Сабаққа дидактикалық құрал ретінде Активстудио бағдарламасы құралымен флипчарт құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 21:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Осы тақырыпты қорытындылай келе қазір техниканың дамыған заманы, Бастауыш сыныптарда интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынды деуге болады.

Содержание

І. Кіріспе
1 1. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 AKTIVstudio бағдарламасы жайлы негізгі түсініктер мен әрекеттер
2.2 Activ studio бағдарламасын іске қосу жолдары.
2.3 Бастауыш сыныпта AKTIVstudio бағдарламасын қолданудың тиімділігі
2.4 Техника қауіпсіздігінің маңыздылығы
2.5 Практикалық бөлім
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТӨЖ А.Сабитова.doc

— 115.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

«Мектепке дейінгі  тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Тыңдаушының өздік жұмысы

«Сабаққа дидактикалық құрал ретінде aktivstudio бағдарламасы құралымен флипчарт құру »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  Орындаған: А. Сабитова

                                                           Тексерген: А. Ильясова

                                                               Жұмыс бағасы:_________

                                                                            Тексерушінің қолы:_________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы

2015

Сабаққа дидактикалық құрал ретінде aktivstudio бағдарламасы құралымен флипчарт құру

І. Кіріспе  

     1 1. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру

 

ІІ. Негізгі бөлім

    2.1 AKTIVstudio бағдарламасы жайлы негізгі түсініктер мен әрекеттер

    2.2 Activ studio бағдарламасын іске қосу жолдары.     

2.3 Бастауыш сыныпта AKTIVstudio бағдарламасын қолданудың тиімділігі

    2.4 Техника қауіпсіздігінің маңыздылығы    

2.5 Практикалық бөлім

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

Мақсаты:

AKTIVstudio бағдарламасын меңгеру және әріптестерге сабаққа қолдану жолдарын көрсету.

 

 

Міндеттері:  
1. AKTIVstudio бағдарламасы жайлы негізгі түсініктер мен әрекеттерді меңгеру

2. Activ studio бағдарламасын іске қосу жолдарын үйрену.

3. Практика жүзінде көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе  

1.1 Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»   (Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

 
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: 
Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық.

 

ІІ. Негізгі бөлім

    2.1 AKTIVstudio бағдарламасы жайлы негізгі түсініктер мен әрекеттер

Activstudio Professional Edition дегеніміз не? Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы. Интерактивті тақта Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. 

 
Интерактивті тақта –дегеніміз не? Интерактивті тақта (ИТ) – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. 

ACTIVboard  ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Интерактивті құралдар ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. 

ACTIVstudio программасына  кіріспе. ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. 

 

    2.2 Activ studio бағдарламасын іске қосу жолдары. 

Activ studio бағдарламасын  іске қосу үшін келесі әрекеттер  тізбегін орындау қажет: Пуск – Программы -Activ Software-Activstudio немесе жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет. 

ИНТЕРАКТИВТІК ТАҚТАНЫҢ «АКТИВТІ ҚАЛАМ» ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН ТЫШҚАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ АКТИВТІ ҚАЛАМ МЕН ПЕРНЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ  
Ctrl+A – мәтінді редакторлеу барысында мәтіндік алаңдағы мәтіндерді таңдау. 

Ctrl+B – таңдалған  мәтіннің қарпі қарайтылған  
Ctrl+C – таңдалған объектілерді алмастыру буферіне көшіру  
Ctrl+G – таңдалған объектілерді топтау  
Ctrl+I – таңдап алынған мәтіндерді курсивке өзгертеді  
Ctrl+N – жаңа Флипчартты құру  
Ctrl+O – Мои Флипчарты бумасын ашу  
Ctrl+V- таңдалған объектілерді қою  
Ctrl+X – таңдалған объектілерді қиып алу  
Ctrl+Z - әрекетті болдырмау 

Жұмыс үстелінің құрылымы  
1. Флипчарттың тақырып қатары  
2. Флипчарттың жұмыс аймағы  
3. Негізгі құралдар тақтасы  
4. Тақырып қатарындағы батырмалар  
5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы  
6. Флипчарт құралы  
7. Қоржын  
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.  
Флипчарттың кескіні  
ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.  
Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар  
флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.  
флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.  
флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office –тан флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.  
флипчарт терезесін бастапқы қалыпқа келтіру.  
флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.  
флипчарт терезесін жабу.  
Жаңа флипчарт құру  
Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында. Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:  
Экран өлшемі

ACTIVstudio алдыңғы экранның  көлеміндегідей жаңа флипчарт  құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел  орнықтырылған болса, онда флипчарттың  көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы  және экранның көлемін білесің.  
800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.  
1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.  
Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді  
Флипчартты жабу  
Флипчартты жабу үшін тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек.Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.  
Сақталған флипчартты ашу  
Меню - Флипчарт - ...ішінен Ашу командасын орындағанда келесі параметрлердің бірін таңдау қажет:  
Менің Кітапханам ресурсының бөлімінен «Менің кітапхана флипчарттарым... ресурсым» бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап,  
онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.  
Жалпы кітапхана ресурсына ауысу бумасына өту.  
флипчарттарым... Флипчарт файлын таңдап, Ашу немесе Болдырмау батырмаларын басу керек.  
Басқа Басқа каталогтардан флипчартты ашуға және таңдауға бумалар... мүмкіндік береді. Каталогқа өтіп, Ашу немесе Болдырмау батырмасын басу керек.  
АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы  
негізгі құралдар тақтасы  
арнайы құралдар тақтасы  
флипчарттың құралдар тақтасы  
объектіні редакторлеу құралдар тақтасы  
бетті редакторлеу құралдар тақтасы  
тез таңдау құралдар тақтасы  
Негізгі құралдар тақтасы  
Тақырып қатары  
Басты меню  
Жылжыту  
Флипчарт Бүктеу  
Қаламның қалыңдығы  
Түстер палитрасы  
Қалам  
Еркін таңдау  
Маркер Өшіргіш  
Мәтін Тазалау  
Болдырмау Қайталау  
Бүркемелеу  
Прожектор  
Фотоаппарат  
Масштаб  
Арнайы құралдар Тану  
Құю Activote  
Тақырып қатары  
Негізгі құралдар тақтасын орнықтыру үшін оны шертіп ауыстыруға болады.  
Басты Меню батырмасы  
Құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.  
Жоғары-төмен жылжыту батырмасы  
Экранда орын босату үшін, негізгі құралдар тақтасын жабады.  
Ішкі-сыртқы жабу батырмасы  
Ярлык жолын көрсетеді және оны жасырады.  
Флипчарт батырмасы  
ACTIVstudio мен Windows қосымшасының арасында флипчартыңызды көрсетеді немесе оны жасырады. Егер жаңа флипчарт құрылмаған болса, онда оны құрады.  
Жұмыс үстелінде аннотация жасау  
Жазу жазып немесе оны жұмыс үстелінде Windows қосымшасында орнықтыру.  
Қаламның жалпақтығын таңдау  
Қаламның, маркердің және өшіргіштің қалыңдығын әр түрлі көлемде таңдау үшін шертіп, орналастыру.  
Түстер Палитрасы  
Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.  
Еркін таңдау құралы  
Бір немесе бірнеше объектілерді таңдау үшін оны шертіп, оларды редакторлеуге, басқаруға және оны араластыруға мүмкіндік береді.  
Қалам құралы  
Флипчартта аннотация жазуға немесе сурет салуға болады.  
Маркер құралы  
Жұқа қаламмен мәтінді, аннотацияны және кескінді белгілейді.  
Өшіргіш құралы  
Флипчарттағы объектілерді жасыру үшін қолданылады.  
Мәтін құралы  
Флипчартқа тақырып немесе ескертулер қосады.  
Тазалау құралы  
Флипчарттың бөлімдерін және нақты қасиеттерін өшіреді.  
Болдырмау  
Флипчартта орындалған соңғы командаларды немесе редакторлеуді толығымен қалпына келтіреді.  
Қайтару  
«Болдырмау» батырмасын басқанға дейінгі жағдайды қайтарады.  
Бүркемелеу құралы  
Флипчартты жасырып, соңынан оны төрт жағынан – жоғарыдан, төменнен, сол жағынан және оң жағынан көрсетеді.  
«Прожектор» құралы  
Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді.  
Фотоаппарат құралы  
Флипчартта пайдаланылатын экрандағы суреттерді суретке түсіреді.  
Беттің көлемі  
Флипчарттың бетін үлкейтеді немесе кішірейтеді.  
Арнайы құралдар  
Арнайы құралдар тақтасы арқылы таңдау.  
Тану құралы  
Қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдырады, геометриялық фигураларды түзулейді.  
Құю құралы  
Нақты аймақты түспен толтырады.  
ACTIVote  
Тестілеу құрылғысы.  
Арнайы құралдар тақтасы  
Негізгі құралдар тақтасы «Арнайы құралдар» батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  
Тақырып қатары  
Тақтаның орнын ауыстыру үшін, оны шертіп орналастыруға болады. Ал жабу үшін «жабу»батырмасын шерту жеткілікті.  
Сызғыш құралы Өлшейтін экран сызғышын іске қосады.  
Циркуль құралы Кез келген түстегі немесе сызықтары әр түрлі дөңгелек, доғаларды салады.  
Транспортир құралы Экран транспортирі.  
Сүйекпен ойнау құралы ойнау үшін кез келген сандарды шығарады және санау сабақтарына қажет.  
Бөлшек жазу құралының панелі Математика сабағында бөлшектер құрады.  
Калькулятор Математикалық есептерді орындайды.  
Пернетақта Экранда пернетақтаны іске қосады және флипчарт беттерінде мәтінді енгізеді.  
Веб-браузер Сабақ кезінде ACTIVstudio-дан Интернетке қосылуға мүмкіндік береді.  
Лента Мәтіндік хабарлама құрады. Ескертулер мен көрсеткіштер  
Экранда ескертулер мен көрсеткіштерді жабыстырады (электронды  
наклейка).  
Координатортасы Флипчарт бетінде айналу осін орналастырады. Барлық объектілер осы нүктенің айналасында айналдыруға болады. 

 
Флипчартты жазып алу құралы Флипчарт бетіндегі әрекеттерді жазып алады және оны анимация түрінде көрсетеді. Сағат Экраннан сағатты көрсетеді.  
Флипчарттың құралдар тақтасы Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.  
Келесі бет Флипчарттың келесі бетіне өту. Флипчарттың соңына жаңа беттерді қосады. Алдыңғы бет Флипчарттың алдыңғы бетіне өту. Бет таңдау  
Флипчарт беттеріне қысқаша суреттеуге қарау және жұмыс беттерін таңдау.  
Бетті ұйымдастыру Флипчарт беттерін ретке келтіреді. Бетті Сброс страницы Соңғы сақталған флипчарт бетіне оралады – қосымша сақталған флипчартта ғана жұмыс жасайды.  Кітапхана ресурсы Презентацияға қажетті кең көлемді ресурстарға мүмкіндік береді. Айналдыру жолағы Флипчарт бетінде жоғары және төмен қозғалыс. Бетті редакторлеу құралдары Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады. Тақырып қатары Тақтаның орнын ауыстыру үшін, онда шерту жеткілікті. Ал батырмасын шертіп тақтаны жабуға болады. Қиып алу  Флипчарт бетін жояды және оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады. Көшіру Флипчарт бетін көшіріп алып, оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады. Қою Соңғы қиып алынған немесе көшірілген флипчарт бетін қояды. Өшіру Флипчарт бетін өшіреді. Қасиет Флипчарт бетін және сыртқы түрін редакторлейді. Бетін Сброс страницы Соңғы сақталған флипчарт бетін қайтадан қалпына келтіреді. Көшірме Флипчарт бетін көшіреді.      

2.3 Бастауыш сыныпта AKTIVstudio бағдарламасын қолданудың тиімділігі

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану,

қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету,

салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; 
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; 
Ақыл - ойын дамытады; Шығармашылық белсендігін арттырады; 
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; Тіл байлығын жетілдіреді; 
Жан - жақты ізденушілігін арттырады. АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. 
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз

Информация о работе Сабаққа дидактикалық құрал ретінде Активстудио бағдарламасы құралымен флипчарт құру