Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 07:53, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі: Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі: арнайы және жалпы логикалық білімдер.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Бөлім Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде.
1.1Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы...........................................................5
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде...............................................8
II. Бөлім Ян Амос Каменскийдің дидактикаға қосқан үлесі.
2.1 Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.......................11
2.2 Ян Амос Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.............................13
2.3 Ян Амос Коменскийдің оқыту теориясы......................................................15
2.4 Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны...........................18
2.5 Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісі..20Қорытынды............................................................................................................23 Әдебиеттер тізімі......................................................................................................
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Құсайын Айнаш.docx

— 99.92 Кб (Скачать документ)

 Демек, бұл сол кездің  өзінде ана тілін оқытуға негізделген  бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы  болып табылады. Ана тілі мектебінің  ортағасырлық мектептерден ерекшелігі  ортағасырлық мектептерде барлық  оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш  мектептегі оқыту тек ғана  ана тілінің негізіне сүйенді.

 Латын мектебін немесе  гимназия ұйымдастыруды Ян Амос Коменский әрбір қалада белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән “жеті ерікті өнерлермен” ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше мән берді.

 Академияда Ян Амос Коменский сол кездегі жоғары оқу орынары тәжірибесінде кеңінен қолданылған үш факультетті ұйымдастыруға, діни, заңгерлік және дәрігерлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ян Амос Коменский негізін салып кеткен сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісін ашу.

Зерттеу жұмысының міндеті: Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесін Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесімен салыстыра отырып, сынып-сабақ жүйесінің қаншалықты сақталғанын тексеру.

Зерттеу жұмысының әдісі: салыстыру.

Зерттеу жұмысының нысаны: Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесі.

Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің бөліктері:

•  оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

•  оқушыларды сыныптарға бөлу;

•  әр сыныпқа бір бөлме беру;

•  күніне 4 сабақ өткізу;

•  әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

•  қоңыраудың соғылуы;

•  тәртіп;

•  бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;

•  сабақты күзде бастау.

 

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесінің сынып-сабақ жүйесінің бөліктеріне сәйкес бөліктері:

•  оқушылар мектепке белгілілен уақытта келеді, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатылмайды;

•  оқушылар белгілі бір шарттарға байланысты сыныптарға бөлінеді;

•  әр сыныпқа бір кабинет беріледі;

•  күніне 6 сабақтан артық сабақ өткізілмейді;

•  әр сабақтың сабақ жоспары болуы шарт;

•  әр сабақ аяқталған сайын қоңырау соғылады;

•  барлығы белгілі бір тәртіпке бағынады;

•  бір сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды;

•  сабақ күздің алғашқы айында басталады.

 

 

Зерттеу жұмысының нәтижесі

Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің бөліктері

 

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесінің сынып-сабақ жүйесінің бөліктеріне сәйкес бөліктері:

 оқушыларды мектепке  белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан  босатпау;

+

оқушылар мектепке белгілілен уақытта келеді, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатылмайды;

оқушыларды сыныптарға бөлу;

+

 оқушылар белгілі бір  шарттарға байланысты сыныптарға  бөлінеді;

әр сыныпқа бір бөлме беру;

+

әр сыныпқа бір кабинет беріледі;

күніне 4 сабақ өткізу;

-

күніне 6 сабақтан артық сабақ өткізілмейді;

әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

+

әр сабақтың сабақ жоспары болуы шарт;

қоңыраудың соғылуы;

+

 әр сабақ аяқталған  сайын қоңырау соғылады;

тәртіп;

+

барлығы белгілі бір тәртіпке бағынады;

бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;

-

бір сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды;

сабақты күзде бастау

+

сабақ күздің алғашқы айында басталады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған.Дидактиканың негізгі міндеттері Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.

Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.

Ян Амос Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Ян Амос Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.

Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Ян Амос Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.

Мектеп, Ян Амос Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері. Қ., 2004ж. 40-46        беті.

2. Сластенин Б.А. Педагогика. М., 2002ж.113-125 беті.

3. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1996ж. 10 беті

4. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы баспасы, 2002ж. 25-47 беті.

5. Е. Сағындықұлы. «Педагогика» – Алматы, 1999жыл, 68-74 беті.

6. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. “Педагогика”, А., 2004ж. 215-217 беті.

7. Подласый  И. П. «Педагогика», М., 2000ж. 17-18 беті.

8. Харламов  И. Ф. «Педагогика», М., 1996ж.  46 беті.

9. http://ru.wikipedia.org/wiki/

10. Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» V том 165-174 беті.

11. Журавлев Я. И. «Педагогикалық  ғылым мен тәжірибенің байланысы»  М., 1988 ж. 15-23 беті.

12. Журавлев Я. И. «Педагогика  адам туралығылым жүйесінде»  М., 1988 ж. 105-107 беті.

13. Р. Қоянбаев «Тәрбие теориясы» - Алматы, 1991 жылы. 68-74 беті

14. El.kz әлеуметтік жүйесі

15. .  «Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы» № 3 2009 жылы 6 – 8 беті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қосымша1

Ян Амос Коменскийдің «сынып – сабақ» жүйесінің бөліктерімен Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесінің соған сәйкес бөліктермен салыстырудың нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы