Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 12:57, доклад
Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Білім берудің сапасы Білім беру стандартына тікелей тәуелді болады. Себебі осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол негізде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер жасалады, білімнің негізі қаланады.
Демек, бастауыш білім берудің мақсаты – оқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері:
– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;
– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;
– адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
– салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып белгіленген.
Қазіргі таңда ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылғыңғ 13 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп отыр. Бұл, біріншіден, білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланысты.
Екіншіден, білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.
Үшіншіден, білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.
Төртіншіден, білім беруді жаңарту оқу-тәрбие процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды мұғалімдердің тиімді пайдалана білуіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан ұстаздар қауымы үнемі ізденісте болып, жаңалықты үйреніп, «өмір бойы білім алу» ұстанымымен жұмыс жасауы тиіс. бұл ретте мұғалімдерге толық еркіндік беріліп отыр.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, т.б. тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта үй тапсырмасы берілмейді.
1-сыныпта балалардың оқу
үдерісіне бейімделуін
«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi - оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) жазылым;
4) оқылым дағдылары.
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.
Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.
Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.
1-сыныпқа келген оқушы
тыңдауға үйреніп қана қоймай,
сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға,
қойылған сұрақтарға жауап
Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н. Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С. Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.
Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор.
Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.
Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:
- түсініп оқуы;
- зерттеп оқуы;
- шолып оқуы;
- мәселені сын тұрғысынан бағалауы;
- негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.
Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т. Тәжібаев.
Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Оған қоса, «ол өте қиын, саналы, әдейі, бір мақсатпен жұмсалады». Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы дұрыс игеруді үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.
Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.
1 сыныпта шығарма жазылмайды.
Информация о работе Современная методика преподавания в начальной школе