Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 20:58, реферат

Краткое описание

Тәрбие ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын өмірге көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби).

Содержание

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А)Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы
Ә)Жеке тұлғаны жан – жақты және үйлесімді дамытудың маңызы
Б)Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттері
В)Жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік педагогкалық мәселе
Г)Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көзқарастар жүйесі
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы.doc

— 76.50 Кб (Скачать документ)

Қайта өрлеу дәуірінен  бастау алған тәрбие мақсаты әрбір  жеке тұлғаның жан – жақты қалыптастырып, дамыту мәселесі кеңестік дәуірде үлкен маңызға ие болғанымен де, күні бүгінге дейін өз шешімін толыққанды шеше алмады, «социалимз» бұл күрделі мәселені шешуде тек берік негіз қалады. Осы мәселе елдің әлеуметтік – экономикалық саласының өрлеуімен тығыз болғандықтан әлеуметтік салада материалдық -техникалық базаның жеткіліксіз даму жеткіліксіз дамуы оған бірден –бір негізгі дәлел болмақ. Сондықтан да бүгінгі демократияландыру және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді жетілдіру мәселесі үнемі әлеуметтік –педагогикалық мәселе боп қала бермек.

 

Бүгінгі таңда  тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көзқарастар жүйесі

Педагогикада тұлғалық – бағдарлық, іс-әрекеттілік, мәдениетшілдік, жүйелілік, кешенділік, ықпалдастық, біртұтастық, этнопедагогкалық, антропологиялық секілді әдіснамалық принциптерінің жүйесі қалыптасқан.

Тұлғалық – бағдарлық көзқарас адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол тұлғаны  тарихи-иқоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.

Тұлғалық- бағдарлық көзқарас дегеніміз – педагогкалық жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі ретіндә қарастырады.Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала жайында терең білім, оның туғаннан өзіндік қасиеттері мен мүмкіншіліктері, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайды, міне осы жайындағы көзқарастар жүйесі.

 Іс- әрекеттілік көзқарас тәрбие процесінде тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана және әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттері барысында тұлғалық -бағдарлық принциппен тығыз байланысты.

Мәдениетшілік(кульурологиялық) көзқарас. Бұл нақтылы – ғылыми әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық ақиқатты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы – жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылыққа негізделіп, рған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет және аймақтық дәстүрлерді құоайды. Сондықтан да ол тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып  - білуі, одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етуді көздейді.

Жүйелік көзқарас бірден бір әдіснамалық принцип болып есептеледі. Оның мәні педагогиканың жекелеген элементтерін бір – бірімен оқшау қарастырылмайды, керісінше олардың бір – бірімен өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірыңғай жүйе құрады. Сондықтан да жүйелік көзқарас жекелеген педпгогикалық элементерді құрастыратын жүйелік қасиет және сапалық сипаттаманы тұдыруға мүмкіндік береді.

Ықпалдастық немесе біртұтастық көзқараста тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізгі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады.Бүгінде тірбиедегі тұлғаны жан – жақты дамыту идеясында жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеру, соның ішінде ақыл – ой мәдениеті, зияттық мәдениет, политехникалық және еңбек мәдениеті мен тұлғаның кәсіби бағдары, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқық мәдениеті, эстетикалық және дене , экологиялық және экономикалық мәдениет дәстүрлі және этнопедагогикалық мәдениетті қамтиды.

Этнопедагоикалық көзқарас қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет педагогика мен халықтық тәрбиенің бірлігін,этонстық тәрбиенің сипаты мен өзгешелігіе және рны мазмұндау адамзаттың көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық құндылықтарды практика жүзінде қолдана алу қажеттілігін аықтайды.

Антропологиялық көзқарас тұңғыш рет К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған және дәлелденген. Оның көзқарасынша – бұл барлық ғылым салаларындағы адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану,оларды есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыру. Сондықтан да К.Д. Ушинскийдің  «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық жағынан білуі тиіс» деген пікірі бүгінде педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Жоғарыда аталған педагоиканың әдіснамалық принциптері гуманитарлық білімдердің саласы ретінде, біріншіден,оның басты – басты проблемалық мәселелерін ашыпкөрсетуге және страиегиясын анықтап, оларды шешу тәсілдерін меңгертуге ; екіншіден, білім беру және тәрбие мәселелерінің барлық жиынтығын талдауға;үшіншіден, бұл педагогиканың әдіснамалық принциптері тәрбие процесінің нәтижесінеалдын –ала болжам жасауға, оны жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 Қоғамның материалдық жағдайының  өсуі, идеологиялық өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат – міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді .

Тәрбие мақсаты айқын  әрі нақты өмір жағдайына сай  белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды.Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.

Тәрбие – біртұтас процесс.Себебі тұлға жеке адам ретінде  тәрбиеленеді.Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы біртұтас процесс.

Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп, ер жеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбіне жуық арада байқауға болмайды.Өйткені әрбір жеке тұлғаның  мінез – құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.Жас өспірімлерлі азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ  мақсаты.Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың балатәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдасиырып отыратын ол – ұстаздар тобы.Оның орталығы – мектеп.Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. С. Әбенбаев. Ш. Оқу құралы. – Алматы:Дарын,2004- 152 бет.


Информация о работе Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы