Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
– болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері....................................................13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері............................................................................................................13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары........................................................19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі................25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары...................................................25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ........37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы.................................................................
Қорытынды..............................................................
Әдебиеттер тізімі................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

назгул 1.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бірінші шарты ретінде бүкіл кәсіби дайындықтың жүйесін асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз. Оған аудиториялық сабақ  пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-зерттеу жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмысы), аталған біліктерді саналы және шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен байланысты тәжірибе  жатады.     

Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы болып табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру, зерттеу жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Мысалға, осы жұмыстың бастамасы ретінде 1-ші курстан бастап, «Мамандыққа кіріспе» деп аталатын курс ұйымдастырылады, оның барысында кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі мен шығармашылық сипатын ашуға болады. Практикалық сабақтарда өзін-өзі тану, өзіндік қызығушылықтары мен қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін анықтау үшін жағдайлар жасалынады. Конференцияға рефераттарды дайындау барысында студенттер жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты түрде айтқанда, «өзіне салып көреді» шеберге лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар тәжірибені талдау, проблеманы тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі.

Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты тудыру шарасына түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік сипаты  және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі және қалыптасқан зерттеу біліктерімен  бірге зерттеу іс-әрекетіне оң көзқарастың болуы  болашақ маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастырады.

Екінші шарты жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби  дайындаудың    тиімділігі сонымен бірге жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің талдауын талап етеді. Маманның кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің білімберу мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік-құндылықтық көзқарасы өзекті болады. Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту,  оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық жұмысты талдау,  теориялық және нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше: «Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың) рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын  арттыратын қозғаушы күш – оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық болмысы.  «Әдеп-мәдениет негізі», «әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер – халық мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша оқылатын  лекцияларда ұлттық мәдениеттің негіздері, оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі» [70, 11-12].  Осы анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде, қатынасында, қарым-қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-әрекетінде көрініс береді.

Бұл жерде маңыздысы – болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы мен өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде жүйелілік-құндылық көзқарасының маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс-әрекет ретінде қарастырылады, оның мақсаты – болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.

 Болашақ маманды дайындаудағы  жүйелілік-құндылықтық көзқарасы  жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады [22, 118-119]: мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы,  гуманистікпарадигмасы.  Жетекші білімберушілік парадигмасының әсерімен  университеттік  білім берудің  басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.

 

Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты  жоғары білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады.   Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің  проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-әрекеті  технологияларын пайдалану деп түсінеміз.

Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады,  адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады.

Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық  көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық. Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.

Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік-құндылықтық парадигмасы шенберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар  ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:

  1. Акмеологиялық - кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі. 
  2. Мәдениеттілік -  маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын,  тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.
  3. Тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай  мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа  қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі. Кәсіби мәдениетті игеру үрдісі  мәдениеттің объективтіліктен субъективтілікке ауысу негізінде түсіндіріледі. Е.В.Бондаревскаяның пікірінше, бұл процесс, оның барысындағы кәсіби мәдениетінің моделі бойынша студенттермен айқындалып, кәсіби іс-әрекет пен мінез-құлықтың тұлғалық моделіне айналады. Сондықтан да тұлғалық-шығармашылық аспектісі кәсіби мәдениетті игерудің механизмімен түсіндіріледі. Ол өздігінен дамитын субъектінің маман ретіндегі тұлғалық өзекті қасиеттерін анықтаудың шығармашылығы актісі болып анықталады. Осымен қоғам өзінің соңғы нәтижесінде  өзіндік  мақсатқа бағытталған  жан-жақты дамуына бағдарланған адамды қажет етуі түсіндіріледі. 
  4. Аксиологиялық - осыған сәйкес мәдени-білімберушілік білімдердің  пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі. «Мәдениет» ұғымын зерттеудегі аксиологиялық көзқарастың негізінде түрлі мәдениеттің іргесі ретінде құндылықтарды түсіну жатыр (А.И. Арнольдов, Ю.И. Еимов, Л.Н. Коган, В.П. Тугаринов, Н.З. Чавчавадзе). Осы авторлардың пікірінше, «мәдениет жоғары және кең мағынасында еңбектің нәтижесі болады – шығармашылық, өзгермелі және өзіндік жаңару іс-әрекетінің өнімі...құндылықтар әлемі» [75, 10]. Мәдениетпен байланысты осы көзқарас тағы бір бағытпен толықтырылады. Өйткені мәдениет және оның мағынасы өзбетінше қарастырылып қана қоймай, ол тек адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы өз болмысын анықтайды. Сондықтан да, «мәдениеттің нағыз мазмұны шығармашылық іс-әрекетпен анықталып, оның барысында рухани құндылықтар қалыптасады»  [13, 47.]. Ал В.С.Библер мәдениет ұғымын  шығармашылық пен еркінділікті жүзеге асыру ретінде адам болмысының мәнін ашу үшін пайдаланады [14, 34-42]. Адамның шығармашылық белсенділігі іс-әрекет тәсілдерінде көрініс береді. Осыдан мәдениет адам дамуының өлшемі болып анықталады, ол адамдардың бүкіл тарихы барысындағы олардың қоғамдық өміршеңдігінің игерілген құндылықтардың көлемі ретінде сипатталады. Солайша мәдениет адамның  осы құндылықтарға бағытталуының тәсілі болады. Мәдениеттің іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде қаралуы  жүйелілік-технологиялық  көзқарастың негізін құрайды. Осындай мәдениетке қатысты қарастырылған анықтамалар мен көзқарастар культорологияда және кәсіби-педагогикалық мәдениетіне арналған зерттеулерде  қаралған. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті зерттеудің аксиологиялық аспектісі Е.Н. Шиянованың еңбектерінде жетекші педагогикалық оймен өрнектеліп, педагогикалық құндылықтар жиынтығының сипаттамасы ретінде қаралып,  тікелей педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын және тұтас педагогикалық үрдіске кірістірілетін[76, 17]. Біз осылайша Е.Н. Шиянованың пікірімен толығынан қосыламыз, болашақ маманның жаңару, шығармашылық-коммуникативті іс-әрекеттердің негізін кәсіби-педагогикалық мәдениет құрайды, ол тиімді іс-әрекеттер тәсілдері мен жолдарын кіріктіреді.

Сонымен, біздің пайымдауымыз бойынша, мәдениеттің адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қаралуы болашақ маманның кәсіби тұлғалық-шығармашылық көзқарасының негізін құрайды.

  1. Іс-әрекеттік - студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.

Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.

Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:

  • Мотивациялық  - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
  • Бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
  • Бағалаушылық - іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі,  орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
  • Мазмұндық-операционалдық -  екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану);
  • Еріктілік, зейінді - ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды. 

Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзарабайланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және шығармашылық-теориялық өзараәрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі тәжірибемен алмасу үрдісі. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени-білім беру аспектісін дамытудың моделі өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі танып білу мен анықтауды, толерантылықты, кәсіби этиканы т.б. компоненттерді құрайды. Біздің келесі қарастыратын мәселеміз – бұл болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі мен моделі.

 

 

ІІ-тарау.  Болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі

 

2.1. Субъект қалыптасуының алғашқы кезеңдері мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары.

 

Адам материяның әлеуметтік формасына жатады. Әлеуметтік индивид бола тұра, ол қоғамның мүшесі болудың алдында, әлеуметтену үрдісінен өтуі тиіс және тұлға ретінде қалыптасуы керек. Сондықтан да, адамды қоғамның талаптарына сәйкес тәрбиелеу мен оған білім беру қажет. Осы процестің күрделілігі – оның нәтижесін алдын ала нақты болжай алмайтындығымызда.

  Философиялық көзқарас адамның өзін-өзі дамуы мен  қалыптасуының негізі ретінде қаралады, ұйымдастырушылықтың жаңа сапалы деңгейге ауысуға болатын  материяның өзіндік қозғалысының ерекше типі ретінде қарастырылады.  Әдебиеттерді талдаудан бізге мәлім болатыны; адам ежелгі заманнан бастап бүгінгі әлемде ғана түсініледі, ал әлем адамсыз мүмкін емес, өйткені тұлға көп жағдайда қатынас ретінде болатын. Сократ, қазіргі батыс елдері әдебиеттерінде оны адам философиясының бастаушысы, негізін салушысы ретінде, бір ұстанымды ұсынған екен, оған сәйкес өзін-өзі тану мен даму философияның басты және жалғыз мақсаты деп түсініледі. А.Протагор адамда тек қана ойлауға қабілеттілігін анықтап қоймай, сонымен бірге оның бүкіл адами субъектілігін көрсетеді, өйткені адам – нақты индивид. Аристотельдің философиясында антропологияның екі тенденциясы біріктіріледі: діни-этикалық (адам мен табиғат ажыратылған) және космологиялық-натуралистік (адам бүкіл әлеммен байланысты). Ол адамның қоғамдық-саяси мәнін айырықша көрсетіп, адамның өзін-өзі жетілуінің қажеттілігін айтып, оның мүмкіндігін айқындайды. Бірақ оған адам табиғатын түбегейлі өзгертуге болмайтындығы туралы көзқарасын да білдіреді.  Сондықтан да, сол уақыттар кезеңінде  адамның ақиқаттағы бейнесінің өзі көргендей мәнімен сәйкес келмеу проблемасы анықталған болатын. Сонымен ежелгі грек мәдениетінің негізгі көзқарасы физикалық-рухани дене ретіндегі  адамды қарастыруға болатындығын, оның проблемалары рационализм, табиғи және әлеуметтік процестердің циклдік тұжырымдамасы шеңберінде қаралатынтығын білдіреді. XVIII ғасырдан бастап, әсіресе И.Кант заманын бастап, философтар тұлғаны жеке даралықтан ажырататын болған. И. Кант адамды өзіндік таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде, сыни және практикалық ақыл-ойдың қосымшасы ретінде қарастырып, тұлғаны “...ақылды, өзі немесе өзгелермен бірге орнатқан заңдарға бағынатын” деп анықтаған. Басқаша айтқанда, кезкелген адам өзін-өзі дамытатын тұлға бола алмайды, оған “жақсы Менге” ұмтылатын, өзінің бай ішкі тәжірибесін көре білетін және талдай алатын адам ғана лайықты. Әр адамның қайталанбайтындығы тұрғысынан даралық идеясы негізінде ұстанымды анықтаймыз, ол теориялық негіздеменің бір ережесін құрайды. Білім беру үрдісінде жаңа білім беру парадигмасына сәйкес даралық пен тұлға еркіндігі қамтамасыз етілуі анықталады. Осындай көзқарас педагогикалық үрдістің мазмұны мен мәнін анықтайды, болашақ мамандарды дайындаудың іс-тәжірибеде жүзеге асырылатын бағытын көрсетеді.. Маркстік философияда тұлғаның өзін-өзі дамуының мәні өзгелермен өзара әрекеттестігі негізінде түсініледі, өйткені қоршаған әлем адамның әлемі ретінде айқындалып, адам әлеуметтік табиғатты меңгеретіні туралы айтылады. Адамды К.Маркс тарихтің субъектісі мен объектісі ретінде қарастырады, яғни “тарих дегеніміздің адамның өз мақсаттарын іске асырудағы іс-әрекет” деп түсіндіріледі. Осы пікірдің мағынасын, былай түсінуге болады:  адам – оны  жеке  алып қарастырғанда абстрактілі және индивид ретінде әлсіз, қоғамдық таптар құрамында және әлеуметтік топтарда  өзгелермен бірге тарихтың жасаушысы болады. Маркстің пікірінше, адамның ерекшелігі оның еңбек етуімен байланысты. Еңбек -  қоғамдық, заттық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол тек нақты заттарға бағытталып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық қатынастар мен қоғамды қамтиды. Осыған сәйкес қарым-қанынастың, танымның, ойлаудың  формалары қалыптасады. Осынысымен адамның қабілеттері жүзеге асырылып, ол үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осы ереже адам тұлғасы өзін-өзі дамуы мәнін түсіну үшін негіз болады. ХІХ ғасырдың соңында қоғамның жаңа өмірі ұйымдастырылуынан пайда болуымен байланысты, тұлғаның ішкі дүниесіне оның еркіндігіне бағытталған, оның әлеуметтік құқықтары мен еркіндігіне бағытталған. Тұлғаның өзін-өзі даму проблемасы философтардың ойларында бейнеленіп персонализм және эксизтенционализм бағыттарында көрініс береді. У.Э. Гуссерляның өзін-өзі дамыту идеясы жеке субъектілердің ішкі әлемі болып, өзін-өзі жетілдірудің қайталанбас, ерекше нәтижесі ретінде қарастырылады. А.Камю, С.Кьеркегор, Ж.Сартр, М.Хайдеггер, К.Лоперс және т.б. өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясын адамдық “Меннің” терең мәні ретінде қарайды. Орыс философиясында ХХ ғасыр ойларының (Г.С. Батищев, М.М.Бахтин, В.С.Библер, О.Н.Крутова, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, А.Г.Мысливченко, В.В.Розанов, С.Л.Рубинштнейн, С.Л. Франкл, К.А. Шварцман және т.б.) ортақ бағыты гуманист  философтар мен психологтарды біріктіреді. Олардың барлығы адам тұлғасының өзіндік құндылығы мен ерекшелігін қабылдайды, оның қоғам өміріндегі мәндік ролін ерекше көрсетеді. Н.А. Бердяеев, В.В.Розанов, С.Л.Франкл өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың мәнін ашады. Мысалы, В.В.Розановтың жазғаны: “Адам тек өзінің ерекшелігінде өзінің мағыналық ерекше мәнін көрсетеді: онда түрлі рухани шығармашылықтың бұлағы жатыр. С.Л.Франкл “өзімізді өзіміз іске асыруымыздің қажеттілігі бар, біздің “Меніміздің” нағыз мәнін құрайтын біздегі ұйықтап жатқан рухани күштерге шығармашылық шығыс беру керек”.  Н.А. Бердяевтің позициясында дамудың табиғи жолын таңдау еркі идеясы болады. Ол адамның өзінің жетілуіне бағытталған    ішкі қозғалысын өзіндік еркінділікті орнату депе түсінеді. Сонымен, философтардың еңбектерінде адамның рухани өзіндік жетілу феномені  тұлғаның өзін-өзі дамытудың идеясы болып табылады екен. Қазіргі философия адамның әлеуметтік адам ретіндегі үнемі өзгеруін үнемі тұрмыс жағдайына байланысты түсіндіреді және қоршағанның түрлі факторларының әсерімен болады. Осыған орай М.К. Макарашвилидің ойы өзекті болады: “адам әлемдегі үнемі қайта жаңару үстіндегі жағдайында болатын жан, осы жаңадан жаңаруы адамның өзінің ұмтылысы нәтижесінде, яғни өзін өз ойларына орнату, өз ұмтылыстарына бағындыру нәтижесінде іске асады”. Сонымен бірге П.Г. Шедровицкийдің пікірі бойынша  тұрмыстың күрделілігі адамның өзін-өзі дамуына, ішкі дүниесіне назар аудару қажеттілігін  талап ететін. Бірақ өзін-өзі дамыту механизмін іске асыру үшін себепкер ұмтылысы қажет – белсенділік, өзіндік–себептік ауыстыру мен асуысу. Адам дамуының басқа философиялық ережесі бар, ол: әлеуметтік факторлардың және өмір сүру жағдайларының интенсивті түрде дамуы адамның тірі ретінде, сезімтал индивидуум ретіндегі тіршіліктің негізін қозғайды, ол тұлғадағы, табиғатпен берілген  өзгерістердің себепі болатын әлемге қатынасы, мінезі, қабілеттері және т.б.айтады. Осы идеялардың негізінде біз болашақ маманның  кәсіби қалыптасуы барысында педагогикалық процесстің мазмұнын белгілейміз, педагогикалық әсер етудің мәні мен бағыты өздерінің “Жақсы Меніне” жетудегі студенттердің өзгелермен іс-әрекеттік әрекеттестігі арқылы өзін өзі жүзеге асыру негізінде рухани-шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдайлар жасайды. Сонымен, философиялық ғылымдар тұлғаның өзін-өзі дамытуы туралы түсінікке өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік қызмет көрсету мақсатымен рухани-тәжірибелік өзіндік жаңаруы ретінде, өзінің адами мәнінің толықтығына жету мен өмірлік мақсаттарға  қарай өз-өзінің құрастырылуының аяқталуына бағытталған адамгекршілік жаңару іс-әрекеті ретінде зерттеген. Бұл жерде тұлғаның өзін-өзі дамытудың маңызды факторы ретінде көптеген философтардың пікірі бойынша диалектикалық бірігудегі еркінділік саналады, сонымен еркінділіктің “неден” дегеннен гөрі “не үшін” құндылығы айқындалады. Осының барлығы тұлғаның өзін-өзі дамытудың негізгі шарты ретіндегі еркінділік проблемасының философиялық аспектісіне тоқталуға мүмкіндік жасайды. Мамардашвилидің, Б.С.Гершунскийдің, П.Г.Щедровицкийдің, Б.А.Запесоцкийдің, В.П.Зинченконың, Н.Б.Крылованың және т.б. еңбектерінде жоғарыда айтып кеткендей келесілерге назар аударылады: тұрмыстың күрделілігі адамның ішкі дүниесіне ерекше көңіл аударуды талап етеді, оның өзіндік тұрмысының деңгейін өздігінен ұғынуға, “Мен-бейнесін” түзету механизмдеріне еркіндік және топқа тәуелділік жағдайларында. Біздің көзқарасымызға П.Г.Щедровицкийдің пікірі жақындау болады, белсенділіктің көзі адамның өзінде табылмайды, сондықтан да білімберу жүйесі іс-әрекеттің жаңа үлгілерін қалыптастырудың және белсенділіктің, ойлаудың шығармашылық эволюциясының, жалпы әрекеттің орталығы болуы тиіс. Біздің зерттеулеріміз бойынша белсенді тұлғаның ішкі еркінділігі болады, яғни оның өз мінез-құлығының ерекше жолын таңдауға, іс-әрекеттің ерекше формалары мен мазмұнын, тәсілдерін еркін таңдауға қабілеттілігінің болуымен түсіндіріледі.

Информация о работе Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі