмұны мен әдіс – тәсілдерін белгілейді.

Арнайы  оқыту негізінде балалар жалпы  ғылыми пол техникалық білім негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын  алады., іс-тәжірибе дағдыларын игереді.

Олигофренопедагогика -  ақыл және педагогика ақыл – ойының дамуы жағынан кемшілігі бар  балалармен жұмыс істейтін педагогиканың  саласы.

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.2. Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы

 

     Тәрбие, білім беру, оқыту, даму, қалыптасу,  педагогикалық процесс.

Тәрбие  -  нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара ықпал  қызмет ету  процесі.

  • қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақты оны меңгеруі.
  • Жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.
  • Ғылыми дүниетанымын, көзқарасымен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процессі.
  • Жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп , оларға қоғамдық тарихи тәжірибені ауыстыру процесі.

Оқыту :

      • оқушыларды жүйелі біліммен, іскерлік және дағдылармен қаруландыратын, олардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру, санасы мінез құлқына, дүниеге көзқарасына, сеніміне әсер етуге бағытталған оқытуш мен оқушы арасында оқыту мен оқу өзара тығыз байланысты, мақсатты, жүйелі жүргізілетін педагогикалық процесс.
      • Мұғалім мен оқушы әрекеттестігінің барысында білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруге жағдай жасайтын мақсатты процесс, оқушыны тәрбиелеу мен дамыту да жүзеге асырылады. Бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде  өзара әрекет жасау процессі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру, адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.

Білім беру:

      • оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
      • Оқушылардың жалпыланған қоғамдық – тарихи тәжірибені  игеру және меңгеру процесі мен нәтижесі. Адам баласы жасағаан білімдер жүйесін игеруді, соның негізінде дүниеге көзқарасты, таным білім қабілетін, сана сезімін, мінез құлқын қалыптастыру.
      • Арнайы оқу сабақтарында ұйымдастырылатын мақсатты оқыту процесін ғана қастып қоймайды, өздігінен, әртүрлі хабар деректеррімен білім алуды да қамтиды. Білім беру – кең әлеуметтік мағынада тәрбиелеудің құрамды бөлігі.

Педагогикалық процесс  жеке тұлғаны жан-жақты жарасымды дамыту үшін мұғалім мен оқушының, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің бірлестікте, ынтымақтастық, өзара байланысты, мақсатты, бағытты жүргізетін қызметі.

Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің іс – тәжірибеде оқу тәрбие жұмысы процесінд алған білімнің, іскерлігінің, дағдысының жиынтығы.

Бірыңғай педагогикалық талап  - отбасы мен мектеп үшін педагогикалық ұжым жасаған оқу-тәрбие жұмысының жалпы бағыты.

Педагогика  құрылымы


 

Педагогиканың жалпы негіздері


Тәрбие  теориясы


 

Дидактика (оқыту  мен білім беру теориясы)


Мектептану 

 

 

          Педагогика ғылымының жүйесі - педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды.

Педагогика  ғылым ретінде зерттеу объектісініе, бағытына, қарастыратын мәселелеріне, профиліне, кәсібіне, саласына, жасаралығына, денсаулығы мен даму, жетілу деңгейіне  сәйкес жіктеліп, жүйеленіп ғылыми салаларға бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

1.3. Педагогиканың қазіргі кезеңдегі  міндеттері

 

Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз білім  берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру.

Ғылыми  техникалық прогрестің қазіргі заманғы  даму дәрежесіне сәйкес ғылыми білім  негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік  деңгейін көтеру.

Оқыту мен  білім берудің, тәрбенің сапасын  түбегейлі жақсарту. Арнайы ұйымдастырылған  тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары мен  мәнін зерттеу.

Информация о работе Ынтымақтастық педагогиканың негіздері