Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 07:53, курсовая работа
Өзектілігі: Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі: арнайы және жалпы логикалық білімдер.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Бөлім Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде.
1.1Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы...........................................................5
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде...............................................8
II. Бөлім Ян Амос Каменскийдің дидактикаға қосқан үлесі.
2.1 Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.......................11
2.2 Ян Амос Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.............................13
2.3 Ян Амос Коменскийдің оқыту теориясы......................................................15
2.4 Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны...........................18
2.5 Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісі..20Қорытынды............................................................................................................23 Әдебиеттер тізімі......................................................................................................
Қосымша
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыгу, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат төжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика коптеген проблемаларды зерітейді. Солардың інінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады:
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастарды жан жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне жәнс кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оку бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі цикілдері кіреді: гылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пондерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқып баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғалым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұгалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік озара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И.П. Волковтың «Творчестваға баулимыз», В.Ф. Шаталовтың «Баршаны да, әркімді де оқыта білейік» еңбектерімде сабақты өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердін идеяларын сабақ үстінде шығармашылықпен пайдалану окыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі.
Қәзіргі кезде еңбек тәрбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы-мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, шеберханалар оқу тәжірибе учаскелері, окушылардың өндірістік бригадалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т.с.с.
Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне игі істер етеді.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялык, процесс т.б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не?
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтижесінің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесі терең берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі — бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған озара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың озара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады.
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны,
сапасы мен әдіс-тәсілдері
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
II-тарау. Ян Амос Каменскийдің дидактикаға қосқан үлесі.
2.1 Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы
Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХV ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХV ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Ян Амос Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Ян Амос Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Ян Амос Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Ян Амос Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Ян Амос Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.
Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі
Ян Амос Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Ян Амос Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Ян Амос Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.
Өзінің тәжірибелік
педагогикалық іс-әрекетін ол
өткендегі және бүгінгі
“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы – дидактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Ян Амос Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
1641-1654 жылдардың аралығында
Коменский Англияда, Швецияда және
Венгрияда болды, ол онда барлық
ғылымдардың энциклопедиясын
2.2 Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
Ян Амос Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.
Сол кезеңдегі материалистік
бағыттар айтқанда, ең алдымен
дүниенің шексіздігі туралы
Ян Амос Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Ян Амос Коменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы. Мәселен, Ян Амос Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.
Ян Амос Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Ян Амос Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.
Гуманизм және демократизм Ян Амос Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Ян Амос Коменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді.
Ян Амос Коменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Ян Амос Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.
Информация о работе Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы