Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:25, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру (1).doc

— 604.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

І Тарау.  Сыныптан тыс жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие берудің 

   ғылыми -теориялық  негіздері

1.1 Сыныптан  тыс тәрбие жұмысының мәні  мен  мазмұны 

1.2 Сыныптан  тыс тәрбие  жұмысы -оқушыларды  жан - жақты 

      қалыптастырудың  формасы  ретінде

ІІ Тарау. Сыныптан тыс  жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие берудің 

    жолдары

2.1 Сыныптан  тыс жұмыстарда  оқушыларға тәрбие  берудің 

      педагогикалық шарттары

2.2 Сыныптан  тыс жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие  берудің 

     әдіс тәсілдері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Қосымша 
Кіріспе

Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазіргі  кездегі қоғам  дамуының заңдылығы  мектеп оқушыларының  рухани,  интелектуалды  және  физикалық жан-жақты  дамыған, білімпаз  шығармашылығы  белсенді, тұрақты  өз бетінше  білім жетіліруде  ынталы және  дағдысы қаланған  кез келген өмірлік  мәселелерді шешу мақсатында  тәуелсіз елімізде   бірқатар ілгері  жұмыстар қарастырылып,  олардың жүзеге асудағы  нақты шаралары  белгіленді.

“Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту  тұжырымдамасында” орта білім берудің  мақсаты жылдам  өзгеріп дүние жағдайларында  алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай білуге, өзін- өзі  іске асыруға, өзін-өзі дамытуға  және өз бетінше  дұрыс,  адамгершілік тұрғысынан  жауапты шешімдер  қабылдауға  қабілетті жеке  тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Осындай күрделі мақсаттың  жүзеге асуы білім  берудің үздіксіздігін  қамтамасыз ету жағдайына  байланыстылығын  да көрсетті.  Республикада бұл міндеттердің  шешу жолы  білім берудің қосымша  дамыту бағдарламаларында  айқындалады.  Сондай -ақ  “ҚР  тәлім тәрбие  тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің  негізі – ұлттық  тәлім тәрбие  деп қарастырады. Мұнда  әрбір халықтың  тәлім -тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің  құнды бөлігі  немесе қазақ  халқының  педагогикалық  ой -пікірлерін  бүкіл оқу тәрбие  жүйесінің  тірегіне  айналдыруды  көздейді.

Осыған орай, мектепте  оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана  тәрбиелеп және  қалыптастырып  қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да  тәрбиелеу қажеттілігі  маңызды болып отыр.

Сыныптан тыс  тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын  қамтамасыз етуде  соған жағдай туғызатын  мұғалімдердің басшылығымен  ұйымдастырылған  және сабақтың  мақсатымен  өзара байланысты  болып келетін  тәрбие жұмысының  дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы  ретінде оқушылардың  кең көлемде  әрі терең,  жан жақты тәрбиелік  ықпал ете  алады.

Сыныптан және мектептен  тыс жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие беру мәселелерін   әртүрлі бағыттарда  қалыптастырып,  дамытуды ғалым – педагог- психологтар  өз үлестерін  қосты. Атап айтсақ,  сыныптан тыс жұмыстардың  қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер  ( Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковская, М.Б. Коваль ,  Б.И.Каюмов,  Ф.А. Фрадкин ,  В.А. Капранова) ;

-  Сыныптан тыс  жұмыстар қызметін  басқаруды  жетілдіру (Грекова О)

- Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушылардың  қоғамдық   саяси белсенділігін  дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова , Н.А. Антыгина ,  В.Н. Лыков , В.Н. Дармодехина , Н.Д. Зверьева ,   М. Куранов,  Н.И.Меняева);

- Сыныптан  тыс жұмыстардағы  еңбек тәрбиесі  (Ю.Г.Памория ,  А.И. Ковалева , Л.И. Каучукова ,  Н.А. Запорожец,  М.А Углицкая);

- Сыныптан  тыс жұмыстардағы  адамгершілік  тәрбиесі (Л.А. Оралова ,  Қ.Т. Әтемова ,  И.К. Тен  ,  Н.И.Минибаева,  Ж . Сәдірмекова);

- Мектептен  тыс мекемелер  мен әлеуметтік  тәрбие мекемелері  арасындағы  өзара  ықпалдасудың  (П.Д. Георгиева ,  Г.И. Миячива,  С.А. Михайлович,  Р.П.Виркус  педагогикалық проблемалары  олардың кйбір шетелдік  тәжірибелері зерттелген бағыт;

 - атеистік тәрбие проблемалары (А.И  Пак) эстетикалық тәрбие А.С.Каргин  , Л.И. Шахова ), экологиялық тәрбие (Ш.Арзымбетова );

- Өз  бетінше  білім жетілдіру мен  әуесқойлық  тәрбиесі  (Л.Ф.Каразян ,  В.В. Политова  ,  Л.Г.Садықова)

Сыныптан тыс жұмыстар  тарихына қатысты  мәселелер Н.И.  Қойшыбаева,   К.Ж. Қожахметова,  И.А. Әділханов., Г.И. Мұханова  және т.б.  еңбектерінен орын алады.

Қазақстандағы сыныптан тыс  тәрбие жұмыстары  мәселесін тереңдете  қарастыруда  және оны қажетті деректермен  байытуда  Қазақстандағы  мәдени ағарту   жұмыстары мен  мәдени құрылыстарына байланысты  белгілі бір жекелеген  тарихи кезеңдерге  арналған тарихшылардың ( С.Б. Байшиев  ,  Р.Б. Сүлейменова ,  Х.Бейсенов , М. Абдукадирова,  В.Г.Макаров  ,Б.А. Амантаева  , Е.Ш. Қуандықов , А.Ғ.  Ибраева және т.б.)  еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясы  мәселелеріне  еңбек жазған  Қазақстандық  ғалымдардың  еңбектері де сыныптан тыс  жұмыстары  мәселелеріне  теориялық – әдіснамалық  тұрғыдан зерттеуге  (С.А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев.,  К.К.  Жанпейсова.,  Л. Керимов., Б.Ы.  Мұқанова., Г.К. Нурғалиева  т.б.)  үлкен септік жасайды.  Сондай - ақ  сыныптан тыс  жағдайды  тәрбие түрлерінің  әрбір дара саласына жүргізілген  Қазақстандық  ғалымдардың  (А.Ф.Дайкер ,   А.И.Бабаков ,  Ш.А.Әділханов ,  С. Ешимханов ,  З.У. Кенесарина,  К.Ж.Бұзаубақова ,  М.Р.Көпжасарова  )  еңбектерінде де  тұжырымдар  кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға  жақын келетін  оқушылардың ұлттық  тәрбиесін дамытуда  көркем шығармаларды  (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г.  Кезин ), халық білімдерін  (Н.Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін  (Ю.Ф.  Виноградов.,  Т.Д.  Замбалова ) халық педагогикасын  (Н.С.  Иванова, З.А. Хусаинов., С.Н.  Черябкина., Б.Х.  Қойбағарова., А.Б. Айтжанова  және т.б.)  пайдалану мәселелері  қарастырылған еңбектер  де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға  ұлттық тәрбие беру  бағытында орнатылған  ғылыми зерттеулерге  жасалған  талдау сыныптан тыс  жұмыстарда оқушыларға  ұлттық тәрбие беру  мәселесі зерттеушілердің  назарынан тыс қалғандығын  дәлелдейді.  Бүгінгі таңда  оқушылардың ұлттық  тәрбиесін сыныптан  тыс жұмыстарда  дамытудың қажеттілігі  мен  мектепте,  мектептен тыс ұйымдардың  ұлттық тәлім тәрбие  берудегі  қызметінің жан жақты  жүзеге асырылмауы және  мектепте  сыныптан тыс  жұмыстарда  оқушыларға  арналған  ғылыми негізделген әдістеменің  тапшылығы арасындағы  қарама -қайшылық  нақты көрініс  алып отырғандығы  байқалады.  Бұл қайшылықтардың  шешімін табу  зерттеу жұмысымыздың  тақырыбын  “Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыларға тәрбие  беру жолдары” деп таңдауға  мүмкіндік  берді.

Зерттеу мақсаты:  Сыныптан тыс  жұмыстарда  бастауыш сынып  оқушыларына  тәрбие берудің  жолдарын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу.

Зерттеу нысаны:  мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстарда  бастауыш  сынып оқушыларын  тәрбиелеу үрдісі. 

   Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс  жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық  тәрбиесін  қалыптастыру. 

     Зерттеу міндеттері:

  • Сыныптан тыс  тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
  • Сыныптан  тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің  мүмкіндіктерін

айқындау;

  • Сыныптан тыс жұмыстарда  оқушыларға тәрбие берудің әдіс   тәсілдерін  анықтау  және оны  эксперимент – тәжірибе  жүзінде  тексеру.

Диплом жұмысының  құрылымы. Диплом  жұмысы кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Зерттеу базасы: Тәжірибелі  эксперимент  жұмыстар Шымкент қаласындағы  № 47 тарихи  гуманитарлық  гимназия  мектебінде  өткізілді.

 

 

І – тарау.  Сыныптан тыс  жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие  берудің

теориялық  негіздері.

1.1 Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының  мәні  мен  мазмұны.

Бүгінгі  таңда  ұлттық мәдениет  әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып,  дәстүр, салттың  тағдыры мен  болашағы  мектептегі  жас ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам  ең алдымен  өз халқының президенті,  өз отанының  азаматы болу  керек екенін, ұлттың болашағы  тек өзіне байланысты  болатынын  есте ұстауға тиіс”. Оның осындай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық әдет – ғұрыптар мен  дәстүрлер көптеп  көмектеседі. Солар арқылы  ол жалпы адамзаттық  әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін  басқа халықтарға жақын  да түсінікті  ете алады.  Сондықтан әрбір, ұрпақ  өз кезі мен өткеннің  талаптары,  объективті  факторлар негізінде  жеткіншек ұрпақты  өмірге даярлап,  оны жинақталған  тәжірибе  арқылы тәрбиелей отырып,  өзінің ата бабаларының  рухани мұрасын  игере түсуі керек.

Блұ болса,  кәсіби шеберлікпен  ұйымдастырылатын  мектептің тәрбие  жүйесі арқылы жүзеге  асады. Мектептің сыныптан тыс  тәрбие жүйесі  сол мектептің өзіндік  ерекшелігі  негізінде  жасалған тәрбие  тұжырымдамасы  бойынша  айқындалады.

Жеке тұлғаның  қалыптастып  дамуы үздіксіз  сипатта болатыны  бізге мәлім. Оның жүзеге асуы  тек сабақ жүйесінде  ғана емес,  сабақтан тыс жүргізілетін  әртүрлі тәрбиелік  әрекеттермен ұштасады.  Ол әдетте  сыныптан  тыс және  мектептен тыс   жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс  тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік  қалыптасуын  қамтамасыз етуде  оған жағдай туғызатын  мұғалімдердің  басшылығымен  ұйымдастырылған  сабақтың мақсатымен  өзара байланысты  болып келетін  тәрбие  жұмысының дербес түрі.  Ол әртүрлі  тәрбие әрекеттерінің  жиынтығы ретінде  балаға кең көлемде  тәрбиелік ықпал  ете   алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып,  жетілдіреді,   оның  адамзат  құндылықтарына негізделген    білімдерін    байытып,    қажетті    практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден,   сыныптан   тыс   түрлі   тәрбие   жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның   жауапкершілігін   арттырады.   Бұған   қосымша,   оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.                       

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен  табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше  сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі  мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.                                        

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық  ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп  қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.                                                                          

Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру