Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 20:58, реферат

Краткое описание

Тәрбие ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын өмірге көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби).

Содержание

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А)Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы
Ә)Жеке тұлғаны жан – жақты және үйлесімді дамытудың маңызы
Б)Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттері
В)Жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік педагогкалық мәселе
Г)Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көзқарастар жүйесі
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы.doc

— 76.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А)Тәрбиенің мақсаты  және қоғам бамуы

Ә)Жеке тұлғаны жан  – жақты және үйлесімді дамытудың  маңызы

Б)Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттері

В)Жеке тұлғаны жан  – жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік педагогкалық мәселе

Г)Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көзқарастар жүйесі

3.ҚОРЫТЫНДЫ

4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиенің мақсаты  және қоғам дамуы

Тәрбие ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын  өмірге көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби).

«Тәрбие- біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет- ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі» (Л. Толстой).

Тәрбие мақсаты төңірегінде пікір таласежелгі дәуірдің өзінде – ақ басталған.Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматарды тәрбиелеу деп тусінді.

Тәрбие мақсаты –  ол педагогикалық  процесс пен  қоғамдық қажеттілігіне қарй өзгеріп  отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарй және оның табысты  орындалуы, ұстаздық кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс- әрекетінің мақсатын ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.

Тәрбие мақсаты айқын  әрі нақты өмір жағдайына сай  белгіленсе ғана , өз нәтижесін дұрыс  береді.Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі, тәрбие мақсаты қоғамның , мемлекеттің әл –ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.

Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесіе сезіну деп түсіну керек.Оны ойдан шығаруға болмайды.

«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады. ...Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективтік заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметіне азаматтық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым –қатынас көрініс табады.Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатынкүшке айналады. Мақсат келешектегі , таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда (биол.кибер.) кері байланыс»

Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский:«Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өһте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарстырады.

 Тәрбиемен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейд» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап- тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы дәрежесімен байланысты  анықталады. Олай болса «Тәрбиедегі мақсат (А.С.) адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат- адам деген атты құр жала қылыпжапсырмай шын мағынасымен адам қылып шығару».

Қоғамның материалдық  негізі мен идеологиясының өсуі  әр түрлі қоғамдық экономикалық формацияның  алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат –міндеттерін, оның мазмұны мен әдістерінің өзгеруіне де себепші болады.

Бізге мәлім, ерте замандағы  педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат – міндеттерін белгілеудеортақ  пікір болмаған.Ол негізіненекі бағытта өрбіген. Біріншісі, прогрессивтік идеяны ұсынса, яғни жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан - жақты , үйлесімді дамытуболса,ал, екіншісі,яғни реакциялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.

Бүгінгі таңдақоғамның  жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласында жаңа міндетерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни, ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.

 

Жеке  тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамытудың маңызы

«Педагогика ғылыми тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің  тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсінуі керек».

Жеке тұлғаны жан  – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз /XV - XVIғ.ғ./.Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді.Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.

Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы  ретінде қарастырса,қайта өрлеу  дәуірінде гуманистер Витторино  да Фельтре, Ф.Рабле, М. Мантель,Э.Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады.Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікрлерсоциал – утоцистер Томас –Мор, Т.Кампанелла , Р.Оуен, Сен – Симонеңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды.Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты дамудеп қарастырды. Бірақ тақанаушы тапқа бөлінгенқоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.

XVIII ғасырдағы француз философ-ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізінде ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж. Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым- қатынас жасай білетін барлық балалардыеңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.

Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл- демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Ченышевский мен Н.АДобролюбовтар да қолдады. Н.Г. Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын , революционерлерді  тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге » араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.

Маркстік философияның негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс тұлғаның жан – жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл – ой тәрбиесімен дене тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық оқумен ұштастрады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбекбөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл – ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатыныңсипатына екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірлеріне ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Сонымен қатар олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келе, ол үшін жас өспірімдерге бірдей жағдай туғызу  қажеттігіне баса назар аударады.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы  таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп екендігіне , тұлғаны жан – жақты дамытуда мектептің негізгі құралы болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.

Қорыта айтқанда, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау  болатын Мағжан Жұмабаевтің айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқталамыз.

 

Жеке тұлғаны жан –  жақты дамыту міндеттері.

 Жеке тұлғаның жан –жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

- отанына берілгендікті оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін,халықтардың достығы мен ынтымағы үшін еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу.

- ғылым, мәдениет, техника саласындағы  білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;

- адамгершілік қасиеттерді барынша  құрметтеушілік,адамдарға деген  қамқорлық жасау және оларға  ілтипатпен қараушылық,жолдастық пен адалдық,шыншылдық пен жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;

- еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін матнриалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;

- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан  ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;

- денсаулығы мықты және дене  құрылысы жақсы дамыған,дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды  тәрбиелеу;

- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.

Әрбір мектеп мұғалімінің  алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың  маңызы ерекше.

Оны жүзеге асырудың қандай ;жолдары мен шарттары бар?

Тұлғаны барлық жағынан  дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам   

құрылысына белсене  қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектдің ақыл – ойы  дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты жүйелі түрде ұйымдастырылуын қпамтамасыз етеді.

Тәрбие мақсатына сай  бұл мәселелерді ұйымдастыру  немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары ақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, эстетикалық тәрбие және дене, экологиялықт.б. көптеген тәрбие міндеттерінжүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.

Жеке тұлғаны жан  – жақты дамытуміндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтік те, сондай – ақ белгілі бір материалддық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшін:

  1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
  2. Оқу- тәрбие беретін мекемелердіңматериалдық – техникалық базасын үнемі жақсартып отыру;
  3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
  4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін құру:клубтар,мәдениет сарайлары, кітапханалар, лекторийлер т.б. ұтымды ұйымдастыру;
  5. Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт секцияларын ұйымдастырып, спорт залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету;
  6. Халықтың әл – ауқатын,тұрмыс – жағдайын, материалдық ахуалын жақсарту;
  7. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану .Аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру;
  8. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру өздері қалаған шығармашылық жұмыстармен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар туғызу;
  9. тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Осы мәселелерді өскелең  өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.

 

Жеке тұлғаның жан –жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік – педагогикалық мәселе

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін  одан әрі жетілдіру ерекше маңызға  ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми- техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы бағытта педагогка ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндаға мақсат - өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағынан дамыту, оның тек жек басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, сонымен біге өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.

Информация о работе Тәрбиенің мақсаты және қоғам бамуы