Современная методика преподавания в начальной школе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 12:57, доклад

Краткое описание

Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Білім берудің сапасы Білім беру стандартына тікелей тәуелді болады. Себебі осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол негізде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер жасалады, білімнің негізі қаланады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

преподавание в начальной школе.docx

— 26.25 Кб (Скачать документ)

Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Білім берудің сапасы Білім беру стандартына тікелей тәуелді болады. Себебі осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол негізде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер жасалады, білімнің негізі қаланады.

Біз білім сапасын анықтайтын дүниежүзілік PISA, TIMSS  және PIRLS зерттеулерінің нәтижелерін талдаған болатынбыз. Сонда оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін елдер Финляндия, Гонконг (Китай), Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай (Китай) екені анықталды. Олардың көпшілігі өркендеп дамып отырған «Оңтүстік-Шығыс Барыс» елдері, яғни азиялық елдер.

Осы елдердің мектепте білім берудегі жоғары табыстылығы мен нәтижелегін қамтамасыз ететін негізгі факторларды анықтағанымызда, бұл елдердің білім беру саясатының басты мақсаты ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің дәстүрлі мәдениетін, Шығыстың дәстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталғаны анықталды. Мысалы ретінде Жапон елін ғана алып қарастырайық.

Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. Олар:

1.  Ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап;

2.  Әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейрімді бол, аяушылық білдіре біл;

3.  Денің сау, төзімді, күшті бол.

Жапондық  білім жүйесін мұқият зерттегенімізде осы ұстанымдардың өмірде, оқу үрдісінде, қоғамда нақты жүзеге асып отырғанын байқадық.

Жапонияда білім беру, тәрбиелеу, адамды қалыптастыру философиялары өзара тығыз байланысты. Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты білім беруге қарағанда, тәрбиеге көп мән береді. Халық арасында ғалам болғанша, жақсы алам болған дұрыс деп есептейді.

Жапондардың мектепке, ұстазға деген дәстүрлі құрметі, қарым-қатынасы сыйлауға лайық. Ұстаз оқушылар үшін адамгершілігі жоғары тұлға моделі, үлгі тұтарлық мысал болып табылады. «Ұстаз – ұлт игілігі» - деп есептейді жапондар. «Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа» – дейді ежелгі даналық. 

Жапония – өзінің бүкіл тарихы бойында жас ұрпақты тәрбиелеуге зор көңіл бөлген ел. «Қытай білімпаздығы және жапон рухы» (кансай-вакон) ұраны «Жапон рухы және батыс технологиясы» (вакон-есай) ұранына ауыстырылды. «Вакон-есай» - «шетелдіктер жасаған білімді алу, бірақ оларға жапон рухы мен жапондық ойлау қалпының негіздерін әлсіретуге мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Осы күнге дейін «вакон-есай» ұстанымы Жапониядағы білім беруді дамыту стратегиясын анықтайды. 

Біз Жапондық ғасырлық дәстүрі бар балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесі мен сондайлық ғасырлық тарихы бар, тамыры тереңде жатқан қазақ халқының дәстүрлі халықтық тәрбиесі арасында көптеген ұқсастықтарды таба аламыз. Бірақ, өкінішке қарай, біздің көптеген құндылықтарымыз жоғалып, ұмытылған және идеологиялық қысымға ұшыраған. Ендігі жағдайда неге сол құндылықтарымызды заман талабын ескере отырып жандандырмаймыз, неге Европаға жалтақтай береміз? Қазіргі уақытта Америка мен Европа елдерінің ғалымдары жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде Шығыс елдерінің озық екенін мойындап, оның білімділіктің түп қазығы болатынын ескертіп, үлгі тұтып отыр. Біз неге мұны мойындамаймыз?

Бастауыш сыныпта балаларға күрделі пәндерді шамадан тыс көлемде оқыту олардың оқуға деген ынтасын төмендетіп, психологиялық-физиологиялық денсаулықтарына кері әсер етеді.

Қазақстанның 4-ші сынып оқушылары дүниежүзілік TIMSS 2007 ж. зерттеуінде математикадан 5-орын, жаратылыстанудан 11-орын иеленген болатын. TIMSS 2011 ж. зерттеуде 4-ші сынып оқушылары математикадан 24-орын, ал жаратылыстанудан 32-орын алды. Ал сол 4-ші сынып оқушылары 2011 ж. 8-ші сыныпта оқығанда осы пәндерден 17-ші және 20-шы орындарды иеленді. Бұл көрсеткіштерден біз оқушылардың білім сапасы төрт жыл ішінде қатты құлдырағанын байқаймыз.

PISA-2009, PISA-2012 жж. зерттеулерінде  де Қазақстандық 15 жастағы оқушылар 65 елдің ішінде ең төменгі нәтижелер  көрсетті.

Ал соңғы жылдардағы еліміздегі ҰБТ нәтижесін талдайтын болсақ 2011/2012 оқу жылында 125 576 оқушы мектеп бітірген. Осы оқушылардың 25 пайызы ҰБТ тапсыруға қатынаспаған. Оның себебі мектеп басшылығы олардың тапсыра алмайтынын білгендіктен, мектеп көрсеткішін төмендетпес үшін ҰБТ-ға қатыстырмаған. Тапсырған оқушылардың 36,8 пайызы міндетті деңгейден өте алмаған. Бұл мектеп бітірген барлық оқушылардың 27,6 пайызын құрайды. Сонымен ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп бітірген барлық түлектердің 52 пайызының білімі қанағаттандырарлықсыз деңгейде болғанын көреміз. Ал 2012/2013 оқу жылы мектеп бітірген 138 406 түлектің 31 пайызы ҰБТ тапсыруға жіберілмеген, тапсырған түлектердің 28,8 пайызы міндетті деңгейден өте алмаған. Сонымен ҰБТ қорытындысы мектеп түлектерінің 51 пайызының білімі қанағаттандырарлықсыз екенін көрсетті. Бұл осы жылдары мектеп бітірген әрбір 2-ші баланың білімі қанағаттандырарлықсыз екенін көрсетеді.

 

 

 
  

1 Мектепалды даярлық  сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын  ұйымдастыру ерекшеліктері 

 

Балалардың мектепалды даярлығының негізгі мақсаты мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы, жеке, физикалық дамуын, білімді меңгеруге даярлығын қамтамасыз ету, балада оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері: балалардың мектепте оқуға мақсатты және жүйелі даярлығы;жеке қабілеттерін және дарындылығын дамыту; балаларды ұлттық, жалпыадами этикалық және мәдени құндылықтарға баулу, балалардың интеллектуалдық дамуы; жоғары рухани және адамгершілік негіздерінқалыптастыру; балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; білім берудің өзара сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу білім беру бағдарламалары және базистік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, бейнелеу, құрастыру, жапсыру және т.б. қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендері қолданылады.

Мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлық:

1. Оқыту мотивациясы (мектепке  барғысы келеді; оқудың маңыздылығы  мен қажеттілігін түсінеді; жаңа  білім алуға қызығушылық танытады). 

2. Құрбыларымен және ересектермен  тіл табыса білуі (бала қарым-қатынасқа  тез ыңғайланады, агрессивті емес, сөйлесу кезінде мәселелі жағдайларынан  шығып біледі, ересектердің беделін  мойындайды). 

3. Оқыту міндетін қабылдай  білу (мұқият тыңдау, қажеттілігі  болса тапсырманы нақтылау). 

Мектептік-маңызды психологиялық қызметтерді дамыту:

-     Қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту (қол жақсы дамыған, бала қарындашты, қайшыны сенімді қолдана біледі).

-     Кеңістікті бағдарлау, қозғалыс үйлесімділігі («жоғары – төмен», «алға – артқа», «оң – сол» түсініктерін ажырата біледі).

-     Көз – қол жүйесінің үйлесімділігі (бала дәптерге қарапайым графикалық бейнені – өрнекті, қашықтықта көрген пішінді дұрыс көшіре алады (мысалы, кітаптан).

-     Логикалық ойлауды дамыту (салыстыру кезінде әртүрлі нәрселердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу, ортақ белгілеріне қарай заттарды топтарға дұрыс топтастыра білу қабілеті).

-     Өзіндік зейінін дамыту (15-20 минут ішінде орындалған жұмысқа зейінін сала білу қабілеті).

-     Өзіндік есте сақтауды дамыту (жанама есте сақтау қабілеті: есте сақталған материалды нақты белгімен байланыстыру: сөз-сурет, немесе сөз-жағдай).

Баланың мектепке оқуға даярлығының критерийлері:

Баланың жеке даярлығы - егер мектеп баланы сырттай емес (портфель, дәптер сияқты құралдармен), керісінше жаңа білім алу мүмкіндігімен қызықтырса, онда баланың мектепте оқуға дайын болғаны.

Интеллектуалдық даярлық –баланың ой-өрісінің, нақты білімдер қорының, білімге деген қызығушылығының бар болуы. Құбылыстар арасындағы байланысты түсіну, көз алдына келтіру қабілеті.

Әлеуметтік-психологиялық даярлық - құрбыларымен және ересектермен тіл табыса білуі: басқа қоғамға ене білу (балалық қоғамға), өзгелермен бірге әрекет ету, топтың қызығушылығына бағыну.

Физиологиялық даярлық – физиологиялық және биологиялық даму деңгейі, денсаулық жағдайы.

Тіл дамыту және сауат ашуды меңгеруге  даярлық.

1. Баланың мектепке  даярлығының басты критерияларының  бірі фонематикалық есту болып  табылады, яғни:

-     сөз тіркесінде берілген дыбысты анықтай білу;

-     сөздерде дыбыстың орналасуын анықтай білу (сөздің басында, ортасында, аяғында);

-     сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын меңгеру: дауысты және дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарын ажырата білу.

2. Сөздерді буындарға  бөле білу.

3. 3-4 сөзден сөйлем  құрастыра білу.

4. Жалпылама түсініктерді  қолдана білу, зат есімге анықтама  жасай білу.

5. Суреттер топтамасы, мазмұндық суреттер, берілген тақырып  бойынша әңгіме құрастыра білу.

6. Заттар туралы  әңгіме құрастыра білу (ересектер  ұсынған жоспар бойынша).

7. Шағын әдебиет  мәтіндерінің мазмұнын өз еркімен, мәнерлі, дәйекті жеткізе білу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту және математиканы оқытуға даярлық.

1. Саны белгілі  нәрселерді санау және есептеу.

2. Онға дейінгі  сандарды тура және кері санай  білу.

3. Берілген санға  көршілес сандарды (алдыңғы және  кейінгі) атай білу.

4. Алғашқы ондық  санының (жеке бірліктерден) және  екі кіші саннан құралған санның  құрамын білу.

5. Цифрларды білу: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

6. +, -, = таңбаларын  білу, арифметикалық таңбаларды  қолдана білу.

7. Цифрлардың арақатынасын  және заттардың санын білу.

8. Қосу және азайтуға  есептер құрастыру және шеше  білу қабілеті.

9. Геометриялық пішіндерді  білу: шеңбер, шаршы, төртбұрыш.

10. Шеңберді, шаршыны  екі және төрт бөлікке бөле  білу.

11. Тор жол қағаз  бетіне бағдарлауды үйрене білу.

Баланың ой-өрісі және білімді меңгеруге даярлығы.

1. Үйдің мекен-жайын, телефонын, ата-анасының толық аты-жөнін  және отбасы құрамын атай білу.

2. Ересектер қызметінің  әртүрлі түрлері туралы жалпы  түсініктің болуы.

3. Қоғамдық орындарда  және көшеде жүріс-тұрыс ережелерін  білу.

4. Жыл мезгілдері  және  маусымдық құбылыстар туралы жалпы түсініктің болуы.

5. Ай, апта күндерінің  аттарын және олардың реттілігін  білу.

Мектепке даярлық кезінде балаға пайдалы сабақтар:

Қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту: әртүрлі конструкторлармен жұмыс; қайшымен, ермексазбен жұмыс; альбом бетіне сурет салу (қарындашпен, бояумен).

Танымдық қабілеттерін дамыту (есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау).

Балалармен сабақ өткізуге арналған дамыту жаттығуларының материалдары: Ойнаймыз, оқимыз, дамимыз; Ойлау қабілетін қалыптастыру ойындары; Тор жол бетіне сурет саламыз; Сызбалар; Суреттің екінші жартысын аяқта; Графикалық диктанттар; Кеңістікте бағдарлау; Ұқсас суреттерді боя.

Жоғарыда аталған білім, іскерлік және дағды әрқайсысы белгілі бір мақсатқа бағытталған, дербес бөлімдерден тұратын білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейту, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен шарттары айқындалып көрсетіледі.

«Шығармашылық» білім беру саласында бала бойында әлемге және оның ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдары арқылы көркем дамуына деген эстетикалық қатынасын, балалар шығармашылығы арқылы көркемдік қабілеттерін, балалардың көркемдік әрекеттерінің әртүрлі түрлерінің интеграциясын  бірге қалыптастыру қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың қалыптасады. Балалар шығармашылығы – бұл өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қоршаған әлемді танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы кіріктірілген сипатта ие және төрт білім беру саласының мазмұнын жүзеге асыру мен балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде  олардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, қарапайым өзін-өзі бақылау және реттеу қабілеттерін қалыптастырады.  

 

2 Бастауыш білім  беру деңгейіндегі пәндерді оқыту  ерекшеліктері 

 

Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.

Информация о работе Современная методика преподавания в начальной школе