Туркия мен Қазақстан білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 02:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасыньщ Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді… Ең алдымен… елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді», деп атап көрсеткен болатын’.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстанның білім беру жүйесі
2.2. Түркияның білім беру жүйесі
2.3. Қазақстан мен Түркияның білім берудегі ынтымақтастығы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.docx

— 60.66 Кб (Скачать документ)

Одан  әрі төрт жылдық бастауыш білім болып  табылады (6 жастан 10 жасқа дейінгі  балалар үшін), ол 6 жасқа толған балалар  үшін міндетті болып табылады. Бұл  жүйеге мектептердің келесі типтері  кіреді: мемлекеттік, жеке меншік, діни және арнайы. 

Бастауыш  мектептердің көпшілігінде өзінің бірыңғай формалы киімдері енгізілген. Бекітілген стандартты білімге жетпеген мектеп оқушылары жыл соңында оқу  курсын қайталауға міндетті. Түркиядағы барлық мемлекеттік бастауыш мектептер  тегін болып табылады. Солай болса  да, жеке меншік бастауыш мектептер  де бар (ақылы), олар мемлекеттіктен сыныптағы  оқушылар санымен және қосымша қызмет жиынымен айырмаланады .

Бастауыштан кейін орта білім жүреді (10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін). Орта мектептерде оқу 4 жылға созылады.

Одан  әрі лицей (14 жастан 18 жасқа дейінгі  балалар үшін). Лицейлерде гуманитарлық және табиғи-математикалық бағыттарға жіктелу жүзеге асады. Басқаша айтқанда, лицейде оқу 4 жылға созылады және бөлінеді:

• жалпы  білім беретін лицейлер: анатолиялық  жалпы білім беретін лицей, анатолиялық  мәдениет және көркемөнер лицейі, спорттық лицей және ғылыми лицей;

• кәсіби лицейлер: анатолиялық кәсіби лицей, анатолиялық техникалық лицей;

• әлеуметтік ғылымдар лицейі.

Жалпы білім  беретін лицейді бітірген соң  түлектер оқу бітіргені туралы диплом алады, ол арқылы қабылдау емтихандарын тапсырып, кез келген университеттерге түсе алады. Кәсіби лицейді бітірген соң түлектер оқу бітіргені туралы диплом алады және алған мамандығы  бойынша жұмысқа орналаса алады  немесе қабылдау емтихандарын тапсырып, таңдаған кәсібі бойынша жоғары білім  ала алады.  

Кешкілік  мектептер көбінесе көршілес орналасқан немесе орта мектептердің ғимаратында  орналасады. Бұл жерде жұмыс істеушілер үшін бастауыш немесе орта білімін  жалғастыру үшін мүмкіндік беріледі. Кешкілік мектептерде оқу күндізгі мектептердегіге қарағанда бір  жылға артық созылады, ол жоғары білімге тең құқық береді. Орта мектептер мемлекеттік және тегін  болып табылады.

Қазіргі Түркиядағы білім жүйесі батыс елдерінің  жүйесімен ұқсас екенін айта кетейік, тұратын мекен түріне ие кез келген ұлттың балалары мен жасөспірімдері жеке меншік мектептерде де, мемлекеттік  мектептерде де білім алуға құқылы [1].

Университетке қабылдау емтихандарына дайындалу  үшін, жоғары сыныптарды бітірген оқушылар ақылы арнайы жылдық дайындық курстарына (Dershane) қатысады, ол жерде мектепте өтілген  бағдарлама егжей-тегжейлі және тереңдетіліп үйретіледі. Сол уақытта түлек  қатарлас оқи алады (лицейде де, курстарда  да). Осыдан кейін ғана түлек университетке  қабылдау емтихандарын тапсырады [2].

Жоғары  білім (Yükseköğretim) жүйесіне жеке тоқталған  жөн. Түркиядағы барлық жоғары білімдер 2 түрге бөлінеді: бакалавриат и  магистрат.

Білім алуды  аяқтаған соң студент бакалавр немесе магистр деген ғылыми деңгей алады. Түрік ЖОО-ның дипломдары, түріктермен  еуропалық және америкалық білім  жүйелері кіріктірілген болғандықтан, Еуропада да, АҚШ-та да жоғары бағаланатынын  айта кету мағызды.

Университеттерде  оқу екі жылдық немесе төрт жылдық болуы мүмкін. Бірақ, мамандыққа байланысты білім алу мерзімі ұзағырақ болуы  да мүмкін « мысалы, медициналық  білім алу үшін 6 жыл оқу қажет). Оқу ақылы болып табылады (жылына 500-2500 доллардан мемлекеттік ЖОО-да, 10000 долларға дейін  жеке меншік мекемеде оқуға) [2].

Сонымен, түріктік ЖОО-да білім алу екі  сатыдан тұрады. БАстапқы төрт жылдық оқу курсын өткеннен кейін түлек  емтихандар тапсырады және бакалавр деңгейін алады. Одан әрі магистр  деңгейін алу үшін, қабылдау емтихандарын тапсыру қажет (LES Sınavı), оған халықаралық  емтихан TOEFL да кіреді. Белігі бір жағдайларда  сондай-ақ ауызша емтихандардан өту де талап етіледі, ол әдетте профессорлармен қабылданады. Магистр деңгейін алу үшін оқу мерзімі не 1 жылды (оқу белсенді сипатта болады, бітірген соң жоба тапсырылады), не 2 жылды (бітірген соң тезис тапсырылады) қамтиды.  

Түріктік  оқыту жүйесінде ЖОО-да оқудың үшінші сатысы да қарастырылған – докторлық  деңгейді алуға арналған.

Түркиядағы  ең үлкен ЖОО болып Стамбулдағы  университет саналады, оның негізі 1453 жылы қаланған. Сондай-ақ мамандандырылған университеттер де маңызды мәнге  ие [2].:

• Анкарадағы орташығыстық техникалық университет (1956 ж);

• Анкарадағы Хаджеттепе Университеті (елдегі медициналық  қызметкерледі даярлаудың ең үлкен  орталығы);

• шет  аймақтық университетер, жекелеген  экономикалық аудандар үшін мамандар даярлайды: Измирдегі Эгейлік (1955 ж.), Ататүрік атындағы Эрзурумдағы Университет (1957 ж.);

Университтер  оқу жылын екі семестрге ұйымдастырады, бірінші – қыркүйектің ортасынан  немесе қазанның басынан қаңтардың  ортасына дейін, және екінші – ақпанан  маусымның ортасына дейін. 

Түркияда  шәкіртақының 2 негізгі түрі бар:

• премьер-министрдің шәкіртақысы (Başbakanlık Bursu) (оны алу  үшін студен сәйкесінші өтініш жазады). Мұндай шәкіртақының мөлшері айына 150 долларды, немесе 250 түрік лирасын  құрайды. Төлемақының берілген түрі оқудағы жетістіктеріне байланысты қарастырылған және өтеусіз сипатқа  ие;

• жеке меншік шәкіртақы (Özel Bursu) (оны алу  үшін студент сәйкесінше өтініш жазады). Берілген шәкірақы түрі жеке меншік фирмалармен  беріледі;  негізінен, олар да сұраусыз болады (бірақ кейде кейбір фирмалар оқуды бітірген соң студенттердің  «еңбекпен өтеуін» талап етеді.);

Елде  сонымен бірге оқуды кредиттеу  жүйесі бар. Мемлекет студенттерге кредиттердің 2 негізгі түрін ұсынады:

• білім  алуға кредит (Öğrenim Kredisi);

• білім  алуға байланысты тұтынушылық қажеттіліктерге  кредит (тұратын орынға, тамақтануға, оқулықтар алуға, кеңсе тауарларына  және т.б.). Бұл кредиттерді түлек  оқу мекемесін бітірген соң 2 жылдан кейін мемлекетке қайтарады.

ЖОО оқу  күндізгі (Gündüz Öğretim) және кешкі (Gece Öğretim) болып бөлінеді. Бұл кезде күндізгі оқу кешкіге қарағанда арзанырақ  тұрады.

Түркия  университетерінде оқу, Еуропаның  басқа елдеріндегі сияқты тар  шеңберде мамандандырылған болып табылады, және университеттерді бітірген соң  түлектер кәсіби қызметке дайын болады. Университетті бітірген соң түлек  өз мамандығы бойынша оқуын жалғастыра алады және машықтанудан өтіп, ЖОО-на мұғалімдік қызметке жұмысқа орналаса алады. Түркияда ЖОО бітіргені туралы диплом Еуропа мен АҚШ барлық университеттерімен қабылданады, бұл жас мамандарға шетелдегі жұмыс тәжірибесімен  өз мансабын бастауға мүмкіндік береді [2].

Түркиядағы  қазіргі білім жүйесі сапала жетілдіруді  қажет етеді. Қазіргі уақытта  түріктік білім жүйесіне тән негізгі  мәселелерді атап өтуге болады.  Аналитиктер белгілегендей, ең алдымен, оқушылардың оқу дағдысы мен  ойлауын дамытуға қабілетсіздігі, халықаралық  тестілеулерде көрсетілетін дайындықтың  төмен деңгейі. Өкімет тарапынан  болатын күш салуларға қарамастан, мектепке дейінгі білім алі әлі  де толық таратылмаған. Осылайшы, Стамбулда 5-6 жастағы балалардың 27 % мектепке дейінгі  мекемелерге бармайды. Оның себебі – бөлінетін мемлекеттік қаржының тапшылығы. 2006 жылы білім беруге бюджеттік  қаражаттандырудың үлесі 4 %, 2009 ж. - 3,9% құрады, ал 2013 жылға ол көрсеткіш 3,8 % дейін төмендейді деп күтілуде. Білім беруге бөлінетін бюджеттік  қаржының деңгейі  6 % кем емес мөлшерді құрайды [4].

Бұдан басқа, елде бастауыш білім алмаған балалар  қалып отыр, бірақ жыл сайын  бұл сан төмендеп келеді. 6 жастан 13 жасқа дейінгі топты бастауыш біліммен қамту деңгейі 98,4% жетті, бірақ  соның өзінде бастауыш мектепке 70 мың  түрік балалары бармайды.  

Түркияда бар білім  жүйесінің тағы бір кемшілігіне  әлі де сақталып келе жатқан білім  берудің төменгі стандарттарын  жатқызуға болады. Бұл мәселе елдің  шығыс аймақтары үшін ерекше көкейтесті болып табылады, ол жерлердегі мектептерде  педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер жұмыс жасайды. Бұл сондай-ақ, соңғы  бес жылда педагогикалық факультетті  бітіруші түлектер санының 70 пайыздан 51 пайызға төмендеуімен де байланысты.

 

 

2.4. Қазақстан мен Түркияның білім берудегі ынтымақтастығы

Түрік Республикасымен білім  беру саласындағы ынтымақтастық                   1992 жылдан бастап жүзеге асырылады.

1997 жылғы 4 наурызда Анкара  қаласында Қазақстан Республикасы  Білім министрлігі мен Түрік  Республикасы Ұлттық білім министрлігінің  арасында білім беру саласындағы  ынтымақтастық туралы хаттамаға  қол койылды. 

Аталған хаттамаға сәйкес, Түрік Республикасының Үкіметі  тарапынан жыл сайын Түркияның  ең үздік оқу орындарында оқу  үшін Қазақстан Республикасының  азаматтарына квота бөлінеді. 2010 жылы 125 орын берілді. Қазақстан тарапы бакалавриат, магистратура мен аспирантура бағдарламалары бойынша басым мамандықтар тізімін  өзі анықтайды.

2007 жылғы мамырда Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым  министрлігі мен Түркия Республикасы  Ұлттық білім министрлігі техникалық  және кәсіптік білім саласындағы  ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды. 

2009 жылдың 22 қазанында Анкара  қаласында Қожа Ахмет Яссауи  атындағы халықаралық қазақ-түрік  университеті қызметінің шарттары  туралы келісімге қол қойылды. 

2007 жылдың маңызды бір  оқиғасы – Астана қаласында  «НұрОрда» атты қазақ-түрік лицей-кешенінің  ашылуы. «НұрОрданың» бұрын ашылған  қазақ-түрік лицейлерден айырмашылығы  – онда оқушылар 1-сыныптан бастап  оқытылады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі  даярлау бағдарламасы жүзеге  асырылады. 

Барлық білім беру мекемелері компьютерлік техникамен, мультимедиалық оқыту жүйесімен жабдықталған. Кітапханалары  қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі оқу, ақпараттық, шығармашылық әдебиетке  толы.

Қазақ-түрік лицейлерінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, сондай-ақ “KATEV” халықаралық білім беру қоры мен оқушылардың ата-аналары  қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.  «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы мәдениет пен білімді дамытуға қосқан үлесін білдіретін екі мемлекеттің арасындағы келісім мен достық көпірі.

«KATEV» қоғамдық қорының шақыруымен ағымдағы жылдың 22-25 маусымында Маңғыстау  облысының білім басқармасы басшысы  Д.Н.Жұмашеваның басшылық етуімен  мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  мамандары Стамбул қаласына (Түркия) барып келді.

Іс сапардың мақсаты-Түркиядағы білім  беру бағдарламаларымен танысу, технологияның  дамуы мен білім саласында  тәжрибе алмасу болып табылады.

Делегация бірнеше білім беру мекемелерінде, оның ішінде «FATIH KOLEЛ» білім мекемесінде  болып бүгінгі таңда облыстағы  білім жүйесінің өзекті мәселелерінің  бірі техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарында  дуалдық оқыту жүйесіне көшуге байланысты өзекті мәселелерді талқылады. 

Делегация Халықаралық қордың ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының экспозициясына құрметті орын бөлінген Түркияның ұлттық мәдени орталығында болды. 

 

Екі ел университеттері арасында тікелей қарым-қатынас жылдан-жылға  нығаюда. Түркістандағы Қожа Ахмет  Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университеті, Алматыдағы Сүлеймен Демирель атындағы мемлекеттік емес университеті, Жамбылдағы есеп-кредит-экономикалық колледжі, «Достық» білім беру орталығы, «Шахлан» атты Қазақстанда тұратын  және жұмыс істейтін Түрік азаматтарының  балаларына арналған бастауыш мектебі  жемісті қызмет етуде.

2009 жылы Түркістанда түрік  тарапының қаржысына Халықаралық  қазақ-түрік университетінің медициналық  факультетінде 40 млн. АҚШ долларына  клиникалық-диагностикалық орталық  ашылды. Емхананың жабдықталуы медициналық  қызмет көрсету саласының барлық  халықаралық стандарттарына сай.  Алдыңғы қатарлы шетел университеттеріндегі  медицина бөлімдерінің тәжірибесіне  сәйкес, бұл орталық та Түркиядан  озық мамандарды шақырып, оқу  мен емдеу үрдістерінің ықпалдасуын  жоспарлайды. 

Түркияның Жоғары білім кеңесінің  деректері бойынша, 1992 жылдан бастап бүгінге дейін Түркияның оқу  мекемелерінде 3150 қазақстандық студент  оқыды.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының жоғары оқу орындарында  Түркияның 490 азаматы оқиды. 2009-2010 оқу  жылдары Қазақстанның жоғары оқу  орындары Түркияның 92 азаматын оқуға  қабылдады. 2009 жылы 124 түрік азаматы  қазақстандық оқу мекемелерінде  оқуды бітірді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Назарбаевтың 2009 жылғы  Түркияға ресми сапары кезінде Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Түрік Республикасының Үкіметі  арасында ғылым мен техника саласындағы  ынтымақтастық туралы келісімге  қол қойылды.

2010 жылғы 25 мамырда Астана  қаласындағы Бейбітшілік және  келісім сарайында «Түркі өркениеті:  кезеңдерді байланыстыратын буын»  атты халықаралық еуразиялық  конгресс өтті. Конгрестің бағдарламасы  шеңберінде ғылыми-зерттеу орталығының  – Түркі академиясының тұсаукесері  назарға ұсынылды. Ашылу рәсіміне  Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев пен Түрік Республиканың  Президенті А. Гюль қатысты. 

Информация о работе Туркия мен Қазақстан білім беру жүйесі