Сан есім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 18:07, контрольная работа

Краткое описание

Сан есім заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.
Морфологиялық сипаттары
Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Содержание

1) Сан есім..................................................................................................3
2) Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары…………………..4
3) Практикалық..........................................................................................7
I) Мысалдар
II) Мәтін
III) Тест
Әдебиеттің тізбесі.....................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (4).docx

— 31.44 Кб (Скачать документ)

Жетісу әлеуметтік - гуманитарлық  колледжі

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Пәні: «Кәсіби қазақ тіл»

Тақырыбы: «Сан есім»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Салтамакова Виолетта

202 топ оқушысы

0201000 мамандығы

Құқықтану

Тепсерген: М.М.Бопанова

ӘГП кафедрасының оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған – 2013

Жоспар

Сан есім

1) Сан есім..................................................................................................3

2) Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары…………………..4

3) Практикалық..........................................................................................7

I) Мысалдар

II) Мәтін

III) Тест

Әдебиеттің тізбесі.....................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сан есім                                                    

Сан есім заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

Морфологиялық сипаттары

Сан есімнің негізгі функциясы  анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ  ешқандай да морфологиялық өзгеріске  түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің  әрі табиғи, әрі негізгі функциясы  болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер морфологиялық  құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек  қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер

Туынды сан есімдер  негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б. 
Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандар

Дара сандардың атаулары аса  көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың т. б.

Күрделі сандар

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан  жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Синтаксистік қызметі

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын  негізгі қызметі - анықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

 

2. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары

Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан  да және синтаксистік қызметі жағынан  да сын есімдерге бір табан  жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан  есімдердің өзге топтарының жасалуына  негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

 Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік  сандарға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық  құрамы жағынан дара және күрделі  болып келеді де, күрделі сан есімдерде  -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов).

Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге  -ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

Топтық сан есімдер

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан  біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов)

Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер - белгілі  бір заттар мен құбылыстың сан  мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов).

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер - негізінде  таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір  заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

Топтық сан  есімдер  жеке заттың санын емес, топтанған  заттың  әр тобының  санын білдіреді. Мысалы, оннан , жүзден, мыңнан (келіп жатыр).

Топтық сан ескптік  саннан көнерген  шығыс септік  арқылы жасалады да, топтың шама,  мөлшерін білдіреді. Мысалы,   оннан, отыздан,  ек» топқа бөлінесіңдер, бес –бестен, жүз-жүзден, т.б.

Кейде шығыс септік жалғауы  сан есімге жалғанбай, ол тіркескен  зат есмге  жалғанып та, топтық  сан мәнін білдіреді. Мысалы, Он қойдан бөліп алыңдар (С.М.) Әр топ бір компьютерден алады(Р.М.)

Топтық сандар да  дара , күрделі болып бөлінеді. Дара топтың сандары бір ғана саннан тұрады. Мысалы, бестен, сегізден, оннан, жүзден, мыңнан т.б.

Күрделі топтық сан күрделі  сан есімнен  жасалады. Мысалы, он бестен, он-оннан.

Топтық сан  есімдер  пысықтауыш ,анықтауыш  қызметін атқарады. Мысалы, он-оннан топтасты, бес кітаптан алды.

Топтық сан есімдер  заттанбайды, түрленбейді, сөзжасамға қатыспайды.

Болжалдық сан есімдер  заттың нақты санын емес , заттың санын шамамен  мөлшерлеп береді. Мысалы, Бұлар 5-6 кісі келген (Ғ.Мұст.). Жомарттың  есебінше , колхоз кассасына жүздеген сомдар кіріс енгізбек (Ғ.Мұст.). Осы  мысалдарда 5-6 кісі дегенде кісінің  саны бес, не  алты деп дәл айтылмаған , сондықтан әйтеуір бес пен  алтының шамасында болжалдап, шамамен  ғана айтылған. Сондай-ақ жүздеген  сомдар деген жүз соммен бір емес, ол жүзден артық та, жүзден кем де болуы мүмкін, бірақ жүз шамасында  деген болжалды  білдірген.

Болжалдық сан есімдер  есептік саннан синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Болжалдық  сан есімдердің синтетикалық тәсіл  арқылы жасалуы деп болжалдық  санның есептік саннан қосымшалар арқылы жасалуы аталады. Болжалдық сан  жасайтын қосымшалар мыналар:

1. –лаған,-леген, -даған,-деген,-таған,-теген  жұрнағы есептік санға жалғанып,одан  болжалдық сан жасайды: елулеген, жетпістеген, мыңдаған, жүздеген, т.б.Осы  екеуі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр.(Ғ.Мұст.

2. –дай, -дей,-тай,-тей жұрнағы  есептік сандарға жалғанып, оған  болжал мәнін қосады: елудей, мыңдай, алпыстай, жетпістей. Үш жүздей  адам келіп, көмір түсіруге дайын(Ғ.М.).

Бұл жұрнақ сан есіммен  тіркескен зат есімге жалғанып та болжалдық мағына береді: Арада бес  күндей уақыт өтті.

3. –ер жұрнағы -бір  есептік санынан ғана болжалдық  сан жасайтын көне жұрнақ. Мысалы,Бірер күн ғана күтемін.

Болжалдық сан есімнің  аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:

1. Есептік сандардың қосақталып, қос сөз жасалуы арқылы сан  есім болжалдық мағынаға ие  болады: бес-алты қадам,он-он бес  оқытушы,жиырма-отыз дүкен,қырық-елу  оқушы т.б. Мұнда қаламның, оқытушының, дүкеннің, оқушының нақты саны  белгісіз, олар шамамен болжап  қана 5-6,10-15,20-30,40-50 деп осы сандар  шамасында болжалдап айтылған.

2. Болжалдық сан есептік  санға шақты, шамалы, шамасында,  тарта, қаралы, жуық, астам, таяу  шылаулары тіркесіп , оған болжалдық  мән қосады: жүз шақты адам, қырық   шамалы қара мал, екі жүз  шамасында болып қалар, бес  жүзге тарта машина, онға жуық  компьютер, мыңнан астам кіріс,  жүзге таяу үй бар, беске  қарай (келеді),  жүз қаралы жылқы  т.б.

Болжалдық сан есімдер  түрленбейді , тек заттанғанда зат  есім қосымшаларымен түрленеді . Мысалы ,ондағаны өндіргені , ондарда келейік . Сағат бестерден қалма т. б.

Бөлшектік сандар заттардың  сандық  бөлшегін яғни бөлшектің  санын  білдіреді . Мысалы , Оқушыларымыздың  төрттен бірі өте жақсы  оқиды (газеттен ).

1. Бөлшектік  санды  есептік саннан бөлетін санның  шығыс септікте тұруы арқылы  жасалады, бөлшектік сан қосымшасыз  не тәуелдік жалғауымен айтылады:  оннан үш, үштен бір , бестен  екі , төрттен үш , екіден бірі , үштен екісі , бестен үші т  . б .

2.  Бөлшектік  санның  бірінші сыңары ілік септікте , екінші сыңары тәуелдік жалғауында  тұрады : екінің бірі , төрттің екісі  , үштің бірі , алтының үші т  . б .

3. Бөлшектік сандар есептік  санға жарты , жарым , ширек  сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады :  бір жарым ай, жарты жолымыз  қалды , ширек ғасыр бұрын т. б.

Сан есімге жатпайтын  сөздердің  ішінде де мағынасы жағынан  сандық  ұғымға  жақындығы  бар  сөздер  тілде  кездеседі . Олар : жалғыз , дара , жалқы , сыңар , қос , егіз т.б.  Мысалы , Бар сеніп отырғанымыз осы  жалғыз ұл (С.М.) Бұл- егіздің сыңары (С.Ж.)  Сен дарасың , данасың (Ғ .М.) Жалқы  жүрген қырсыққа  кез  болады (Қ . Т.)

Сандық  ұғымға қатысы бар  мұндай сөздердің  мәні кейбір сан  есім  сөздермен мағыналас та  болады. Олардың ішіндегі  жалғыз , жалқы , дара , сыңар  сөздері бір  сан есіммен мағыналас, қос , егіз ,  сөздері екі есептік санмен  мағыналас. Ал жарты , жарым ,  ширек  сөздері бөлшектік сандармен  мағыналас , жарты , жарым – бүтіннің жарты бөлігі ,  ширек – бүтіннің  төрттен  біріне тең .

Сондай-ақ  тілде әр түрлі  өлшем мәнін  білдіретін сөздер мен  сөз тіркестері бар .  Көлем мәнділер : бір шөкім , бір үйір (жылқы ), бір  құшақ (шөп ), бір топ  (адам ).

Салмақ  өлшемін  білдіретіндер : пұт (16 кг ) қадақ (750 гр ), батпан (150кг ).  Қалыңдық мәнді  білдіретіндер :бір  елі , бармақ елі қазы (1-2,5 см) .

Ұзындық мәнділер :адым , қадам (0,8-1 м ), шақырым ( 1км ), кез (50 см ) аршын (75 см) , құлаш (1,5-2 м) ,қозы –көш жер (5-6 км ), ат шаптырым (25-30 км ).

Сан  есім заттың белгісін  білдіретін  болғандықтан , ол  негізінен  анықтауыш  қызметін  атқарады.  Мысалы , Осы жазда сегіз мың  гектар егін егіп , тоғыз мың  гектар тың көтердік (С.О.)

Сан есім өз мағынасында  сөйлемнің  баяндауыш , бастауыш  қызметін  де атқарады . Мысалы, Түбектің  айналасы 40-50 км (Ғ.М.) . Асыл тұқымды  сиыр-жүздің жиырма бесі (Ғ.Мұст.). Төртеуі  екі  тракторды тиеп болып , келесі трактор келгенше қарап отырды (Ғ.Мұст.). Абай  тұсында  1897  жылы  жүргізілген  халық санағы  бойынша  Россия империясы шегінде  тұратын қазақтардың  саны  4 миллион 84 мың (Абай кітабынан ).

Сан  есім  сөйлемнің  пысықтауышы  қызметін  атқарады . Мысалы , Колхоздың  негізгі мал-мүлкін қоспағанда бір жылқы кірістердің  өзі  бірнеше миллиондарға  жетті (Ғ.Мұст.) .

Сан  есім  заттанғанда , сөйлемнің  барлық  мүшесі қызметін  атқарады . Мысалы , Жүз  төртке  бөліне ме ? Елуден  жиырманы  ал , онды  онға  қос , бесті екіге  көбейт , бес  жерде бес- жиырма бес (оқулықтан ). Бұл  мысалдардағы заттық ұғымдағы  сан есімдер  сөйлемнің бастауыш , толықтауыш ,баяндауыш  қызметінде қолданылған .

 

3) Практикалық

I)Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші.

 Реттік сан есімдер  кейде цифрмен де беріледі. 1. Реттік  сан есімдер араб цифрымен  берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының  орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6 — қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т. б.

2. Реттік сан есімдер  рим цифрмен берілсе, жұрнақтың  орнына дефис койылмайды. Мысалы: VI класс оқушылары жиналыста отыр. Біз IV үйде тұрамыз т. б.

3. Жыл, ай аттарының  алдынан келген сан есімдер  араб цифрымен берілсе де, одан  кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа  ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады  т. б.

Менiң отбасымда бес  адам бар.

Бiр аптада жетi күн бар.

Сөздiкте үш мың сөз  бар.

Сыныпта отыз екi адам бар.

 

II) Мәтін

Қазақстан Республикасы.

Қазақстан, евразия құрылығының  түкпіріндегі, Орталық Азияда орналасқан. Оның территориясы - 2.717.300 ш.км.(1.049.150. sq. miles). Ауданы жағынан Қазақстан дүние  жүзінде 9-шы орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның ауданы европадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен.

Қазақстанның : Қытай-1460 км, Қырғызстан-980 км, Түркменстан-380 км,Өзбекстан 320 км, Ресей 6467 км мемлекеттерімен шекарасы бар. Барлық шекарасының ұзындығы – 12187 км.

Информация о работе Сан есім