Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 09:27, курсовая работа
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
– болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.
Кіріспе............................................................................................................2-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері....................................................13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері............................................................................................................13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары........................................................19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі................25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары...................................................25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ........37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы.................................................................
Қорытынды..............................................................
Әдебиеттер тізімі................................
Субъект психологиясын іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру барысы адам қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды. Философиядан өз бастамасын алатын субъект психологиясының басты ережелерін С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев [10] жасаған және олар жалпы түрде тұжырымдалып психологиядағы гуманистік бағытымен анықталған. А.В. Брушлинский, К.А. Абульханова –Славская субъект психологиясы негіздерін дамытқан болатын [5, 19], ал С.Л. Рубинштейн[5] оның ержелерін тұжырымдап жасайды. Субъект - тұтастылықтың және автономиялықтың, өз белсенділігінің жоғары деңгейіндегі адам. Осы деңгейде адам өте жекеленіп кеткен, яғни өз мотивациясы, қабілеттері, психикасы ерекшеліктерін білдіреді. Сонымен, адам субъект ретінде туылмайды, ол іс-әрекет барысында субъект ретінде танылады. Әр тұлға – субъект, бірақ соның өзінде ол тұлғаға теңестірілмейді. Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір сапалы тәсілі, тұлғаның өзін-өзі реттеуінің, ішкі және сыртқы жағдайлардың келісуінің тәсілі, барлық психикалық процестердің, күйлердің, қасиеттердің реттеу орталығы, сонымен бірге қабілеттердің, объективті және субъективті мақсаттарға қатысты іс-әрекеттің міндеттеріне сәйкес тұлғаның мүмкіндіктері мен шектеулерінің формасы. Субъектінің тұтастылығы, бірлігі және кіріктірілуі оның психикалық қасиеттері жүйелілігінің негізі болады [17, 559-570; 19, 330-346]. А.В.Брушлинский субъектінің тұтастылық проблемасын аша отырып, адам дамуының барлық кезеңдеріндегі табиғилық пен әлеуметтіктің байланыстылығын айтады. Субъект психологиясының келтірілген негізгі ережелердің сұлбасы, осы бағыттың жалпы түрде жасалғаны және теориялық-экспериментальды негіздеуді қажет етеді. Оның екі идеясының психологияның дамуына маңызы зор. Бірінші ережесі бойынша субъект - іс-әрекеттік және жүйелілік көзқарастарының бірігу мүмкіншілігімен байланысты болып келеді. Субъект әр кезеңде өзінің іске асуы барысында және әлеммен байланыстық әрекеттестігі барысында ашылатын бір жүйеліліктің тасушысы ретінде қарастырылады. Дәл осы субъект өз дамуының әр кезеңінде жүйелілік факторы болып анықталады, психикалық ұйымдастырушылығының өзіндік күрделі көп деңгейлі жүйесін қамтиды. „Кең тараған көзқарастарға қарамастан, субъект – адамның психикасы емес, психикалық қасиеттері мен белсенділік түрлері де емес және т.б., ал адамдардың өздері - әрекетті қарым-қатынасқа түсетіндер болып анықталады. Екінші ережесі бойынша „Субъект - өзін-өзі басқарудың сапалы тәсілі ...” [19, 330-346]. Жүйелілік көзқарас принципі адам өз дамуының деңгейлерінен өтетін психикасының өзін-өзі ұйымдастыруын түсіндіреді. Осындай екі көзқарастың шынайы, күрделі өзіндік іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі және оның психикалық ұйымдастырушылығының жүйелі механизмдерін қоса қарастыру: жүйеліліктің және субъект-әрекеттіктің, яғни екі көзқарастағы ережелердің бірігуі адам психологиясын түсіну жолындағы қадамы болады. Субъект психологиясының екінші ережесі психологияның даму перспективасы үшін маңызды. Ол адамның жеке ерекшелігі мен даралығының бірігуі негізінде қарастырылады. Сонымен, психологиялық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда адамның сипаттамасын бір жағынан индивидтің сипаттамасы ретінде қарастыруында, яғни оның адам түріне адамның жеке ерекшеліктері негізінде жатқызылу мағынасында. Осыған орай қазіргі психологиялық даму тенденциялары адамды зерттеудің келесі бір көзқарасын жасау туралы мәселені көтереді, ол психиканың ұйымдастырылуындағы дара және ерекше белгілерінің болуымен түсіндіріледі. Ал екінші жағынан субъект-іс-әрекеттік көзқарасы негізіндегі өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде адам қалыптасуының өлшемдері туралы айтылады. Осы жерде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі сапалы ерекшелігі – оның басқа категориялардан (индивидтен, тұлғадан, даралылықтан) ажыратылатындығында. Сонымен субъектіні әр түрлі авторлар түрлі түсіндіреді. Мысалы, Б.Г. Ананьев адам ұйымдастырушылығының үш негізгі құрылымдарын айтады: индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі. Осы үш құрылымның кіріктірілуі адамның қайталанбас даралығын айқындап береді екен. Даралықтың компоненттері индивидтің қасиеттері болып табылады (табиғи қасиеттер жиынтығы), тұлғаның (қоғамдық қатынастары жиынтығы), іс-әрекет субъектісінің (еңбек іс-әрекеттері жиынтығы). Даралық дамуының үш формасы анықталады. Біріншісі - онтогенез – адам дамуының негізгі формасы. Екіншісі – тұлғалық қасиеттердің даму формасы – қоғамдағы адамның өмірлік жолы. Үшіншісі – адамның кәсіби іс-әрекеті барысындағы субъектілік қасиеттері қалыптасуының формасы. Барлық үш құрылымдардың ерекшеліктері мен сипаттамалары бар және әр құрылымға даму процесінің гетерохрондығы тән. Даралық генетикалық тұрғысынан кеш қалыптасады, ал қасиеттер онтогенез, кәсіби іс-әрекет, адамның өмірлік жолы барысында тұтас жүйенің нәтижесі болып қалыптасады.
А.В. Брушлинский субъект категориясын кеңінен түсінеді: „Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың, дамытудың белгілі бір сапалы тәсілі....” [20]. Басқа тұрғыдан қарағанда субъект өз белсенділігінің, тұтастылығының, жекелілігінің жоғары деңгейіндегі адам болып табылады. „Әр тұлға субъект болып танылады, бірақ субъект тұлғамен теңестірілмейді” деген А.В. Брушлинскийдің тұжырымын есемізге алатын болсақ, біз бір жағынан ол адам дамуының үздіксіздік іс-әрекеті субъектісі ретінде, ал екінші жағынан субъектілік белсенділіктің, тұтастылықтың, жекеліліктің жоғары деңгейі ретінде түсінеміз. Осы қарама-қайшылық қайта қарау мен зерттеуді қажет етеді, осылайша субъект категориясының өлшемдік критерийлері туралы сұрақ ашық түрде қалады. Субъектінің табиғаты туралы мәселе субъектіліктің өлшемдерін анықтау проблемасын белгілейді. Адамның үздіксіз дамуының түрлі деңгейлерін зерттеу мәселесі осы сауалдың талдауын әрі қарай жылжытады. Іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам дамуының өлшемдерді адамның өзін іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі проблемасынан ажырату мәселесін талдау қажет. Бала өміріндегі субъектіліктің пайда болуынан бастап, оның психикалық дамуы туралы теориялық көзқарастары жалпыланып, эксперименталды зерттеулердің фактілері талданылады. Осы проблеманың 1-ші аспектісі – субъектінің негізгі сипаттамасы ретіндегі адам тұлғасын қалыптастыру. 2-ші аспектісі - әлеуметтік және физикалық объектілер әлемін ажырату мен түсінудің қарастыруын қамтитын субъектісін қалыптастыру. 3-ші аспектісі – субъект-әрекеттік көзқарасы ережесімен байланысты өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік пен теориялық іс-әрекеті болып табылады. 4-ші аспектісі- даралықты дамыту. Субъект өз дамуының жоғарғы деңгейінде жекеленген болады, осылайша ерекше дара субъектіні басқалардан ажырататын жоғарғы деңгей адам дамуының барлық деңгейлерінің үздіксіздігі мен шынайлылығын анықтайды.
Субъектіліктің ерте онтогенезінде адамның психикалық дамуының континуальды ұстанымына сүйене отырып, базистік деңгейлердің дамуын қарастыруға болады. Олар субъект мінезінің дамыған саналы формаларының алдында пайда болады. Ол үшін өзін-өзі түсінудің дамуын және өзгелердің агент ретіндегі психикалықпен қамтылғанын сипаттау үшін сәбилерге түсінікті өзараәрекеттесу тәжірибесінің түрлері талдануға тиісті. Тәжірибенің осындай түрлерінің „Мен” және өзге-агенттері бастапқы ақпаратымен қамтамасыздандырады да, ақпарат факт ретінде кодталады екен. Іс-әрекет субъектілері психикалық қатынасын жүзеге асырады.
Сонымен, физикалық пен әлеуметтік әлемнің базистік тұжырымдамасындағы адамның субъект ретіндегі белсенділігін, кіріктірілуін, әлеуметтілігін білдіреді. Бұл бізге субъектіліктің көзін адам дамуының ерте кезеңдерінен іздестіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жүргізілген зерттеу жұмыстарының талдауы адамның базистік өлшемдерін анықтауға жағдай жасайды – ментальды моделдің қалыптасуына, „Мен” және „өзге психикалықтың” тасымалдаушысы болуына, ұқсас психикалық жағдайларды сезінуге. Өмірінің бірінші жылының соңында осындай модель пайда болып, адам субъектілігінің базистік деңгейін белгілеуге болатындығын анықтаймыз.
Субъект - әрекеттік көзқарастың ережесіне сәйкес субъект өзін-өзі дамытудың негізі ретінде тәжірибелік (практикалық) және теориялық іс-әрекеттері алынады, бірақ олардың барысында бір ғана іс-әрекет өтеді (ойын, оқу, еңбек және т.б.) және қарым-қатынастың түрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын нақтылау мен дамыту жүреді. Бір жағынан, субъектіні дамытуда белсенділік пен іс-әрекеттің рөлі жетекші болып анықталады, екінші жағынан, сауал туындайды – субъектінің белсенділігі мен іс-әрекетін не бағыттайды? Теориялық тұрғысынан мақсатсыз саналы және саналы емес тәжірибелік іс-әрекетті болдыру қиынға соғады. Осы жерде, тәжірибелік іс-әрекетті және белсенділікті түсінудің өлшемдерін ажырату маңызды. Белсенділік тәжірибелік әрекетке қарағанда эндогендік қажеттіліктермен бағытталады, олар сыртқы ортада іске асырылады. Ал тәжірибелік әрекет экзогендік мақсаттармен бағытталады, сонымен қатар субъект таңдаған және белгілі бір осы таңдауға сәйкес әрекеттер мен тәсілдер арсеналымен осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қамтамасызданады. Осылайша „белсенділік” және „практикалық әрекет” арасындағы қарама-қайшылық жойылады.
Субъектінің практикалық әрекеттері – сыртқы әлеммен өзара әрекеттестігін аяқтайтын танымдық бағалау мен жоспарлаудың соңғы кезеңі. Сонымен, белсенділік субъектінің әлеммен жалпы әрекеттестігін бағыттайтын және тәжірибелік іс-әрекеттегі мақсат пен тәсілдердің өзара әрекеттесудің барысындағы мақсаттар мен тәсілдерді нақты талдаудың нәтижесі болып табылады. Белсенділік пен тәжірибелік іс-әрекет субъектіні әрқашан мақсатқа бағытталған және әлеммен әрекеттестігінің дамуына қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде субъектінің ментальды тәжірибесін дамытады, өзгертеді, қайта құрайды және мақсат-міндеттердің іске асысуын қамтамасыз етеді. Белсенділікті дамыту үрдісі тәжірибелік іс-әрекетті дамытудың алдында жүреді және оны дайындайды.
Болашақ маманның өзін-өзі
Әдетте педагогикалық теория мен тәжірибеде “білімберу” ұғымы педагогтың білім мен білікті, дағдыларды меңгертеді дегенді білтіретін. Солай, педагог оларды меңгеруге ұсынатын, ал оқушы оларды есте сақтап, тәжирибеде қолдануға тиісті болатын. Нәтижесінде адамның біліктілігі ақпараттық құзырлылық пен еңбек іс-әрекетінде білімдерді пайдалану қабілеттілігі болып танылады. Бірақ білімберу өз мәнінде инкультурация (адамзат жинақтаған білімдерді меңгеру) мен әлеуметтенуді (қоғаммен байланысты орнату) және өзбентінше өмір сүру мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтиды. Осыдан адам танымы мен рефлексиясының, рухани өзіндік шығармашылығының, кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, жоғары мәдениетті жасау мен меңгеру тұрғысынан ұзақ еңбегінде білімді болады. Басқаша айтқанда, білімді адам болу үшін, қайта ұғыну кеңістігінен шығу мен үздіксіз өзін-өзі өзгерту, өзіндік шығармашылықта тұтастай тұлға ретінде өзін-өзі дамыту үшін бұрын меңгергенді тереңінен ұғыну болып табылады. Осыған орай педагогикалық үрдісте өзбетінше әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесі туындайды. В.П. Зинченко білім берудің рөлін өз оқушыларына жаңа әлемді ашу деп түсіндіреді, сол әлемдерде бағдарлай алуға үйрету деп айтады, сонымен қатар білім әлемін ашу мен білімсіздік әлемін ажырату деп түсіндіреді. Осы әлемдерге бірінші қадамдарын жасауға көмектесуді баланың көзін ашу керек деген пікірмен түсіндіреді ішке бағытталған өзін ашуға, рухани және тұлғалық өсүге бағытты көрсетеді. Педагогтардың пікірінше, білім беру парадигмасы жаңаруының дәуірінде тұлғаның өзін-өзі дамуы ішкі факторлармен анықталуға тиіс. Қазіргі жағдайларда қоғамның маңызды міндеті - жаңа өзіндік сана мен ойлауды қалыптастыру. Олар тек білімді алу білігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге жұмыс жасауға, өмір сүру білігін және өзгелермен бірге өмір сүруге үйрету болып табылады. Осы төрт біліктер өз жиынтығында біздің менталитетіміздің өзгеруін анықтайды: адам өз өмірін өзі құру керек, өз-өзінің авторы болуы тиіс. Педагогикалық процесс барысындағы субъектілердің өзін-өзі дамуы білім беру іс-әрекетінің гуманизациялаудың маңызды факторы, шарты, тәсілі болады. Студенттердің өзін-өзі дамуы мен білім берудің гуманизациясының арасындағы өзара байланысты көру және оны меңгеру үшін тұлғалық өзін-өзі дамуы үрдісінің методологиялық негіздерін қарастыру маңызды. Өйткені, ол әр түрлі адамтану ғылымдарында түрлі түсіндіріледі.
Осымен біз тұлғаның өзін-өзі дамытудың жағдайларын түсіндіруде келесі қорытындыға келдік: болашақ маман тұлғасының қарым-қатынасқа қабілеттілігін, педагогикалық және психологиялық үрдісіне қатысушылардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастарын дамыту деп ұйғардық. Түсіністік пен қарым-қатынас мәселелерін педагогтар мен психологтардың зертеулерінде „мен –концепциясы” шеңберінде зерттеленеді.
К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады [60]. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан қалмау деп түсінеміз. Немесе „тұлғалық өсу” деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде “жоғары” қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз. А.Адлерде тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту процесі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты. Сондықтан да, шет елдің қазіргі психологиясының тұжырымдамасында – онтопсихологияның – „тұлғалық жетілу мен даму” негізгі ұғымдары болады және адамның тұлғалық өсуіне кедергі болатындарды анықтаған. Осының негізінде келесі қорытынды жасаймыз: педагогикалық процеске қатысушы әрбір субъектінің өзін-өзі дамытуы бойынша өз іс-әрекетін талдауға көмектесетін технологияларды қолдану маңызды. Осыған орай біздің тәжірибелік жұмысымызда оқытылушы өзін-өзі дамытудың, жетілдірудің объектісі болуы ерекше орынды алады. Ол өзінің нағыз тұлғалық ерекшеліктері мен әрекеттерін шынайы бағалай білуі тиіс және өз алдына мақсат қоя білу керек. “Дамудың” толық анықтамасын біз В.И.Смирновтан алып, оны сандық және сапалық ағзадағы, психикадағы, ақыл-ой және рухани адамның жүйесіндегі өзгерістердің процесі деп түсінеміз. Олар сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбиенің әсерімен анықталып, адам дамуының үрдісі мен нәтижелері үш маңызды факторлардың бірлескен әрекеттестігімен анықталады. Психологтардың зерттеулері бойынша (А.А.Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және т.б.) адам дамуы барысында өзін-өзі дамыту екі детерменизмдік мағынасына ие: ішкі және сыртқы, негізінен назар ішкі анықтаушыларға аударылады – ішкі мүмкіндіктерді анықтау мен потенциалдық жағдайларды ашу. К.А. Абульханова –Славскаяның пікірінше, адамның дамуы – бұл белсенді өзін-өзі басқаратын, “ішкі жылжуға” тәуелді үрдісі (спонтанды ерексіз кез келген жүйенің өзгеруінің, оған сыртқы жағдайлар мен өзгерістегі орта ықпал етеді). Осыдан, “даму” категориясы мен “өзін-өзі дамыту” категориясы философиялық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бірбірімен байланысты, өйткені жалпы дамудың өзін-өзі дамыту мәселесі осы салалардағы өзін-өзі жетілдірудің негізінде пайда болған.
Информация о работе Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі