Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 21:13, сочинение
Рефлексия жазу мұғалімнің жазу шеберлігі мен шығармашылығын дамытуда ықпалы зор болды, мұғалімдердің ойды нақты көркем жазу дағдысы қалыптасты. Ал жазу дағдысының қалыптасуы біздің екінші бетпе-бетте есептер жазуда көмегін тигізуде. Бірінші бетпе-беттегі рефлексия парағына жазған негізгі ой-түйіндерімізді толықтырып, тәжірибеден алған әсерлерді ұштастырып есеп жазу үстіндеміз. Ал бірден есеп жазуға кіріскенде қанаты қатпай ұшқан балапандай болар едік. Сонымен қатар,тәжірибе кезеніңде ұмытып қалған материалдарды қайталауда,барлық парақтарды ақтарып іздемей, рефлексия парағын шолып өтіп, есіме түсіріп, қайталауда тиімділігі жоғары болды. Ойымды қорыта келе рефлексия жазудың артықшылығы ұшан-теңіз, оның кеңінен қолданысқа ие болуы аса маңызды.