Тұлға және қарым қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 17:02, реферат

Краткое описание

Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы демократикалық озғын мәдениетін меңгермесе,Шоқан болмас еді. Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымас,Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе,орыстың адамгершіл,класикалық әдебиетінің нәрініен қорек алмаса,Ыбырай болмас елі. Солар сияқты қалдырған әдебиеттік мұраны ұғып,меңгермесе Абай болмас еді.

Содержание

I. Кіріспе бөлімі.
1.1 Шоқан Уәлихановтың өмірі.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
2.2 Шоқан Уәлихановтың шығармалары.
2.3 Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
III. Қорытынды .
Пайдаланған әдебиет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 85.35 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

  1. Кіріспе бөлімі.
    1. Шоқан Уәлихановтың өмірі.
  2. Негізгі бөлім.
    1. Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
    2. Шоқан Уәлихановтың шығармалары.
    3. Шоқан Уәлихановтың педагогикалық ойы.
  3. Қорытынды .

Пайдаланған әдебиет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Шоқан Уәлихановтың өмірі.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865ж.ж.) XIX ғасырдың ортасында пашалық  Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанды  отарына айналдырып,бостандық пен  рухани дамуымызды тұншықтырып тастаған дәуірде жарып шыққан ұлы тұлға. Ол география,тарих,этнография,лингвистика, салт-дәстүр,этнос,тайпалар мен халықтардың тарихы,туыстығы,тамырластығы туралы,сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Шоқанды өз халқының тарихы,қоғамдық құрылымы,саяси өмірі,білімі,кәсібі,имандылық  қасиеттері әр уақытта толғандырады. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді,оның болашағына сенді,мақтан тұтты. Шоқан өз халқының азттыққа жетіп,білім алуын армандады.

Қазақ өлкесін округтерге бөліп,басқарудың жаңа түрін енгізу іске асырылғаннан кейін де,Шоқан  басқару ісіне өз халқының өкілдерін  араластыру арқылы аз да болса оның саяси –әлеуметтік жағдайын жеңілдетуді  ойлады. 1857ж. Жарияланған «Баянауыл  округі туралы» деген мақаласында  округтерді басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі  жақсы  түсінетін қазақтарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды.Бірақ,оның бұл әрекетінен ештеме шықпады.

Уәлиханов қазақ округтерінің басында білімді сұлтандар тұрса,қоғамда  әлеуметтік орнар еді деп үміттенеді. Сондықтан да 1862ж. Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлауға өз кандитатурасын ұсында «...ойлағаным-оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдасы  болатынын жерлестеріме өз ісіммен  көрсету еді»,-деп жазады. Бірақ  Шоқанның ізгілікті ойы іске аспай  қалды. Патша әкімшіліктері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап,сайлатпай  тастады. Отаршылдық саясат жүргізуші,патша  өкіметі билеп тұрған мешеу қоғамда  әлеуметтік әділеттік болуы мүмкін емес. Алайда Шоқан Уәлихановтың  қазақ қоғамында әлеуметтік теңдік орнату,демогратиялық өзгерістер енгізу,халық мүддесінесай келетін реформаларды іске асыру,білімге прогресске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарымен ұштас, үндес болды. Сондықтанда оның ғылыми тұжырымдары мен болжамы бүкіл адамзат жасаған қоғамдық ойдың озық үлгісі болып табылады.

Ш.Уәлихановтың терең ғылыми мараларының құндылығы қазіргі  кезде де маңызын жойған жоқ. Өз халқының болашағы үшін ой кешіп,аянбай еңбек  етіп,аз ғұмыр жасаса да,келешек  ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой-пікір қалдырған Шоқанның ұлы Тұлғасы әр уақытта жоғары тұрады.

 

 

 

 

 

 

2.1 Шоқан Уәлихановтың  педагогикалық ойы.

Шоқан орыстың алдыңғы  қатарлы демократикалық озғын мәдениетін меңгермесе,Шоқан болмас еді. Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымас,Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе,орыстың адамгершіл,класикалық әдебиетінің нәрініен қорек алмаса,Ыбырай болмас елі. Солар сияқты қалдырған  әдебиеттік мұраны ұғып,меңгермесе Абай болмас еді.

Қазақ ойшылы,этнографы,тарихшысы,географы,ғұлама ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның  «Абылай», «Шаман дінінің  қазақ  арасындағы қалдықтары»,  «Сібір қарамағындағы  қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды.

Сол заманныцң  қвзвқтар үшін ерлік дәуірі екендігі айқындайды. Ханныңкөптеген басшылық сынынан өтіп,жау  қолында  тұтқында болған кезеңдері  туралы айтады. Оның түбі терең  болжағыш саясаткер екені  анықталады. Бұл  Абылай саясатының салқалы екендігініңкөрсеткіші  болып табылады.

«Шаман дінінің қазақ арасындағы» қалдықтары» атты мақалада ғалым қазақ халқында шамандықтың қалдықтары туралы да ғылымитұжырымдар келтіреді. Халқымыздың ислам дінін ұстанатын, оның ішінде шаман ғұрыптары мен ырымдарын тұтынуы анықталады. Сонымен қатар өлген ата-баба рухтары,аруақтар немесе органдар,шамандардың емдеу тәсілдері мен табыну нысандары,жаратылыстағы киелі күштер туралы сөз етеді. Осы мақаласында Шоқан «Өлі мен тірі туралы және олардың достығы туралы және олардың достығы туралы ертегі» ұсынады. Өлі жігіт пен тірі жігіт арасындағы достықтың мәнін анықтайды. «Балам,есіңде болсын, елсіз жерде кездессең...мол анық ұр қалдырма,егер оған түнде кездессең түнемей өтпе»,-деген сөздері дәстүрді ұстану мен өзгенің кеңесің тыңдау,жігіт жолбарыстарға ұмтылуы батырлықтың қажеттілігін дәріптейді. Қазақ мектептерін Европа жолына,өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы,тарихта өшпестей із қалдырған педагог,ақын,жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім,өнерге ұмтылуға кеңес бергенде құрғақ насихатқа ұрынбайды,қайта өз ойын нақтылық пен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал тәсіл қолданады. Өлең алдымен шешендік қайталауларды ұтымсды пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

2.2 Шоқан Уәлиханов шығармалары


Шоқанның шығармаларын жинап  бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану  әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық  етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.

Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

Шоқаннан қалған мұраның  бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Шоқан Уәлихановтың  педагогикалық көзқарастары.

Шоқан Уалихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ  халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл  мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына  даңғыл жол ашты.

Орыс, қазақ және Орта Азия халықтары арасындағы достық байланыстың  негізін салушылардың бірі біздің тұңғыш ағартушы - демократ ғалымымыз Шоқан  Уалиханов (1835-1865) болды. Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми жұмысы, саяси - әлеуметтік, философиялық, әдеби көзқарастары Қазақстан  ғалымдары зерттеулерінен кең де терең шешімдерін тапты (Валиханов.Ч. Избранные произведения / Ч. Валиханов. - Алма-Ата. – 1958).

Ш. Уәлиханов орыс - қазақ  мәдени - педагогикалық байланысының тарихындағы өшпес еңбегі сол-ол орыстың озат білімі мен ғылымын  таратушы, насихаттаушы болды, артта  қалушылық пен надандыққа қарсы  күресті.

Ш. Уәлиханов ағарту мәселесінде  орыстың революциялық -демократиялық  педагогикасының бағытына жақын  болды. Сондықтан да оның пікірі халық  ағартудың жайы саяси өкіметтің  сипатына тәуелді болып келмек деген  революционер-демократтардың пікірімен  үндесіп жатады.

Н.Г. Чернышевский “Июль  монархиясы” деген еңбегінде  “Саяси билік, материалдық әл-ауқат  және білімділік - осы үш нәрсе бір-бірімен  тығыз байланысты” (Чернышевский Н.Г. Полн.собр.соч. / Н.Г. Чернышевский. - М. - 1950. - т.7. –с. 97.) десе, Ш. Уәлиханов та сол ізбен: “Халықтың жетіліп  дамуы үшін бостандық пен білім  қажет… Демек, оларды ең алдымен оқыту  қажет”,- дейді ( Валиханов.Ч. - Собр.соч. / Ч. Валиханов- Т. 1. – С. 100.)

Оның ойынша мектептерді  ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы принципіне сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп - төстеуші чиновниктер  әзірлейтін мектептердің орнына европалық  ғылым мен гуманизмді таратушы болатын  мектептер мен тәрбие жүйесін  ұйымдастыруды арман етті.

Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отыра, Ш. Уәлиханов  ең алдымен жас өспірімдерді ғылым  мен техниканың табыстарымен, дүние  жүзі мәдениетінің бай қазынасымен  таныстыра алатындай діннен бөлінген дүниелік білімдерді енгізуді жақтады.

Ш. Уәлиханов тарих, этнография, география, психология саларындағы  көлемді де ғылыми мәні терең зерттеулері  оған өз халқының мәдениеті туралы маңызды топшылаулар жасауға  және қазақ пен орыс халықтары  арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігі туралы ойлар  айтуға мүмкіндік берді.

Ш. Уәлиханов адал патриот  ретінде өз халқына деген шын  сүйіспеншілігін басқа халықтарды сыйлау, олардың ұлттық ерекшеліктерін ұлттық демократиялық мәдениетімен сыйлаумен ұштастырды. Шоқан өзінің ғылыми, мәдениеті мен ағартушылық  қызметін қазақпен көршілес Шығыс және Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениеті  мен ағарту мәселерлерін терең зерттеумен байланыстырды. Ол бұл салада қытай, ұйғыр, монғол, бурят, ойрот, татар, башқұрт, қалмақ, қырғыз халықтарының тарихын, экономикалық, қоғамдық құрылыстарын, мәдениеті мен оқу-ағартуын зерттеп, шығыстану ғылымына ерекше үлес қосты.

Шоқанның “Жоңғария очерктері”, “Шығыс Түркістан”, “Алтышаһардың  немесе Қытайдың Нан - Лу өлкесінің  Шығыстағы алты қаласының жайы”  атты еңбектері өз кезінің Шығыс  зерттеу ғылымында бағалы жаңалық  болды.

Ата - бабалардың ерлігі туралы тарихи жыр дастандарға дегенде, халықтың сүйіспеншілігінде шек  жоқ, соншалықты мол мұраны ауыздан-ауызға, жазбасыз, баспасыз, алып даланың бір  шетінен екінші шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың суырып салма  ғажап қабілеттерінің көрнісі болса  керек. Осы тарихи мәні мол мұраны біреулер аузына домбырамен сүйемелдеп, әндетсе, енді бірі күй арқылы сыбызғы, қобызды тартып, өнерлі адамдардың аты ел-жұрттың есіне мәңгі  қалып қоюына себепші болды.

Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық дарынын ол ұлттық мәдениетіміздің  негізі деп түсінді. Ол ұлттық мәдениетті дамыту үшін, мемелекеттік дәрежеде ұлағатты ұйымдастырушылық жұмыстар қажет деп, сондай игілікті жұмыстардың ұйымдастырылуын  армандады.

Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы - білім мен ғылымды адамдарды  бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік  ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның  өзі Шығыс Ренессансына, тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы  құрамындағы бодан халық тағдырына  қатысты.

Шоқан халықтың көне мұраларын  қадірлеудің қажеттілігін отаршыларға  да, ел басшыларына да ескертіп отырды. Ол Самархан, Ташкент, Ферғандағы кітапханалар мен обсерваториялардың, архитектуралық көне ескерткіштердің күтімсіз қалып, жойыла бастағанына қынжылды.

Шоқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы өзық үлгілерді мәдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа қарсы күрес ашты. Қазақ хһалқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлтының ұлы қасиеттерін дамыта беру қаже екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Шын еімі-Мұхаммед-Ханафия. Қазақ ойшылы,этнографы,тарихшысы,географы,ғұлама ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның  «Абылай», «Шаман дінінің  қазақ арасындағы қалдықтары»,  «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды.Шоқан көптеген суреттер салған. Оның 150ден астам суреттері бар. Ш. Уәлиханов адал патриот ретінде өз халқына деген шын сүйіспеншілігін басқа халықтарды сыйлау, олардың ұлттық ерекшеліктерін ұлттық демократиялық мәдениетімен сыйлаумен ұштастырды. Шоқан өзінің ғылыми, мәдениеті мен ағартушылық қызметін қазақпен көршілес Шығыс және Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениеті мен ағарту мәселерлерін терең зерттеумен байланыстырды. Ол бұл салада қытай, ұйғыр, монғол, бурят, ойрот, татар, башқұрт, қалмақ, қырғыз халықтарының тарихын, экономикалық, қоғамдық құрылыстарын, мәдениеті мен оқу-ағартуын зерттеп, шығыстану ғылымына ерекше үлес қосты. Ш. Уәлиханов тарих, этнография, география, психология саларындағы көлемді де ғылыми мәні терең зерттеулері бар. 1865жылының сәуір айында Тезек төренің ауылында,Алтын Емел жотасына жақын Көнен-тоған деген жерде қайтыс болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Қазқ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы «АрунаLtd»ЖШС 2005
  2. Абай.Энциклопедия.-Алмакты «Қазақ энциклопедиясының»бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.
  3. Отырар.Энциклопедия.-Алматы. «Арыс»баспасы 2005
  4. Жетісу энциклопедиясы.-Алматы: «Арыс»баспасы,2004. – 712 бет + 48бет түрлі түсті суретті жапсырма.
  5. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғызбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматы кітап баспасы» 2009
  6. Жан тану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь»,2006 – 384 бет.

Информация о работе Тұлға және қарым қатынас