Тұлға туралы жалы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 20:01, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Содержание

Кіріспе .................................................................................................... 4
Тұлға туралы жалы түсінік ................................................................ 6
Жеке тұлғанын қалыптасұынын философиялық-әдістемелік негіздері ............................................................................................ 6
Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде ............................................................................................. 12
Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемалар ..... 19
Тұлғаның даму процесі .................................................................. 19
Іс-əрекет жəне тұлға дамуы ............................................................ 22
Қорытынды .......................................................................................... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................... 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга туралы жалпы тусиник.doc

— 176.50 Кб (Скачать документ)

Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет. «Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады. Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады. «Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушьшықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.

Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады. Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардьщ белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші құрал. Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды».

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек. Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді» (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекетгің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.ДУшинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский окыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың «дамудың ең жақын аймағына» сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған окыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды құралы – табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. «Бала дамуының ең жақын аймағы» туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдык мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.

Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.

Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуыньщ ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Қарым-қатынас – генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады. Адамнын белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.

Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі. Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қальштастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жене алатын күш.

Информация о работе Тұлға туралы жалы түсінік