Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 20:40, реферат
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
1. Таза ауада ұйымдастырылатын дене тәрбие сабағының әдістемесі, құрылысы 2
2. Дене тәрбиесі сабағына қажетті құралдар мен жабдықтар, оларға қойылатын талаптар. 6
Ересектер тобы үшін сабақ үлгісі 12
Балабақша балалары үшін сабақ үлгісі 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
Күн тәртібінің құрамдас бөлігі болып балалардың күнделікті өмірлерінде жеке бас гигиенасын сақтануы табылады. Ал осы гигиенасы ұстануды үйреті, оқушыларды осыған дағдыландыру – кіші сынып оқушыларында дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырудың басты мақсаты болып табылады. Сонымен бірге, ол мектеп мен отбасының бірлескен күші арқылы шешілуі керек.
Денсаулық сақтау факторларын (ауа, күн, су) денсаулықты беріктендіруде жеке құрал ретінде де пайдалануға болады, мысалы, ауа және су процедураларын өткізу,суық сумен жуыну, сонымен бірге дене жаттығуларын жасау, яғни таңғы гимнастика, таңғы гимнастикадан кейінгі жуыну және тағы басқа.
Құралдар тек сабақ барысында қолданылып, оның міндеттерін орындауға бағытталған, оқытушы мен оқушының іс-әрекет қимылдарымен олардың түрлерін атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын амалдардың қосындысы. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары тапсырмаларын орындаудың құралдары мен әдістеріне дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары мен әдістері ажырамас бірлікте болады.
Барлық жаттығулар қозғалыс
құрылымы бойынша айналымдық және айналымдық
емес болып бөлінеді. Айналымдық деп,
белгілі бір қимыл топтамасы
барлық іс-әрекет барысында дерлік
түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын
айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек
елу, шаңғы тебу, коньки тебу). Айналымдық
емес деп қимыл түрлері
Бұдан бұрын да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі төрт топқа бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл – дене дайындығы дәрежесімен, қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек, әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады. Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен, экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді мекендері аз жерде орындалады.
Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік; 2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.
Реттік дене жаттығулары деп - дайындалушыларды ұйымдастыруға, оларды сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті, т.б. дамытуға арналған жаттығулар). Дайындық жаттығуларына тыныс алу жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге).
Дене жаттығуларының бұлай
болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі
мен спорт сабақтарындағы кез-келген
тапсырманы орындау үшін қолданылуы
мүмкін. Өзіне тән қимыл іс-
Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) – бұл нақты тапсырмаларды орындауға арналған, (қойылған мақсатқа жету) мақсатты бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы.
Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі топқа бөлеміз: негізгі және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады.
Қолдану аясының белгілеріне қарай жаттығу әдістері пайдаланылатын айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.
Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен белгілі бір қимылды орындау арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының көпшілігінде). Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары). Үздіксіз жаттығуларда сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.
Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті жаттығулар және қайталау жаттығулары деп екіге бөлінеді.
Кезекті жаттығулар қимылды
орындау күшін бірте-бірте
1 |
Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады |
2 |
Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру |
3 |
Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады |
4 |
Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады, ол қашықтықты тез өтумен аяқталады |
5 |
Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше дүркін өзгерту |
6 |
Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау |
3-сурет. Спорттың айналымдық түріндегі кезекті жаттығулар нұсқасы
Қайталау жаттығулары
бір сабақ барысында белгілі
бір қимылды демалыс
Дене жаттығуларының айналымдық
емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу
пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе
жаттығу пәнін өзгертумен орындалады.
Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен
орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі шеңбер
әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің
бір сызықты түрінде жаттығу
спорт жаттығуының түрлі
Бұнда қимыл сипаты, жаттығудың қарқындылығы мен көлемі сабақ міндетіне байланысты анықталады. Бұл әдіс бойынша жаттығулар қатарына тапсырманы алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін ғана кірісе алады. 4-6 аптадан соң әр жаттығу бойынша оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады.
Үздіксіз, қайталау және кезекті жаттығулар «таза» күйінде бір-бірімен үйлесіп те қолданыла береді. Ең көп тараған үйлесімді қайталау кезекті жаттығулар болып табылады.
Таңдаған спорт түріне, сабақ кезеңі, орындалатын тапсырмалар, оқушылардың жағдайына қарай аталған жаттығу әдістерінің біріне немесе олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады.
Жаттығулардың негізгі әдістері академиялық және ойындық жарыстар түрінде орындалады. Академиялық түр ең бастысы орындалатын жаттығулар түрінде, олардың құрылымдарын қатаң сақтай отырып, оқушы зейінін аударумен сипатталады, ал ойындық (жарыстық) түріне сюжеттік ендіріледі, нақты қимыл тапсырмалары мен оған қол жеткізу көрсеткіштері анықталады. Ойын әдісі дегенде жарыстың ұйымдастырылуын немесе ойынды тура мағынасында түсінген жөн емес ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей және оның жекелеген жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс түрінде орындалады. Жарыстар оқытушының немесе оқушылардың өздері ұсынған өндірістік ережелер бойынша орындалады. Бұл әдіс үшін түрлі снарядтар мен ойын жаттығуларының аспаптарын пайдалану сипатына тән. Жарыстық әдіс оқушыға үлкен қимыл. Еркіндігін береді, олардың қызығушылығын арттырады, қимыл түрлерін іздеуде бастама көтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен орындауға жол ашып, спорт тәсілдерін тез әрі жетік меңгеруге, ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дамытуға жәрдем береді. Бірсайыс сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында жарыстық әдіс негізгі болып табылады.
Жаттығудың қосымша әдістері тобына мына әдістер жатады: а) «қажет көмек арқылы», ә) «екі жақтан», б) «қимылды бейнелеу арқылы», в) «қимылды көрсету арықыл».
Қажет көмек арқылы жаттығулар әдісі мынандай: оқытушы үйретіп жатқан қимылды орындауда өзі араласады, оқушыларға дене көмегін көрсетеді. Ол қимылды бағыттайды, оқушыны ұстап тұрады, тартады, оның қимылын жылдамдатып, баяулатады, дененің жеке бөліктерінің қалпын дұрыстайды.
«Екі жақтан» жаттығу әдісі оқушыларға ассиметриялы спорт жаттығуларын екі аяқ-қолмен немесе дененің екі жағымен орындауды үйренуге мүмкіндік береді.
Қимылды бейнелеу жаттығулар әдісінің мәні мынада: оқушылар спорт жаттығуларының тәсілдері туралы жүйелі ойлайды, спорт жаттығуларын бүтіндей немесе жекеше бөліктері тәсілдерін, қимылдарын бірізділігін бірнеше дүркін бейнелейді. Оқушылар өз зейінін қимылдың жеке параметрлеріне (ырғағына, екпініне, қимыл жиілігіне) және қимылды орындау уақытында пайда болатын қимыл сезімдеріне аударуы мүмкін. Бұл әдіс спорт жаттығуларының тәсілін меңгеруге, кейде сәйкес қимыл сапасын дамытуға жәрдем береді. Бұл әдістің жаттығулар түріне белгілі бір дене жаттығуын бірізді орындауды бейнелейтін суреттерді салу болып табылады.
«Қимылды көрсету» жаттығу
әдісі оқушылар айқын спорт жаттығуларын
қимыл құрылымдары мен
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында қолданылатын ақпарат құралдар мен әдістері (6-сурет) (жаттығу әдістері сияқты) негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілеріне сөз бен бейнелеп көрсету жатады. Сөздің көмегімен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында а) оқушыларды ұйымдастыру; ә) білімді мәлімдеу; б) орындалған жаттығуларды және олардың нәтижелерін талдау мен бағалау; в) көңіл-күй жағдайын реттеу; г) тәрбиелеу міндеттерін оындау қамтамасыз етіледі. Бейнелеп көрсету үйренетін қимылдар туралы нақты мәліметті қысқа уақыт ішінде білуге мүмкіндік береді.
Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістеріне қимыл барысындағы дыбыстар қимылдан қалған іздер, бағыт-бағдар, сондай-ақ ақпараттың техникалық құралдары мен әдістері жатады.
Ересектер тобы үшін сабақ үлгісі
№1 сабақ үлгісі. Тепе-теңдікті сақтау
Сынып: 4 «а»
Өткізілетін жер:
Уақыты:
Күні:
Тақырыбы: Тепе-теңдікті сақтау
Мақсаты: 1 Өткенді қайталау:а) алдыға денемен аударлып түсу
б) жаурынмен тұру (ұлдар)
в) көпір жасау (қыздар)
2 Тепе-тендікті сақтауға
арналған жаттығуларды
3 Оқушылардың қабылдауын, шапшаңдылығын дамыту. Өзара көмектестіке үйрету.
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық маттар, гимнастикалық таяқшалар, доптар, секіртпе, гантель, ысқырық
Сабақ барысы:
№ |
Сабақтың мазмұны |
Әдістемелік нұсқаулар |
І
ІІ
ІІІ |
Дайындық бөлімі Оқушыларды сапқа тұрғызу: б)сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Саптағы жаттығулар: а) Оңға! Артқа! Солға! Солға! ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен жүру б) қолды белге қойып, сыртқы қырымен жүру в) қолды белге қойып, ішкі қырымен жүру Жүгіру а) жылан тәріздес жүгіру
Арнайы жүгіру жаттығулары: ә) тізені жоғары көтеріп жүгіру в)аяқтың ұшын созып, алдыға қайшы тәріздес жүгіру Жүру а) тыныс алу жаттығулары: Оқушыларды бір лекке тұрғызу а) 1,2,3,4санал!
Жалпы дамыту жаттығулары: а) бастапқы қалып: қолымыз белде 1,2,3,4- мойнымыз оңға (солға) айналдыру ә) б.қ. қолымыз белде «1»- басымызды алдыға түсіру «3»- оңға б) б.қ. гимнастикалық ағашта оң қолмен ұстау «1»-аяқтың ұшымен көтерліп, қолды үстіге көтеру «2»- гимн. ағашта сол қолмен ұстап б.қ. келу «3,4»- жатығуды қайталау в) б.қ. екі қолмен гимнастикалық ағашты ұстау «1»- сол аяқпен алға кең қадам жасап, екі қолды жоғары көтеру «2»- б.қ. келу керек «3»- оң аяқпен алға кең адым жасап, екі қолды жоғары көтеру «4»-б.қ.-келу керек г) б.қ. негізгі тұрыс екі қолмен гимн. ағашты ұстау «1»- қолды кеуде тұстан ұстау керек «2»- екі қолды алдыға созу «4»- б.қ.-келу керек ғ) б.қ. екі қолды жоғары көтеру, аяқты алшақ ұстау «1,2,3»-оң жаққа иілу «4»- б.қ. д) б.қ. қолды алдыға тік ұстау «2»- б.қ. «3»-сол аяқтың ұшымен оң қолға тигізу «4»- б.қ е) б.қ.тік тұру «12,3,4»- екі аяқты қосып, түзу секіру, бір орында «1,2,3,4»- қолды алдыға созып,
сол аяқты бүгіп, оң аяқпен секіру 4 қатардан 1 қатарға тұру Жаттығужасайтын орынға бару
Негізгі бөлім: Гимн-қ маттарда жаттығу жасайтын орыңға’”апарып дайындау Ұлдар тобы :Қайталау сабақ.
а)алдыға аударлып түсу ә) жаурынға тұру(ер балалар) Оқушыларды өздіктерінен жасайтын жаттығулар.
а) қарлығаш бейнесі жасау, бір
аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен
отыру,гантельды көтеру. б)көпірге тұру(қыз балалар)
а) қарлығаш бейнесі жасау, бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен отыру,гантельды көтеру. ә)гимнастикалық бөренеде екі қолды екі жаққа жаза іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға,артқа жылжып жүру (ұл балалар) б) гимнастикалық орындықта екі қолды екі жаққа жаза іші нығыздап толтырылған допты ұстап алға,артқа жылжып жүру (қыз балалар)
Оқушыларды 2 топқа бөлу Қордынды бөлім: - жаттығу орнын жинастыру - сапқа тұрғызу - сабақты қортындылау - оқушыларды бағалау - тұрған сап арқылы залдан шығу |
Оқушының сырт бейнесіне назар аудару
команданы дұрыс орындау керек
денені тік ұстап жүру, ара қашықтықты сақтау
денені тік ұстау
бір тізбек болып тұрған балаларды сап бастаушы алаңның бір шетінен екінші шетіне дейін бастап жүгіріп, содан соң жылан жасап жүгіреді
Әр жаттығудыдұрыс, әдемі етіп орындауды талап ету.
екі қолды жоғары көтеріп дем алу, екі қолды түсіріп дем шығару
Тоқтау, мұғалім командасы арқылы солға бұрылу, бір қатардан төрт қатарға тұрғызу Гимнастикалық таяқтармен (төрт
баланың бірігуі арқылы) жаттығу саналу ретімен жасау
гимн. ағашты алақанның сырт жағымен ұстап, шынтақты бүкпеу керек
мұнда алға кең адымдап, қолды бүкпей түзу ұстау керек, аяқтың ұшымен тұру керек, ал денені тік ұстау керек
шынтақты жанға қою екі қолмен гимн. ағашты ұстау
қолды тік ұстау керек аяқтың ұшымен секіру команда арқылы мұғалім командасы арқылы оқушы жаттығу жасағанда көпірге жауырынмен тұру 5-7сек мұғалім командасы мұғалім командасы |
Информация о работе Таза ауада ұйымдастырылатын дене тәрбиесі