Тұлға және қарым қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 17:02, реферат

Краткое описание

Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы демократикалық озғын мәдениетін меңгермесе,Шоқан болмас еді. Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымас,Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе,орыстың адамгершіл,класикалық әдебиетінің нәрініен қорек алмаса,Ыбырай болмас елі. Солар сияқты қалдырған әдебиеттік мұраны ұғып,меңгермесе Абай болмас еді.

Содержание

I. Кіріспе бөлімі.
1.1 Шоқан Уәлихановтың өмірі.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
2.2 Шоқан Уәлихановтың шығармалары.
2.3 Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
III. Қорытынды .
Пайдаланған әдебиет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 85.35 Кб (Скачать документ)

Ыбырай  Алтынсариннің ағартушылық идеяларының  қалыптасуына орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің алдыңғы қатарлы  идеялары үлкен рөл атқарылғанын ескерте кету керек.

Ы.Алтынсарин мектепті қазақтарға білім берудің  шешуші құралы деп есептеді, сол  арқылы қазақ халқының қоғамдық өміріне  әсер етуді, қоғамдық прогреске бағыттауды көздейді. “Осы жылы январьдың 8 күні менің  күткен ісім орынына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің  айызымды қандырып, не бары үш айдың  ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды…”,-деп  қуана жазды ұлы ағартушы.

Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың  ынтасы мен қызығушылығын арттыруды  көздей отыра құрды. Мектеп оқуында, ана тілін үйретуде ұлы педагог  К.Д. Ушинскийдің терең ойларын  басшылыққа алды.

“Қазақ  хрестоматиясын” жазуда Ыбырай Алтынсаринға К.Д. Ушинскийдің педагогикасы мен  оның “Балалар әлемінің “, Л.Н.Толстойдың, И.И. Паульсонның, Н.А.Корфтың және басқаларының оқулықтарының күшті әсері болды.

К.Д.Ушинскийдің  “Балалар әлемінде” оқу мазмұны  бала ерекшеліктерінен сәйкес ғылыми материалдар арқылы берілді .

Ыбырай  Алтынсарин қазақ халқының өзіне  тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі  педагогика саласындағы бірнеше  бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі  оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын  қалады. Ол Қазавқстандағы мектептердегі  оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі  жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің  бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана  тіліне негіздей отырып, орыс тілін  меңгеру болса, оқу үрдісіндегі  жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар  мен оқу құралдарын орыс графикасына  сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде  жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен  білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ал бүгінгі  таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін  мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат  берген игілікті жұмыстарының төл оқу  құралдарын дайындаудағы теориялық  ізденістерінің бастамасы деуге  болады.

Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды.Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.

Ыбырай  Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор  оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер  мектебі 1883 жылы Торғауда ашылды. Бұл  мектеп Орскіде де ашылды.

Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне тартуда Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына тұңғыш білім  беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына  арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ  қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық  жүйесінің жетістігі барлық типті  мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.

Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен  бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім  беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің  өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын  қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне  ол ерекше көңіл бөлді. Оның 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары  мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды.

Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы  қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының  және педагогтардың өзық шығармалары  мен идеяларының кеңінен таралуына  негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің  таралуына баға жетпес үлес қосты.

Ол  К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына  отырып, кейін солардың үлгісімен  өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға  орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.

Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді.

Ол  өзінің хрестоматияға енгізген әдеби  шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.

“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) деген еңбегінде ұстаз тіл  үйренудің нақтылай әдісін түзді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқыту да жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңашыл нұсқалары еді.

Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін қазақ халқының салт –дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыру бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды.

Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми тұрғыда талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, озық тәжірибелердің құралын жасау.

Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік  еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі  оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін  көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.

Сонымен, Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту саласының апостолы Ы.Алтынсарин мұраларын жеткізе зерттеп, оны ұстаздардың ұстазы деп қастерлеу, қадір тұту біздің міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар.

  1. Кіріспе бөлімі.
    1. Абай Құнанбаевтің өмірбаяны.
  2. Негізгі бөлім
    1. Абайдың педагогикалық ойы.
    2. Шығармалары.
    3. Абай Құнанбаевтің педагогикалық көзқарасы.

 

    • Қорытынды.

 

 

 

 

    • Пайдаланған әдебиет тізімі.
              1. Бейсембаев К. Мировоззрение Абая Кунанбаева.А.,1956;
              1. Тажибаева Т. Философские,психологические,педогогические взгляды Абая Кунанбаева.-А.,1957
              2. Шаймерденова К. Педогогические взгляды Абая Кунанбаева,-А.,1990
              3. Абая.Энциклопедия.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай Құнанбаевтің өмірбаяны. 
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. 
Ұлы ақын,композитор,философ,саясаткер,ағартушы,қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. 
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.

 Ана айтқанындай,  шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай  ортасынан оза шауып, ел басқарған.  Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды. Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. ” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. 1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын , өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

 

 

 

 

Абай Құнанбаевтің педагогикалық  ойы.

Қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу  ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының  еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің  студенті, Чернышевскийдің жолын  қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар  арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке,  өнер-білімге шақырады.

Шығыс пен  Батыс классиктерінің ағартушылық  ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық,  салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.

Абай сана-сезімді  тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның  ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре  білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық  негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан  шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.

Информация о работе Тұлға және қарым қатынас