Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 18:07, реферат
Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге үйір болып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық тәрбиенің әлсіздігінен немесе жоқтығынан.
Тәрбие тал бесіктен басталады.
Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге үйір болып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық тәрбиенің әлсіздігінен немесе жоқтығынан.
Жалпы бір ғасырдай уақыт бойы ажырап қалған төл дінімізге оралу, рухани құндылықтарды басты назарда ұстау қоғамда қордаланған талай түйіткілді мәселелердің шешімі болып табылады.
Асыл дініміз туылған нәрестеден бастап, ер жеткенге дейін перзентке қандай тәрбие беру керектігін нақтылап берген. Алла тағала Құран кәрімде былай дейді:
«Әрбір үмбетке өздері ұстанатын салттар бекіттік».[1]
Соларды біздің
ата-бабаларымыз салт-
Туылған нәрестемен сүйіншілеу
Нәресте туылған кезде сүйіншілеп қуандыру, құттықтау айту дәстүрі дінімізде бар. Құран кәрімде Алла тағала Зәкәрия (ғ.с.) туралы былай деген:
«Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында Алла сені Жақиямен қуандырады», – деп дауыстады».[2]
«Ей,
Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір
ұлмен қуантамыз. Біз бұрын мұндай
ат қоймаған едік».[3]
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген кезде
Суәйба деген күң қожайыны әрі Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) әкесінің бауыры, яғни көкесі Әбу
Ләһәбтан сүйінші сұраған болатын. Әбу
Ләһәб осы хабарды естіген кезде Суәйбаны
күңдіктен босатып, азат етті. Имам Бухари
риуаят еткен бір хадисте осы бір жақсы
ісі үшін әрбір дүйсенбі күні Әбу Ләһәбтің
азабы сәл де болса жеңілдетілетіні айтылған.
Нәрестенің құлағына
азан айту
Нәресте туылған соң атқарылатын келесі бір іс оң құлағына азан, сол құлағына қамат айту мұстахаб – жақсы амалға жатады. Әл-Байһақи мен әс-Сунни Хасан ибн Әлиден (р.ғ.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде-кімнің баласы туылғанда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтылатын болса, онда ол нәрестеге «умму сибян» әсер ете алмайды», – дегенін жеткізді. «Умму сибян» – сәбилерді ауруғу шалдықтыратын жел немесе жынның әсері.
Нәрестеге азан айтудың мәні мен сыры – азан сөздерінен шайтанның қашатындығында. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Нәрестенің туылған кездегі дауысы шайтанның әзәзілдігінен», –деген».
Тахник – нәрестенің таңдайын тәтті нәрсемен сүрту
Есте болуға
тиіс діни жоралардың келесі бір түрі
тахник жасау, яғни нәрестенің таңдайын
тәтті құрма сияқты нәрсемен сүрту. Тахник
сөзі құрманы шайнап, сонымен нәрестенің
таңдайын сүрту дегенді білдіреді. Шайналған
құрманы саусақтың үстіне қойып, нәрестенің
аузына салып, таңдайына жағып, уқалайды.
Таңдайды уқалаудағы мақсат – жаңа туған
нәрестенің ауыз бұлшық еттерін нығайтып,
емшек емуге дайындау болуы мүмкін. Бұл
амалды тақуа ізгі адамдарға жасатқан
дұрыс. Тахник амалына мына хадистер дәлел
болады. Әбу Муса әл-Ашғари (р.ғ.) өзінің
ұлы туылғанда оны Пайғамбарға (с.ғ.с.)
алып барады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.)
оның атын Ибраһим деп қойып, бір құрмамен
таңдайын уқалап, береке тілеп, дұға қылады.
Нәрестенің шашын алу
Мұсылмандық салттың тағы бір түрі – нәресте туылғаннан біраз уақыт өткен соң шашын алып, сол шаштың салмағындай күміс мөлшерінде садақа беру керек. Бұл амалдың пайдасы, нәрестенің денсаулығының күшейюіне әсер етеді әрі оның шашының салмағындай садақа беру қоғамдағы ынтымақты нығайтады. Бұл амалға Ибн тағы бір хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.) қызына: «Уа, Фатима! Оның шашын алып, сол шаштың салмағындай күміспен садақа бер», – деп бұйырғаны да бар.
Ақиқа
Мұсылмандық дәстүрдің келесі түрі туылған нәрестеге арнап, ақиқа құрбандығын шалу. Қазақ халқында мұның бір көрінісі шілдехана жасау. Ақиқа – нәресте туылғанда Алла тағаланың ұрпақ беру нығметіне шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық түрі. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) ақиқа туралы сұрақ қойылғанда: «Кімнің баласы туылып, баласы үшін құрбан шалғысы келсе, шалсын», – деді.[4]
Ақиқа құрбандығы бала туылған соң жетінші күні сойылады. Осы құрбандықтың үкіміне келер болсақ, шариғат ғалымдары екі түрлі пікір айтқан. Оған кейбір риуаяттардың бір-біріне қарама-қайшылығы себеп болған.
1. Ханафи мәзһабының
ғұламалары ақиқа құрбандығы
мұстахаб емес мубах, яғни
2. Ханафи мәзһабынан
басқа мәзһабтардың ғалымдары
туылған нәрестеге ақиқа
Сумрадан (р.ғ.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Әрбір бала өзінің ақиқасына тәуелді: оның атынан жетінші күні сойылып, оның (баланың) шашы алынады».[5]
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қой сойылсын», – деген.[6]
Ақиқа құрбандығының етін жеумен қатар оны садақа ретінде тарату – мустахаб амалына жатады. Алла тағала ақиқа құрбандығын туылған сәбидің ана құрсағынан дүниеге келген сәттегі шайтанның оған салатын азғыруынан азат ету ретінде жасаған. Сондықтан Пайғамбар (с.ғ.с.): «Туылған бала ақиқасына тәуелді, сондықтан да оның атынан құрбан шалып, алдындағы кедергіні жойыңдар», – деген. Дұрысын Алла біледі.
Емізу мәселесі
Мұсылмандық салттың келесісі – анасының туылған нәрестені емізіп, уызына тойдыруы. Мұны барлық ғалымдар мақұлдаған. Баласын толық емізгісі келген ана екі жыл емізеді. Осыған байланысты Құран кәрімде:
«Аналар балаларын толық емізгісі келсе, толық екі жыл емізсін. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетіні ғана жүктеледі. Сондықтан да ана баласы үшін зиян шекпесін, сонымен қатар туылған баласы үшін әке де зиян тартпасын. Мирасқордың (яғни баланың) міндеті де сол сияқты. Ал егер өз разылықтарымен және өзара кеңесіп, баланы емізуден шығарғылары келсе, ешқандай күнә жоқ. Егер сүт ана жалдағыларың келсе, белгілі ақысын беру шартымен мұнда да еш күнә жоқ. Аллаһтан қорқыңдар. Расында Алла тағала істеген нәрселерді көруші».[7]
Бұл аяттан төмендегідей үкімдер шығады. Емізудің толық мерзімі – екі жыл. Егер анасы мен әкесі келісіп, кеңесіп нәрестені екі жылға жетпей емізуден шығарғысы келсе, әрі одан сәбиге ешқандай зиян келмейтін болса, оған рұқсат. Қазіргі жас келіншектер тәндерінің сұлулығын сақтаймын, ұйқыдан қалдырады деп, сәбилерін емізуден ерте шығарып жатады. Бұл дұрыс нәрсе емес.
Ана омырауынан сүт еміп,
уызына тою баланың хақысы болып
табылады. Егер анасы баланы емізуден
бас тартса, Алла алдында күнәһар саналып,
арғы дүниеде осы ісі үшін жауапқа тартылады.
Алайда, қазылық емізуден бас тартқан
ананы мәжбүрлей алмайды. Мына жағдайлар
туындаған кезде ғана ана баланы емізуге
мәжбүрленеді. Олар:
1. Емшектегі сәби өз анасының омырауынан
басқа әйелдің сүтін ембесе, баланы аман
алып қалу үшін анасы емізуге міндеттеледі.
2. Анасынан басқа емізетін жан табылмаған
жағдайда анасы міндеттеледі.
3. Тек анасымен жалғыз қалған немесе әкесінің
бөгде әйелді сүт ана ретінде ешкімді
жалдай алмаған жағдайда да анасы міндеттеледі.
Аталған жағдайлар тумаса, емізуден бас тартқан ана мәжбүрленбейді де әкесі ақыға емізетін ана жалдайды. Ақыға емізуге келіскен бөгде әйелмен сәби арасында туыстық туып, әйелдің балалары емген баланың сүт бауырлары ретінде есептеледі.
Сүндетке отырғызу
Сүндетке отырғызу да мұсылманшылықтың салты болып табылады. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Бес нәрсе фитрадан (әуелгі жаратылыстағы әдеттерден). Олар: сүндетке отыру, денедегі түктерді алу, мұртты басу, тырнақтарды алу, қолтықтың түгін кетіру».
Сүндетке отыру – адамзат жаратылысындағы туа біткен сипаттардың біріншісі. Бұл Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бері келе жатқан таза ханифтік діннің рәмізі саналады. Осы тазалық әдеттерін сақтауды Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Алла тағала бұйырған.
Шариғат ғұламалары сүндетке отырудың үкімі жайында түрлі көзқараста. Мәлики, Шафиғи, Ханбали мазһабтары бойынша сүндетке отыру амалы әрбір ер мұсылманға уәжіп, міндетті іс. Ал Имам Әбу Ханифа Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті деген үкімге тоқтаған.
Бала балиғат жасына жеткенге дейін сүндетке отырғызу міндеттеледі. Себебі осы жаста балаға намаз да парыз. Сағид ибн Жубәйрден (р.ғ.) жеткен риуаятта адамдар Ибн Аббас (р.ғ.) Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғанда, оның қанша жаста болғандығы жайлы сұрағанда: «Мен ол кезде сүндетке отырғызылған едім», – деп жауап берген. Зерттеуші ғалымдардың есептеуінше, Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүние салғанда, Ибн Аббас (р.ғ.) он үш жаста болған.
Бала тәрбиесі
Алла тағала қасиетті Құран кәрімде былай
дейді:
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар».[8]
«Біліңдер! Шындығында мал-мүліктерің және балаларың сынақ, ал Аллаһтың алдында-үлкен сый».[9]
Ибн Омар (р.ғ.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты, кісінің құлы (қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапты. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар».
Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру – әр ата-ананың міндеті. Бұл тұрғыда ең бірінші үлгі тұтарымыз – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге: «Алла тағала жүрегіңдегі мейірімді алып қойған болса, мен не істейін енді?» – деп реніш білдірген. Себебі, мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі қатайтады.
Тәрбиенің басты ұстындары
Жанұя құрумен
бірге ата-аналардың ұрпақ
Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал.
Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып психологтардан ақыл-кеңес сұрап жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екенін түсінбейді. Өйткені, олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып, жүйке жүйелері бұзылған жандар. Өз қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен, сәбилерінің неліктен ондай болып шыққандығына қайран қалады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Әрбір туылған сәби фитрада («әуелгі таза болмыста» – яғни еш нәрседен бейхабар пәк болып) туылады. Кейін әке-шешесі оны не яһуди, не христиан, не отқа табынушы қылады. Бұл хайуанның хайуан туғаны іспеттес. Сен одан (туған төлден егер оның енесі мұрны кесілген пұшық болса) пұшықтықты көресің бе?»[10]
Сондықтан ата-ананың балаға дұрыс үлгі болуы – игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы.
Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы он жылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуларынша, баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті-сегіз жылда ашылып, жетіледі. Сондай-ақ, тұлғалық жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.
Әсіресе, алғашқы
екі жылдағы тәрбиенің маңызы
өте зор. Себебі, бұл сенімділік,
шынайылық сезімдерінің іргетасы қаланатын
кезең. Сондықтан да осы кезеңде
нәрестеге тұрақты әрі
Сонымен, бала тәрбиесінің
басты ұстындарын былайша бөлуге болады:
1. Жаңа туылған
нәрестеге мейлінше