Студенттердің ғылыми жұмысы Қабілет. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 16:52, реферат

Краткое описание

«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» деген бүгінгі талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастарға тек еңбек етсеңдер, сауатты, мәдениетті, өнерлі, білімді болсаңдар ғана, «білекті бірді, ал білімді мыңды жеңеді» деген ата бабаларымыздың ұлағатты сөзін келтіріп айтқаны, бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының білім мен еңбекке деген құштарлық, таусылмас ерік-жігер әр жастың бойынан табылатын болса, Қазақстан дамыған елдерді қуып жетіп қана қоймай, солармен иық теңестіре тұратындай елге айнала алатындығын жас буынға жеткізе айтуы болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диагностика қабілеттің түәрі.docx

— 25.25 Кб (Скачать документ)

 Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың  қабілеттерін жете жақсы дамуының  жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі.  Осы қабілеттілік арқылы адамдар  көптеген жақсы жетістіктерге  жете алады. Дарындылық – сапалы  қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.

 Американдық психологтардың  анықтамасы бойынша шығармашылық  дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға  ұмтылу және өз тәжірибесін  терең түйсіне білу қабілеті. Шығармашылық психологиялық тұрғыдан  алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық  рухани құнды дүние тудыратын  әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан  алсақ, шығармашылық дегеніміз  – адамның белсенділігі мен  өз бетінше жұмыс істеуінің  жоғары түрі және ол әлеуметтік  қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен  бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл  тұлғада шығармашылыққа деген  тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс  болып, өз ісіне қанағат табу  сезімі болуы қажет. Осыған  орай адам идея, жаңалық аштым  деп ойлайды, ал шын мәнінде  олар адамды ашады деген ғалымдардың  пікірінің дұрыстығына көз жеткізе  түсеміз.

 Қазіргі заман талабына  сай шығармашылық қабілеттің  дамуына бағытталған білім дегеніміз  – аз уақыт ішінде мол идея  қорын алу емес, керісінше, жеке  тұлғаның толық дамуын қамтамасыз  ететін іс Шығармашылық қабілеттің  дамуы әрбір балаға қажет екендігін,  әр тұлғаның қоғам дамуында  өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді.

 

1.3. Қабілетті дамыту жолдары.


Информация о работе Студенттердің ғылыми жұмысы Қабілет. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамыту ерекшеліктері