Сынып жетекшісі және оның атқаратын міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 21:48, реферат

Краткое описание

Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор.

Содержание

1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру...............................................4
3. Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері..........................................8
4. Қорытынды.............................................................................................15

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сынып жетекшісі және оның атқаратын міндеттері.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)

Сынып жетекшісі нені білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңын;

Бала құқықтары  жөніндегі конвенцияны;

Балалардың  жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын, әлеуметтік педагогиканы;

Тәрбие жұмысының  теориясы мен әдістемесін;

Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;

Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:

Оқу жылының  басындағы міндеті:

Сыныптағы оқушылардың  тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;

Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;

Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;

Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;

Жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына тапсырады:  

Күн сайынғы міндеті:

• Сынып журналына  сабақта жоқ оқушыларды белгілейді

• Сыныптағы  кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады 

• Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады 

• Сыныптың өзін- өзі органдарына және сыныптағы  мектептік өзін- өзі басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек  көрсетеді 

Апта сайынғы міндеті

Оқушылардың күнделіктерін тексереді;

Пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап  отырады;

Сынып сағатын  және жарты сағаттық шаралардан ақпарат  беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп  тұрады;

Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады;

Ай сайынғы міндеті: 

• сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады;

• жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы  мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша  жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді;

• Кабинетке  және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді;

• Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде  кезекшілік етеді;

• Өз сыныбындағы  педагогикалық қамқорлықты талап  ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға  басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды: 

Тоқсан бойындағы міндеті:

Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру;

Сыныптың  мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады;

Мектеп оқулықтарының  жағдайын бақылап отырады;

Ата -аналар жиналысын  өткізеді;

Сынып жетекшілердің семинарларына,өзге де сынып жетекшінің іс -шараларына қатысады;

Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды: 

 
Демалыс уақытындағы міндеті

Сынып жетекшілері  әдістемелік бірлестігінің демалыс  кезіндегі жұмыстарына қатысады;

 белсенділерімен, Өзін -өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, оқушылар ата -аналарымен бірлесіп өз сыныбында демалыс кезінде іс- шаралар ұйымдастырады: 

Оқу жылының аяғындағы  міндеті:

Сынып белсенділерімен  бірге оқу жылындағы сынып  қорытындысын шығару; Сыныптағы оқу- тәрбие қорытындысын, талдау жасап, директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады; Мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; Сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады; Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу– тәрбие үрдісінде жаңа педагоикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу– тәрбие үрдісіне ендіру аса маңызды. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.

Жұмыс формалары:

1.Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

- эксперименттік алаң

- авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу

- зерттеу мәселесі  бойынша теориялық материалдарды  оқу

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу

- авторлық материалдар  жасақтау

2.Әдістемелік құжаттарды жасақтау

- оқу жоспарлары мен бағдарламалары

- әдістемелік нұсқауларды

- сауалнамаларды

- ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар

туралы және т.б.)

-диагностикалау әдістемесін.

3. Тәрбие жұмысы бойынша мектеп директоры орынбасарының, сынып

жетекшісінің және тәлімгерлердің біліктілігін көтеру

  • әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау
  • проблемалық, үйретушілік семинарлар
  • біліктілігін жетілдіру курстары
  • тәжірибе толықтыру
  • дөңгелек үстелдер
  • жеке кеңестер
  • авторлық семинарлар
  • ашық тәрбиелік іс-шаралар
  • өзара тәжірибе алмасу
  • ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс
  • ұстаздық жұмыс
  • «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу

4. Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату

- шығармашылық топта  жұмыс

- шығармашылықпен жұмыс  жасайтын пелагогтың материалдарын  жүйелеу және қорыту

- БАҚ-ғы зерттеу нәтижелерін  дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар)

- жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер  рәсімі,таратылуы және енгізілуі.

- мастер-кластар, педагогикалық  шеберхана

- педагогикалық кеңесте,  тамыз конференцияларында баяндама  жасау

- жылжымалы семинарларға  қатысу және т.б.

Қорытынды

Жоғарыда айтылғанның  барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының  ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.

Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде  болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді. Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.




Информация о работе Сынып жетекшісі және оның атқаратын міндеттері