Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 18:07, контрольная работа

Краткое описание

Сан есім заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.
Морфологиялық сипаттары
Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Содержание

1) Сан есім..................................................................................................3
2) Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары…………………..4
3) Практикалық..........................................................................................7
I) Мысалдар
II) Мәтін
III) Тест
Әдебиеттің тізбесі.....................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).docx

— 31.44 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның территориясының  мұхиттардан алыс жатуы және ауданының  үлкендігі оның климатына қатты  әсер етеді. Республиканың климаты  күрт континенталды.

Қаңтардың  орташа температурасы -19 дан -4 градус С-ге деін, шілденің орташа температурасы +19 до +26 С. Қыстың  ең суық күндері ауаның температурасы  –45  С-ге дейін түседі, жазда +40 С-қа көтеріледі.

Халқының саны –15,672 млн.(01.01.1998 ж.). Халқының тығыздығы – 1 ш.км –6 адам. Астанасы – Астана (1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап). Астана халқының саны 271 мың  адам. Қазақстанда –14 обылыс бар (05.05.97). Алматы және Ленинск қалаларының  ерекше статусы бар. 84 қала, 160 аудан, 10 қала аудандары, 195 қалашық, 2150 ауылдық  округтар бар.  

Адам саны жағынан Қазақстан  қалалары төмендегідей бөлінеді:

-300-400 мың тұрғындары бар қалалар (Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Тараз, Өскемен),

-200-280 мың тұрғындары бар қалалар (Орал, Теміртау, Қостанай, Ақтөбе),

-110-160 мың тұрғындары бар қалалар (Жезқазған, Экібастұз, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған). 50 мыңға дейін тұғындары бар қалалар саны өте көп.Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ барлық мекемелерде сонымен қатар орыс тілі де қолданылады.

Мемлекеттің ақшасы теңге  болып есептеледі. 1 теңге =100 тиын. 1993 жылдың  15 қарашасынан бері ендірілген. Ұлттық мерекелер – 25 қазан Республика Күні(1991ж), 16 желтоқсан – Азаттық Күні.

Қазақстанда – 8,5 мың үлкен  және кіші өзендер бар. Жеті өзеннің  ұзындығы 100 км асады. Ең  ірілері  – Орал, Ембі Каспий теңізіне құяды, Сыр-Дария өзінің суын Арал теңізіне апарады, Ертіс, Есіл және Тобыл  өзендері Респуликаны қиып өтіп, солтүстік  мұзды мұхитқа барады.

Қазақстанда – 48000 үлкенді  және кішілі көлдер бар. Олардың ішінде ең үлкендері – Арал , Балхаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Каспидің  солтүстігі мен шығысының жартысынан көбі Қазақстанға қарайды. Каспидің қазақстанға қарайтын жағалауының  ұзындығы 2340 км.

Қазақстан жерінің 26% жазық  даладан тұрады. 167 млн.га жерін құм(44%), (14%) шөлейт жерлер алып жатыр. Ал ормандары  – 21 млн.га.

Қазақстан жерінде сүт  қоректілердің 155 түрі кездеседі, 480 түрлі  құстар, балықтың 150 түрі, дәрі-дәрмек жасайтын өсімдіктердің 250 түрлері кездеседі. Қазақстанның оңтүстігінде басқа еш жерде жоқ жусан шөбі өседі.

Табиғи-ресурстық потенциалы.Қазақстанда сан-алуан қазбалық кен байлықтар бар. Менделеев таблицасының 105 элементінің  99 Қазақстанда табылған, оның 70-нің мөлшері анықталған, қазір 60 өндіріледі.

Қазіргі уақытта 1225 түрлі  минералдарды қамтитын 493 кен қазба  орындары анықталған. Қазақстан зерттелген қоры жағынан: мырыштан, вольфрамнан  и баритан –бірінші орында, күміс, қорғасын және хромитан-екінші орында, мыс пен флюориттан –үшінші орында, молибденнен төртінші орында, алтыннан –алтыншы орынды алады. Ал СНГ мемлекеттерінің  ішінде Қазақстан хром мен қорғасыннан  –бірінші орын; мұнай, күміс, мыс, марганц, цинк, никель және фосфордан –екінші  орын; газ, көмір, алтын және қалайыдан  – үшінші орында.

 

III) Тест

1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Ілік септік.   В) Барыс септік.   С) Көмектес септік.   Д) Жатыс септік.   Е) Атау септік.

2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын  жұрнақты көрсетіңіз.

А) –дан.     В) –тен.     С) –нші.     Д) –еу.     Е) –ні.

3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Не істеді?     В) Кімнің?     С) Қай?     Д) Кім?     Е) Қанша?

4. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Бесінші.     В) Екі.     С) Алты.     Д) Үш жүз жетпіс.     Е) Төртеу.

5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.

А) –нші.     В)-нші, -інші.     С) –ншы.     Д) –інші.     Е) –ншы, -ыншы.

6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес.   В) Екі бүтін оннан үш.   С) Он бір.   Д) Он бірінші.   Е) Отыз тоғыздан.

7. Тиісті сан есімді қойыңыз.

Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.

А) Екі бүтін үш ондық.     В) Екінші.     С) Екі-екіден.     Д) Екі.      Е) Екеу.

8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Отыз бесінші.     В) Екі кітап.     С) Жүз алты.     Д) Жиырма.     Е) Оннан төрт.

9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Екіде.     В) Екіден.     С) Екіні.     Д) Екімен.     Е) Екінің.

10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.

А) –ншы, -нші.     В) –нші, -ыншы.     С) –інші, -нші.     Д) –ыншы, -ншы.     Е) –ыншы.

11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.

Атам 70 тен асты.

А) Нүкте.     В) Қос нүкте.     С) Дефис.     Д) Жақша.     Е) Үтір.

12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.

А) Жеті.     В) Он.    С) Отыз тоғыз.     Д) Жүз бес.     Е) Сегіз.

13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.

А) Екіден.     В) Мың.     С) Он.     Д) Тоғызыншы.     Е) Біреу.

14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.

А) –ау, -еу     В) –ау, -тан     С) –еу, -інші   Д) –ау, -ыншы     Е) –інші, -ыншы

15. Сан есімді белгілеңіз.

А) Тиісті.     В) Қызыл.     С) Елу бір.     Д) Ішті.    Е) Өрік.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттің тізбесі

  1. Қазақ тілі Учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку.
  2. 40 уроков казахского языка (самоучитель): Хадиша Кожахметова.
  3. Изучаем казахский всей семьей. Үй-ішімізбен қазақша үйренеміз. Р. Наурызбаева.
  4. Учебно-методическое пособие по изучению казахскому языку для студентов юридических специальностей.

 

 


Информация о работе Сан есім