Туркия мен Қазақстан білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 02:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасыньщ Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді… Ең алдымен… елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді», деп атап көрсеткен болатын’.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстанның білім беру жүйесі
2.2. Түркияның білім беру жүйесі
2.3. Қазақстан мен Түркияның білім берудегі ынтымақтастығы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.docx

— 60.66 Кб (Скачать документ)

Техникалық жəне кəсіптік білім

ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін,  еңбек нарығының сұраныстарын жəне экономика мен əлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

2010  жылғы 1  шілдедегі  жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика  деректері бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті, оның ішінде 306 кəсіптік лицей, 480 колледж.  Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы білім беретін мектептерді  бітірушілердің 32,7 %-ы  кəсіптік лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан

кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін  – 7,9 %.

ТжКБ оқу орындарында 609  мың адам,  оның ішінде 36,3 %-ы  ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық жəне 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар еңбек нарығында  кəсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия жəне жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық- техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.

Жоғары деңгейде білім  беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа

салаларына ауысуына себеп  болуда.

Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.

Аз қаржыландыру жəне мемлекеттік  білім беру тапсырысы бойынша бір маманды оқытуға кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.

Бұдан басқа үздіксіз білім  алу жəне біліктілігін өмір бойы арттыру мəселелерін шешу қажет.

Білімге негізделген экономика  жəне қоғам, өмір бойы оқыту – бəсекеге қабілеттілік пен  жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің,

əлеуметтік бірлікті, тең  мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тəсілдері болуы тиіс.

 

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне ғылым

Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті жəне бəсекеге қабілетті мамандарды кəсіби даярлауды қамтамасыз етуде,  ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта 148  жоғары оқу орны (9  ұлттық, 2  халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды. Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нəтижелеріне жауап бермейді жəне экономика талаптарына сəйкес келмейді.

Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды  жасырын фактор жемқорлық болып  табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты  тиімді болмайды. Жоғары оқу орындарын  кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс  орын алған:  профессор-оқытушы құрамын  жүйелі даярлау жоқ,  қоса жұмыс  атқару кеңінен таралған.

Қазақстанның жоғары оқу  орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар  бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды.

Көптеген пəндер бойынша  оқулықтар əзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының  ақпараттық ресурстары біріктірілмеген,  кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа  ие.

Қазіргі уақытта білім  беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік  қолдаудың қазіргі тетіктері  жеткіліксіз.

Білімді, ғылымды жəне өндірісті  біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі  білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде  экономиканы дамытудың басым  бағыттарының бірі болып табылады. Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Ескірген материалдық-техникалық база жəне зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік  бермейді.

Жобалау институттары мен  конструкторлық бюролар санының  жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бəсеңдетеді.  Жобалау  институттарының, конструкторлық бюролардың жəне өндірістің жоғары оқу орындарымен  өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.

Жастарды ғылымға тарту  үшін жағдайлар жасалмаған.  Кадрлардың қартаюы байқалады. Ғылыми қызметкерлердің  орташа жасы – 55-те.

Қазақстанның жоғары оқу  орындарының ғылыми əлеуеті аса  тиімсіз пайдаланылады.

Білімнің,  ғылымның жəне өндірістің арасындағы байланыстың  нашарлығы мына себептерге негізделген:

  • жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;
  • жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;
  • ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай əрекет етуге,  өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс əкімшілендіру;
  • жеке меншік сектордың білімді,  ғылымды жəне инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру  шараларының болмауы.

Қазақстанда əзірлемелерді  орындайтын жəне ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нəтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тəжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың  институционалды нысандары дамымаған.

Қазақстандағы ғылыми əзірлемелердің  үлес салмағы дамыған елдерде  қабылданған деңгейден он есе  төмен қалып отыр.

 

 

 

ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап алдыңғы қатарлы дамыған  елдердің білім саласында кең  көлемде реформалар жүргізіліп жатыр. Ондай реформалар ТМД аумағындағы  мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда  да жүргізілуде. 

Дамыған елдерде білімді  реформалау эволюциялық, революциялық  жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп, интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолдарымен дамуда.

Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім  беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған  елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция  және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова  таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне  енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде  ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде  жүргізілуде. 

Бұл жүйенің басты мақсаты-жүйені ашық, заман талабына  сай  негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік.  

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың  негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара  қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық  ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі  мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде  білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы,  білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге   ерекше көңіл бөледі:         

-жаңа білім технологияларының  енгізілуі;        

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз  стилін ығыстырып, оқушылардың  танымдық белсенділігі мен өзіндік  ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне  көшуі;        

- терең және белсенді  кәсіби бағдар берудің ерте  жастан басталуы;        

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық  тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;        

-өмірлік бағдар ретінде  адам бойындағы құндылықтарға  қажет жағдайда түзету енгізу  және жаңадан жасау;      

- білім ұйымдарының оқушыны  әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.  

Демек, 12 жылдық білім берудің  мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Түркияның білім беру жүйесі

Түркия  Республикасындаға қазіргі оқу  жүйесі 1923 жылы республиканың ресми  түрде жариялануынан кейін қалана бастады. Ататүрік жүзеге асырған революцияға  дейін көптеген білім беретін  мекемелер қалаларда шоғырланды және діни институттардың қолында болды. Республиканың ресми түрде жариялануынан  кейін барлық оқу орындары мемлекеттің  бақылауына өтті, және білім алу  зайырлы, дінияуи сипат ала бастады. 1924 жылы жалпыға ортақ міндетті тегін  білім беру, ал 1927 жылы барлық деңгейлерде  бірге оқыту енгізілді [3].

Қазіргі түрік республикасында барлық деңгейлерде  жалпы білім беру білім берудің  қаржылық шығындарына жауапты елдің  орталық басқаруының демеуін  алады, оған елдің жалпы бюджетінің 10 % келеді. Білім министрлігі білім  беру жүйесін басқаруды қатаң  бақылайды: оқу бағдарламасын құрастыруға, ресми, жеке меншік және ерікті ұйымдардың жұмысын үйлестіруге, мектептер  жобасы мен құрылысына, оқу материалдарының  дайындалуына және т.б. жауапты.     

Түркияда  оқу жылы қыркүйектің екінші жартысынан басталады және мектептің қайда  орналасқанына байланысты маусым айының ортасына дейін жалғасады: қалалық  немесе ауылдық жерде. Оқу күні біздегі  тәрізді таңертеңнен күннің жартысына  дейін жалғасады, бірақ кейбір салмақ көп түскен мектептерде балалар  екі ауысымда оқиды. Күн бойында  оқушылар емес, мұғалімдердің өзі  сыныптан сыныпқа ауысады.  Оқу  жылының уақытында ақпан айында екі апталық қыстық демалыстар болады.  

Білім жүйесін  «формальды» және «формальды емес»  білім деп аталатын негізгі екі  блок құрайды.

Формальды (ұйымдасқан) білім – оқу мекемесінің  белігі жастық топтағы және дайындықтың  бірдей деңгейіндегі жеке адамымен, жоғарылатылған бағдарламаға сәйкес үнемі берілетін  білім. 

«Формальды» білімге жатады:

• мектепке дейінгі білім (Okulöncesi Eğitim) – қалауына байланысты, міндетті бастапқы білім  алу жасына жетпеген, 6 жасқа дейінгі  балаларды оқыту және тәрбиелеуді  қамтиды. 

• бастапқы білім (İlköğretim) – 6 жастан 10 жасқа дейінгі  балаларды міндетті тәрбиелеу мен  оқытуды қамтиды.

• орта білім (Ortaöğretim) – 10 жастан 14 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды  қамтиды, бастапқы білімге негізделеді.

• лицей (Lise) – ең азы 4 жылдық, жалпы, мамандандырылған және техникалық бағыттағы білім  беру мекемелерінің барлығын қамтиды, орта білімге негізделеді; 14 жастан 18 жас аралығындағы балаларға арналған.

• жоғары білім (Yükseköğretim) – кем дегенде 2 жылдық жоғары білім беретін барлық жоғары білім беру мекемелерін қамтиды.

Формальды емес (танымал) білім ұлттық білім  берудің жалпы мақсаттарына және негізгі қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады, формальды (ұйымдасқан) білім жүйесінде жоқ немесе білім алудың деңгейлерінің (бұл деңгейден кетіп қалған) бірінде бар  тұлғаларға көрсетіледі. Бұл осылай аталатын халықтық білім. Ересектерге арналған білім беру орталықтары, техникалық мектептер – осының барлығы «формальды емес» білімге жатады. «Формальды емес» білім шеңберінде ұйымдастырылған курстарда адамдар жаңа немесе қосымша мамандықты тегін игере алады (мысалы шаштараз, аспаз, т.б.).[6].

2012 ж. 11 сәуірде Түркия Республикасының  президенті Абдулла Гюль «4+4+4»  заңының атауын алған білім  туралы заңға өз қолын қойды.  «4+4+4» үлгісі бойынша білім  туралы заң 12 жылдық міндетті  білім алуды көздейді.    Заңға сәйкес, білім бағдарламаларын  таңдауға мүмкіндік беретін, бастапқы  білім мекемелері, 4 жылдық бастапқы  міндетті білім мектептері, міндетті  орта білім мектептері мен  лицейлері құрылады. Орта мектептерде  және лицейлерде Құранды және  пайғамбарлар өмірінің тарихын  үйрену таңдау бойынша жүргізілетін  болады. Орта мектептерде және  имам-хатиптердің мектептерінде,  оқушылардың қабілеттеріне, даму  деңгейіне және өзгеше ықыластарына  сәйкес, сабақтар таңдау бойынша  болады [7].

«Формальды» білім деп аталатын жүйені толығырақ  қарастырайық. Оның бірінші, бастапқы деңгейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларды қамтитын, мектепке дейінгі  білім құрайды. Ол сондай-ақ барлық білім жүйесіне дайындық сатысы және оның интегралды бөлігі болып табылады. Солай болса да, мектепке дейінгі  білім міндетті болып табылмайды. Көптеген мектепке дейінгі мекемелер  жеке меншік болып келеді, бірақ  кейбіреулері мемлекеттік бастауыш мектептермен байланыста болады (бұл  кезде, мемлекеттік те, жеке меншік мектепке дейінгі білім мекемелері ақылы болып табылады). Мұндай мекемелер  негізінен жұмыс істейтін аналар санының артуының қажеттіліктеріне жауап беретін үлкен қалаларда шоғырланған .

Информация о работе Туркия мен Қазақстан білім беру жүйесі