Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 21:48, реферат
Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор.
1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру...............................................4
3. Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері..........................................8
4. Қорытынды.............................................................................................15
Кіріспе
Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: “XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
• Білім алушы тұлғасының Өзін- өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.
• Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық жағдайлар жасау
• Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс -әрекетке икемді тұлғаның өзін -өзі анықтауы және өзін іс- жүзінде көрсете білуі
• Өзара бірлескен
қарым -қатынас кезінде
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:
Адам-адамгершілік тәрбиесі
Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу
Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу.
Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу
Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыр.
Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
Сынып жетекшінің қызметтері:
Тәрбиелік-түзетушілік:
Жеке жұмыс
Карталары
Ұйымдастырушылық
Бақылаушылық
Коммуникативтік
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу
- «Оқушы-мұғалім »
, «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана»
өзара тиімді қарым-қатынасын
қалыптастыру бойынша жұмыс
- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету
Аналитикалық
- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу
- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
- әр баланың отбасы
тәрбиесі жағдайын зерттеу
Дамытушылық
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру
• Оқушылардың шығармашылық Іс- әрекетін қалыптастыру
• Сыныптағы жүйелік Жұмысты ұйымдастыру
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру
• Білім алушылардың
құқықтары мен мүделлерін қорғау
Сынып жетекшісінің
негізгі қызметіне мыналар
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау
• Ата- аналармен жұмыс
Сынып жетекшісі білуі тиіс:
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етедію. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Игеруі тиіс:
Оның бойында болуы тиіс:
Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:
Информация о работе Сынып жетекшісі және оның атқаратын міндеттері