Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 07:58, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Педагогике" на казахском языке.
77.Қазақстан Республикасында «Білім дамуының 2015 жылға дейінгі Концепциясы»
Педагог мәртебесін көтеруде
мұғалімдер біліктілігін арттырудың жаңа
жүйесі жасалды. Осы жүйенің жаңа
базалық кешендері әзірленуде. Олар:
Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
жанындағы педагогикалық
Осыған сәйкес жалақыға қосымша ақы төленеді.
Мұндай орталықтардың бірін жақын уақытта
ашуымыз қажет. Сонымен қатар педагогикалық
жоғары оқу орындарының жанынан біліктілікті
арттыру орталықтарын, Назарбаев Университетінде
«Білім» факультетін ашу қажет. Осы жылы
қайта даярлаудың жаңа түрін, яғни қашықтан
біліктілікті арттыру методологиясын
әзірлеу керек. Біліктілік деңгейін растау
рәсімі де жасалатын болады. Осылайша,
2012 жылы біліктілікті арттырудың жаңа
жүйесі толығымен жұмыс істеуі тиіс.
Осы жылы мұғалім карьерасының жаңа моделіне
көшуге тиіспіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жолдауда педагогтер құрамының сапасын
арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық
педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың
біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту
қажет» деп атап өтті. Сондықтан жаңа модельге
педагогикалық мамандықтарға абитуриенттерді
қосымша іріктеу, жоғары оқу орындарында
мұғалімдерді даярлау стандарттарын қайта
қарау, бітірушілерді сертификаттау, біліктілікті
арттыру жүйесі сияқты элементтер енуі
тиіс.Педагогтеріміз әлемдік стандарттарға
жауап беруі үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес
қабылданған педагогикалық мамандықтардың
тізбесін үйлестіру, оқыту бағдарламасының
жаңа құрылымын әзірлеу қажет. Елбасы
бітіруші мамандарды сертификаттауды
барынша күшейтуге және тәуелсіз біліктілікті
растау орталығын құруға тапсырма берді.
Осындай алғашқы орталықтардың бірі –педагогтердің
біліктілігін растау орталығы болуы тиіс.
Бұл міндет ауқымды жұмыс жүргізуді қажет
етеді.
Ол білімнің жаңа сапасын, мұғалімдердің
жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет.
Грант құнын қалыптастыру жүйесіне ерекше
назар аудару керек.
Сондықтан Министрлік аппаратына тек
педагогикалық мамандықтарға ғана емес,
сонымен бірге басқа да мамандықтар бойынша
грант құнын нақты негіздеудің жаңа тұжырымдамасын
әзірлеуге тапсырма беремін.
Өткен жылдан бастап имидждік жұмыстарға
ерекше көңіл бөлінуде. Шетелдік мамандарды
тарта отырып Министрліктің имидждік
тұжырымдамасы әзірленді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында педагог
кәсібін, олардың озық тәжірибелері мен
жетістіктерін насихаттау жөнінде белсенді
жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар қауымдастығының,
үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен
Педагогикалық форум, Математика пәндері
мұғалімдерінің І Съезі өтті. Осы жылы
биология және химия пәндері мұғалімдерінің
съезін өткізу қажет. Осындай съездерді
өткізудің нәтижесі республикалық және
өңірлік деңгейде Пән мұғалімдерінің
қауымдастығын құру болып табылады.
Бұл – біз үшін түбегейлі жаңа тәсіл. Мұндай
қауымдастықты білім сапасын жетілдіру
жұмыстарына кеңінен тарту қажет.
Министрліктің порталында «Мұғалімнің
даңқ кітабы» жасалды. Оған республиканың
жетекші мұғалімдері, олардың өмір
жолы мен жетістіктері туралы ақпарат
енгізіледі.
Бұл – үздік мұғалімдер мен үздік педагогикалық
жетістіктерді насихаттаудың жаңа механизмі.
Мысалы, АҚШ-та өткен жылдан бастап Білім
министрлігі жанынан «Мұғалімдерді ынталандыру
қоры» ашылған. Ол үздік мұғалімдерге,
директорларға және орта мектептің басқа
да қызметкерлеріне сыйақы беру үшін қаражат
бөледі.
Біз де ірі ұлттық компанияларды тарта
отырып, бұл тәжірибені енгізе аламыз
ба, осыны қарастыру қажет. Тек үздік педгогтерді
ғана емес, мұғалім кәсібі бойынша жақсы
оқып жатқан студенттерді де көтермелеу
қажет.
78.Педагогикалық
ойлау қабілеті- мұғалімнің кәсіби
мәдениетінің құрамдас бөлігі
ретінде.
Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама
түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен
өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның
мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты
үш бөлшектің сәйкестігінде. Ойлау тарихы
адамның пайда болып, дамуының тарихымен
байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан
адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл
– адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз
арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында
ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды,
алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай,
үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз
деп, тілді дыбысталған ой деуге болады.
Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес,
жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы
математика тілі немесе нақтылы-бейнелі
“өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау
күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан,
оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология,
логика, таным теориясы,лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда
ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер
қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі
зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында
әр түрлі тұрғыда (материалистік және
идеалистік, рационалистік және эмпирикалық,
априорлық және апостериорлық, диалекттік және
79.Ауыл мектебі мұғалімнің кәсіби еңбегінің ерекшелігі.
Ауыл мектебі – ұлттық
тәрбиенің көзі, болашақ тұлғаны
қалыптастырушы. ХХІ-ғасыр терең білімнің
бәсеке ғасыры. Осыны терең түсінген мектеп
ұстаздары оқушыларға білім мен тәрбиені
қатар беруде құлшыныспен еңбек етуде.
Елбасы өзінің биылғы Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында мектеп жасына дейінгі
балаларға білім мен тәрбие беру мәселесін
қозғап, оны шешудің жолдарын белгілеп
берді. Бұл еліміздің ертеңі- бүлдіршіндерге
көрсеткен үлкен қамқорлық деп білеміз.
Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтары,
яғни қазіргі кішкентай бүлдіршіндердің
жақсы тәрбие мен білім алуы ел ертеңі
үшін маңызды мәселе..
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім
кеңістігіне енуге бағдарланған жаңа
білім жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр.
Педагогикалық қызметті ақпараттандыру,
оны дамыту мен қолдану деңгейін жаңа
сатыға көтеру мақсатында міндеттер белгіленіп,
іс-шаралар жасалды. 2010-2014жылдарға арналған
мектептегі білім беруді дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру жобасы жасалды. Осыған орай
мектебімізде білім беру технологияларын
оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, интерактивтік
әдістерді кеңінен қолдану оқушылар білімін,
біліктілігін қалыптастыру арқылы білім
сапасын арттыруда көптеген сабақтар,
семинар, байқаулар өткізілуде. Нәтижесі
жақсы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
1996 жылы жаңа мектептің салтанатты ашылуына
қатысқанын зор мақтанышпен айтамыз.
Мектептің алға қойған мақсаты:
«Жаңа педагогикалық технологияларды
оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, шығармашылық
пен шеберлікті дамыту, оқушыларды жеке
тұлға ретінде тәрбиелеу.»
Мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің
өсуіне, білімдерін жетілдіруіне жаңашылдыққа
ұмтылуына мектеп әкімшілігі тарапынан
көптеген әдістемелік көмектер көрсетілуде.
Осы орайда 2005жылы «Игі істер, ізденістер»
әдістемелік құралы арқылы 22-мұғалімнің
іс-тәжірибесі таратылса, 2010жылы 42-мұғалімнің
іс-тәжірибесі «Бастауыш сыныптарда дамыта
оқыту жүйесін пайдалану жолдары», «Жаңашылдық-игі
істерге жетелейді» әдістемелік құралы
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту
институты тарапынан шығарылып, облыс,
аудан көлемінде таратылды.
80.Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңына сәйкес қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар және оның құқығы мен мәндеттері.
Қазақстан Республикасының
«Білім беру» туралы заңына сәйкес қазіргі
мұғалімге қойылатын талаптар және оның
құқығы мен мәндеттері. 51-бап. Педагог қызметкердің
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі1. Тиісті бейіні
бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік
білімі бар адамдар педагогтік қызметпен
айналысуға жіберіледі.2. Педагог қызметкердің:1)
кәсіби қызметіне арналған жағдаймен
қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен
айналысуға;2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік
жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға
жаңа әдістемелер мен технологияларды
енгізуге;3) жеке педагогтік қызметке;4)
тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарт талаптары
сақталған кезде педагогтік қызметті
ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын
еркін таңдауға;5) білім беру ұйымдарын
басқарудың алқалы органдарының жұмысына
қатысуға;6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын,
бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін
арттыруға;7) санатын арттыру мақсатында
мерзімінен бұрын аттестатталуға;8) педагогтік
қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік
наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар
мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық
және материалдық көтермеленуге;9) өзінің
кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің
қорғалуына;10) әскери қызметке шақырылу
мерзімінің кейінге қалдырылуына;11) ғылыми
қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы
сақтала отырып, шығармашылық демалыс
алуға;12) білім беру ұйымы әкімшілігінің
бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға
құқығы бар.3. Педагог қызметкер:1) өзінің
кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық
және практикалық білімді және оқыту дағдыларын
меңгеруге;2) мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің
сапасын қамтамасыз етуге;3) білім алушыларды
жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени
құндылықтарға құрмет көрсету рухында,
қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;4)
білім алушылардың өмірлік дағдыларын,
біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға;5)
өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік,
шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін
ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда
кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;7)
педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;8)
оқушылардың, тәрбиеленушілердің және
олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге міндетті.Міндеттері мен
педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін
педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында
қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің
кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы
жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.5.
Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге
педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе
медициналық қорытындымен тыйым салынған
адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген
тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
81.Педагогикалық шеберлік- педагог әрекетінің жоғарғы сатысы.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
82.Педагогикалық
шеберліктің негізгі өлшемдері: мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,
үлесіділік, өнімділік.Педагогикалық шеберлік негізі
неде?Заман ағысына сай біліммен
қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты
дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана
көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген
егемен елімізді өркениетке жетелейтін
білім бастауында мектеп, ал сол мектепте
жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік
іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-
қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз
келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»,
– деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса
керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз
елімізге білікті маман, өз ісінің шебері
қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі
неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі
мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды
жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында
білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет.
Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың
дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп,
жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер
мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру –
педагогикалық шеберлікті жетілдіруге
негізделеді деп есептейміз.«Тәуелсіз
елге – білікті маман» демекші, педагогикалық
шеберліктің негізі, өткен пікірімізде
айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені
ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа
технологияны меңгере білуінде және оны
өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық
көзқарас бойынша, «технология » ұғымы
– дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше
үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық
өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар
тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы
сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық
технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас
бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық
үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда
жаңа ақпараттық технологияға негіздеу
туралы мәселе қозғалады.Педагогикалық
шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға
ретінде жеке-даралығы және адамның индивид
ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске
ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз:
әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап
алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала
жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес,
дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді,
адам мінездерін, өнердің қуат әсерін
білетін жан болуы қажет.Біздің ойымызша,
инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру,
яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен
танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі.
Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің
әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың
жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға:
инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық
әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық
әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру;
инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық
әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім
беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық
әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы;
инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін
бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті
басшылыққа ала отырып, педагогикалық
шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын
жоққа шығармаймыз.Адам қажырлы еңбегімен
табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз
еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып,
дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды.
Оқушыларын тек біліммен қаруландырып
қана қоймай, назарын, білгендерін жадында
сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін
ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге
деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып,
ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін,
ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық
қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі
мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік
мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.«Талант»
деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін.
Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде,
өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім
болу – талант па, ол әркімнің қолынан
келе бермей ме?» – деген сұрақ туады.
Ұстаздың барлығы талант болып тумайды.
Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас
қойып, табандылық танытатын болса, өз
бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан
сенімді, саяси жағынан есейген азамат
болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың
әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын
жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра
алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне
ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті
меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына
сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола
алады.Педагогикалық шеберлік – ұстаздық
талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский:
«Педагогика теориясын қаншама жетік
білгенмен, педагогикалық әдептің қыр
– сырын меңгермейінше бұған оның оның
қолы жетпейтіндігін», – айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің
жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы
ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе
білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық
шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы,
оның идеялық нанымды, моральды бойына
сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік
білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың
бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық
нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту
мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген,
білгенін қызықты да, тартымды өткізе
алатын, педагогикалық әдеп пен талантын
ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық
техника деп аталатын мәселеге мән беріледі.
Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы,
отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай
дәрежеде болуы керек.Педагогикалық шеберліктің
негізі – балалардың өз еркімен дамуына
жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен
педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс
атқарудың формаларын, әдістерін дамыту,
шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті
арттыру педагогикалық шеберліктерінің
басты сипаты болып табылады.Болашақ ұстаздың
педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап,
жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік
негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы
зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық
шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:педагогикалық
іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;педагогикалық
кәсіби білгірлігі;педагогикалық іс- әрекеттеке
бейімділігі; педагогикалық техникасы.Бұл
аталған педагогикалық шеберлік жүйелері
бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.Зерттеу
жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық
шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу
пайымдаулар мыналар:пеадагогикалық мақсаттылық,
бағыттылық;тәрбие мен білім беру ісінің
нәтижелілігі;әдістерді, құралдарды қолдана
білудегі үйлесімділік; іс – әрекет мазмұнының
шығармашылық сипат алуы.Сонымен қатар
әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына
байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік
деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік
шеберлікті дамыту міндеттер:1. Педагогикалық
білім бірлігі;2. Педагогикалық кәсіпке
бейімділігі;3. Ситуацияларды меңгеру;4.
Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
83.Педагог әрекеті,
оның мәні, мақсаты, қызметі.Педагог (гр.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, шеберлікті,
ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті
қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.
Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден,
адамзат қоғамы тарихында жинақталған
ғылым негіздерінен білім беруге тиіс
болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен
қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына
басшылық етуді мойнына алған маман.
Мақсаты
Педагогика адам дамуы
мен қалыптасуының мән-
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар: